Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Проектирование.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Конструктивтік ақаулар

Баланстың бұзылуы

Көлденең қатпарлар

Бұрыштық қыртыстар

Тік жұмсақ қатпарлар

Киім бөлшектерінің динамикалық өлшемінің сәйкессіздігі әсерінен пайда болатын ақаулар

Көлбеу қатпарлар

    1. Көлденең қатпарлар

Бұйымның өлшемін анықтап, оны салу бірден материалға жасауға болмайды, ең алдымен материалдың адам дене бітімінің қажетті бөліктерін толығымен жабуын қамтамасыз ететінін анықтап алуымыз қажет. Өлшем бойынша материалдардың жетіспеушілігі матаның тартылуының және матаның бетінде әжімдер мен қатпарлардың қалуына себебші болады.

Негізгі ақаулар бұйым бөліктерінің кішіреюімен байланысты және көлденең әжімдер мен қатпарлар түрінде кездеседі. Барлық көлденең қатпарлар қатты (қысылған) және жұмсақ (еркін) болып бөлінеді.

Осындай ақаулар бұйымдардың артқы бөлігінде, алдыңғы бөлігінде, жеңде, шалбарда, белдемшеде және тағы басқаларда кездеседі.

Ақауларды конструктивті әдістермен жояды. Конструктивтік әдістер ақаудың орнына қойылатын бұйымның өлшемін анықтайтын кезде тікелей болады, ал ені бұйымның басқа жерінде қондырылып, ол қайтадан бөлінген кезде жанама болып келеді.

Ақаудың сыртқы түрі матаның деформациялық бағытталуына және басқа да көптеген жағдайға байланысты болады. Ақау анализі схема түрінде жүргізілуі тиіс: ақаудың сыртқы түрі – оның пайда болуы себебі – жою шаралары [2].

      1. Тығыз көлденең қатпарлар

Артқы бөліктегі жағаның астындағы көлденең қатпарлар. Айқын қыртыстарды артқы бөліктің жоғары жағындағы жағаның астында байқауға болады және олар біртіндеп бұйымның алдына өтеді (1-сурет, а). Ол жоғары нүктеден басталып, бұйымның дене бітімге жабысып тұруынан байқауға болады. Оған жағаның қаттылығы әсер етеді, себебі жағаны тікпей тұрған кезде ақау көрінбейді.

1 – сурет. Тығыз көлденең қатпарлар: а – артқы бөліктегі жаға астындағы, б – артқы бөліктің жоғары жағында, в – артқы бөліктегі қолтық астында

Осы ақаудың пайда болу себебі артқы бөліктегі бөлшектің енінің жетіспеушілігі. Конструктивтік жою әдістері – артқы бөліктің жоғары жағының кеңейту, артқы иық бөліктерін арттыруы және алдыңғы және артқы бөліктегі мойын енін ұлғайту.

Артқы бөліктің жоғары жағындағы көлденең қатпарлар. Тығыз көлденең қатпарлар артқы бөліктің жоғары жағында әр түрлі жерлерде пайда болуы мүмкін: артқы жақтың ортаңғы тігістерінде, иық айналасындағы тігістерде, қол жақтың жоғары бөлігінде. Осындай ақаулардың пайда болуы киімнің артқы жағының қатты жабысып тұруына байланысты (1-сурет, б).

Көлденең тығыз қатпарлардың себебі артқы бөліктің кішіреюіне байланысты. Конструктивтік ақауды жоюдың әдістері артқы бөліктің ұлғаюына және қол жағында арнайы төсемдердің қойылуына байланысты болады.

Артқы бөліктегі қол астындағы көлденең қатпарлар. Тығыз тұрақты қатпарлар артқы бөлікте ғана емес сонымен қатар алдыңғы бөлікте барлық ені бойынша байқалады (1-сурет,в). Әсіресе бұл ақау бүгіліп жүретін дене бітімде көрініп тұрады.

Ақауларды жоюдың конструктивтік әдістері артқы бөліктің орта тігісінде, жанындағы тігістерінде және қол жағынының кеңейтілуін көздейді. Осындай ақауды жоюдың маңызды мағынасы дұрыс технологиясы бар артқы бөліктің дөңес формасын құрастыру. Артқы бөліктің енін арттыру және орта тігісті жүргізу, ол артқы бөліктің жабысуына алып келеді. Мұндай ақауы бар ерлер костюмдерінің конструктивтік кемшіліктерін жою қиынға соғады.

Бел сызығының жоғары жағында пайда болған көлденең ақаулар. Бел сызығының жоғары жағындағы көлденең ақаулар бұйымның жанында немесе адамның дене бітімімен киімнің сәйкес келуіне байланысты артқы бөліктің барлық енінде орналасады (2-сурет, а). Бұйым бел сызығында қынамалы болып келеді және енінің жетіспеушілігінің әсерінен бұйымның төмен түсуіне жол бермейді.

