- •3.1 Киім сапасы туралы негізгі түсініктер және өнімнің сапалық көрсеткіштері
- •3.2 Өнім сапасының қасиеттері мен көрсеткіштері
- •3.3 Квалиметрия ұғымы және оның түрлері
- •4. Адам денесінің өлшемдік типологиясы
- •4.1 Адам денесінің анатомиялық қозғалыс аппараты
- •4.2 Адам денесінің сыртқы пішінінің сипаттамасы
- •4.3. Адам денесінің морфологиялық белгілері. Пропорциясы, дене бітімі, келбеті.
- •4.4 . Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы
- •5 Киім конструкциясы, пішіні және өлшемнің характеристикасы
- •5.1 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы
- •4.5 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы.
- •5.2 Конструктивті сызықтар
- •5.3 Киімнің еркін қонымдылығына қосымшалар
- •7.1 Киімнің конструктивті модельдеуі
- •7.2 Модельдерді талдау.
- •7.3. Бастапқы конструкцияны іріктеу
- •8. Конструктивті модельдеудің принциптері
- •8.1. Киім формасын өзгертпей конструктивті модельдеу
- •8.1.1. Ілгектер
- •8.1.2. Құрыс-тырыстар
- •8.1.3. Қалталар
- •8.1.4. Бүкпелер әр түрлі әсемделуі мүмкін
- •8.1.5. Күрделі конфигурациялы бүкпелерді көшіру
- •8.1.6.Бөлшектердің қосымша мүшеленуі
- •9.2. Киім бөлшектерінің ұңғымаларын құрастыру әдістерінің жіктелуі
- •12.1 Қымтаулы тігістің қайта модельденуі
- •12.2 Қолтық ойындысы.
- •12.3 Қолтық ойындысы тереңдетілген бұйымдардың конструкциясы құрылымының ерекшеліктері
- •13.1 Бүтіндей тігілген жеңнің конструкциялық ерекшелігі
- •15.1 Аналог модельдерді таңдау
- •17.1 Модельдің сыртқы түрінің сипаттамасы
- •17.2 Киімнің құрылымдық жобалануы.
- •17.3 Модельді зерттеу барысында оның ерекшеліктерін және де алдын ала қалыптасқан құрылымы мен базалық ауытқуын айқындайды. Модель туралы.
- •2. Жаңа үлгідегі киімді құрастырып шығару дайындықтарының кезеңдері. Әрбір кезеңнің мақсаттары мен міндеттері
- •Конструктивтік ақаулар
- •Көлденең қатпарлар
- •Тығыз көлденең қатпарлар
- •Баланстың бұзылуы
- •1.Инженерлік және көркемдік конструкциялау қағидалары
- •2.Жобалау үрдісінің кезеңдері
- •3. Ажж құрамдастары және қамтамасыз етулері
4.4 . Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы
Киім конструкциясын кез келген есеп әдісімен құру үшін ең алдымен ол туралы бастапқы деректерді толық білу керек. Осы бастапқы деректердің бірінші және негізгі бөлігі болып өлшемдік белгілер табылады. Олар адам дене бітімін көлемі мен пішініне қарай сипаттайды, яғни оның өлшемдік сипаттамасын ұғындырады.
Адам денесі мен оның (антропометриялық) бөліктерін өлшеудің үш тәсілі бар:
бірінші тәсіларқылытік немесе көлденең жазықтықтағы кез келген нүктелер арасының арақашықтық проекциясын өлшейді
екінші тәсіл арқылы екі нүкте аралығының ең қысқа қашықтығын өлшейді
үшінші тәсіл арқылы дене бітімінің үстін өлшейді.
Нақты мәліметтер алу үшін барлық өлшемдер белгілі бір шарттарды қатаң сақтау негізінде жүргізіледі:
өлшенетін адам түзу, күштеусіз, бірқалыпты дем алып белгілі кейіпте тұрады
б) ерлер мен балалар аяқ киімсіз, іш киім киген, әйелдер іш киім мен көкірекше киген
в) барлық өлшеулер денеге белгілі нүктелер арқылы немесе тері қатарлары және жұмсақ маталардың шекарасы арқылы жүргізіледі.
Анықталған нүктелер антропометриялық нүктелер деп аталады. Өлшеу барысында конструкциялау үшін 16 антропометриялық нүкте қолданылады (1 – кесте).
г) ұзындық және айналымдарды өлшеу 1мм–ге дейін дәл өлшеуді талап етеді.
