Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Новый стандарт по акушерству.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638 Кб
Скачать
☆

4.20. Акушерлік қысқаш

Көрсеткіштері:

  • консервативті емге болмайтын, босану кезінде күшенуді болдырмауды талап ететін ауыр дәрежелі гестоз;

  • медикаментозды түзетуге келмейтін нәресте басының ұзақ уақыт бір жазықтықта тұруымен сипатталатын босану әрекетінің, күшенудің әлсіздігі;

  • босанудың екінші кезеңінде қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы;

  • күшенуді тоқтатып босандыруды талап ететін экстрагениталды патология;

  • жатыр ішіндегі нәрестенің жіті гипоксиясы.

Салыстырмалы қарсы көрсеткіштері - ірі нәресте және нәрестенің жетілмеуі.

Акушерлік қысқаш салудың шарттары:

  • тірі нәресте;

  • жатыр өзегінің толық ашылымы;

  • қағанақ судың болмауы, қағанақтың бүтін болуында амниотомия жасау;

  • нәресте басының кіші жамбастың тар бөлігінде немесе шығаберісінде болуы;

  • нәресте бас өлшемдерінің қалыпты болуы (жетілмеуді, бастың жоқтығының – анэнцефалияның, бастың үлкен болуының – гидроцефалияның, тым жетілудің болмауы).

Босанатын әйелден ақпараттандырылған келісім алады. Операцияны жансыздандырумен өткізеді. Шарттар мен жағдайларға байланысты ауруды сездірмейтін үш әдіспен өткізуге болады: бетперделі қышқыл-оттегілі наркоз, көктамырға дәрі-дәрмек енгізу арқылы (тиопентал және т.б), 0,25% новокаин ерітіндісімен пудендалды анестезия.

Операцияны орындау тәртібі

  • Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерін, сандарының ішкі бетінің жоғарғы бөлігін, шат аралықты жуып өңдейді, құрғатқаннан кейін сыртқы жыныс мүшелерін әдеттегідей өңдейді: 1% йоданат (йодопирон) ерітіндісімен, құрамында йоды бар антисептиктерге реакцияның болуында 70% этил спиртімен немесе құрамында спирті бар антисептикпен өңдейді.

  • Акушерка мен оның көмекшісі қолдарын хирургиялық операциядағыдай өңдейді.

  • Стерильді қолғап киеді.

  • Операция алаңын, әйелдің аяқтары мен құрсағы көрінбейтіндей, стерильді төсемдермен жабады.

  • Сол қолдың І және ІІ саусақтармен үлкен және кіші жыныс ернеулерін ашады.

  • Оң қолдың ІІ-V саусақтарын «жарты қол» нәресте басы мен қынаптың сол жақ қабырғасы арасына енгізеді, бас бармақты сыртта қалдырып алшақтатады; қынапқа енгізілген «жарты қолдың» алақан беті бала басына қарап жатуы тиіс.

  • Қысқаштың сол тармағын сол қолмен сабынын қаламсап ұстағандай ұстап, қарама-қарсы шатқа сәйкестендіреді.

  • Қысқаштың сол тармағының артқы қабырғасын оң қолдың сырттағы І саусақпен іштегі ІV саусағының үстіне қояды.

  • Оң қолдың І саусағымен сақтықпен баса отырып, қысқыштың тармағын саусақтармен нәресте басының арасына ақырын, күш салмай жылжытады.

  • Қысқаш тармағының сабын енгізу барысында горизонталды деңгейге дейін түсіріп, көмекшіге береді.

  • Оң жақ тармақты сол жақтағыдай енгізеді: оң жақ тармақты қаламсап тәрізді оң қолға алып, қынаптың оң жағына сол жақ «жарты қол» бақылауымен енгізеді.

  • Қысқашты қосады – бас бармақтарды Буш ілмектеріне салып, қысқаш тармақтарының сабынан қалған 4 саусақпен ұстап сол қолмен сол жақ тармақты, оң қолмен оң жақ тармақты алады.

  • Қысқаш тармақтарының саптарын бір-біріне жақындатып қысқашты қосады.

  • Тартып көреді – оң қолдың ІІ және ІV саусақтарын Буш ілмектеріне, ІІІ саусақты тармақтардың қосылған жерінің арасына салып, І және V саусақтармен қысқаш саптарын қапсырып ұстап қысқашты тартады, бала басын шығарады.

  • Қысқашты ажырату – оң қолмен оң тармақты, сол қолмен сол тармақты ұстап, оларды ажыратады.

  • Қысқаш тармақтарын енгізу тәртібіне қарама-қарсы тәртіппен шығарады – алдымен оң тармағын, содан кейін сол тармағын; қысқаш тармақтарын шығаруда оларды әйелдің қарама-қарсы шабына бағыттап босатады.