2 – сурет. Тығыз көлденең қатпарлар: а – бел сызығынан жоғары, б – шынтақ бөлігінің артқы жағында, в – алдыңғы жағында

Оның себебі бұйымның бел сызығында енінің жетіспеушілігінен туындайды. Ақау жанындағы тігістерді ұзартуының әсерінен үлкейеді: қол ойындысының тереңділігінің жеткіліксіздігінен, жанындағы тігістің кеңейтілуінен, июінен және тағы басқалар. Іш жағы шығып тұратын дене бітімінде және бел айналымының үлкеюінен бұл кемшіліктер өршиді.

Бұл кемшіліктерді жоюдың конструктивтік әдістері бұйымның бел сызығының кеңеюімен байланысты, бұл кеңеюді айқын көрінетін ақауы бар жерге жасаған дұрыс. Жанындағы тігістерде қатпарлар болған кезде артқы бөліктегі орта сызықты бұйымның жанына жүргізуге ұсынылады.

Шынтақ бөлігіндегі жеңнің жоғары жағындағы көлденең қатпарлар. Ақаудың таралу аймақтары жеңмен шектелуі мүмкін немесе артқы бөліктегі қол ойындысын қосуы мүмкін. Тығыз қатпарлар бұйымды киген кезде байқалады (2-сурет, б).

Ақауларды жоюдың конструктивтік әдістері оның таралу аймақтарына байланысты таңдайды. Шынтақ тігісінің жоғары қарай ұзаруы немесе жоғары жағының өзгеруі және тағы басқалар болуы мүмкін. Жеңіл ақау кезінде технологиялық әдістерді қолданып, бірқалыпты жеңді қондыру арқылы жоюға болады және де қосымша төсемдерді қосу арқылы және тағы басқа.

Жеңнің алдыңғы бөлігіндегі тығыз көлденең қатпарлар. Ақаудың болуының себебі жеңнің алдыңғы кесілген бөлігіндегі және жеңнің биік бөлігінің арасындағы енінің жетіспеушілігі. Бұйымдағы қатпарлар киімнің адамның дене бітіміне киіліп тұрған кезінде байқалады (2-сурет, в). Әсіресе бұйымның ақауы иық айналымы үлкен адамдарда анықталады.

Осы кемшіліктерді жоюдың конструктивтік әдістері қолдың жоғарғы жағын артқы бөлікке ауыстырған кезде, қол тігістерінің сызықтарын түзетуде және жеңнің алдыңғы жағымен байланысты болып келеді. Әлсіз ақау технологиялық әдістермен – жеңді үтіктеумен, бірқалыпты қондыру және тағы басқалармен жоюға болады.

Жеңнің жоғарғы жағындағы тығыз көлденең қатпарлар. Осындай қатпарлардың барлық жерінде пайда болуы оның енінің жетіспеушілігіне байланысты. Бұл жағдайда жеңнің алдыңғы жағының және шынтақ жағының енін ұлғайту керек. Жеңді қайта тұрғызу сол жеңнің төменгі бөлігіне қосымша қосу арқылы мүмкін болады (3-сурет, а).

3–сурет. Жең тұсындағы тығыз көлденең қатпарлар: а – жоғары бөлігінде, б – шынтақ бөлігінде, в – жоғары жақтың алдынғы бөлігінде

Жеңнің шынтақ бөлігіндегі тығыз көлденең қатпарлар. Жеңнің шынтақ бөлігіндегі тығыз көлденең қатпарлар жеңнің енінің жетіспеушілігінен туындайды. Ақау шынтақ сызығында пайда болады, ол жеңнің жоғары жағындағы шынтақ сызығының дұрыс дөңестелуінің әсерінен туындайды (3-сурет, б).

Ақауды конструктивтік жою кезінде ең алдымен жеңнің жалпы еніне және жеңнің алдыңғы мен шынтақ бөлігінде еніне қосымша қосуына мән беру қажет. Шынтақ тұсындағы енін арттыру ол шынтақ жағын ұзарттырумен қатар, жоғарғы бөлігін жеңнің алдыңғы бөлігіне аудару арқылы арттыруға болады.

Жеңнің алдыңғы бөлігіндегі жоғары жағындағы тығыз көлденең қатпарлар. Қатпар түріндегі алдыңғы бөліктегі контсруктивтік ақау жең ақауларының кең таралған түрі болып келеді. Көлемді формалы жеңді қондыру арқылы құрастыру кезінде алдыңғы жеңнің жоғары жағындағы ауытқуларды матаның қалыңдығына байланысты шетінен бастап көлемі 0,1 ден 0,3см дейін болатындай ескеру керек. Жеңді қолтық ойындысымен қосу кезінде бұйымның контуры қолтық ойындысының контурымен алдыңғы жағынан және шынтақ жағынан ешқандай тығыздалған аймақтарды қалдырмай бірқалыпты қосылуы қажет (3-сурет, в).

