- •Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
- •Азаматтық құқықтарды қорғау
- •Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi
- •Ортақ меншiк ұғымы мен оның пайда болу негiздерi
- •Өзге де заттық құқықтар
- •Меншік құқығын қорғау
- •Мiндеттеменiң бұзылғандығы ұғымы
- •Шарт жасасу тәртiбi
- •Шартты мiндеттi түрде жасасу
- •Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi
Меншік құқығын қорғау
Ғылыми заң әдебиетінде меншік құқығы әр уақытта да абсолюттік құқық, яғни міндетті адамдар шеңбері аңыкталмаған құқық деген пікір басым. Оны ортақ меншік құқығына байланныстырып алатын болсақ, ол тек меншік иелерінің үшінші жақпен қатынастырында ғана дұрыс. Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғау тәсілдері заттық- құқықтық және міндеттемелік- құқықтық болып екі түрге бөлінеді.
Қорғаудың заттық- құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі – олар меншік құқығын және өзге де заттық құықтарды абсолютті құқық ретінде қорғайды, яғни олар нақты шарттық немесе шартсыз міндеттемелермен байланысты болмайды және бұзылған құқықтарды келесі жолдармен қорғайды:
1) өзінен заңсыз алынған затты қайтарып алу жолымен. Мысалы, виндикациялық талап қою арқылы меншік иесі заңсыз алынған затын қайтарып ала алады.
2) бүлінген (бұзылған) затты қайтару жолымен. Мысалы, жалға алушы жалға алынған мүлікті бұзып алса, ол жалға берушіге сол мүлікті жөндеп беруге міндетті болып табылады;
3) затты пайдалану үшін кедергілерді жою жолымен. Ол негаторлық талап қою арқылы жүзеге асырылады.
Осылардың барлығына иелену, пайдалану, билік ету құқықтарын қалпына келтірген кезде қол жеткізіледі, яғни абсолютті құқықты қорғаған кезде қол жетеді. Міндеттемелік- құқықтық тәсілдердің ерекшелігі – олар мүлкі заңсыз алынған немесе бүлінген (бұзылған) меншік иесіне немесе өзге де заттық құқықтар иесіне мүліктің құнын өтейді немесе заттың кемуінің орнын толтырады, яғни келтірілген залалды- шартсыз міндеттемелерден туындаған зияндардың орнын толтырады. Сонымен, қорғаудың заттық- құқықтық тәсілдерін қолданған кезде мүлік заттай күйінде қайтарылады, ал міндеттемелік құқықтық тәсілдер арқылы қорғау кезінде мүліктің ақшалай құны төленеді. Қорғаудың заттық- құқықтық тәсілдерін қолданудың ерекшелігі- олар зат заттай күйінде қайтарылатындай болғанда немесе оның бұзылуын жөндеуге келетін кезде қолданылады, өйтпесе, міндеттемелік- құқықтық тәсілдер қолданылады.
Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғаудың заттық- құқықтық тәсілдеріне жататындар: меншік құқығын немесе өзге де заттық құықтарды тану; мүлікті біреудің заңсыз иелігінен талап ету (виндикациялық талап); иеліктен айырудан байланысты болмаса да меншік құқығын және өзге заттық құықтарды бұзуды жою (негаторлық талап).
Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік- құқықтық тәсілдеріне жататындар: меншіктенушінің немесе өзге де заттық құқықтар иесінің құқықтарын бұзатын мемлекеттік басқару органы, жергілікті атқару органы, лауазымды тұлғаның заңсыз нормативті- құқықтық немесе жеке актісін шығару нәтижесінде меншік немесе өзге де заттық құқытар иесінің залалдарын өтеу; мемлекеттік басқару органының, жергілікті атқару және өкілді органның немесе лауазымды тұлғаның актісін заңсыз деп тану және заңға қайшы келетін актіні қолданбау туралы талап қою; меншік құқығын заңмен көзделген негіздер бойынша қорғау.
Меншік құқығын және өзге заттық құықтарды қорғау тәсілдерінің аталған топтарымен қатар, кейбір ғалымдар олардың тағы екі тобын көрсетеді.
Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғаудың үшінші тобын заттық- құқықтық та, міндеттемелік- құқықтық тәсілдерге де жатпайтын тәсілдер құрайды. Олар азаматтық құқықтың әр түрлі институттарынан туындайды.
Сонымен қатар, төртінші топқа заңда көзделген негіздер бойынша меншік құқығы немесе өзге де заттық құқықтар тоқтатылған жағдайда оларды қорғауға арналған тәсілдер жатады. Бұл тәсілдерге мемлекеттің мүлік ұлттандырған кездегі кепілдіктері жатады. Ұлттандыру тек қана заң негізінде жүзеге асырылады. Оның өзге құқықтық негіздері болмайды. Меншік иесіне сол мүліктің құны немесе өзге де шығындардың өтелуі кепілденеді. Залалдарды өтеуге міндетті тұлға болып мемлекет табылады, ал залалдарды өтеу туралы даулар сот арқылы шешіледі.
