- •Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
- •Азаматтық құқықтарды қорғау
- •Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi
- •Ортақ меншiк ұғымы мен оның пайда болу негiздерi
- •Өзге де заттық құқықтар
- •Меншік құқығын қорғау
- •Мiндеттеменiң бұзылғандығы ұғымы
- •Шарт жасасу тәртiбi
- •Шартты мiндеттi түрде жасасу
- •Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi
Өзге де заттық құқықтар
Заттық құқықтар жөніндегі тиісті нормаларды талқылай отырып оның бірқатар белгілерін анықтауға болады: заңда бекітілген заттық құқықтың шектелген щеңбері; заттық ұқықтардың шексіздігі (абсолюттік құқық); затқа тікелей үстемдік ету; затпен үздіксіз байланыс жасау; затты алудың заңды тәсілдерінің нақтылы және қорау нысанының ерекшелігі. Заттық құқық тізбе щеңбері заңның өзімен айқындалған, яғни тұлғаның өз беттерімен заттық құқықтың жаңа түрлерін жасауға құқығы жоқ. Заттық құқық аясы тек Азаматтық кодекспен шектеліп қалмай, бұл кодекске енгізілмеген кейбір заттық құқықтар басқа заңдарда көрініс табуы мүмкін.Заттық құқық шексіз (абсолюттік) құқық түрінде сипатталады. Демек, бұл барлық басқа субъектілепрдің аталған құқық өкілеттілігін жүзеге асыруына бөгет жасамау міндетін алға тартады. Шексіз құқыққа мазмұны жағынан қарама-қайшы тұрған міндеттемелік құқық. Бұл құқық бойынша міндетті болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Бұл құқықтың сол міндетті болған субъектіге не міндетті субъектілерге ғана күші бар сондықтан бұл міндеттемелік құқықты бұзатын тек солар ғана. Мысалы, мәмілеге негізделген құқықтардың бәрі де, міндеттемелік құқық болып табылады. Бұл құқықтарды орындауды мәміле бойынша сол міндеттемелерді мойнына алушыларға ғана талап етуге болады. Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты орындау т.б. заттық құқық басқа құқықтардан өзінің объектісімен ерекшеленеді. Заттық құқықтың объектісіне жеке дара мүліктер жатады. Бір-біріне тектес заттар сондай-ақ материалдық емес өздік игіліктер заттық құқықтың объектісі бола алмайды. Өйткені заттық құқықтың өзіне тән қасиеті басқа біреудің игілігінен затты қайыру болып табылады әрі бұл затты сыйға беруге болмайды.Заттық құқық дегеніміз – заңда баянды етілген абсолюттік мүліктік құқық:
- объектісі – дара анықталған зат;
- ерекше заттық –құқықтық талаптардың көмегімен баршадан және әркімнен қорғайтын арнайы құралдары;
- құқық иесінде барлығын немесе жеке, толық көлемде немесе ішінара иелену, пайдалану немесе билік жүргізу өкілеттігі бар;
- құқық иесіне затқа тікелей ықпал ету ( затқа тікелей билік жүргізу) мүмкіндігін береді, оның ішінде меншік иесінің немесе басқа заттық құқық субъктісінің өкілеттігін жүзеге асыруын шектеу жолымен мүмкіндік береді;
- ілесе жүру және артықшылық өкілеттігі бар;
- ілеспе жүру құқығы. Заттың соңынан ілеспе жүреді. Мүлікке меншік құқығының басқа адамға өтуі мүлікке басқа заттық құқықтардың тоқталуына негіз бола алмайды. ҚР Азаматтық кодексінде жекелеген заттық құқықтарға қатысты нормалар баянды етілген: кепілге салынған мүлікке құқық басқа тұлғаға көшуі кезінде кепілдің сақталуы (АК-ның 323-бабы), жалға берілген мүлікке меншік құқығының, шаруашылық жүргізу құқығының немесе оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға ауысуы кезінде мүлік жалдау шартының сақталуы;
- артықшылық құқығы – заттық және міндеттемелік құқық бәсекеге түскенде ең алдымен заттық құқық жүзеге асырылуы тиіс;
- затқа нақты билік ету, яғни өз құқығын тікелей, үшінші жақтың араласуынсыз жүзеге асыру мүмкіндігі. Бұл белгі бірқатар жағдайларда заттық құқықтың анықтамасына негіз етіп алынуда және оның болуы меншік, иелену, жерді пайдалану құқығын және басқаларды жүзеге асыруда күмән туғызбайды. Алайда, мүлік кепіл берушінің қолында болып, кепіл ұстаушының нақты билігінен тыс қалатын жағдайда ипотеканы жүзеге асыру үшін осы белгіні қолдану проблемасы туады.Алайда ипотекада затқа нақты билік меншік иесінің кепіл ұстаушының келісімінсіз затқа билік жүргізу құқығының шектеулі болатынын білдіреді. Сонымен, кепіл ұстаушының кепілге салынған затқа билік жүргізуге тыйым салатын;
- заттық құқықтың тағы бір белгісі, атап айтқанда, ҚР-на тән бір белгі заттық құқықтар иесінің иелену, пайдалану, билік ету өкілеттігі болуға тиіс. Оның үстіне, құқық иесінің заттық құқық түрлеріндегі өкілеттігі түрліше болады. Меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы субъектілерінің әр түрлі көлемде болса да, толық өкілетті иелену (иелену, пайдалану, билік ету) бар. Иелену, жерді пайдалану, жер қойнауын пайдалану, жалдау құқығы субъектілерінің иелену және пайдалану өкілеттіліктері бар.Кепіл салу үстінде сақтаушы мен кепіл ұстаушының иелену өкілеттігі болады. Ипотека жағдайында кепіл ұстаушының мүлікке ішінара билік жүргізу құқығы болады.Сервитут иесінің пайдалану және ішінара иелену өкілеттігі бар..
