- •Тышқан тектес кеміргіштер.
- •Шегірткелер зиянкестері
- •Дәнді дақылдардың зиянкестері
- •Зиянды бақашық қандаласы және басқа астық қандалаларының түрлері
- •Астықтың жолақты бүргесі – Хлебная полосатая блошка
- •Сабақ ішінде жасырын өмір сүретін дәнді дақылдардың зиянкестері Скрытостеблевые вредители зерновых культур
- •Швед шыбындары – Шведская муха
- •Астық сабағының бүргелері – Стеблевые хлебные блошки
- •Астық цикадкалары – Злаковые цикадки
- •Бидай гүлінің кенесі – Пшеничный цветочный клещ
- •Күріштің зиянкестері
- •Шаянтәрізділер – Ракообразные
- •Техникалық дақылдардың зиянкестері.
- •Қызылшаның сұр бізтұмсығы.
- •Қызылша бүргелері.
- •Кәдімгі қызылша бүргесі.
- •Оңтүстік қызылшаның бүргесі.
- •Батыс қызылшаның бүргесі.
- •Қызылшаның тамыр биті.
- •Қызылшаның сабақ жегіші.
- •Қызылша сауытты қоңызы. Свекловичные щитоноски.
- •Түркістандық өрмекші кене.
- •Мақта зиянкестері
- •Мақта көбелегі- Хлопковая совка
- •Мақта (бақша) биті- Хлопковая (бахчевая) тля
- •Жоңышқа биті- Люцерновая (акациевая) тля
- •Үлкен мақта биті.
- •Темекі битесі.
- •Темекі зиянкестері.
- •Шабдалы биті.
- •Жидек қандаласы.
- •Майлы дақылдардың зиянкестері.
- •Күнбағыстың қан көбелегі.
- •Мақсарының кіші бізтұмсығы. Мақсарының үлкен бізтұмсығы.
- •Көкөніс дақылдарының зиянкестері.
- •Рапс гүл жегісі.
- •Рапс егеуіші.
- •Қырыққабат биті.
- •Қырыққабатың ақ көбелегі.
- •Айқыш гүлді бүргелері.
- •Айқышгүлдің қандаласы.
- •Шалқанның ақ көбелегі.
- •Қышаның ақ көбелегі.
- •Қырыққабат күйе көбелегі.
- •Қырыққабат қоңыр көбелегі.
- •Кәдімгі қырыққабат шыбыны.
- •Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларына есеп жүргізу және болжамдау
- •Қара күйе аурулары және қастауыш (спорынья) Бидайдың қатты немесе сасық қаракүйесі
- •Бидайдың тозаңды қаракүйесі
- •Күздік бидайдың ергежейлы (қортық) қаракүйесі
- •Арпаның қатты немесе тас қаракүйесі
- •Арпаның тозаңды қаракүйесі
- •Арпаның жалған тозаңды қара күйесі
- •Сұлының қатты немесе жабық қаракүйесі
- •Сұлының тозаңды қаракүйесі
- •Қара бидай сабағының қаракүйесі
- •Тарының жабық қара күйесі
- •Жүгерінің толарсақ қаракүйесі
- •Жүгерінің тозаңды қаракүйесі
- •Қонақ жүгерінің (құмай) тозаңды қара күйесі
- •Астық тұқымдас дақылдарының қыстауышы
- •Дәнді дақылдардың тат аурулары Қоңырқай немесе жапырақ таты.
- •Сабақ немесе сызықша таты.
- •Сары немесе қабыршықтанған тат
- •Арпа мен сұлыны зақымдайтын тат ауруының түрлері.
- •Сабақ таты
- •Сары таты
- •Сұлының тәжді таты.
- •Арпаның қортық таты.
- •Саңырауқұлақты дақтар және ақ ұнтақ Септориозды дақ (теңбіл)
- •Астық дақылдарының ақ ұнтағы
- •Бидай жапырақтарының сарғылт дағы
- •Арпаның торлы дағы
- •Арпаның сызықша жолақ дағы
- •Арпаның жиектелген дағы.
- •Сұлының гельминтоспориозды дағы.
