- •3.1 Киім сапасы туралы негізгі түсініктер және өнімнің сапалық көрсеткіштері
- •3.2 Өнім сапасының қасиеттері мен көрсеткіштері
- •3.3 Квалиметрия ұғымы және оның түрлері
- •4. Адам денесінің өлшемдік типологиясы
- •4.1 Адам денесінің анатомиялық қозғалыс аппараты
- •4.2 Адам денесінің сыртқы пішінінің сипаттамасы
- •4.3. Адам денесінің морфологиялық белгілері. Пропорциясы, дене бітімі, келбеті.
- •4.4 . Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы
- •5 Киім конструкциясы, пішіні және өлшемнің характеристикасы
- •5.1 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы
- •4.5 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы.
- •5.2 Конструктивті сызықтар
- •5.3 Киімнің еркін қонымдылығына қосымшалар
- •7.1 Киімнің конструктивті модельдеуі
- •7.2 Модельдерді талдау.
- •7.3. Бастапқы конструкцияны іріктеу
- •8. Конструктивті модельдеудің принциптері
- •8.1. Киім формасын өзгертпей конструктивті модельдеу
- •8.1.1. Ілгектер
- •8.1.2. Құрыс-тырыстар
- •8.1.3. Қалталар
- •8.1.4. Бүкпелер әр түрлі әсемделуі мүмкін
- •8.1.5. Күрделі конфигурациялы бүкпелерді көшіру
- •8.1.6.Бөлшектердің қосымша мүшеленуі
- •9.2. Киім бөлшектерінің ұңғымаларын құрастыру әдістерінің жіктелуі
- •12.1 Қымтаулы тігістің қайта модельденуі
- •12.2 Қолтық ойындысы.
- •12.3 Қолтық ойындысы тереңдетілген бұйымдардың конструкциясы құрылымының ерекшеліктері
- •13.1 Бүтіндей тігілген жеңнің конструкциялық ерекшелігі
- •15.1 Аналог модельдерді таңдау
- •17.1 Модельдің сыртқы түрінің сипаттамасы
- •17.2 Киімнің құрылымдық жобалануы.
- •17.3 Модельді зерттеу барысында оның ерекшеліктерін және де алдын ала қалыптасқан құрылымы мен базалық ауытқуын айқындайды. Модель туралы.
- •2. Жаңа үлгідегі киімді құрастырып шығару дайындықтарының кезеңдері. Әрбір кезеңнің мақсаттары мен міндеттері
- •Конструктивтік ақаулар
- •Көлденең қатпарлар
- •Тығыз көлденең қатпарлар
- •Баланстың бұзылуы
- •1.Инженерлік және көркемдік конструкциялау қағидалары
- •2.Жобалау үрдісінің кезеңдері
- •3. Ажж құрамдастары және қамтамасыз етулері
5.2 Конструктивті сызықтар
Киімнің, оның бөліктерінің, бөлшектерінің контурларын конструктивтік, декоративтік және декоративтік-конструктивтік сызықтар ретінде қарастыруға болады.
Конструктивтік сызықтар - костюм бөліктері мен жеке көлемдердің қиысу сызықтары – фасонның негізі. Оларға қосылған тігістер, бедерлер, пішін мүшелендіру сызықтары жатады, осылардан пішін көлемінің өзгерістері басталады – бүкпелері, кескінділері және тағы басқа.
Декоративтік-конструктивтік сызықтар – екі қызметті біріктіреді – декорациялық және конструкциялық қажеттіліктер. Оларға жол кесте, бау, баукесте, тағы басқа арқылы безендірілген сызықтар жатады. Осындай жағдайда эстетикалық қызметті конструкцияның өзі атқарады.
Декоративтік сызықтар ешқандай утилитарлық-практикалық қызметті атқармайды. Бұл киімнің кестелеу жолақтары, шілтері, мережка, баулары, кестесі, таспасы сияқты әр түрлі әрлеу сызықтарының сызбалық сипатын құрайды.
Көлденең (горизонталь) сызықтар бұйымның енділігін көрсете отырып, толықтық, тыныштық, тұрақтылық елесін береді. Киім силуэтінде негізгі бес көлденең сызықтарды ажыратады: иық, кеуде, бел, мықын, етек сызықтары.
Тік (вертикаль) сызықтар бұйымның ұзындығын көрсетеді, төзімділік, беріктік, негізділік әсерін береді. Мұндай сызықтар бойдың биіктігін, яғни бойшаңдықты көрсетеді. Негізгі конструкциялық тік сызықтар белдемше ұзындығын, арқа немесе щалбар ұзыдығын, жең ұзындығын белгілейді.
Қисық сызық – киімнің конструктивтік-композициялық сызықтарының ішіндегі ең бір бастысы, тек сол киімде ған адам дене бітімінің кескін – келбеті анықталады, бұлар; белден мықынға, белден кеудеге тарайтын сызықтар, қолтық ойындысы. Қисық сызықтар киімнің жекеленген бөлшектерінде де кездеседі.
Сынық сызықтар жаға, қалта, жаға қайырмасы сияқты киім бөліктерінің конструкциясында жиі пайдаланылады.
Аралас сызықтар реглан, нымша, иініш конструкцияларында кездеседі.
Диагональ сызықтар әр түрлі тілікшелік бөлшектерге, бүрмеде, аяқ киімде, киім бүкпесінде, т.б. кеңінен қоданылады. Біріне-біріне ауыса отырып, бұл сызықтар көлденең және диагональ сызықтардың қасиетіне ие болады, пішін мен көлемді бағыт сипатына қарай үлкейте немесе кішірейте алады.
Параллельді және қиылысатын сызықтар – негізінен сәндік, әшекейлік, әрлеу сызықтары. Түзу сызыққа қарағанда иілген сызықтар киімге анағұрлым сәнділік пен әшекей береді. Түзу сызықты – классикалыққа, ал аралас сызықты – көркемділікке балайды. Сан алуан сызықтарды пайдалану көптеген киім пішіндерін құруға мүмкіндік туғызады. Дизайнер қандай да бір сызықты өзгерте отырып пәшән вариацияларын жасайды, оларда пішіннің бастапқы түрінің болар-болмас бөлігі ғана сақталады.
Силуэттік сызықтардың кейбір бөліктері пішінді қалыптастырады. Мысалы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында әйел белдемшесінің паньесі (ішкі белдемше) парабола пішінінде болған.
Композициялық шешімде бір модельде әр түрлі сипаттамалы сызықтардың шектен тыс көп болуына, дисгармония жасалуына жол берілмейді. Сонымен қатар, біртектес сызықтардың көп болуы модельді бірқалыптылығымен жалықтырып жібереді.
Сонымен, киімнің пішінге келтіру сызықтарының ырғақтық негізі оның созылымды құрылымының сипатын айқындайды. Пішіннің созылымдылық құрылымы суретшінің эскиздеу кезеңінде қаланады. Эскизде пішіннің созылымдылық дамуының сипаттамасы, яғни бір пішін бөлігінің екіншісіне «ағып түсу» сипаттамасы тексеріліп түгелденеді. Әрбір сызықты өңдеу олардың өзара және силуэттермен байланысын анықтайды.
