- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша студенттердің диплом жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау Ақтөбе қаласы
- •Әзірлеген
- •2. Әрекет ету мерзімі жаңасына ауыстыруға дейін
- •3. 2.0. Нұсқасының орнына енгізілді
- •Қолдану аймағы
- •Сілтеме құжаттар
- •Диплом жұмысын жазу тәртібіне қойылатын талаптар
- •Жалпы ережелер
- •Диплом жұмысы тақырыбына қойылатын талаптар
- •Диплом жұмысының мазмұны мен құрылымы
- •Диплом жұмысын ресімдеу ережесі
- •Диплом жұмысын қорғауға ұсыну тәртібі
- •Диплом жұмысын қорғау тәртібі
- •Диплом жұмысын орындауға берілген тапсырма
- •Тапсырмасы
- •Диплом жұмысының күнтізбелік жұмыс кестесі Диплом жұмысының тақырыбы __________________
Диплом жұмысын ресімдеу ережесі
7.1. Диплом жұмысы А4 форматтындағы ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервалдық аралықта компьютердің көмегімен баспа тәсілімен орындалуы тиіс, қарапайым шрифт, 14 кегль.
Диплом жұмысы мәтінін төмендегі өлшемді сақтай отырып басу керек: қағаздың сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан -20 мм, оң жағынан -10 мм, төменгі жағынан -25 мм.
Белгілі бір терминдерге, формулаларға, теоремаларға назар аударту үшін әр түрлі гарнитулардың шрифтерін қолдануға компьютерлік мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Диплом жұмысының қандай тәсілмен орындалғанына қарамастан басылған мәтінінің сапасы мен иллюстрациялары, кестелері, ПЭЕМ-нан алынған материалдардың сапасы олардың айқын етіп қайта жаңғыртуға (шығаруға) қойылатын талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
Диплом жұмысын әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен, не қара гуашьпен қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.
Диплом жұмысындағы мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, аты-жөндер және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тілінде келтіріледі.
Диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» құрылымдық элементтердің басында жазылуы тиіс.
Диплом жұмысын бөлімдер мен бөлімшелерге (тараулар мен тараушалар) бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті |
||
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ |
||
5В010300 - Педагогика және психология мамандығы студенттерінің диплом жұмысын орындауға арналған |
||
34-3 |
3.0 нұсқа |
16 беттің 7 - беті |
Бөлімдердің атауларының барлығы бірігіп диплом жұмысының тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атауларының жиынтығы сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.
Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша сипаттауы тиіс.
Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.
Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
Диплом жұмысының беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмірі қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.
Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.
Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмірлеріне қосылады.
А 3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.
7.12 Диплом жұмысы бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.
Мысалы:
Педагогикалық кәсіби қызметтің ғылыми-теориялық, методологиялық негізі
1.1
1.2
1.3
2. Колледжде педагогикалық даярлықты қалыптастыру жолдары мен әдістемелері
2.1
2.2
2.3
Диплом жұмысының әр бөлімі жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді
Диплом жұмысының құрамына енетін барлық беттерінде нөмірлер болуы қажет.
Диплом жұмысындағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы тиіс.
Иллюстрациялар компьютермен де, түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер берілуі қажет.
Диплом жұмысына орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, сызбалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттар талаптарына сай болуы тиіс.
Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
Егер сурет болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасында орналасуы тиіс.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті |
||
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ |
||
5В010300 - Педагогика және психология мамандығы студенттерінің диплом жұмысын орындауға арналған |
||
34-3 |
3.0 нұсқа |
16 беттің 8- беті |
Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1
Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндірілетін мәліметтері болуы мүмкін. Сурет астындағы мәтін бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1. «Қазақ» сөзі бойынша ассоциациялық өріс
Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында басынан аяғына дейін нөмірлеуде «... 2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, ал бөлім бойынша нөмірлеуде «....1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.
Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.
Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.
Барлық кестелерге диплом жұмысында сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.
Көп жол мөлшеріндегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады және кесте нөмірі көрсетіледі. Мысалы, «1-кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды,
Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.
Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларында) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады: егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай – тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, белгілердің, басқа да символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.
Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.
Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.
Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.
Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі. Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.
«Ескерту» сөзі абзацтан, бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті |
||
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ |
||
5В010300 - Педагогика және психология мамандығы студенттерінің диплом жұмысын орындауға арналған |
||
34-3 |
3.0 нұсқа |
16 беттің 9- беті |
Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі.
Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер араб сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.
Тілдік талдаулар лингвистикалық өзге де сызбалар мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір талдау және лингвистикалық сызбалар жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет.
Символдар мен шартты таңбалар қолданғанда мағыналарын түсіндіру жүйелі сәйкестікке келтіріліп, мәтінде берілген бірізділікпен жүргізілу керек.
7.35 Әрбір бөлімге реттік (сандық) формула жасауға болады. Онда реттік нөмірмен бірге, бөлім нөмірі нүктемен ажырытылып реттік нөмір жазылады. Мысалы (3.1)
7.36 Пайдаланған әдебиетке сілтеме тік жақшада беріледі.
7.37 Диплом жұмысы мәтіндегі сілтеме ретіне қарай, пайдаланған әдебиеттер туралы мәлімет рет-ретімен беріледі.
7.38 Қосымша диплом жұмысының келесі бетінен бастап жалғасы ретінде ресімделеді.
7.39 Диплом жұмысындағы қосымшаларға сілтеме болу қажет. Қосымшалардағы сілтемелер мәтіндегі ретімен беріледі.
7.40 Әрбір қосымша жаңа беттен басталады, «Қосымша» сөзі және оның белгісі беттің жоғарыдағы ортасында жазылады.
Қосымша тақырыпты қажет етеді, ол мәтінге симметриялы қатынастағы жеке жолда жазу әрпімен беріледі.
Егер диплом жұмысында бір ғана қосымша болса, оны белгілемеуге болады.
7.41 Қосымша диплом жұмысының өзге бөлімдерімен ортақ жалғаспалы түрде нөмірленеді.
7.42 Әр қосымшаны жол ортасына «Қосымша» деген сөзбен оның мәнін ашатын атауымен бірге жаңа беттен бастап жазылады.
Қосымшаға тақырып қойылуы керек, ол мәтінге қатысты алғанда симметриялы болатын жеке жолда бірыңғай бас әріптермен жеке жолда жазылады.
Егер диплом жұмысы бір ғана қосымшаға ие болса, оны мәнін арнайы айырықшалау қажет емес.
7.43 Диплом жұмысы беттерін нөмірлеу жалпы нөмірге ретімен жалғастырылып жүргізіледі.
