Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+МУ дипл раб. ПИП каз 2015.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182 Кб
Скачать
☆
  1. Жалпы ережелер

3.1 Бұл әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты диплом жұмысына қойылатын жалпы талаптарды бекіту болып табылады.

    1. Диплом жұмысы мамандықтың оқу жоспары мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында қарастырылған болса, білім берудің қорытынды кезеңінде орындалатын жазбаша жұмыс болып табылады

    2. Диплом жұмысын орындау мақсаты:

  1. мамандық бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды жүйелеу, бекіту, кеңейту және оларды нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени саладағы тапсымаларды шешуде қолдану;

  2. өзіндік жұмыс жүргізу дағдысын дамыту және әзірленетін проблемалар мен мәселелерді шешуде ғылыми зерттеу мен эксперименттеу әдістемесін игеру;

  3. студенттің қазіргі өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайындағы өзіндік жұмысқа деген дайындығын, сонымен қатар оның кәсіби құзіреттілік деңгейін анықтау.

    1. Диплом жұмысы өзіндік оқыту нәтижесін жинақтау мен ғылымның мамандыққа сәйкес саласына қатысты өзекті мәселелерін зерттеу болып табылады.

    2. Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалып, келесі талаптардың біріне жауап беруі тиіс:

      1. зерттеу нәтижесін ғалымдармен, аналитиктермен, мамандармен бірлесе отырып жалпылау;

      2. зерттелген нысан бойынша негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

      3. қолданылуы нақты міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижесінің болуы.

        Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

        ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

        5В010300 - Педагогика және психология мамандығы студенттерінің диплом жұмысын орындауға арналған

        34-3

        3.0 нұсқа

        16 беттің 3- беті

  1. Диплом жұмысы тақырыбына қойылатын талаптар

4.1. Диплом жұмысының тақырыбы өзекті болуы тиіс, ғылымның қазіргі жағдайына және қазақ тілі ғылымның келешек дамуына сәйкес келуі керек, өз мазмұны бойынша 3.5. пункттегі талаптарға сай келуі тиіс. Диплом жұмысының тақырыбын анықтауда филология, лингвистика, қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымындағы нақты міндеттер мен мәселелердің ескерілуі қажет.

    1. Студент бітіруші кафедра әзірлеп, бекіткен диплом жұмысы тақырыптарын өздері таңдайды.

Студенттің бекітілген тақырыптардан тыс диплом жұмысы тақырыбын орындауға құқығы бар. Бұл жағдайда студент кафедраға ұсынатын тақырыбының мақсатын толықтай негіздеп көрсетеді немесе сырт ұйымның тапсырыс бойынша диплом орындауын сұраған тапсырыс хатын әкеледі.

    1. Диплом жұмысы бітіруші курстың басында студентке бекітіліп, ЖОО-ның ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Дипломалды практиканы аяқтау кезінде диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы кафедра ұйғарымымен қажетінше өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.

  1. Диплом жұмысын жазу тәртібіне қойылатын талаптар

5.1. Диплом жұмысын жазу үшін әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады.

5.2. Диплом жұмысының ғылыми жетекшісі:

  1. диплом жұмысын орындау үшін тапсырма береді (1 - қосымша);

  2. диплом жұмысын орындаудың барлық кезеңінде әзірленген күнтізбелік жұмыс кестесіне сай студентке көмек көрсетеді;

  3. тақырып бойынша негізгі әдебиеттерді, анықтамалар мен мұрағат материалдарын, типтік жобаларды, басқа да дереккөздерді пайдалануды ұсынады;

  4. диплом жұмысын орындаудың күнтізбелік кестесін студенттің сақтауына ағымдық бақылау жасауды жүзеге асыратын кеңес беру кестесін құрастырады;

  5. Диплом жұмысының барлық бөлімдерінің көлемін анықтайды және дипломшы жұмысын, қажет жағдайда кеңесшілер жұмысын үйлестіреді.

5.3. Диплом жұмысын орындау тапсырмасы материалдар мен дереккөздердің, студент әзірлеген сұрақтар, ұсынылатын әдебиеттер, графикалық материалдар (кесте, диаграмма, сызба, т.б.) тізімдерінің, диплом жұмысын жазу күнтізбелік кестесінің сипаттамасын қамтиды.

Диплом жұмысына берілетін тапсырманы кафедра меңгерушісі жұмысты аяқтау мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысына берілген тапсырмасы диплом жұмысына тігіледі.

5.4. Күнтізбелік жұмыс кестесі жекелеген бөлімдерді орындау кезегі көрсетіле отырып, толық кезеңге құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі (2-қосымша).

5.5. Студент диплом жұмысының әзірлік деңгейі туралы ғылыми жетекшіге күнтізбелік жұмыс кестесіне сәйкес есеп береді, ол диплом жұмысының дайындық дәрежесін тіркеп, кафедра меңгерушісі мен факультет деканына хабарлайды.

5.6. Диплом жұмысы мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтар, оқу құралдары, монография, мерзімді әдебиеттер, дәріс курстары, журналдар, нормативтік әдебиеттер т.б.) терең зерттеу негізінде орындалады.

5.7. Әр диплом жұмысының тапсырмаға сәйкес келешек теориялық немесе практикалық мәселелерінің жекелеген әзірлемесі болуы тиіс.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

5В010300 - Педагогика және психология мамандығы студенттерінің диплом жұмысын орындауға арналған

34-3

3.0 нұсқа

16 беттің 4- беті

5.8. Студент диплом жұмысын ЖОО-да, сонымен қатар өндірістік және дипломалды практикалардан өтетін мекемелер мен ұйымдарда орындайды.