Қатпарлар мен тығыздалулар таралған аймақтар тарылатын жерлердің көлемі мен орналасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ақауды жою үшін жеңнің алдыңғы бөлігіндегі тігіс сызығының орналасуын анықтап алу қажет.

Шалбардың алдыңғы тігісіндегі тығыз көлденең қатпарлар. Шалбардың алдыңғы жағындағы тігістеріндегі тығыз көлденең қатпарлардың пайда болуы шалбардың мықын тұсынан кішіреюінен және тым жабысып тұруынан, алдыңғы жағындағы тігісінің дұрыс жүргізілмеуімен байланысты. Бұл ақау бұйымның эксплуатациялау процесінде өршиді.

Ақауды жоюдың конструктивтік әдістері шалбардың алдыңғы бөлігінің кеңеюімен, шалбардың алдыңғы мен артқы бөлігінің жанындағы тігісінің қисықтылығының дұрыстығымен және шалбардың алдыңғы тігіс сызығының жанына қарай қайта құрылымдауымен байланысты (4-сурет, а).

Бұйымның енін үлкейту үшін адамның дене бітімі мен бұйымның тығыз болып тұрған жерінде тігістің кішкентай бөлігін сөгіп жіберу керек.

4 – сурет. Шалбардағы тығыз көлденең қатпарлар:а-алдыңғы тігісте; б-алдыңғы тігістің астында; в-жанындағы тігісте

Шалбардың алдыңғы тігісінің астындағы тығыз көлденең қатпарлар. Шалбардың алдыңғы бөлігіндегі жоғары жағындағы тігістердегі тығыз көлденең қатпарларды орналастыру конструкциясы тек қана алдыңғы жағында ғана емес шалбардың артқы бөлігінде де табылған. Ақауды қалыптастыру күші шалбардың алдыңғы бөлігін матаны ішке қадамдалған тігіске қарай тартады.

Ақауды жоюдың конструктивтік әдістері жанындағы тігіске қарай бұйымның беттік жағының ауысуымен жасалады. Қадамдалған тігістің жоғары жағында қосымша кеңейтулер алдыңғы тігістің жоғары жағынан жанына қарай ауыстыру арқылы жасалады (4-сурет, б). Қадамдалған қиықтарды ойысталған сызықтармен жасауға ұсынылады.

Шалбардың жанындағы тігістегі тығыз көлденең қатпарлар. Шалбардың жанының беткі жағы жабысып тұрған жағдайда мықын жағындағы аяқ бөлігінен қысым түседі. Сондықтан тығыз көлденең қатпарлар алдыңғы мен артқы бөлігіндегі жанындағы тігістерінің дөңес жағының дұрыс жүргізбегендігінен, шалбардың жоғары қиықтарының түйісуінің болмауынан пайда болады (4-сурет, в). Жанындағы тігістің дөңестелу формасын анықталуы қынамалы емес еркін болып тұратындай қосымшасы бар шалбар конструкциясының маңызды міндеттері. Оны шешу үшін жанындағы тігісті біртіндеп сөгу қажет, тігістерінің жылжуы бұйымның жетіспейтін енін көрсетеді.

Шалбардың артқы бөлігінің жоғары аймағындағы тығыз көлденең қатпарлар. Шалбардың артқы бөлігінің қисықтық контурлы сызықтары дене бітімінің көлеміне сәйкес келмеуінен қатпарлар орта және жанындағы тігістерде пайда болуы мүмкін (5-сурет, а).

5 – сурет. Тығыз көлденең қатпарлар:а-шалбардың артқы бөлігінің жоғары жағында; б-шалбардың орта тігіс тұсында

Жанындағы тігістің дұрыс қисықталуын анықтау үшін бұйымның денеге қатты жабысып тұратын аймағындағы жанындағы тігісті біртіндеп сөгу қажет, бұйымның жетіспейтін енін тігістің жылжуының көлемі көрсетеді. Сол сияқты қатпарларды шалбардың орта тігісінің асыра ойысталу жерінен жояды.

Шалбардың орта тігіс тұсындағы тығыз көлденең қатпарлар. Қадамдалған тігістің жоғары аймағындағы тығыз көлденең қатпарлар шалбардың артқы бөлігінің енінің жетіспеушілігінен пайда болады (5-сурет, б). Шалбардың төменгі бөлігі мұндай жағдайда орта тігіске қарай сырғиды. Шалбардың ені жеткілікті, бірақ орта бөлігінде ғана еркін тұруға қосымша қосылады. Бұл кезде шалбардың артқы бөлігіндегі қадамдалған тігістің жоғары жағы ішке қарай ойысталады.

Ақауды жоюдың конструктивтік әдісі орта және жанындағы тігістің жоғары нүктесін бұйымның шеткі бөлігіне ауыстыру арқылы және қадамдардың енінің үлкеюі арқылы жасалады.