- •1 Техника қауіпсіздігінің нұсқаулығы мен еңбек қорғау қауіпсіздігі
- •2 Стансаның жалпы сипаттамасы және тағайындалуы
- •3 Стансаның басқару құрылымы
- •4 Стансаның жол тарамдарын сараптау (жұп,тақ)
- •5 Стансаның техникалық тарату актісі (тра)
- •6 Станса жұмысының технологиялық үрдісі
- •7 Станса жұмысының анализі мен есебі
- •8 Пойызды құрастыру жоспары
- •9 Жүктік және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру
- •10 Станса кезекшісінің жұмысы
- •11 Парк кезекшісінің жұмысы
- •12 Пойыз құрастырушысының жұмысы
- •13 Бұрмалы бағыттама бекет кезекшісінің жұмысы (белгі беруші)
- •14 Жүкті қабылдап-тапсырушының жұмысы
- •15 Қазақстан республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану қағидасы
12 Пойыз құрастырушысының жұмысы
Поезд құрастырушының лауазымы қабылдануы үшін арнайы кәсіби білімі болуы қажет. Поезд құрастырушы техникалық атқарушы санатына жатады және еңбек қызметіне бағынады.
Поездың қозғалысын қамтамасыз етеді, поезд құрастырушысы, лауазымы кәсіптің және жұмыскердің лауазымының тізбесінде таңбаланған, жұмысқа тұрмас бұрын медициналық тексерістен өтуі қажет.
Поезд құрастырушы білу керек:
-Ережелер мен еңбек қауіпсіздігін, техниканың қауіпсіздігін , өндірістік санатория мен өртке қарсы қорғану амалдарын ;
-Лауазымдық нұсқау және поезд құрастырушысының техникалық жарлық актісін;
-Жүктерді тасымалдау ережесі
-Қызмет көрсететін стансаның техналогиялық жұмыс үдерісі;
-Поезд құрылымның жоспары;
-Тежегіштің башмактардың құрылымы және оларды қолдану ережесі және т.б.
Маневрлік жұмыс кезінде:
-Маневрлік құрамаларды жөнелтпей тұрып ең алдымен барлық вагондар бір- бірімен тіркеулі және локомативпен тіркеулі тұрғанына көз жеткізу керек.
-Маневрлік жылжыту кезінде, нақты және уақытында сигналдық және белгі беру арқылы жұмыскерлердің қауіпсіздігін, жылжымалы құраманын және тасымалданатын жүктің қауіпсіздігін қадағалайды.
-Маневрлік жұмыс кезінде маневрлік бағдаршамдарының және стрелканың қалыпты көрсетілуін тексереді.
13 Бұрмалы бағыттама бекет кезекшісінің жұмысы (белгі беруші)
Қарағанды стансасында бұрмалы бағыттама бекет кезекшісі келесідей жұмыстарды атқарады:
-жергілікті жағдайға байланысты басқа да техникалық тарату актісіне сәйкес міндеттерді орындау;
-пойыздарды қабылдап-жөнелту және де айлалық жұмыстарды орындау кезінде бақылау құлыптармен жабдықталған бағыттамаларды бұру;
-қолмен бұрылатын бұрмалы бағыттаманың жағдайын бақылау, яғни болттардың бекітілуі және де тазартылуы;
-бағыттама бекетінде орналасқан сигнализация, орталықтандыру және блоктау құрылғыларын қолдануға.
Сурет 6. Бұрмалы бағыттама
-кезекшілік кезінде еңбекті қорғау және қозғалыс қауіпсіздігі туралы нұсқаулығымен танысады.
-белгі беруші жұмысына қатысты бұйрықтар мен жарлықтармен , жұмыстың жоспарлық нұсқауымен жол ережелері мен танысу;
-белгі беруші кезекшілігін тапсырар алдында ТРА стансасында келісіліп бекітілуі бойынша тексеріледі: құрал – жабдықтардың жұмыс орны, белгі беру жабдықтарының, тағып алып радиобайланыстын, тижегіш башмактарының орналасу дұрыстығын тексереді.
-станса бойынша кезекшіге кезекшілікке қабылдау нәтижесін және қызметкерлердің жұмысқа дайын болуын баяндайды.
Бұрмалы бағыттама бекетінің аға кезекшісі пойыздарды жөнелтіп өткізу, басты жолдарда қабылдап-жөнелту және де айлалық жұмыстарды орындау кезіндегі рұқсатты тек қана станция кезекшісінен алады.Бұрмалы бағыттама бекет кезекшісі қызметтік жағдайды орындау кезінде бұрмалы бағыттама бекетінің аға кезекшісіне бағынады.
Сурет 7. Бұрмалы бағыттамамен танысу кезінде
14 Жүкті қабылдап-тапсырушының жұмысы
Жүктік және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру кезінде тауарлық кассир (ТК) мен жүкті қабылдап-жөнелтушісінің (ЖҚЖ) қызметтері басты және маңызды қызмет болып табылады. Олар ЖЖ мен ЖҚ-мен тығыз байланыста болып, жүктің қабылдауынан тапсыруына дейін жүктік және коммерциялық қатысатын болады.
ЖҚЖ - сіне жүктелген негізгі жүктік және коммерциялық жұмыстар: қабылдауды, салмағын өлшеуді, тиеуді, жүктік сұрыптауды, маркировкалауды, қайтадан тиеуді, түсіруді, сақтауды, жүкті беруді ұйымдастыру; порттан жүкті қабылдау және тапсыру, коммерциялық тұрғыда тиелген және бос вагондар мен контейнерлерді қабылдау және тапсыру, тиесілі құжаттарды толтыру, орындалған операцияларға байланысты есептемені жүргізу, вагондардың кірме жолдарда болу уақытын және тиеу - түсіру операциясында тұру уақытын бақылау, орындалған операциялар туралы ақпаратты ЭЕМ - сына енгізу және т.б. Станцияның жұмыс шарттарына байланысты ЖҚЖ қосымша коммерциялық операцияларды орындауы мүмкін: вагонға және пойызға коммерциялық тексеруді жүргізу, құжаты жоғалған жүктерге қайтадан құжаттарды рәсімдеу.
Егер станцияда Тасымалды жедел басқарудың автоматтандырылған жүйесі (АСОУП) орнатылған болса, онда ЖҚЖ жұмыс орнына АРМ (автоматизированное рабочое место) бағдарламалық жүйесі орнатылады. Осы бағдарлама арқылы бүкіл операциялар туралы, жүк туралы ақпаратты алуға, алмасуға, есептеме жүргізу болады.
ЖҚЖ - нің жұмысы туралы нақты міндеттері ЖҚЖ - нің Қызметтік Ережелерінде (Должностные инструкции приемосдатчика груза) көрсетілген. Әр ЖҚЖ - нің белгіленген жауапты учаскесіне байланысты қызметі ережелік -технологиялық картада (Инструкционно - технологияческая карта) жазылады. Жұмысты қабылдамас бұрын ЖҚЖ - сі кәсіптік оқу оқып, емтихан тапсырады.
