Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293 Кб
Скачать
☆

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. ТМҚ – қандай активтер жатады?

2. Дайын өнім дегеніміз не?

3. Бухгалтерлік есепте ТМҚ-ларга кірмейтіндер?

4. Өнім шығаруға қатысы жоқ қандай тауарлар мен заттар?

5. Консалтингте есеп беретін тауарлар қандай?

6. ТМҚ-лар қандай бөлімшеде жүргізіледі?

7. Бухгалтерлік есепте кандай құжаттар толтырылады?

8. Дайын өнімнің жіберілген ведомосінің жүргізілуін дұрыс тексеруді

кім жұргізеді?

9. Дайын өнімнің өзіндік құнын қалай есептеұге болады?

10.Аудитор 1320 шотта есепке алынатын өнімді қалай қарастырады?

11. Дайын өнім аудиті сапалы жүргізілуінің негізі не болады?

3 Дэріс тақырыбы: Өндіріс кезенінің аудиті

  1. Шығындардың аудиті.

  2. Қаржылық нәтижелердің аудиті.

Өндіріс кезені шоттарының өзара байланысы және аудитінің багыттары. Өндіріс кезенінің аудитін журпзудің акпараттык көзі. Өндіріс кезенінің шоттары дурыстыгын анықтайтын талаптар мен аудит жургізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Тәуекелділіктің бастапқы деңгейін анықтау ушін жургізілетін бакылау тәсілдері.

Ұйым өз қызметінің барысында шығындар жұмсайды, өйткені өндірістік – қаржылық қызмет белгілі бір табыс алу мақсатында ресурстарды шығындауды талап етеді. Шығындар аудитінің бағдарламасында мынадай сұрақтар қарастырылады:

Сатылған тауарлардың (қызметтердің, жұмыстардың) өзіндік құнының дұрыстығын анықтау;

Негізгі емес қызметтер бойынша шығындардың дұрыстығын тексеру;

Кезең шығындарының негізділігін тексеру.

Өнім өндіруге кеткен шығындардан кезеңдік шығындар болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Ұйым еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің шығындарын жасайды. Кезең шығындарына мыналар жатады:

Жалпы және әкімшілік шығындар;

      • Пайыз бойынша шығындар;

      • Тауарлы-материалдық қорларды сату бойынша шығындар.

Бұл шығындар тауарлы-материалдық қорлардың қалдығына жатқызылмайды, олар өзі орын алған есептік кезеңнің жиынтық табысын азайтып есептен шығарылады. Олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің қалдықтарына жатқызылмайды.

Аудитор жалпы және әкімшілік шығындарды шығын номенклатуралары арқылы тексереді. Өндірістік шығындардың жалпы және әкімшілік шығындар құрамына енгізілмеуі қатты қаралады.

Пайыздар бойынша шығынға - банк несиесі мен жабдықтаушылардың берген несиесі бойынша, мүлікті жалға беру бойынша төленетін пайыздар жатады.Пайыздар – несие алушының ақша капиталын несиеге алғаны үшін несие берушіге төленетін табыстың бір бөлігі.Пайызды өтеудің көзі қарыз капиталын пайдалану процесінен туындайтын құн болып табылады. Аудитор пайыздар бойынша шығындардың есептелу дұрыстығын тексереді.

Шығындардың ішінде ең маңыздысы - өндірістік шығындар. Өндіріс шығындарын есептеу үшін 8010 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.

Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды корытындылау (шолу) ұшін 8100- "Негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттың 8110 - "Материалдар", 8120 - "Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы", 8130 - "Енбек ақыдан аударылатын аударымдар", 8140 "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл соңында 900 "Негізгі өндіріс" шотында қорытындыланады.

Шикізаттар мен материалдар- өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны (су шаруашылык жүйесінен субъектінің жинайтын, су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі. Аудитор өнімнің өзіндік құнының құрамына енетін материалдық шығындардың дұрыс есептелуін тексереді. Бағасы арзан материалдардың жоғары бағамен өзіндік құнға кірістелу жағдайларының болмауына көңіл бөледі.

Өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс табады. Аудитор олардың шығындалу құжаттарын тексереді.

Еңбек ақы шығындарына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің сыйлық ақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтемділік (компенсациялық) төлемдері, сондай-ақ кәсіпорынның штатында тұратын, негізгі қызметке жататын кызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындар енгізіледі. Осы шығындардың негізділігін тексере отырып, аудитор ұйымдағы еңбек ақы шығындарының дұрыс жұмсалуына назар аударады.

Енбек ақыдан аударылатын аударымдардың уақыттылығы мен дұрыстығын аудитор есептік құжаттары арқылы тексереді. Үстеме шығыстар — бұл өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығыстар, олар кешендік сипатқа ие болады, олардың құрамында экономикалық элементтердің барлық шығындары көрініс табады.

Бұл шығындар ай бойында белгіленген номенклатуралық шығыс баптары бойынша 8400 "Үстеме шығыстары" шотында көрініс табады. Үстеме шығындардың есептелу дұрыстығы да аудитор назарынан тыс қалмайды.

2.Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай – ақ тауарлы – материалдық қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан және дивиденттерден алынуы мүмкін. Табыстар аудитінің бағдарламасында мынадай сұрақтар қарастырылады:

  • негізгі қызметтен түскен табыстардың есептелу дұрыстығы;

  • дайын өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыстың есепке алыну дұрыстығы;

  • негізгі емес қызметтен ( әрекет етуден) түскен табыстардың есептелу уақыттылығы және негізділігі;

  • табыстардың бухгалтерлік шоттарда бейнелену дұрыстығы.

Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптардың аясында жасалған келісім шартта анықталады.Табыс сомасынан сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың құндарын өлшейді. Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде қарастырылады: есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса; мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығындары да мәмілені аяқтау үшін қажет шығындары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса. Ұйым барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді. Мәміленің сипатына қарап, оның аяқталу кезеңінанықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланады:

  • белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығындардың пайыздық қатынасы;

  • белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің пайыздық қатынасы;

  • орындалған жұмысты талдау.

Аудитор қаржылық нәтижелерді тексерген кезде негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстардың есептелу дұрыстығы мен олардың бухгалтерлік есепте бейнелену уақыттылығына назар аударады.Табыстардың кез-келген түрінің негізділігін тексере отырып, қорытынды жасайды.