Адам
денесіндегі антропометриялық нүктелерді
анықтау
1.1-кесте
Антропометриялық нүктелер сипаттамасы
Шартты белгілер |
Атаулар
|
Орналасуы |
|
|
|
а |
Құлақ үсті |
Басты көз-құлақтық көлденең жағдайда ұстағандағы төбе сүйектің жоғары нүктесі |
б |
Мойындық |
Жетінші мойын омыртқа остисті өсіндісінің төбесі |
в |
Мойынның негізделу нүктесі |
Мойын айналымының иық белдеуі сызығымен қиылысуы |
г |
Бұғаналық |
Бұғананың төс ұшының жоғары нүктесі |
д |
Жоғары тесік |
Кеуденің жармалық бөлігінің орталығы |
е |
Орта кеуделік |
Кеудемен бірге төртінші қабырға шеміршегінің жоғарғы шетінің біріну деңгейіндегі кеуденің орта сызығында |
ж |
Ахроминальдық иықтық |
Жауырынның акроминальды өсіндісі жанғы шеті жағындағы біраз шығыңқылық нүктесі |
з |
Иықтық |
Иықтық буындарды теңдей бөлетін тік жазықтықты жауырынның акромиальдық өсіндісінің жоғарғы сыртқы шетінің қиылысындағы |
и |
Кәрі жіліктік |
Кәрі жілік басының жоғарғы нүктесі |
к |
Емізіктік |
Емізік орталығында |
л |
Остистік- мықын алды |
Мықын сүйегінің жоғарғы алдыңғы біраз шығыңқы түскен нүкте алды |
м |
Тізелік |
Тізе тостағаншасының орталығы |
н |
Қолтық астының алдыңғы бұрышы |
Қолдың қалпындағы қолтық асты шұңқырының алдыңғы шетпен қалыптасқан доғаның жоғарғы нүктесі. Доға биіктігін дәл анықтау үшін түзеуге қажетті, қалыңырақ ет астында жасырын жатқан нүкте |
о |
Қолтық астының артқы бұрышы |
Қол түсіру қалпында қолтық асты шұңқырының артқы шетпен қалыптасқан доғасының жоғарғы нүктесі |
п |
Жамбастық |
Жамбастың көбірек шығыңқы нүктесі |
р |
Бел сызығының биіктік нүктесі |
Тұлғаның көбірек жаншылған бөлімінде төменгі қабырға мен мықын сүйегінің арақашықтығының ортасында |
Негізгі өлшемдер
Бой – Б. Еденнен құлақүсті нүктесіне дейінгі аралық.
Жартылай мойын айналымы – ЖАм. Мойынның толық айналымын өлшейді. Сантиметрлік таспаның төменгі шетін мойын нүктесі үстінен орналастырады (жетінші мойын омыртқасының остистік өсіндісінің биігі), ол таспаны жанынан және алдынан бүғана нүктесінің төменгі шетін жанай мойынның басталу негізімен орналастырады. Өлшемнің жартысын жазып алады.
Өлшеу барысында мойын пішініне және орналасуы мен ерекшеліктеріне назар аудару қажет: ұзын–қысқалығына, алды мен артына иілуіне, жетінші мойын омыртқасы айналасын май басуына. Жаға фасонын таңдау барысында мойын ұзындығы ескеріледі, ал конструкциялау барысында мойын ойындысының ені мен тереңдігін анықтауда мойын пішіні мен май басу сипаты ескеріледі.
Кеуденің бірінші жартылай айналымы – ЖАк1. Кеуденің бірінші айналымын толық адамдарда өлшейді. Арқаға сантиметрлік таспаны көлденеңінен жайғастырады, өлшеу көлемінің жартысы қолтық асты ойындысының жоғарғы шетін жанай өтуі тиіс. Жартысын жазып алады.
Кеуденің екінші жартылай айналымы–ЖАм2. Кеуденің екінші айналымынтолық өлшейді. Арқаға сантиметрлік таспаныкөлденеңінен қолтық асты ойындысының артқы бұрышына тиетіндей, қолтық асты ойындысымен қисық қиылыста тегістіктен өтетіндей етіп жайғастырады. Еркектерде сантиметрлік таспаныемізікті нүктелер арқылы, ал әйелдерде кеуде бездерінің шығыңқы нүктелерімен жүргізеді. Соған орай бірінші, екінші кеуде айналымын сантиметрлік таспаны арқада жылжытпай бірінен кейін бірін өлшейді. Омырауы төмен түскен әйелдер дене бітімін сантиметрлік таспаны кеуде шығыңқысына көлденең жайғастырады. Өлшемнің жартысын жазып алады.
