Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методические указания 4-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
943 Кб
Скачать
☆

Алма мозаикасы.

Ауру белгілері. Ашық-жасыл, мозаикалы дақтары бар жапырақтары залалданады. Аурудың сыртқы белігіс жапырақтың мозаикалы түсті болуы. Мозаиканың әлсіз түрінде жас жапырақтарында ашық-жасыл немесе сары-жасыл, кейде сары дақтар пайда болады. Дақтар әр жерде таралған. Егер аурумен қатты залалданса, дақтар анық көрініп, ашық түсті болады, жапырақта мозаикалы сызбалы болады. Кейін дақтар ағарады. Қатты зақымдалу кезінде жапырақтарда некроз пайда болуы мүмкін. Жапырақтары өспей ұсақ болып, ерте түсіп қалады, Сау жапырақтарға қарағанда пішіні өзгеріп, сынғыш болып келеді. Фотосинтетикалық пішіні нашар болады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Вегетация кезінде насекомдармен таралады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Мозаика ауруының қатты байқалуы сорттың төзімділігіне, ағаштың жасына және ауа-райы жағдайына байланысты.

Жидекті дақылдарының аурулары. Бүлдіргеннің сұр шірігі.

Ауру белгілері. Көбінесе піскен жемістері залалданады. Онда ірі, қара, сулы дақтар, ал жапырақтарында сұр, жайылған дақтар пайда болады. Ылғалды жылдары залалданған жерлер, қою сұр өңезбен қапталады. Конидиендары ағаш тәріздес, таралған, конидиилері жұмыртқа тәрізді, көлемі 9-15х7-10 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Топырақта және өсімдік қалдықтарында инфекция көзі сақталады. Саңырауқұлақтары сақтау кезінде және вегетация кезінде тамыр және тамыржемістің шірігін тудыруы мүмкін.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауаның және топырақтың жоғарғы ылғалдылығы, қалыпты температура 15-20 0С.

Қарақат пен қарлығаның ақ ұнтағы.

Ауру белгілері. Жас жапырақтары, бүршектерінің ұштары, қарлығаның жемістері ауруға ұшырайды. Қарақатта залалданған жемістер сирек кезедеседі. Өсімдіктің залалданған бөліктері ақшыл өңезбен қапталады. Залалданған бүршік ұштары қарайып, майысады, жапырақтары бұралып, жемсітері жарылады. Конидиилері ұзын жіпше тәрізді, эллипсиодальды, көлемі 18-25х10-15 мкм. Клейстотециилері мицелийге енген, шар тәрізді, диаметрі 80-120 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғышы клейстотеции күйінде залалданған бүршіктерінде, жапырақ қалдықтарында қыстайды.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауруға төзімсіз сорттарды егу, жауын-шашынмен алмасып тұратын құрғақ жылдар, температура 17-28 0С.

Бүлдірген жапырақтарының ақшыл дағы.

Ауру белгілері. Жапырақтарында дөңгелекше келген, қызыл-қоңыр, кейін ақшылданатын дақтар, ал бұтақтарында ұзынша келген, батыңқы, қоңыр түсті дақтар пада болады. Конидиендары жинақталған, конидиилері 1-3х, жасушалы, түссіз, көлемі 15-45х3-5 мкм.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғышы мицелии түрінде залалданған жапырақтарында қыстайды.

Ауруға себеп болатын факторлар. Ауаның жоғарғы ылғалдылығы, органикалық тыңайтқыштардың көп болуы, ауруға төзімсіз сорттарды егу.

Таңқурайдың қызғылт қоңыр дағы.

Ауру белгілері. Көбінесе біржылдық өркендері залалданады. Онда қарақоқшыл, қызғылт, жайылған дақтар пайда болады. Өсе келе олар бірігіп, бүршікті толық басып, бүршік солып қалады. Залалданған бүршіктердің қабықтары жарылып, қабаттанады, сабақтары сынғыш келеді. Бұтақтарының залалдануынан жапырақтары ерте солып қалады. Ауру қоздырғыштар дақтарда қара, псевдотециялар қалыптастырады.

Аурудың сақталу көзі және таралуы. Ауру қоздырғышы залалданған бүршіктерінде сақталады.

Ауруға себеп болатын факторлар. Таңқурай көшеттерін тығыз егу, жауын-шашынның жиі болуы, вегетация кезеңінде ауаның ылғалдылығының жоғары болуы.