- •Күріш пирикуляриозы
- •Күріштің геьминтоспориозды дағы
- •Дәнді дақылдардің тамыр шіріктері. Гельминтоспориозды (кәдімгі) және фузариозды тамыр шірігі.
- •Офиоболезды тамыр шірігі.
- •Мақта дақылының аурулары Мақтаның қара шірігі
- •Мақтаның вертициллезды солу
- •Күнбағыс аурулары Күнбағыстың ақ шірігі
- •Күнбағыстың сұр шірігі
- •Күнбағыстың таты
- •Күнбағыстың жалған ақ ұнтағы
- •Күнбағыстың вертициллезды солуы
- •Күнбағыстың қара дағы (аскохитоз)
- •Темекі аурулары Темекінің жалған ақ ұнтағы
- •Темекі тамырының қара шірігі.
- •Темекі мозаикасы
- •Қант қызылшасының аурулары Қызылшаның тамыр жегіші мен тамыр жемісінің шіріктері
- •Қызылшаның тамыр церкоспорозы
- •Қызылшаның жалған ақ ұнтақ ауруы.
- •Қызылшаның ақ ұнтақ ауруы.
- •Қызылшаның ризоманиясы немесе шектен тыс тамырлануы.
- •Түтікті бактериоз ауруы
- •Қызылшаның нематодозы немесе гетеродерезі.
- •Қырыққабат аурулары Қара мойнақ ауруы
- •Жалған ақ ұнтақ ауруы
- •Шырышты бактериоз ауруы
- •Қызанақ аурулары
- •Фитофтороз
- •Макроспориоз
- •Бактериалды қара дақ.
- •Альтернариоз.
- •Столбур
- •Пияз аурулары
- •Мойын шірігі
- •Қияр аурулары Бактериоз
- •Бақша аурулары Қауынның бактериозы
- •Асқабақ пен қарбыздың антркнозы
- •Картоп аурулары Картоптың таз қотыры
- •Картоптың ұнтақ тәріздес таз қотыры
- •Картоптың ризоктониозы немесе қара қотыры
- •Картоптың фитофторозы
- •Картоптың күміс түстес таз қотыры
- •Картоптың альтернариозы
- •Картоптың қоңырқай теңбілі немесе макроспориоз
- •Картоптың фузароизды және вертициллезды солуы
- •Картоптың құрғақ шірігі
- •Картоптың қара мойнағы (шіруі)
- •Картоптың сулы шірігі
- •Картоптың түйнегінің сақиналы шірігі
- •Картоптың қатпарыл мозаикасы
- •Картоптың жолақ мозаикасы
- •Картоптың теңбіл мозайкасы
- •Картоп жапырақтарының бұралуы
- •Түйнектің ұршықтануы
- •Картоптың сабақ жұмырқұрты
- •Жеміс-жидек дақылдарының аурулары Алманың ақ ұнтағы
- •Алма мен алмұрттың таз қотыры.
- •Жеміс дақылдарының сұр шірігі немесе монилиозы.
- •Алма цитоспорозы.
- •Алманың қара ісігі.
- •Алманың таты.
- •Сүйекті жеміс дақылдарының тесік дағы немесе клястероспориозы.
- •Шабдалы жапырақтарының бұйралануы.
- •Шабдалы ақ ұнтағы.
- •Жеміс және жидек ағаштары тамырының ісігі.
- •Алмұрт пен сүйекті жеміс дақылдарының бактериозы.
- •Алма мозаикасы.
- •Жидекті дақылдарының аурулары. Бүлдіргеннің сұр шірігі.
- •Қарақат пен қарлығаның ақ ұнтағы.
- •Бүлдірген жапырақтарының ақшыл дағы.
- •Таңқурайдың қызғылт қоңыр дағы.
- •Жүзімнің аурулары.
- •Жүзімнің антракнозы.
- •Ауылшаруашылық дақыладарыны ауруларының мониторингі және болжамдау.
- •Астық және астықбұршақты дақылдарының аурулары
- •Тұқымның және топырақтың залалдануын анықтау.
