- •80 Сұрақ. Көпжасушалыларға (Metazoa) тән белгілер. Көпжасушалылықтың пайда болуы туралы негізгі жорамалдар
- •81 Сұрақ. Spongia типі. Ұйымдасудың жасушалық деңгейі. Табиғи биосүзгілер ретінде губкалардың маңызы және экологиясы
- •82 Сұрақ. Coelenterata типі. Ішекқуыстылардың ұлпалық ұйымдасу деңгейі
- •83 Сұрақ. Plathelminthes типі. Морфологиясы, тән ерекшеліктері. Паразиттік жалпақ құрттардың тіршілік циклдары
- •84 Сұрақ. Nemathelminthes типі. Паразиттік және еркін тіршілік ететін түрлері. Типтің ұйымдасу ерекшеліктері
- •85 Сұрақ. Annelida типі.Дененің гомономды бөлшектенуі және екінші дене қуысы(целом). Буылтық құрттардың ұйымдасу ерекшеліктері
- •86 Сұрақ. Моллюскалардың морфологиясы. Моллюскаларды қолдан өсіруді дамыту және кәсіптік пайдалану
- •88 Сұрақ. Arthropoda типі. Буынаяқтылардың морфофизиологиялық ерекшеліктері. Буынаяқтылардың систематикасы
- •89 Сұрақ. Echinodermata типі – екінші ауызды жануарлар, морфологиясы, систематикасы
- •90 Сұрақ. Chordata типі. Хордалыларға тән белгілер. Хордалылардың негізгі кластарының қысқаша сипаттамасы
90 Сұрақ. Chordata типі. Хордалыларға тән белгілер. Хордалылардың негізгі кластарының қысқаша сипаттамасы
Хордалылар, желілілер (Chordata) — жануарлар дүниесінің тарихи дамуының ең жоғары сатысында тұрған тип. Қазіргі кезде хордалылардың 3 тип тармағы: басжелілілер, қабықтылар және омыртқалылар, 40 мыңнан астам түрі белгілі. Бұлар Жер шарының барлық аймақтарында таралған. Хордалылардың өздеріне тән бірнеше белгілері бар:
1) денесінің арқа жағында ұзына бойына орналасқан арқа желісі — хордасы болады;
2) хорданың үстіңгі жағында ұзына бойына орналасқан орталық. жүйке жүйесінің қызметін атқаратын жүйке түтігі бар. Төменгі сатыдағы хордалыларда бұл өмір бойы сақталады, ал жоғары сатыдағы хордалыларда даму барысында оның алдыңғы бөлігі миға, артқысы жұлынға айналады;
3) хордалылардың жұтқыншағының екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары болады. Бұл төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталады да, жоғары сатыдағы хордалыларда өкпеге айналады;
4) хордалылардың көпшілігінің қан айналымы тұйық және олардың жүрегі де денесінің құрсақ жағында орналасады. Тек қандауырша тәрізділердің жүрегі болмайды, оның қызметін құрсақ қолқа қантамыры атқарады. хордалыларда бұдан басқа, омыртқасыз жануарларға да ұқсас белгілері де болады. Мысалы, екінші реттік дене қуысы, екінші реттік ауыз қуысы, денесінің екі жақты симметриялы болуы, бұлшық еттерінің метамерлі орналасуы, т.б. Хордалылардың табиғатта және адам өмірінде атқаратын маңызы өте зор. Олар биосферадағы зат пен энергия айналымында, әсіресе, тірі организмдер арасындағы қоректік тізбек құруда елеулі рөл атқарады. Олардан алынатын өнімдер (терісі, жүні, еті, жұмыртқасы, уылдырығы) шаруашылықтың түрлі салаларының бәрінде қолданылады; қара Дөңгелекауыздылар, Балықтар, Қосмекенділер, Бауырымен жорғалаушылар, Құстар, Сүтқоректілер.