Кеуденің үшінші жартылай айналымы –ЖАм3. Кеуденің толық үшінші айналымын өлшейді. Сантиметрлік таспаны еркектерде тұлғаны айналдыра емізіктік нүктелері арқылы, әйелдерде кеуде бездерінің шығыңқы нүктелері арқылы көлденеңінен орналастырылады. Таспаны алдынан кеуденің оң жағына қарай аяқтайды. Өлшемнің жартысын жазып алады.
Жартылай бел айналымы–ЖАбел. Белдің толық айналымын өлшейді. Таспаны тұлғаны айналдыра белсызық деңгейінде жайғастырады. Өлщемнің жартысын жазып алады. Өлшеу барысында бел пішініне көңіл аударады және паспортқа оның ерекшеліктерін жазып отырады:мәнерленбеген, цилиндрлік, бірден мәнерленген, арқа тұстан өте майысқан, қарны шығыңқы.
Жартылай мықын айналымы–ЖАмық. Мықынның толық айналымын өлшейді. Таспаны тұлғаны айналдыра шығыңқы нүктелерге: артынан-жамбасқа, алдынан-қарынға жайғастырады. Өлшемнің жартысын жазып алады. Өлшеу барысында мықынның пішіні мен орналасу деңгейін жазып алады: сопақ, дөңгелек, арқа жағынан тегіс, жамбастың өте шығыңқылығы, бүйір шұңқырлығы, сандардың сырт жағын май басуы, жоғары, төмен орналасуы.
Кеуде ені -Ек. Еркектерде қолтықасты шұңқырларының алдыңғы бұрыштары арақашықтығы өлшенеді. Таспаның төменгі шеті қолтық асты шұңқырларын жанап өтуі тиіс. Әйелдерде кеуде бездерін тігінен қоса есептегендегі қолтық асты шұңқырларының алдыңғы бұрыштарының аралығы өлшенеді. Жарты өлшемді жазып алады. Өлшеу барысында кеуде қуысының пішініне және иық қалпының бұрылысына көңіл бөледі. кеудені шығыңқы, түсіңкі, өте шығыңқы бұғаналарымен белгілейді. Иық бұрылысының жайылғанын немесе тарылғанын анықтайды. Жіңішке қапсырма сызығының жоғарғы бөлігін құру барысында кеуде қуысының және иық қалпы құрылымы ескеріледі.
Артқы бел сызығынан мойын негізделу нүктесіне дейінгі аралық- Ұар.б.б.. Артқы бел сызығынан мойын негізіндегі иықтық тігістің жоғарғы нүктесіне дейінгі аралықты омыртқаға параллель өлшейді. Иық жапсырмасы бар болған жағдайда иық жапсырмасы иықтық тігісінің жоғарғы нүктесінен омыртқаға параллель белдегі көлденеңдікке дейін өлшейді.
Мойын нүктесінен алдыңғы бел сызығына дейінгі аралық – Ұал.б.б.. Мойыннан кеуденің шығыңқы нүктесі арқылы өтетін белге дейінгі аралық.
Кеуде биіктігі-Бк. Мойынның негізгі нүктесінен кеуденің шығыңқы нүктесіне дейінгі аралық.
Арқа ені-Еар,. Жауырын бойымен қолтық асты шұңқырларының артқы бұрыштары арасындағы арақашықтықты өлшейді. Өлшеудің жартысын жазып алады. Өлшеу барсысында жауырынның шығыңқылығы мен арқаның қисаюына назар аударылады.
Бұйым ұзындығы-Ұбұй.. Шартты қабылданған типтік қалыптағы денебітімдегі жағаны қондырып тігу сызығынан (мойын нүктесінен) қалаған ұзындығына дейінгі арақашықтықты арқа ортасымен өлшейді.
Иық белдеуі ені-Еи. Жобаланған иық тігісі негізгі нүктесін негізгі мойын ақырғы нүктесіне дейін өлшейді.
Жең ұзындығы-Ұжең. Иықтық нүктеден бос түсірілген жол жеңінің қалаған ұзындығы деңгейіне дейінгі арақашықтық.
Иық айналымы-Аи. Айналымды иық осіне перпендикуляр өлшейді. Сантиметрлік таспа қолтық астының артқы бұрышына тиіп және қолдың сыртқы бетіне тұйықталуы тиіс. Егер қол өте толық болса, оның толықтығын, тегістігін немесе қолдың жоғарғы бөлігінің май басу дәрежесін анықтау қажет.
