Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293 Кб
Скачать
☆

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Қаржылық есеп берушілік аудиті не үшін керек?

2.Түгендеу қорытындылар аудит үшін қажет пе?

3.Аудитте қандай қаржылық есеп берушіліктер тексеріледі?

4. Қаржылық есеп берудің мақсаты неде?

5. Жылдық есептің меншік иелеріне не кіреді?

6. Өндеу процесі неше т кезеңнен тұрады?

7. Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізуді

қандай тәртіппен жүргізеді?

8. Қаржылық есеп берудің құрамына қандай құжаттар жатады?

9. Кәсіпорынның қаржылық есепті қалай дайындайды?

10. Аудитор қаржылық есептің дұрыстығын тексеру барысында

қандай құжат жасауга тиісті ?

2 Дэріс тақырыбы: Сатып алу циклынын аудиті.

1. Сатып алу циклынын есебі.

2. Сатып алу циклынын аудиті.

1. Қорлар – дайын өнімді қарастырытын шикізат, отын, сайман бөлшекткр, құрылыс материалдар, шала фабрикаттар және т.б. Кей кезде дайын өнім материалдар есебінде жүреді. Бухгалтерлік есепте ТМҚ-лар кірмейтіндер:

  1. өнім шығаруға қатысы жоқ және оған әсер етпейтін тауарлар мен заттар

  2. консалтингте есеп беретін тауарлар

Бухгалтерлік есепте ТМҚ-лар 1 бөлімшеде «қысқа мерзімді активтер» 1300 топта 1310–1380 шоттарда жүргізіледі. Дебет бойынша кіріс, кредит бойынша есептен шығарылғаны көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте келесі құжаттар толтырылады:

Шикізаттар, материалдар өндіріске стандарт бойынша 4 әдіспен жіберіледі:

1. Арнайы идентификациялық

2. ФИФО

3.орта өлшемдік

Аудит бағдарламасы.

№

Аудитор іс-әрекеті

Ақпарат көзі

1

Баланс қорытындылары мен бас кітап деректерінің сәйкестігін тексеру

Баланс, бас кітап

2

ТМҚ-дың аналитикалық және синтетикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру

Алғашқы құжаттар, бас кітап, журнал ордер, №6, №7, №10 тауарлы-материалды құндылықтардың қозғалысының есебі бойынша ведомостар, есеп карточка, синтетикалық есеп

3

ТМҚ-дың қолда барын және сақтаудың, олардың түгендеудің уақытын және дұрыс жүргізуін текскру

Материалды жауапты тұлғамен келісім шартты тексеру, алғашқы құжаттарды тексеру, қоймадағы материалдар есебі (отчет), түгендеу ведомісі, салыстыру ведомосі, түгендеу актін толтыру

4

Қойма есебінде ТМҚ-дың қозғалысын , алғашқы құжаттардың алғашқы құнының дұрыстығын рәсімделуінің және кәсіпорынның өндірістік құндылықтарының есепке мерзімде алынуымен қамтамассыз етілуін текскру

Алғашқы құжаттар, қоймадағы материалдардың есеп қорытындылары, ТМҚ-дың қозғалысының есебі, қоймадағы карточкаларды тексеру

5

Келіп түскен ТМҚ-дың уақытында кіркстері мен және уақытылы есепке қоылуы, сонымен қатар бухгалтерлік жазбаның дұрыс жүргізілуін тексеру

Алғашқы құжаттар, қабылдау актісі, коммерциялық акт, төлем-тапсырма актісі, кіріс, шығыс накладной, шот-фактура

6

Заң бойнша ТМҚ-ды түгендеу жасаған нормалық шегерулерді әкімшілік бұйрық бойынша дұрыс қолдану

Түгендеу акт, ведомость, салыстыру ведомосі, алғашқы құжаттар.

ТМҚ, шикізаттар, жартылай фабрикаттар, алғашқы есепте бухгалтерлік есепте басталған күймен алынады. Материалдарды бағалау өзіндік құнмен есептелінеді, одан кейін дайвндалу құнымен, орташа сатып алу құнымен есептелінеді, сондықтан аудитор ТМҚ-дың қандай бағамен есепке алынғанын тексеру қажет. Аудитор ТМҚ-дың қоймаға қалай келіп түскенін анықтайды, өйткені алғашқы құнға, материалдарды бағалаумен қатар көлік тасымалдау шығындары, қоймада сақталған шығындар кіреді.(НДС).

