- •1 Техника қауіпсіздігінің нұсқаулығы мен еңбек қорғау қауіпсіздігі
- •2 Стансаның жалпы сипаттамасы және тағайындалуы
- •3 Стансаның басқару құрылымы
- •4 Стансаның жол тарамдарын сараптау (жұп,тақ)
- •5 Стансаның техникалық тарату актісі (тра)
- •6 Станса жұмысының технологиялық үрдісі
- •7 Станса жұмысының анализі мен есебі
- •8 Пойызды құрастыру жоспары
- •9 Жүктік және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру
- •10 Станса кезекшісінің жұмысы
- •11 Парк кезекшісінің жұмысы
- •12 Пойыз құрастырушысының жұмысы
- •13 Бұрмалы бағыттама бекет кезекшісінің жұмысы (белгі беруші)
- •14 Жүкті қабылдап-тапсырушының жұмысы
- •15 Қазақстан республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану қағидасы
2 Стансаның жалпы сипаттамасы және тағайындалуы
Қарғанды стансасы жұмыс сипаттамасы бойынша жүкті және бірінші классты стансаға жатады. Станса қос жолды учаскеде орналасқан: тақ бағытта – Қарағанды – Майқұдық, жұп бағытта - Қарағанды – Қарағанөзек.
Стансада келесі операциялар орындалады:
- Қабылдау, жөнелту, өткізу пойыздары;
- Вагондарға техникалық қызмет көрсету;
- Документтерді толтыру;
- Қабылдап – жөнелту операциялары; тағы басқа.
Қарағанды стансасы қабылдап – жөнелту жолдарының және жүк құрылғыларының орналасуына байланысты көлденең түрге жатады және екі қабылдап - жөнелту паркі бар. Жолаушылық - парк «А», жүктік – «Б», парк «В» - ранжырный.
Станса үш айлалық ауданға бөлінген:
1-айлалық аудан – парк «Б» екі бағыттада жүк пойыздарын қабылдап, жөнелтуге және өткізуге арналған. Алты қосымша жолдан ( №3, №5, №9, №11, №13, №15 ) және жеті тұйық жолдан ( №7, №7а, №19, №17, №42, №23, №32 ), екі басты жолдан №I, №II тұратын жолдық дамуы бар.
2-айлалық аудан – парк «А» жолаушылық құрамдарды тақ және жұп бағытта қабылдап – жөнелтуге арналған, алты жолдан тұратын жолдық дамуы бар.
3-айлалық аудан – парк «В»
Жұп бағыттағы №42 созу жолында бағыттамалық пост орналасқан, станса сигналисттарының қызметтік орны ретінде қолданылады.
№17 жолда өздігінен жүретін жылжымалы құрамдардан тиеп – түсіруге арналған биіктетілген платформа орналасқан. Стансадағы айлалық жұмыстар екі түрлі локомотивтермен жүргізіледі:ЧМЭ-З сериялы және айлалық аудандарға бекітілген
локомотив.
1-локомотив «Б» паркінде жұмыс атқарады. Жүк алаңынан келген вагондарға тазалау жұмыcтарын жүргізеді.
2-локомоитив «А» паркінен «Б» паркіне келген жолаушылық құрамалар мен вагон құрамаларына тазалау - жуу жұмыстарын жүргізеді. Құрамалар мен тіркемелі вагондарды жөнелтуге шығарады және жолаушылық транзиттік пойыздарды тіркеп – ағыту жұмыстарын атқарады.
Жүк және жолаушы вагондарының жұмыс көлемінің үлкендігіне байланысты 3 – ші локомотив беріледі.
Стансаның жолаушылық құрылғылары жолаушыларға қызмет көрсетуге, багажды қабылдап – жөнелтуге, қабылдауға байланысты операциялар орындауға, жолаушы пойыздарын жөнелтуге және өткізуге арналған. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін: жолаушылық вокзал, үш жолаушылық платформалар бар. Олар:
-ашық төмен жолаушылық платформа №1, 4 – ші және 6 –шы жол аралығында орналасқан;
-ашық төмен жолаушылық платформа №2, 8 – ші және 10 – шы жол аралығында орналасқан;
-ашық төмен жолаушылық платформа №3, №12 – ші жол бойында орналасқан. №12 жол бойында жүктерді қабылдап – жөнелтуге арналған багаждық қойма орналасқан.
Қарағанды стансасына мына кірме жолдар кіреді:
- КФ АО «Кедентранссервис»
-ТОО «Береке»- №39 қосалқы жолмен ТОО «Smart EX» кірме жолына жататын №112 бұрмалы бағыттама арқылы келеді.
-ТОО «Галантерея»-№ 41 қосалқы жолмен ТОО «Administration Team Company» кірме жолына жататын №506 бұрмалы бағыттама арқылы кіреді. Кірме жолдың арақашықтығы-450м.
- ТОО «SANTIK».
