Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Баймирзаев Сабит РЭКС (2)уадул.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
583 Кб
Скачать
☆

1.Берілістерді ауыстыру қорабының арналуы

    1. Беріліс қорабының негізгі арналуы

Берілістерді ауыстыру қорабының негізгі арналуы – өлшемі және бағыты бойынша айналу моментінің өзгеруі және оны қозғалтқыштан жетекші доңғалақтарға тарату. Осылайша, қозғалтқыштың қалыпты қуатындағы беріліс қорабының көмегіменкөліктің жетекші доңғалақтарындағы тарту күшінің өзгертілуі жүзеге асырылады. Беріліс қорабы артқы жүріспен қозғалуды қосуды, сонымен қатар қозғалтқыш пен көліктің жетекші доңғалақтарын ажыратуды жүзеге асыруға мүмкіншілік береді.

Құрылысы.

Беріліс қорабы –бессатылы механикалық, тарату қорабы – осьаралық құлыптайтын дифференциалы бар, екісатылы. Қорап келесі негізгі түйіндерден құралған:құрамында тістегеріш, синхронизатор және мойынтіректер бар 43 бірінші, екінші және 41 аралық вал бар 42 картер, 17 артқы жүрістің тістегеріштер блогы; берілістерді ауыстыру механизмі бар қораптың жоғарғы қақпағы. Беріліс қорабының картерінің алдыңғы бүйіржағына 46 сцепление картеры жалғанған.

Біліктер мойынтіректері тығыздатқыш кабаты бар қақпақпен жабылған. Қақпақтың жоғарғы бөлігінде беріліс қорабының май жинақтауышынан айдау қуысына дейін майды жеткізуге арналған саңылау бар.

Қайталама біліктің артқы мойынтірегіінің қақпағы қайталама біліктің артқы мойынтірегінің сыртқы сақинасы бойынша орнатылады және қорап картерінің артқы бүйіржағына бекітіледі. Қақпақтың ішінде өзін-өзі құлыптайтын манжета орнатылады. Қорап картерінің оң жақ қабырғасының көтерілімдерінде қиылысу жасалған. Оған артқы жүріс тістегеріштерінің блогының осі сығымдалған. Құлап түсуден сақтану үшін ось 21 тығынмен бекітілген. Ол тығын қораб картеріне болтпен бекітілген және пластмассалы штифт салынған тесігі болады. Штифт бұрандалы қосылысты қалыңдатып, майдың ағып кетуіне жол бермейді. Тістегеріштерді айналуы кезінде мамйдың ағуына арналған картердің ішкі қуысында, сол қабырғаның алдыңғы бөлігінде май сақтаушы бар. Май, майсақтаушы арқылы картердің қабырғасындағы тесік бойынша бастапқы біліктің артқы мойынтірегінің қақапа қуысына келеді.

Бірінші берілістің және артқы жүрістің тістегеріштерінен басқа, беріліс қорабының тістегеріштері қисықтісті. Барлық тістегеріштер қалыпты іліністі. Қайталмалы біліктің тістегеріштері 43 сақинасыз бөлгіші бар инелі мойынтіректерде орнатылған. Бесінші берілістің тістегеріші екі қатарлы сусымалы роликтерде орнатылған. Артқы жүрістің, аралық біліктің бірінші және екінші берілістерінің тістегеріштері 41 білікпен қосы орындалған. Қалған тістегеріштер білікке сығымдалған және сегментты кілттерде орнатылған. Артқы жүрістің тістегеріштер блогы 17, 22 осінде орнатылған.

1 Сурет

Беріліс қорабы: 32,33,45 – мойынтіректер қақпағы; 2 – іліністі сөндіру шаңышқысы; 3 – шаңышқыны бекіту болты; 4 – іліністі сөндіру шаңышқысының білігі; 5,31 – манжеттер; 6 – жиналған түрдегі бастапқы білік; 7 – іліністі сөндіру муфтасы; 8 – муфта серіппесі; 9 – іліністі сөндіру муфтасының шлангы; 10,25- реттеуші төсемдер; 11,18,23,24,37,39,47 – тығыздаушы төсемдер; 12 – жиналған түрдегі берілістерді ауыстыру механизмі; 13 – жиналған түрдегі ауыстыру руычагының тірегі; 14 – мойынтіректердің аралық тығыны; 15 – берілісті ауыстыру рычагы; 16 – роликты мойынтірек; 17 – артқы жүрістің тістегеріштер блогы; 19,35 – тартушы шайбалар; 20 – тығынды шайбаның бекіту болты; 21 – тығынды шайба; 22 – артқы жүрістің тістегеріштер блогының осі; 26,36,44 – мойынтіректер; 27 – транспортты тығын; 28 – фланец; 29 – серіппелі шайба; 30 – фланецты бекіту гайкасы; 34 – тығынды тор; 38 – аралық біліктің артқы мойынтірегінің шынысы; 40 – ағынды тығын; 41 – жиналған түрдегі аралық шаңышқы; 42 – қораптың картері; 43 – жиналған түрдегі қайталмалы шаңышқы; 46 – ілінісу картері.

Бірінші беріліс және артқы жүріс тісті муфтаның көмегімен қосылады. Екінші, үшінші, төртінші және бесінші берілістер синхрондалған. Жылдамдықтарды теңестіруден кейін, синхронизаторды блоктан босату және сәйккес келетін берілісті қосу жүзеге асырылады. Екі берілістің бір уақытта қосылуын болдырмау үшін, қораптың қақпағында шарикті типті құлып бар. Қораптың қақпағында берілістерді ауыстыру рычагының тірегі бекітілген. Ауыстыру рычагының ұшына берілістерді ауыстыру рычагы 15 орнатылады.