Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_3-kurs_kar_st_izm.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3 Стансаның басқару құрылымы

Темір жол станциясында бөлек басқару жағдайда құқық пен міндет басқару құрылымен анықталған,яғни оның құқықтары мен міндеттерін станциядағы әр тұлғаға тән.

Жолаушылар стансасының жұмысын басқарушы мен ұйымдастырушы басқарады.Ол қызметтерін міндеттеріне байланысты белгілейді.Класстан тыс және бір классты жолаушылар станциясының құрамына оперативті жұмысына кадрлық бөлімге бастықтың 1-ші орынбасары және станцияның инженері жауапты.

Станса бастығының орынбасары оперативті және техналогиялық процесті орындауда техникалық цехпен камтамасыз етіледі. Станса бастығының орынбасары камерциялық жұмысты және жүктік сонымен қатар багаждік цехтің жұмыстарын басқарады.

Стансаның басты инженері қауіпсіздік ережелерінің қозғалыс қауіпсіздігін жаңа техникамен станцияның шаруашылық дамуына жауап береді.

Станса бастығының орынбасарының міндеттері:ауысымдық өндірістік тапсырма, ауысым басшысының қызметтік міндеттері,сигналдық шаруашылығына,техникалық құжатының рәсімделуін қадағалау болып табылады.

Сурет 1. Стансаның басқару құрылымы

4 Стансаның жол тарамдарын сараптау (жұп,тақ)

Қарағанды стансасы қабылдап – жөнелту жолдарының және жүк құрылғыларының орналасуына байланысты көлденең түрге жатады және екі қабылдап - жөнелту паркі бар. Жолаушылық - парк «А», жүктік – «Б», парк «В» - ранжырный.

Станса үш айлалық ауданға бөлінген:

1-айлалық аудан – парк «Б» екі бағыттада жүк пойыздарын қабылдап, жөнелтуге және өткізуге арналған. Алты қосымша жолдан ( №3, №5, №9, №11, №13, №15 ) және жеті тұйық жолдан ( №7, №7а, №19, №17, №42, №23, №32 ), екі басты жолдан №I, №II тұратын жолдық дамуы бар.

2-айлалық аудан – парк «А» жолаушылық құрамдарды тақ және жұп бағытта қабылдап – жөнелтуге арналған, алты жолдан тұратын жолдық дамуы бар.

3-айлалық аудан – парк «В»

Жұп бағыттағы №42 созу жолында бағыттамалық пост орналасқан, станса сигналисттарының қызметтік орны ретінде қолданылады.

№17 жолда өздігінен жүретін жылжымалы құрамдардан тиеп – түсіруге арналған биіктетілген платформа орналасқан.

Стансадағы айлалық жұмыстар екі түрлі локомотивтермен жүргізіледі: ЧМЭ-З сериялы және айлалық аудандарға бекітілген локомотив.

1 – локомотив «Б» паркінде жұмыс атқарады. Жүк алаңынан келген вагондарға тазалау жұмыcтарын жүргізеді.

2 – локомоитив «А» паркінен «Б» паркіне келген жолаушылық құрамалар мен вагон құрамаларына тазалау - жуу жұмыстарын жүргізеді. Құрамалар мен тіркемелі вагондарды жөнелтуге шығарады және жолаушылық транзиттік пойыздарды тіркеп – ағыту жұмыстарын атқарады.

Жүк және жолаушы вагондарының жұмыс көлемінің үлкендігіне байланысты 3– ші локомотив беріледі.

Стансаның жолаушылық құрылғылары жолаушыларға қызмет көрсетуге, багажды қабылдап – жөнелтуге, қабылдауға байланысты операциялар орындауға, жолаушы пойыздарын жөнелтуге және өткізуге арналған. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін: жолаушылық вокзал, үш жолаушылық платформалар бар.

Сурет 2. Қарағанды стансасының жол таралымы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]