- •Техникалық, көкөніс, бақша және картоп дақылдарының аурумен залалдануын анықтау әдісі.
- •Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің ауруларын есептеу
- •Егіннің залалдануын есептеу және болжамдау әдістемелері
- •Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
- •Біржылдық арамшөптер
- •Екіжылдық арамшөптер
- •Көпжылдық – тамыратпалылар, тамырсабақтылар, тамырөзектілер.
- •Егістердің ластануын есепке алу әдісі мен болжамы
- •Егістердің ластануын болжамдау
- •Арамшөптерге қарсы қорғаныс шараларын жоспарлау
- •Дәнді дақылдар егістіктеріндегі арамшөптердің басым түрлерінің экономикалық зиянды шектері (эзш, дана/м2)
Шегірткелер зиянкестері
Шегірткелер буынаяқтыларға жататын төменгі сатыдағы омыртқасыз жәндіктер, тік қанаттың тобына жатады(Orthortera). Қазақстанда 270 түрі таралған, оның ішінде 10-15 түрі ерекше қауыпты зиянкеске жатады. Олар егінді, техникалық, көкеніс, жайылым, шөп өсетін алқаптарда анықталады.
Шегірткелердің мурттары қысқа , ұзындығы денесінен жартысына келеді. Аяқтарының табаны 3 буыннан тұрады. Жұмыртқа салу қысқа, 4 ілмектік жормадан тұрады. Есту мушесі кеудесінің 1 сегментінде орналасқан.
Үйірлі және саяқ шегіртке ажыратады. Қауіпті шегірткелерге үйірлі шегіртке жатады: азиат, марокко, итальян прусы.
Саяқ шегірткелерге жатады: атбасар, сібір, ақ жолақты, қарақанатты, айқышты, флилер кіші айқышты, дала, туран,дала прусы.
Үйірлі шегірткелер шоғырланады (дәріжелі) және топтану (имагопаринның). Шоғырлары мен топтары мигнациялық көшу не дәуір жерге тіркеледі. Үйірлі және сояқ. Ортада-өтпелі фазасы болады. Саяқ шегірткелер, дәрежелдері, және қанаттанған имоголары шыққан жерлерде қалауы шоғырланбай.
Дәнді дақылдардың зиянкестері
Қазақстанда дәнді дақылдарға зиянкестердің көптеген түрі зиян келтіреді, олардың қатарында көпқоректілер (шегірткелер, шекшектер, қара шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, қара денелі қоңыздар, күздік түнгі көбелектер, кеміргіштер), және олармен қатар тек қана астықты дақылдарды зақымдайтын өзіне тән арнайы зиянкестері (астықтың түн көбелектері, зиянды бақашық қандалалары, астық қоңыздары, астық сүлікшелері, бидай трипсі, астық барылдауық қоңыздары, астықтың жолақты бүргесі, астық биті, гессендік және швед шыбындары, астықтың сабақ егеуіші, астықтың сабақ бүргесі) бар. Жәндіктер асықты дақылдарды еккен кезден бастап өнімді жинағанға дейін зиян келтіреді.
Дәннің сұр көбелегі – Серая зерновая совка (Apamea anceps Schiff.)
Зиянкес кең таралған және республиканың солтүстігінде масақты дәнді дақылдардың қауіпті зиянкесі болып табылады. Жұлдызқұрттары негізінен бидайдың, күздік қара бидайдың, арпаның, жүгерінің дәндерін зақымдайды. Өнімнің потенциалды шығыны 2-5 ц/га жетеді.
Көбелектерінің қанаттарының жайылғандағы орташа өлшемі – 35-40 мм. Денесінің ұзындығы 15-18 мм. Алдыңғы қанаттары бұлыңғыр-сұр-қоңыр түсті болып келеді. Артқы қанаттары ашық-сұр және сұр шет жақтары қарайған, мұртшалары жіп тәріздес. Аналықтарының жұмыртқа салған орны хитинді екі жақты, денесінің аяқ жағында қысқаш тәрізді, түсі қызыл-қоңыр болып келеді.
