- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Диплом және диссертация жұмыстарын рәсімдеу және қорғау ережесі Алматы 2016
- •Диплом жұмыстарын рәсімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Мазмұны
- •Диплом жұмысының жалпы ережелері
- •2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту
- •3. Диплом жұмысын дайындауға ғылыми жетекшілік
- •6. Тәжірибе материалын жинау және өңдеу
- •7. Диплом жұмысының мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар
- •4. Диплом жұмысының мазмұнын (жоспарын) құру тәртібі
- •5. Ақпарат дереккөздерін іріктеу және зерделеу
- •8. Диплом жұмысының мәтінін рәсімдеу тәртібі
- •9. Диплом жұмысының түпкілікті нұсқасын рәсімдеу
- •10. Диплом жұмысын қорғау және бағалау тәртібі
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Дипломдық жұмысқа тапсырма
- •Диссертация жұмыстарын рәсімдеу және қорғау қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Магистрлік диссертациялар туралы ереже
- •Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар
- •Магистрлік диссертацияның мазмұны, құрылымы және ресімдеуіне қойылатын талаптар
- •Магистрлік диссертацияның классификациялық белгілері
- •Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну және қорғау тәртібі
- •А қосымшасы
- •Б қосымшасы
9. Диплом жұмысының түпкілікті нұсқасын рәсімдеу
Диплом жұмысы түпкілікті нұсқасында компьютерде басылған болуы тиіс.
Иллюстрацияларымен диплом жұмысының көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 60-100 бетін құрауы керек.
Мәтінде абзацтар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы шегініс 1см құрауы тиіс.
Студент диплом жұмысының титул бетін келтірілген үлгі бойынша ресімдейді (Ж2, Ж3 қосымшалары).
Мұқабаның ішкі жағында жапсырылған конвертке:
ғылыми жетекшінің пікірі;
диплом жұмысына жазылған рецензия (сын пікір) салынады.
Диплом жұмысының соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі, оның төменгі жағында тегі мен диплом жұмысын аяқтаған күні (күні, айы және жылы) көрсетіле отырып, диплом жазған студенттің қолы қойылады.
Диплом жұмысының жетекшісі ол туралы пікір дайындайды, онда объективті (оң немесе теріс) баға береді, атап айтқанда:
зерттеу тақырыбының өзектілігін растайды;
- диплом жұмысында тұжырымдаған қорытындылар мен ұсыныстардың теориялық және тәжірибелік маңызын сипаттайды;
- теориялық сипаттағы ақпараттар көздерімен және тәжірибе материалдарымен жұмыс істей білу дағдысын ескере, студенттің зерттеу әдістерін қаншалықты меңгергенін мәлімдейді;
- нақты міндеттерді шешу үшін (әдіснамалық сипаттағы және тәжірибелік қызметтегі) университетте алған білімін қолдана білу қабілетін студенттің қаншалықты көрсете алғандығын хабарлайды;
- студенттің көрсеткен бастамашылығын және диплом жұмысын өз бетімен орындау дәрежесін атап көрсетеді;
- студенттің еңбекқорлығымен, ұқыптылығымен, шығармашылық даралығымен қаншалықты өзгешеленетіндігін атап өтеді;
- диплом жұмысын қорғауға жіберу туралы қорытынды жасайды. Пікірге ғылыми жетекші қолын қояды, оны дайындаған күні белгіленеді.
Егер ғылыми жетекші университет оқытушысы болып саналмаса, онда оның қолын, ол жұмыс жасайтын ұйымның кадрлар бөлімінің бастығы растауы және мөр басуы тиіс.
Диплом жұмысы (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедраға ұсынады.
Диплом жұмысы (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ та жазбаша пікір жазып, онда диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жібермеу туралы өз шешімін негіздейді. Осы материалдар негізінде кафедра меңгерушісі, бұл туралы диплом жұмысының бірінші бетіне тиісті жазба жасап, аталған диплом жұмысы (жобасы) бойынша түпкілікті шешім қабылдайды.
Егер кафедра меңгерушісі студентті диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жіберу мүмкін емес деп есептесе, онда бұл мәселе аталған студент пен міндетті түрде оның ғылыми жетекшісінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедрада хаттама рәсімделеді.
Рецензия
Маман дайындап шығарушы кафедра қорғауға табыс етілген дипломдық жұмысты (жоба) рецензияға жібереді.
Маман дайындап шығарушы кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері, оқытушылар қатыстырылады.
Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) мамандығына сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.
Пікір жазушы диплом жұмысына (жобаға) жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда зерттелген тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының орын алуы, мәселелердің шешілуі және зерттеудің аяқталу дәрежесі көрсетіледі. Пікірде баллдық-рейтингтік, әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі немесе квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.
Ғылыми жетекші қорғауға рұқсатын берген, бірақ рецензентпен «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған дипломдық жұмыс жалпы жағдайларда қорғалады. Рецензия машинамен басылған нұсқада ресімделіп, оны даярлау уақытын көрсетуімен рецензенттің қолы қойылуға тиісті. Рецензия берушінің қолы (рецензент жұмыс істейтін) ұйымның кадрлар бөлімінің бастығымен расталып, мөр қойылуға тиісті. Ғылыми жетекшісінің пікірі мен рецензенттің рецензиясы бар дипломдық жұмыс белгіленген қорғау мерзіміне дейін 10 күннен кешіктірілмей шығарушы кафедрасының меңгерушісіне тапсырылады. Кафедра меңгерушісі ғылыми жетекшісі пікірінің және берілген рецензияның мазмұнымен танысады және титул бетіне қолын қоя отырып, диплом жұмысын қорғауға жіберуді бекітеді.
Кафедра меңгерушісінің шешімімен диплом жұмысы университет кафедрасының оқытушыларымен қосымша рецензиялануы мүмкін. Ғылыми жетекшінің пікірі және рецензияның мазмұнымен студент мемлекеттік аттестациялық комиссияның (МАК) отырысына дейін танысуы тиіс.
Диплом жұмысын қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Диплом жұмысын (жобаны) қорғау ақпараттық-коммуникациялық технологиялар төңірегіндегі жетістіктерді және қазіргі техникалық құралдар базасында мультимедиалық презентациялар түрінде электронды қорларды қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.