Аудитор ТМҚ-дың қай уақытта алынғанын текскру керек.

Дайын өнімнің аудиті.

Дайын өнім- нарық жағдайында кәсіпорын капиталына сүйене отырып, өңдеу жасалған кәсіпорынның бұйымы.

Өндірістік мазмұнды қызмет көрсететіндер мен жұмысшылар меншікті елден шала фабрикат, яғни сатуға дайын тауарлар.

Дайын өнім деп өндірістік процесс барлық стадияларынан өткен, құрастырылған, техникалық тексерулерден өткен, қызметкерлермен қабылданған, стандартқа сай куәлігі, сертификаты, паспорты немесе басқа өнім сапасын растайтын құжаттар мен және қойма актілерімен безендірілуге өткізілген өнім.

Бухгалтерлік есепте дайын өнім бағасының келесідей түрлері бар:

Өндірістік өзіндік құн- жоспарлы немесе нақты болады, не болмаса өнімді өндіруге кеткен барлық өндірістік шығындарды есепке алады.

Толық өзіндік құн- оның құрамына өндірістік өзіндік құны мен коммерциялық шығындардың қосындысын есепке алады.

Сатып-өткізу келісім бағасы.

Бөлшек сауда бағасы.

Бухгалтерлік есепте дайын өнімнің есебіне келесі шоттар арналады:

1320 «дайын өнім»

1330 «тауарлар»

1340 «аяқталмаған өндіріс»

1350 «басқалары» шотқа қосымша субшоттарды ашуға болады:

1. қоймадағы тауарлар 1 субшот

2. бөлшек сауда тауар 2 субшот

Құжаттар:

  • кіріс накладной

  • дайын өнімді қабылдау актісі

  • шот фактура

  • салық шот фактура

  • дайын өнімнің шығыс ведомосі

  • калеплектовская ведомость

Дайын өнімді сатқан кезде толтырылатын құжаттар:

  • келісім шарт

  • шот фактура

  • тауарлы тасымалдау накладная

  • шығыс накладная

Дайын өнім сатуға арналған өнім аудит барсында сатып -өткізу әр түрлі тәсілдер мен жүргізілуі мүмкін, сондықтан аудитор келісімдермен танысуы тиіс:

  1. Дайын өнімнің шығару есебімен

  2. қандай шоттарда есепте жүргізілнтінін

  3. Дайын өнім бағасымен

  4. Көлемін, мөлшерін, сапасын, өзіндік құнын дұрыс анықтап, тексеру қажет. Ең алдымен балавнста көрсетілген деректерді бас кітаптың шоттарда көрсетілгенімен салыстыру.

  5. Дайын өнімнің жіберілген ведомосінің жүргізілуін дұрыс тексеру және №10 журнал ордер негізгі және көмекші өндірісте туындайтын орны бойынша шығыстарды топтастыру.

  6. Дайын өнімнің өзіндік құнын есептеу

  7. Қоймадағы дайын өнім өткіәзілген құжаттардағы бағаның дұрыстығын тексеру.

Сонымен қатар аудитор 1320 шотта есепке алынатын өнім толығымен қарастырғанын тәжірибеден өткеніне қабылдау және қоймаға өткізілген құжаттарына мұқият қарау. Дайын өнім аудиті аудиті сапалы жүргізілуінің негізі болып, оның шығару тәртібінің жүзеге асырылуы келесі операцияларға байланысты:

  • бақылау

  • шикізаттардың келіп, өндіріске жіберілгені

  • есепке толық алынғаны

Барлық өндірілген өнім қандай да бір есептік мерзімде цех немесе қоймалық қабылдау-өткізу құжаттарымен безендірілуі қажет. Өндіріс процесі кезінде кейде есептелінбеген, бухгалтерлік құжаттары көрсетілмеген, сондықтан да аудитор кәсіпорынның мұндай өнімге назар аударып, оны арнйы тәсіл арқылы есепке алады.:

  1. Қоймаға дайын өнім өсуі туралы құжаттарды немесе осы өнімді өндіруге кеткен шығыдарды көрсетеді, құжаттарды салыстыру арқылы мұндай өнімді анықтауға болады.

  2. Инвентаризация жүргізу негізінде дайын өнімді бағалау және бухгалтерлік есепте дайын өнімді шығару операциясын бейнелеуін дұрыстығына көңіл аудару керек.