Міндеттеме ұғымы Күнделікті өмірде адамдар бір – бірімен міндеттемелік қатынасқа жиі түседі. Міндеттеме кең мағынасында «уәде» ұғымымен түсіндіріледі, яғни белгілі бір әрекетке түсуде олар уәделесіп жатады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 268 бабына сәйкес міндеттеме ,борышқор мен несие берушінің арасындағы әрекеттен туындайды. Міндеттемеге сәйкес бір адам басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылған әрекет нәтижесін қабылдауға міндетті. Міндеттеме алған тараптар оны орындауға талпынады, ал орындалмай жатқан жағдайда құқықтық нормаларға жүгіне алады. Бұл жерде міндеттеме тар мағынаға ие болады, яғни міндеттеменің орындалу жағдайлары құқықтық нормаман реттеледі. Азаматтық құқықта міндеттеме ұғымы ерекше рөл атқарады. Себебі азаматтық құқықтық қатынаста міндеттеме байланысты қатынастар жиі туындайды. Сондықтан да азаматтық құқық жүйесінде міндеттемелік құқық жеке бір институт болып табылады. Оның орындалу, тоқтатылу әдістері азаматтық құқықта толық қарастырылған. Міндеттеме объектісі алуан-түрлі соған байланысты оны реттейтін нормалар да әр түрлі. Міндеттеме тараптары Міндеттеме субъектілері болып оған қатысушылар табылады. Міндеттеменің негізгі субъектілері оның тараптары. Міндеттеменің тараптары болып кез келген тұлға (жеке,заңды) табылады. Мемлекет оның ерекше субъектісі болып табылады, себебі міндеттемелік қатынасқа түсуде мемлекет артықшылық құқықтарға ие болады. Несие беруші борышқордан міндеттеменің орындалуын талап ете алады, ал борышқор оны орындауға міндетті болады. Мысалы: А деген азамат Б деген азаматқа қарызға ақша берді, А- несие беруші, Б- борышқор. Студент кітапханадан кітап алды, студент – борышқор, кітапхана – несие беруші. Тұлға бір мезгілде несие беруші және борышқор бола алады. Мысалы: Кітапханадан кітап алған студент басқа азаматқа қарызға ақша берді. Бұл жағдайда студент әрі несие беруші, әрі борышқор болып табылады. Осындай жағдайда міндеттеменің ынтымақты немесе ортақтасқан түрлері пайда болады, яғни міндеттеме тараптарына байланысты міндеттеменің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.Міндеттеме тараптарына азаматтық құқықтар мен міндеттер жүктеледі. Азаматтық құқықтық нормаларға сәйкес міндеттеменің барлық жағдайлары қарастырылған. Міндеттеме тараптары мен үшінші жақтар міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттеме үшінші жақ үшін міндеттер туғызбайды. Үшінші жақтар міндеттеме тараптарына қатысты міндеттемеге араласа алады, мысалы қарызға алған ақшаны өтеп беру
Міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Заңдарда немесе шарттарда көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді. Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, борышқор міндеттемені орындау кезінде несие берушінің өзі немесе бұған ол уәкілдік берген адам орындауға қабылдайтын нәрсені талап етуге құқылы және мұндай талап етуге құқылы және мұндай талап жасалмауының зардабын тартуға тәуекел етеді. Сол сияқты үшінші жақ тиісті шарт арқылы тараптардың бірімен байланысты болса, міндеттемені орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшінші жаққа жүктелуі мүмкін.Міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта орындалуы тиіс. Міндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан көрінбесе, ол: • міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру – мүлік орналасқан жерде; • міндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлікті тасымалдауды пайдалана отырып беру – мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсыратын жер және т.б. Ақшалай міндеттемеге байланысты бір адам (борышкер) екінші адамға (кредиторға) ақша төлеу жөніндегі міндеттерін орындауын талап етуге құқығы бар. Өтеу туралы шарт, залалды өтеу және тұрақсыздық айыппұлын төлеу туралы міндеттемелер, сондай – ақ зиян келтіру не негізсіз баю салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша ақша төлеу жөніндегі міндеттерге, егер Азаматтық Кодексте, ҚР заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен туындамаса, ақшалай міндеттемелер туралы ереже қолданылады. 2.Міндеттемені орындау, заңдарды немесе шартта көзделген айып төлеу, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа да әдістер арқылы қамтамассыз етілуі мүмкін. Бағалы қағаздар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ҚР бағалы қағаздар нарығындағы қызметті реттейтін заң актілерінде белгіленеді. а)Айып төлеу – борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиіс.Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады.Айып төлеу мөлшері нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді. б) Кепіл - міндеттемеге сәйкес несие берушінің борышқор кепілмен қамтамассыз етілген міндетемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан, осы мүлік тиесілі адамның басқа несие берушілердің алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар міндеттемені атқаруының әдісі. в) Кепілдік және кепіл болушылық – кепілдік беруші, заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді. Бірлесіп кепілдік берген адамдар, егер кепілдік шартында өзгеше белгіленбесе, несие беруші алдында ортақтасып жауап береді. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді. с) Кепілпұл – уағдаласушы тараптардың беруінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге міндеттемені орындауды қамтамасыз етуге белгіленетін ақшалай сома.Кепілпұл туралы келісім кепілпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бұл ережеге негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға тиіс болатын жағдайда да қоданылады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеп соқтырады. d) Ұстап қалу – борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берілуге тиіс зат қарамағында болған несие беруші, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушіге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөніндегі міндеттемені мерзімінде орындамаған жағдайда, тиісті міндеттеме орындалғанға дейін ұстап қалу құқығы. Заттың құнын төлуге немесе оған шыққан шығындарды және басқа да залалды өтеуге байланысты болмаса да, кәсіпкер ретінде әрекет ететін тараптардың міндеттемелерінен туындайтын талаптар да затты ұстап қалу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
