- •Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
- •Азаматтық құқықтарды қорғау
- •Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi
- •Ортақ меншiк ұғымы мен оның пайда болу негiздерi
- •Өзге де заттық құқықтар
- •Меншік құқығын қорғау
- •Мiндеттеменiң бұзылғандығы ұғымы
- •Шарт жасасу тәртiбi
- •Шартты мiндеттi түрде жасасу
- •Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi
Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi
1. Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.
2. Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады. Шартты бұзу және өзгерту салдары
1. Шартты бұзу кезiнде тараптардың мiндеттемелерi тоқтатылады.
2. Шарт өзгертiлген кезде тараптардың мiндеттемелерi өзгертiлген түрiнде қолданыла бередi.
3. Шарт бұзылған немесе өзгертiлген ретте, егер тараптардың келiсуiмен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, мiндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келiсiмге келген кезден бастап, ал шарт сот тәртiбiмен бұзылған немесе өзгертiлген жағдайда - шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертiлген болып есептеледi.
4. Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн мiндеттеме бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтарып берудi талап етуге құқығы жоқ.
5. Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бiр тараптың шартты едәуiр бұзғаны негiз болса, екiншi тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертiлуiнен келтiрiлген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы.
Азаматтық құқықтық шарт белгілері. Шарттардың белгілерін оның тараптарына, қолдануына, жасалу жеріне, бағасына қарап анықтауға болады. Соған байланысты шарттар ақылы, ақысыз, жария, т.с.с болып бөлінеді. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Мысалы: сатып алу сату шарты, айырбас шарты, мердігерлік шарты т.б. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады. Мысалы: сыйға тарту, мұраға қалдыру т.б. Коммерциялық ұйымен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немес қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп танылады. Мысалы: бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, энергиямен қамтамасыз ету, дәрігерлік, байланыс, т.б. қызмет көрсетулер. Аталғандармен қатар азаматтық кодекс (389,390 баптар) шарттардың қосылу, аралас, алдын ала жасалатын түрлерін де қарастырған.
Кінә - азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің негізі.
Жалпы заң ілімі кінәні тұлға өзінің заң бұзу әрекетін жан – дүниесімен, демек психологиялық тұрғыдан сезнуі деп түсіндіреді. Заңда оны қылмысты істердегі кінә және азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі.
Азаматтық заңдарда кінә мүліктік немесе мүліктік емес өзндік міндеттемелерді орындамау және тиісті дәрежеде орындамау тұрғысынан көрінеді.
Азаматтық құқықта тұлға кінәсіз болса да жуапкершілікке тартылуы мүмкін. Кінәсіз жауаптылық тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана зиян келтіруші бұл жөнінде кінәлі болмаса да жауап береді. Керсінше, есі ауысқан адам, 14 жасқа жетпеген бала кінәлі болса да келтірілген зиян үшін жауап бермейді. Азаматтық кодекстің 359 – бабы 1- тармағына сәйкес егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады.
Азаматтық кодекстің 359- бабының 1- тармағының жалпы нормасы кәсіпкерлік саласына қолданылмайды. Азаматтық кодестің 2- тармағында кәсіпкерлер үшін диспозитивтік сипаттағы басқа жалпы ереже берілген: міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған тұлға басқа кінәсі болмаса да жауап береді.
Зиян – заңмен қорғалатын игілк атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны зала деп атайды.
Азаматтық кодекстің 9 бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалды толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген.
Залалдар мынадай екі түрге бөлінеді:
- құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы
- сол тұлғаның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары
Мысалы, тасымалдау шарты бойынша мүлік бүлінсе немесе зақымдалса, оны тасымалдаушы тек қана нақты нысан мөлшерінде шығынын төлейді.
Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық ауруына байланысты моральдық, адамгершілік зардап, іскерлік беделге келетін залал және тағы басқалар жатады.
Себепті байланыс - азаматтық -құқықтық жауапкершілктің негізі. Азаматтық құқықтық жауапкершілікті анықтау үшін құқққа қайшы іс-әрекет пен зиянның арасында себепті байланыстың болуы да заңды. Қандай да бір құқыққа қайшы іс- әрекет жасағандығы үшін жауапкершілк жүктеуден сол зиянның болуы, сол іс-әрекеттің кездейсоқ бола қалған ғана іс емес, сол іс-әрекетке байланысты дағдылы, қалыпты тетігімен туғандығын анықтауы шарт.
Негіздері бойынша жауапкершілік шартты және шарттан тыс боп бөлінеді, яғни ол шарт арқылы немесе онсыз да жүзеге асады. Бірінші жағдайда әр жақтың өзара шартынан, сондай – ақ басқа әректтерінен туындайтын құқықтық қатынастарға байланысты көрінеді. Жақтардың мақсаты қоғамдық пайдалы нәтижелерге қол жеткізуі болып табылады., бірақ заң мен шарт олардың мүмкін болатын құқық бұзушылығына орай міндеттері мен жауапкершілктерін қарастырады. Сондықтан, мұндай қатынсатар бойынша жауапкершілік осы құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқыққа сай келетін іс- әрекеттерін сол нормалармен реттейді.
Шарттан тыс қатынастар құқыққа қайшы келетін екі жақтың бірінің кездейсоқ әрекеттерімен сипатталады. Сол себепті, жуапкершілік қатынастары өзгелерінен бөлек реттеледі, заң шығарушы жәбірленушіге қарағанда құық бұзушыға барынша қатаң қарайтыны табиғи нәрсе.
Егер құық қатынасында жауапкершілік субьектілері бір нешеу болса, онда жауапкершілік үлестік немесе ортақтасқан сипатта немесе субсидиарлы болып есептеледі. Құқықтық қатынастың екі жағының да кінәсі болған жағдайда оны аралас кінә деп атайды. Егер бір жақта бірнеше адамның кінәсі бар болатын болса, оны бірлескен кінә деп атайды.
Міндеттемелерде тұлғалар көп болғанда, сондай- ақ міндеттемені орындау үшінші жақпен жүзеге асырылатын жағдайда, регрестік талаптар бойынша жуапкершілік туындайды.
Заң жауапкершілік шарасы бойынша залалдың толық өтелуін талап етеді. Кейбір міндеттемелерде жауапкершіліктің борышқорлардан белгілі бір затты жеке беру міндеті туралы түрі де кездесуі мүмкін. Мұндай шаралар негізінен алғанда, заңды немесе шартта әдейі көрсетілмей-ақ қолданыла береді. Жауапкершіліқтің басқа шаралары жалпы ережеге сай келеді әрі заңның немесе шарттың арнайы көрсетуімен жекелеген міндеттемелерде қолданылады ( мысалы, есеп айырысу құқық қатынастарында кездеседі). Тағы бір шаралар бас міндеттемеге қосымша ретінде қарастырылады және міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету құралы ретінде көрініп, сонымен бір мезгілде жауапкершіліктің шарасы болып табылады.
Сипаты жағынан жауапкершілік заттай және ақшалай болып келеді.
