Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анар ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

4. Болатты тазалау әдістері

Пештен тыс тазалау әдісінің негізінде, әртүрлі тазалау орталарында өңдеу арқылы сұйық болаттан қоспаларды жою процесі жатыр. Тазалау орталарының табиғатын ескере отырып, пештен тыс тазалаудың технологиялық сұлбаларын келесі түрлерге бөлуге болады:

— сиретілген газбен өңдеу (вакуумдау);

— бейтарап газбен өңдеу (үрлеу);

— сұйық шлактармен өңдеу (шлакпен тазалау).

БИЛЕТ №23

  1. Металдарды алудың металтермиялық әдістері.

2. Отқа төзімді материалдар. Олардың жұмысшы және физикалық қасиеттері

Отқа төзімділер – бұл ұзақ уақыт бойында 1800 К жоғары температура кезінде механикалық беріктілігін және пішінін сақтау қабілеттілігі бар материалдар. Отқа төзімді бұйымдар пеш құрылысында қолданылатын материалдардың ішіндегі ең қымбаты және маңыздысы. Олар, жоғары температуралар мен агрессивті орталар ықпалы жағдайында (газдардың, қақтың, балқымаларды және т.с.с.), жұмыс істейтін пештің жұмысшы кеңістігі мен пеш агрегатының басқада бөліктерін салу кезінде қолданылады.

Химиялық қасиеттеріне қарай отқа төзімді материалдар үш түрге бөлінеді: қышқылды, бейтарапты және негізді (7 сурет).

Отқа төзімді бұйымдардың осылай сыныпталуы жоғары температура кезінде қышқылды, негізді және бейтарапты қосылыстармен реакцияға түсу қабілеттілігіне негізделеді. Мысалы, қышқыл отқа төзімділерді негізгі қождың немесе басты химиялық қосылыстар мен шаң құрамды газдар ықпалына ұшырайтын қабырғалар аймағында пайдалануға болмайды. Атап айтқанда, тотыққан атмосфералы немесе қышқыл қожды пештерде қышқылды отқа төзімділерді, ал негізгі технологиялық процестер жүретін пештерде негізді отқа төзімділерді қолдану қажет.

Отқа төзімділердің жұмысшы қасиеттері:отқа төзімділік, газөтімділік, термиялық тұрақтылық, химиялық тұрақтылық, күштен деформациялану.

3. Концентраттардан теміркендік жентектерді өндіру, шикі және күйдірілген жентектердің сипаттамалары

Жентектеудің агломерациядан ерекшелігі – шихта құрамына кокс қосылмайды. Майда концентраттардан жентектер алу майда түйіршіктердің бір – бірімен жабысу күшіне негізделген. Сондықтан да концентраттың ішіне жабыстырғыш компонент қосу керек. Мысалы майда ұнтақты бентонит түйіршіктердің бет қабатына жабысып, оларды бір – бірімен желімдейді. Осы желімдеу күшінің әсерінен майда түйіршіктер бір –біріне жабысып жентектер құрады. Концентратқа қосылатын бентониттің мөлшері 2,5 – 3,0  аралығында жеткілікті. Сонымен қатар 5  шамасында ылғалдану қажет.

Жентектер айналмалы барабанды қондырғыларды алынады. Одан шығатын жентектерді шикі жентектер деп атаймыз. Шикі жентектердің мықтылығы төмен – 20 – 50 кг/жентекке. Олардың мықтылығын арттыру үшін оларды колосникті конвейерге салып, оны ыстық газбен күйдіру керек. Күйдіру температурасы 1200 – 1280 0С аралығында.

Осы кезде әрбір жентектің ішіндегі майда түйіршіктер бір – бірімен пісе қосылып минералдар құрайды да, соның арқасында мықты кесекке айналады. Күйдірілген жентектердің мықтылығы 100 кг/жентекке жетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]