- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша студенттердің диплом жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау Ақтөбе қаласы
- •Әзірлеген
- •2. Әрекет ету мерзімі жаңасына ауыстыруға дейін
- •3. 2.0. Нұсқасының орнына енгізілді
- •Қолдану аймағы
- •Сілтеме құжаттар
- •Диплом жұмысын жазу тәртібіне қойылатын талаптар
- •Жалпы ережелер
- •Диплом жұмысы тақырыбына қойылатын талаптар
- •Диплом жұмысының мазмұны мен құрылымы
- •Диплом жұмысын ресімдеу ережесі
- •Диплом жұмысын қорғауға ұсыну тәртібі
- •Диплом жұмысын қорғау тәртібі
- •Диплом жұмысын орындауға берілген тапсырма
- •Тапсырмасы
- •Диплом жұмысының күнтізбелік жұмыс кестесі Диплом жұмысының тақырыбы __________________
Диплом жұмысының мазмұны мен құрылымы
6.1. Диплом жұмысы өзінің мазмұны жөнінен жоғары оқу орнын бітіретін курс студентінің өз бетінше нақты бір мамандық бойынша қолжазба түрінде дайындаған ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады.
Диплом жұмысының көлемі 60-90 бет болуы керек. Гуманитарлық мамандықтар бойынша диплом жұмысының көлемі 100 бетке дейін жеткізілуі мүмкін.
Қосымшалар бұл көрсетілген диплом жұмысы көлеміне енбейді.
Диплом жұмысының құрылымдық элементтері:
мұқаба (сыртқы бет);
титульдық бет (ішкі мұқаба беті);
диплом жұмысын орындауға байланысты тапсырмалар;
мазмұны;
кіріспе;
негізгі бөлім;
тұжырым (қорытынды);
пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
қосымша.
Мұқабада келесі мәліметтер көрсетіледі:
диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы
студенттің аты-жөні
диплом жұмысының тақырыбы
жұмыс түрі – диплом жұмысы
мамандықтың шифры мен атауы
қала, жыл
6.5. Титульдық бет диплом жұмысының бірінші беті болып табылады, ол құжатты іздеуге және өңдеуге қажет ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.
Титульдық бетте төмендегі мәліметтер көрсетіледі:
диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы
диплом жұмысы орындалған кафедраның атауы
шектеу грифі (қажет болғанда)
кафедра меңгерушісінің бекіткен қолы
жұмыс түрі – диплом жұмысы
«тақырыбы» деген нұсқамасы бар диплом жұмысы тақырыбының атауы
мамандықтың шифры мен атауы
сол жағынан «орындалды» деген сөз, оған қарсы студенттің аты-жөні көрсетіледі.
бір жол төмен «ғылыми жетекші» деген сөзбен жетекшінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі және басқа атақтары жазылады.
қала, жылы
Мұқаба мен титульдық бетті рәсімдеу үлгісі 3 және 4-қосымшаларда келтірілген.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті |
||
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ |
||
5В010300 - Педагогика және психология мамандығы студенттерінің диплом жұмысын орындауға арналған |
||
34-3 |
3.0 нұсқа |
16 беттің 5- беті |
6.6 Диплом жұмысының мазмұнына кіріспе, барлық тараулар мен тараушылардың реттік нөмірлері, атаулары, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және диплом жұмысының осы элементтері басталатын беттерінің нөмірі көрсетілген атаулары кіреді.
6.7.Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі көрсетілген негіздемесі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, қарастырылып отырған ғылыми мәселенің қазіргі жағдайына баға, сонымен қатар дипломдық жұмыстың мақсаты, міндеттері, нысаны, дипломдық жұмыс жазудың теориялық әдіснамалық негіздері мен практикалық негізі туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
Диплом жұмысының негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәні, әдістемесі және негізгі нәтижелері баяндалуы тиіс. Диплом жұмысының негізгі бөлімі тараулар мен тараушыларға бөлінеді.
Қорытындыда диплом жұмысының нәтижелері бойынша қысқаша тұжырымдар, тақырыптық міндеттердің қаншалықты толық шешілгендігі жөнінде берілетін баға, зерттеу нысаны бойынша нақты ұсынымдар қамтылуы керек.
Пайдаланылған әдебиет тізімі ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сай рәсімделеді
Пайдаланылған әдебиет тізімі азат жолдық шегіністен кейін бас әріптермен жазылады және нөмірленеді.
Диплом жұмысының мәтінінде пайдаланылған әдебиеттерге жасалған сілтемелер тізімдегі әдебиеттердің реттік нөмірі тік жақшалардың ішіне жазылуы тиіс. Әдебиеттер жөніндегі мәлімет диплом жұмысының мәтінінде кездесетін дерек көздеріне сілтеме арқылы беріледі де араб цифрларымен нүктесіз нөмірленеді және азат жолдан бастап жазылады.
Пайдаланылған әдебиеттерді ресімдеу үлгісі:
• Мемлекеттік стандарттар мен құжаттар жинағы. Мысалы:
Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления: ГОСТ 7.1.84. - Введ. 01.01.86. - М., 1984. -75 с.
Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан – 2050» - новый политический курс состоявшегося государства». – 14 декабря 2012 г. // http://www.akorda.kz/.
•Бір автордың жинағы. Мысалы,
Психология формирования имиджа учителя / А.А.Калюжный. – М.: Гуманитарный издательский центр ВЛАДОС, 2004. – 222 с.
Калюжный А.А. Педагогическая имиджеология Алматы НИЦ «Гылым», 2004 г.
•Ұжымдық авторлар жинағы. Мысалы,
Тейлор Ш., Пипло Л., Сирс Д. Социальная психология. – СПб.: Питер, 2004. – 767 с.
Гамезо М.В., Петрова Е.А., Орлова Л.М. Возрастная и педагогическая психология: Учебное пособие для студентов всех специальностей педагогических вузов. – М.: Педагогическое общество России, 2003.–512 с
•Конференция материалдары. Мысалы:
Имиджеология-2005: феноменология, теория, практика: Материалы Третьего Международного симпозиума по имиджеологии / Под ред. Е.А.Петровой. – М.: РИЦ АИМ, 2005. – 360 с.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті |
||
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ |
||
5В010300 - Педагогика және психология мамандығы студенттерінің диплом жұмысын орындауға арналған |
||
34-3 |
3.0 нұсқа |
16 беттің 6- беті |
Диссертация авторефераты. Мысалы:
Калюжный А.А. Социально-психологические основы имиджа учителя: автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора психологических наук: 19.00.05. – Ярославль, 2007. – 50 с.
Жукенова Г.Б. Формирование активно-созидательного образа жизни старшеклассников в целостном педагогическом процессе школы: автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата педагогических наук: 13.00.01. – Алматы, 2004. – 32 с.
•Журналдан алынған материал. Мысалы:
В.В.Козлов. О предметной области социальной психологии // ЧФ: Социальный психолог. – 2005. - №2 (10) – С. 7-16.
• Энциклопедия мен сөздіктерден алынған мақалалар. Мысалы:
Ожегов С.И. Словарь русского языка. – М.: Русский язык, 1984 – 797 с.
Қосымшаларға дипломдық зерттеуге байланысты негізгі бөлімде көрініс таппаған дипломдық зерттеумен байланысты материалдар енгізіледі.
Дипломдық жұмыста қабылданған шешімдер мен келтірілген барлық мәліметтердің дәлдігіне және дұрыстығына дипломдық жұмыс авторы – студент жауапты.