Жұмыртқасы шар пішінді, диаметрі 0,5 мм, сыртқы көрінісі көп қырлы болады. Жаңа салынған жұмыртқа мөлдір ақ түсті кейінірек ұрықтың даму барысына қарай қызғылт, ал жұлдызқұрт шығар алдында қоңыр түске айналады. Жұмыртқаларын масақ және гүл қабыршақтарының ішкі жағына салады. Бір жұмыртқалауында бірден 70 жұмыртқа, көбіне 7-20 дана арасында болады. Өсімталдығы 100-200-ден 600-800 жұмыртқаға дейінгі аралықта болады.
Жұлдызқұрттары 3 жұп көкірек және 5 жұп бауыр ақтары болады. Денесінің түсі даму ерекшелігіне байланысты бозғылт-жасылдан сұр-қоңыр түске дейін өзгеріп отырады. 8 жасқа дейін дамиды. Жұлдызқұрттарының жасын бас қабығының диаметрі арқылы анықтайды, мм: I – 0,225-0,275; II – 0,300-0,375; III – 0,425-0,550; IV – 0,600-0,777; V – 0,875-1,250; VI – 1,375-1,875; VII – 1,950-2,500; VIII – 2,500-ден жоғары. Соңғы жастағы жұлдызқұрттарының ұзындығы 28-32 мм-ге жетеді.
Қуыршағы қызғылт және бозғылт-қоңыр, ұзындығы 15-18 мм. Қуыршақтың артқы жағында (кремастер) екі ұзын тікенек және төрт нашар дамыған қылшық болады. Жұлдызқұрттарының жаппай туылуы шілде айының үшінші онкүндігінде болады. (19 сурет).
Дәннің сұр көбелегі барлық жерде бір ұрпақ беріп дамиды. Көбіне ең соңғы (VIII) жастағы жұлдызқұрттары топырақта жиналмаған сабан, жүйек астында қыстайды. Көктемде біршама уақыт қоректенгеннен кейін 4-5 см топырақ астында қуыршақтанады. Көбелектерінің ұшуы маусым айының ортасынан тамыз айының басына дейін жалғасады.
Санын есептеу әдістемесі. Күзде (қазан, қараша) аяз түскенге дейін егітіктерде жұлдызқұрттарының қыстау орнына кетер алдында олардың санын есептеу мақсатында бақылау жүргізіледі. Әр егістіктің диагоналы бойынша (немесе шахмат түрінде) 0,25 м2 (50х50) мөлшерінде топырақтан 8 сынама алынады. Топырақтың өңдеу қабатынан сынамаларды қарайды және 4 мм2 болатын електен өткізіп, онда анықталған жұлдызқұрттарды есептейді. Егістіктен жиналып алынған жұлдызқұрттарды зертханада олардың салмағын анықтау үшін таразыға тартылып, сонымен қатар олардың тоғышар және аурулармен залалданғанын анықтауға сараптама жүргізеді. Бақылау нәтижесінде дәннің сұр көбелегі жұлдызқұрттарының популяциясының 1 м2 тығыздығы және физиологиялы жағдайы анықталады. Осының негізінде көп мерзімдік болжам жасалынады. (16 форма).
Көктемгі қайта бақылау жұмыстары егістіктерде қыстаудан шыққан жұлдызқұрттардың қуыршақтануға дейінгі мерзімде күзгі болжамданған көлемді нақтылау мақсатында жүргізіледі. Санын есептеу әдістемесі күзгі бақылау әдісімен сәйкес.
Дәннің сұр көбелектерінің ұшу динамикасы және қарқындылығын анықтау жазғы бақылау мерзімде жаңа ұрпақ жұлдызқұрттарының санын болжау үшін жүргізіледі. Көбелектерінің ұшу мерзіміне бақылау маусым айының 2-3 онкүндігінен бастап шілде айының соңына дейін жүргізіледі. Көбелектерінің санын анықтау күнделікті таңертең еліктіргіш аулағыш (ыдыс мөлшері 1л) арқылы жүргізіледі, ол топырақ бетінен 1 метр биіктікте рейка ағашына бекітіледі. Аулағыштағы ыдыстың 2/3 бөлігіне 10% қант ерітіндісінің ашытқысы құйылады. Күнделікті ұстап алынған аналық көбелекті құрсағын ашып және оның жұмыртқаларын санайды. Егер 1 түнде аулағышқа 50 аналықтан жоғары көбелек түскен жағдайда, олардың тұқымдылығы 500 жұмыртқадан жоғары болады, көбелектерінің ұшуы бидайдың масақтану мерзімімен сәйкес келеді, онда дәннің сұр көбелегінің жұлдызқұрттары жаппай туылып шын мәнінде қауіп туғызады.
