Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Кб
Скачать
☆

85 Сұрақ. Annelida типі.Дененің гомономды бөлшектенуі және екінші дене қуысы(целом). Буылтық құрттардың ұйымдасу ерекшеліктері

Буылтық құрттар (лат. Annelida) – омыртқасыз жануарлардың ішіндегі үлкен бір типі. Қазіргі уақытта 9 мыңдай түрі белгілі. Буылтық құрттар 2 тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер және белдеулілер. Белдеусіздердің 1 класы – көпқылтанды құрттар, ал белдеулілердің 2 класы – азқылтанды құрттар және сүліктер бар. Буылтық құрттардың денесі ұзын, бірнеше мм-ден 3 м-ге дейін, біркелкі бөлшектелген сегменттерден тұрады. Эпителий қабатының астында сақина тәрізді қиғаш бұлшық еттері орналасқан, солардың жиырылуы нәтижесінде құрттар қозғалады. Буылтық құрттарда екі жақты симметриялы, сегменттелген, ішкі сұйыққа толы өзіндік қабатының болуымен ерекшеленетін целом қуысы болады. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, ол жұтқыншақ үсті ганглиядан және ұзынынан орналасқан құрсақ жүйке талшықтары тізбегінен тұрады. Қан айналу жүйесі көпшілігінде тұйық біткен, ол арқа қан тамырынан (қан арттан алға қарай ағады) және құрсақ қан тамырынан (қан алдан артқа қарай ағады) құралады. Терісімен, ал кейбір түрлері желбезек арқылы тыныс алады. Ас қорыту жүйесі алдыңғы, орта және аналь саңылауымен аяқталатын артқы ішектен құралады. Зәр шығару жүйесі – метанефридиялы (әрбір сегментінде орналасқан қос түтікшелер арқылы зәр шығару), кейбір түрлерінде протонефридиялы (қарапайым немесе тармақталған каналдар арқылы зәр шығару). Буылтық құрттардың көпшілігі – гермафродитті, ішінде дара жыныстылары да бар. Төм. сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Олардың дернәсілін – трохофера деп атайды. Буылтық құрттар теңізде, тұщы суда, топырақ арасында тіршілік етеді. Олар Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Паразиттік тіршілік ететіндері де бар. Көптеген түрлерімен балықтар қоректенеді. Буылтық құрттарға жататын Жауын құрты топырақты құнарландырады, ал сүлік медицинада қолданылады. Буылтық құрттардың бұған дейінгі жәндіктерден негізгі ерекшелігі - дене қуысының екінші рет қайталануы. Сондай-ақ оларда тұңғыш рет тұйық қанайналым жүйесі пайда болған. Қажетсіз заттарды бөлетін әр буылтықта зәршығару мүшелері бар. Соңғы қуыс - целом (гр. цейлома - қуыс, ) деп аталады.

Целом дегеніміз - көпжасушалы жәндік және жануарлар денесінің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік. Бұл қуыс аралық қабаттан пайда болған. Қуысқа толған сұйықтықты дене қабырғасын құрайтын бұлшықеттер - мезодерма қоршап тұрады. Жәндіктер бұлшықеттердің көмегімен қозғалып жүреді. Ал ішек қабырғасындағы бұлшықеттер алма-кезек жиырылып, ішек ішіндегі асты орнынан жылжытпалы. Құрттар денесіндегі соңғы қуыстың қызметі:

қозғалыс кезінде тірек болып, сұйықтық күйдегі қаңқа қызметін атқарады;

ішектің және дене қабырғасының өз алдына жеке жұмыс атқаруына мүмкіндік жасайды;

ішкі мүшелердің және дененің мөлшері жағынан едәуір ұлғаюына көмектеседі;

қуыс ішіндегі сұйықтықтың көмегімен құнарлы заттарды, зат алмасудың соңғы өнімдері мен газды тасымалдайды;

зат алмасудың соңғы өнімдері мен сұйықтықтың артық мөлшері жинақталатын орын бола алады;

ағзадағы қысымды реттеуге қатысады. Дененің біркелкі буылтықтарға бөлінуі - буылтық құрттардың сыртқы құрылысындағы ерекшелік. Сақина тәрізді бұл бунақтар жәндіктің сыртында ғана емес, ішкі жағында да айқын көрінеді. Ішкі бунақтарда жәндіктің көптеген ішкі мүшелері қайталанады.

Буылтық құрттарға тән ерекшеліктердің бірі - айрықша қозғалыс мүшелерінің болуы. Мұндай мүшелер құрт денесіндегі буылтықтардың әрқайсысының екі қапталын бойлай орналасады. Оны параподия (гр. пара+подион- жуық + кішкене аяқ, яғни аяққа ұқсас) дейді. Денеден бұлтиып шыққан, бір буда қылтанақтары бар кішкене өскіндер көпқылтанақтылардың жүруге арналған мүшесі болып табылады. Бұл құрттардың барлығында бола бермейді. Дегенмен алғашқы буылтық құрттарда және көпқылтанақты құрттарда жақсы дамыған. Азқылтанақты құрттарда тек қылтанақтары ғана сақталып қалған. Буылтық құрттар параподияларының көмегімен бір жерден екінші жерге еркін қозғалып бара алады. Буылтық құрттардың дене құрылымы төмен құрылысты жәндіктерден күрделі екенін байқадық. Бұларда бас, тұлға және дене соңында аналь тесігі бар.

Тұлға буылтықтардан құралады. Бұлар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Азқылтанақты буылтық құрттар — қосжынысты (гермафродит). Теңізде мекендейтін нереида, құмқазар сияқты көпқылтанақты буылтықтар дара жынысты болып келеді. Бұлардың денесінде қылтанақтар көп болғандықтан, көпқылтанақты буылтық құрттар деп аталады. Жыныссыз жолмен көбейгенде бүршіктену немесе бөліну арқылы тікелей дамиды. Жынысты жолмен дамығанда түрлент, ұрықтан дернәсіл пайда болады. Мұндайда ұрықтану аналық денесінен тысқары - суда өтеді. Денесінде кірпікшелері бар дернәсіл пайда болады. Ол трохофора деп аталады. Трохофора (гр.трохос+форос- доңғалақ + алып жүру, яғни доңғалағы немесе доңғалақтары бар дернәсіл) біраз уақыт судың үстіңгі қабатында өмір сүріп, кейінірек су түбіне шөгеді. Сөйтіп біртіндеп ересек көпқылтанақты буылтық құртқа айналады. Азқылтанақты және көпқылтанақты буылтық құрттар дененің жойылған бөлігін тез қалпына келтіре алады. Оларда регенерация құбылысы едәуір жақсы байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]