  3. Ең басты баланста көрсетілетін деректерді бас кітаптың 1320 дайын өнім шотымен салыстырады, содан соң ведомсть №2 мен негізгі көмекші шығындарынан түгендеу орны бойынша топтастырылады және дайын өнім нақты өз құнын анықтап, №10 журнал ордер, басқа да есептік регисторлар дұрысталып тексеріледі.

Аудитор дайын өнім 1320 шотта есепке алынған , құрастырылған, барлық тәжірибелерді қабылдап, қоймаға накладноймен өткізгеніне көз жеткізуі керек.

Дайын өнім аудитінің сапалы жүргізілуінің негізі, ол оның шығару тәжірибелерінің жүзеге асырылу операциясы бақыланады, онымен танысу ол субьектінің уақтылы орындалуын қамтамассыз етеді. Осы мақсатта ұйымда техникалық процестердің орындалуы жүйелік тексерулер мен шығарулары өнім сапасына, ассортиментіне, жоспар көлеміне, сонымен қатар өндіріс ырғақтылығына бақылау өткізу.

Дайын өнім шығарумен байланысты операцияның бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілуі және дайын өнімді бағалаудың дұрыстығына көп көңіл бөлінеді. Синтетикалық есепте дайын өнімді нақтылы құнмен бағаланса, аналитикалық есепте қатаң есептік бағамен, яғни ол жоспардың өндірістік немесе келісім бағамен болуы мүмкін, содан кейін аудитор нақты өндірістік өзіндік өзіндік құнының оның есептік баға құнымен тиелген өнімді таратуды дұрыс есептеу, тексеру керек.

Қойма қалдықтары тиелген өнімнің түрлері мен тапсырмалары бойынша дұрыс өзіндік құнын анықтау керек. Бұл мақсатпен проценттік қатынас ауытқуын нақты өнімнің есептік бағасы және тиелген өніммен ай соңында қоймадағы дайын өнім қалдықтары құндарын көбейтуді дұрыс анықтап зерттейді. Соңында аудитор қоймадағы өнімнің сатып-өткізу тиелуіне байланысты операцияның бухгалтерлік есепте жазбалардың дұрыстығын тексеру.

Жабдықтаушылармен мердігерлермен есеп айырысу есебімен аудиті.

Қандай да болсын кәсіпорын өз жұмысын тиімді және ырғақты жұмыс істеп тұруын қамтамассыз ету үшін, ол өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық, әлеуметтік даму жоспарына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өндіруші немесе дельдалдық ұыймымен өзін кешенді түрде қамтамассыз ету жөнінде шарттар жасалады, не өзінің дельдалдары арқылы сатып алуды жүргізеді. Жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін, 4110 шот және мердігерлермен есеп айырысу белгіленеді. Онда есеп айырысуының деңгейіне және нысандарына (алдын ала төлемақы, инкасса, аккредитвтер, чектер) қарамастан жабдықтаушылардын алынған материалдық босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізу кредит бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот фактурасының сомалары, ал дебет бойынша есеп айырысу, касса, арналған төлемақылар жазылады. Өнім өткізушілермен есеп айырысу есебі арнайы журналда, тізімдемеде, әрбір шот фактурада немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі. Журналға акцепт шот фактура және басқа да есеп айырысу құжаттары келіп түскен кездегі жазулар жазылады. Содан соң жабдықтаушылармен, шот фактурамен жергілікті жабдықтаушылардан немесе станциялардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторларға шот фактураны береді.

  1. Журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары, наладнойлары, актілер негізінде жазу жазылады. Журналда осы құжаттардың номері, келіп түскен құндылықтардың есептік немесе келісім шартта көрсетілетін бағасы бойынша құны және ТМҚ-дың бағасы шот фактураға сәйкес олардың нақты құны көрсетіледі.

Журналда шот фактурасының төленуі көрініс табады (№6 журнал ордерге жазамыз) төлем туралы белгіларді банктегі есеп айырысу немесе басқа да шоттар бойынша үзінділер негізінде жасайды. Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептеледі және төленбеген шот бойыеша қалдықтар шығарылған , кейкезде фактураланбаған жабдықтаушылдар болуы мүмкін. Фактураланбаған жөнел тілген жабдықтаушыларды фактурамен бірге жөнелтілген жабдықтаушылар тәрізді, әрбір жабдықтаушылар бойыша жеке көрсетіледі.