Жаздық тексеру жұмыстары (масақты ашу арқылы) көбелектың 1-2 жастағы жаңа ұрпақ жұлдызқұрттарының жаппай туылуы кезінде жүргізіледі, ол жаздық арпаның дәннің толысуы және сүттеніп балауыздануы фазаларының басталуы кезіне сәйкес келеді. Бақылаушы егістіктің диагоналы бойынша жүріп өтеді, 200 масақты (20 орында 10 масақтан) қарайды, оны матадан жасалынған қалтаға салып этикетка салынады, аузын байлап зертханаға алып барады. Қалталарды желдетіп тұратын жайға іліп қояды. Масақтың сараптамасын кепкеннен соң 2 күннен кейін кейін тексереді және 100 масақтағы жұлдызқұрт санын анықтайды. Содан соң масақтарды қалталарға этикеткамен қоса салып аузын байлап қайтадан 1-2 күнге кептіруге іліп қояды, соңынан қайтадан масақтарды қағып ондағы жұлдызқұрттарға есептеу жүргізеді. Екінші қағу кезінде анықталған жұлдызқұрттардың санын бірінші қағылғанға қосып есептейді (17 форма). 100 масақтағы жұлдызқұрттар санын келесідегідей анықтайды. Мысалы егістіктен 228 масақ кесіліп алынған, оларды қағу барысында барлығы 57 жұлдызқұрт анықталды. 100 масақтағы жұлдызқұрт саны 25 дананы құрады (57 х 100 : 228 = 25).
Егістікті өңдеуге жатқызу ондағы жұлдызқұрттар саны ауа райы жағдайы және егістікті пайдалану мақсатына байланысты жүргізіледі.
Тауарлық құны бар күздік бидай егітіктерінде химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін ЭЗШ – салқын ауа райында 100 масаққа 15 жұлдызқұрт, қалыпты ауа райында 20-дан жоғары және құрғақ ауа райы жағдайында 30-дан жоғарыны құрайды.
Өсімдік қорғау іс шараларын жоспарлау. Ағымдағы қорғау іс шаралары күзгі тексеру нәтижеселеріне байланысты жоспарланады. Бір жылға болжам жасау кезінде дәннің сұр көбелегінің даму популяциясы, жұлдызқұрттарының қыстау алдындағы дене салмағы, саны, физиологиялық жағдайы және табиғи жауларымен зақымдалу дәрежесі ескеріліп жасалынады. Қысқы кезеңде диапаузаға кеткен популяцияның өміршеңдігі олардың салмағына байланысты: егер жұлдызқұрттың салмағы 200 мг кем – 10% -дан төмен, жұлдызқұрттың салмағы 300 мг-ға дейін – 50-60%-дан төмен. Жұлдызқұрттардың салмағы 300 мг болғанда олар жақсы қыстап шығады, келесі жылдың жаз мерзімінде көбелектердің өсімталдығы 500-1200 жұлдызқұртқа дейін жетеді. Жұлдызқұрттарының табиғи жауларымен жоғары зақымдалуы олардың популяциясының төмен жағдайда екендігін растайды, сондықтан 70-80%-дан жоғары гранулезбен зақымданған жағдайда, келесі жылы осындай егістіктерде жоспарланған химиялық өңдеуді жүргізу қажет емес.
Күзгі бақылау нәтижесі бойынша жоспарланған күресу іс шараларының критериі – егістіктерде дәннің сұр көбелегі популяциясының тығыздық көрсеткіштері 1 м2 –та 3 дана өміршең жұлдызқұрт, салмағы 1 м2 300 мг-нан жоғары болған жағдайда, бұл алқаптарда жұлдызқұрттардың жаңа ұрпақтарына қарсы химиялық өңдеу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі.