Қысқаш тармақтарын енгізуде үш үштік ережелерін қолданады

  • Бірінші үштік ережесі: -қысқаштың сол тармағын сол қолға алып әйел қынабының сол жағына акушердің оң қолының бақылауы көмегімен енгізеді; -қысқаштық оң тармағын оң қолға алып әйел қынабының оң жағына акушердің сол қолының бақылауы көмегімен енгізеді.

  • Екінші үштік ережесі: -қысқаш қалақшасының ұзындық өлшемі шүйдесінен, төбесінен құлағына бағыттап өтеді; -қысқаш тармақтарына нәресте басын үлкен көлденең өлшемде, шеке төмпелері қысқаш тармақтарының ортасындағы тесікте болатындай орналастырады; -қысқаш сабының сызығы нәресте басының өткізгіш нүктесіне қарайды.

  • Үшінші үштік ережесі – тракция бағыты туралы (толығымен бұл ереже нәресте басының кіші жамбастың кең бөлігінде болуында қысқаш салуда орындалады):

-бірінші бағыт – төменге; -екінші бағыт –төмен және алға қарай; -үшінші бағыт – алға қарай.

Басты қысқашпен тартуды табиғи толғақтарға ұқсастырып өткізілуі тиіс. Ол үшін келесілерді істей қажет: -тракцияларды ақырын бастау қажет – ақырын тарта бастап, біресе күшейтіп, біресе әлсіретіп тарту; -күш салмай, тұлғаны артқа шалқайтып тракция жасау; -әрбір тракциялар арасында 0,5-1 минуттық үзіліс жасау; -4-5 тракциядан кейін қысқашты ашып, бала басын 1-2 минутқа босатып, дем алдыру;

-табиғи босану күштерін күшейтіп, тракцияларды толғақтарға сәйкестендіріп өткізу.

Басты шығару – басты қысқашты алмай мына тәртіппен шығаруға болады:

  • әйелдің сол жағынан тұрып, оң қолмен қысқашты құлып тұсынан ұстап алу; сол қолды жаялық ұстай отырып, аралықты қорғау үшін шат аралық жерге қою;

  • нәресте басы шалқайып, вульва сақинасын жарып шығу барысында, барлық тракциялардыь алға бағыттау;

  • тартуды оң қолмен ғана өткізу, сол қолмен аралықты қорғай;

  • нәресте басы босану жолдарынан толық шығарылғанда қысқаш құлпын ашып, қысқашты алады.

Қысқашты қосуда болатын қиыншылықтар

  • Егер қысқаш тармақтары нәресте басында бір қашықтықта жатпаса – қысқаштың құлыпы жабылмайды. Саусақтарды қынапқа енгізіп, тармақтарды дұрыс орналастыру қажет.

  • Қысқаштың құлыпы жабылмайды егер – бір тармағы екіншісінен жоғары жатса. Беткі жақта қалған тармақты тереңірек енгізу қажет. Бұл жылжытуды қынапқа енгізілген «жарты қол» көмегімен өткізеді.

  • Қысқаш құлыпы жабылады, бірақ тармақтардың сабы жан-жаққа қатты айырылады, егер қысқаш тармақтары бала басына қиғашынан салынса. Тармақтарды шығарып, бала басының орналасуын анықтау үшін қайтадан қынаптық зерттеу өткізу қажет. Одан кейін қысқашты қайтадан салуға болады.

Басты шығаруда болатын қиыншылықтар

  • Тракциялар бағытын анықтау қиын. Әйелді күшендіру арқылы анықтауға болады: тармақтар сабының жылжуы бойынша тарту бағытын анықтауға болады.

  • өткізген бірнеше тракцияға қарамастан нәресте басы босану жолдарында жылжымайды. Бұның себебі – тарту бағытының дұрыс болмауы. Қайтадан тексеру арқылы нәресте басының жатуын анықтап, қажет болса қысқаш тармақтарын дұрыстау керек. Егер бала басы бәрібір жылжымаса күш салуға болмайды.

  • Қысқаш тармақтарының нәресте басынан тайып кетуі. Бұл өте қауіпті асқынулардың бірі. Егер оль уақытында анықталынбаса, нәресте басынан тайып кеткен тармақтар әйелге ауыр жарақат әкелуі мүмкін. Бұл асқынуды уақытында анықтау үшін тартып көру мен қатар нәресте басының жамбас қуысындағы қалпын, нәресте басындағы қысқаш тармақтарының орналасуын анықтау қажет. Тармақтардың тайып кетуін сабының ажырай бастауы арқылы анықтауға болады.