Жасалынған болжам көктемде нақтыланады. Өңдеу іс шараларының жоспарлау критериі – көктемгі бақылау нәтижесі бойынша 1 м2 2 жұлдызқұрттан жоғары. Жоспар дәннің сұр көбелегінің ұшу және жұмыртқа салуы нәтижесі бойынша қайта қаралады.
Дәннің кәдімгі көбелегі – Обыкновенная зерновая совка
(Apamea sordens Hfn.)
Дәннің сұр көбелегіне қарағанда кем таралады. Дәннің кәдімгі көбелегінің барлық даму стадиясының сырт келбеті дәннің сұр көбелегіне ұқсайды. Ерекше белгілері келесідей: дәннің кәдімгі көбелегінің алдыңғы қанатының негізінде қара ұзынша сызықша болады. Дәннің сұр көбелегі жұлдызқұрттарының табанында жалған аяқтарында 13-24 ілгіштері, қара-қоңыр қалқаншаларда қылшықтары болса, ал дәннің кәдімгі көбелегі жұлдызқұрттарында жалған аяқтарында 11 ілгіштер болады, ал білінер-білінбес тегіс қалқаншаларда қылшықтары орналасқан.
Дәннің кәдімгі көбелегі гигрофильді және дәннің сұр көбелегіне қарағанда жылы сүйгіштігі төмен. Олардың саны дала зонасынан орманды даласына қарай ұлғаяды, ал дәннің сұр көбелегіның санының өсуі кері бағытта болады. Дәннің сұр көбелегіне циклдік жаппай көбеюі қасиеті жоғары. Екі түрдің де өмір сүру қабілеті ұқсас.
Дәннің кәдімгі көбелегі жұмыртқасын масақтың сыртқы бөлігіне салады, ол құрғақ ауа райы жағдайында олардың өміршеңдігін төмендетеді.
Көбелегінің қанат өрісі 32-40 мм, алдыңғы қанаттары сұр-қоңырқай түсті. Қанаттарының байланысқан жері жұқа, қара-қоңыр, үзік-үзік болады. Астыңғы шеткі сызықтары иір-иір, ашық түсті, өте нашар көрінеді. Шеткі сызықтары қара дақтармен таңбаланған. Бүйрек тәрізді және дөңгелек дақтары үлкен, айналасы түспен салыстырғанда ашықтау , қара-қоңыр түспен қоршалған, бүйрек тәрізді дақтар қара ядросымен және сыртында ақ қысқа сызықша болады. Сүйір дақтар нашар білінеді. Қанатының негізгі бөлігінде қара, сәл толқынды сызықша болады. Талшықтарының астыңғы бөлігінде қара ұсақ сызықшалар, артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда ақшыл түсті.
Жұмыртқалары ақшыл - сары, диаметрі 0,48-0,52 мм, 34-36 тегіс радиалды қабырғалары болады.
Жұлдызқұрттары бурыл-қоңыр суреті бар коңыр-сұр түсті. Дорсалды жолағы сұр-сарғыш, субдорсалды жолағы – нашар, ақшыл. Дорсалды және субдорсалды жерлерінде майда қоңырқай сызықшалары бар. Таңба астындағы жолақ үлкен, сарғыш, денесінің құрсақ бетінің түсі сияқты. Басы қара-сарғыш, бурыл түсті сурет салынған. Жас жұлдызқұрттарының түсі бидай дәнінің түсіне жақын. Тыныс алу жүйесі қоңыр қара түсті дөңгелекшемен. Ересек жұлдызқұрттарының денесінің ұзындығы 24-36 мм.
Қуыршағы сарғылт-қоңыр немесе қызыл-қоңыр түсті. Денесінің ұзындығы 15-20 мм. Кремастері 2 берік майысқан тікенектен және 4 қылшықтан тұрады.
Бидай, қара бидай, арпа, жүгері дақылдарын зақымдайды.
