- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Диплом және диссертация жұмыстарын рәсімдеу және қорғау ережесі Алматы 2016
- •Диплом жұмыстарын рәсімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Мазмұны
- •Диплом жұмысының жалпы ережелері
- •2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту
- •3. Диплом жұмысын дайындауға ғылыми жетекшілік
- •6. Тәжірибе материалын жинау және өңдеу
- •7. Диплом жұмысының мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар
- •4. Диплом жұмысының мазмұнын (жоспарын) құру тәртібі
- •5. Ақпарат дереккөздерін іріктеу және зерделеу
- •8. Диплом жұмысының мәтінін рәсімдеу тәртібі
- •9. Диплом жұмысының түпкілікті нұсқасын рәсімдеу
- •10. Диплом жұмысын қорғау және бағалау тәртібі
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Дипломдық жұмысқа тапсырма
- •Диссертация жұмыстарын рәсімдеу және қорғау қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Магистрлік диссертациялар туралы ереже
- •Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар
- •Магистрлік диссертацияның мазмұны, құрылымы және ресімдеуіне қойылатын талаптар
- •Магистрлік диссертацияның классификациялық белгілері
- •Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну және қорғау тәртібі
- •А қосымшасы
- •Б қосымшасы
Магистрлік диссертацияның мазмұны, құрылымы және ресімдеуіне қойылатын талаптар
14. Магистрлік диссертацияның көлемі әдетте 70-90 бетті құрайды. Қосымшалар магистрлік диссертацияның көрсетілген көлеміне енбейді.
15. Диссертация мемлекеттік немесе орыс тілінде орындалады.
16. Магистрлік диссертацияның құрылымдық элементтері:
- титул парағы;
- мазмұны;
- нормативтік сілтемелер;
- анықтамалар;
- белгілеулер мен қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
17. Магистрант магистрлік диссертацияның мазмұны бойынша 0.5-1 б.п. тұратын реферат жазады. Реферат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (қажет болған жағдайда рефератты басқа шет тілде жазуға рұқсат беріледі) ресімделеді және оған диссертант қол қояды.
18. Магистрлік диссертацияның рефератында келесі мәліметтер болуы қажет:
- диссертацияның көлемі мен құрылымы;
- суреттер, кестелер, пайдаланылған әдебиет көздерінің саны;
- негізгі сөздер тізімі (15-20 сөз);
- зерттеудің маңыздылығы;
- зерттеудің мақсаты;
- зерттеу нысаны;
- зерттеу әдістері;
- алынған нәтижелер, олардың жаңалығы, ғылыми және тәжірибелік маңызы;
- басылымдар туралы мәліметтер.
19. Диссертацияның титул парағы диссертацияның бірінші беті және құжатты өңдеуге және іздеуге қажетті ақпарат көзі болып табылады.
Титул парағында келесі мәліметтер болуы керек:
- диссертация орындалған ұйымның атауы;
- шектелген белгі (қажет болған жағдайда);
- диссертанттың тегі, аты-жөні;
- жұмыстың атауы;
- мамандықтың коды мен атауы (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктемесі бойынша);
- ізденіп отырған академиялық дәрежесі;
- ғылыми жетекшінің (кеңесшінің) тегі, инициалдары, ғылыми/академиялық дәрежесі және атағы;
- диссертацияның орындалған орны және аяқтау жылы.
20. Титул парағын диссертация беттерінің жалпы нөмірленуіне енгізеді. Титул парағында бет нөмірі қойылмайды.
Екі немесе одан да көп бөлімнен тұратын диссертация дайындау кезінде әр бөлімнің бірінші бөлімнің титул парағына сәйкес және аталған бөлімге қатысты мәліметтер көрсетілген өз титул парағы болуы қажет.
Титул парағы А қосымшасына сәйкес ресімделеді.
21. Диссертацияның мазмұнында кіріспе, барлық бөлімдердің, бөлімшелердің, тармақтардың реттік нөмірлері мен атаулары (егер атаулары болса), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардың атаулары және диссертацияның осы элементтерінің басталатын бет нөмірлері көрсетіледі.
Екі немесе одан да көп бөлімнен тұратын диссертация дайындау кезінде олардың әрқайсысында өз мазмұны болуы керек. Мұндайда бірінші бөлімде бөлім нөмірлері көрсетіліп, жалпы диссертацияның мазмұны, ал келесілерінде тек тиісті бөлімнің мазмұны ғана жазылады. Бірінші бөлімде келесі бөлімдердің мазмұнының орнына тек олардың атауларын көрсетуге рұқсат беріледі.
22. «Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементіне диссертация мәтінінде сілтеме жасалған стандарттар тізімі кіреді.
Сілтемелік стандарттар тізімі мынадай сөздермен басталады: "Осы диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылған".
Тізімге стандарттардың көрсеткіші және көрсеткіштерінің тіркеу нөмірлерінің өсу тәртібінде олардың атаулары енеді.
23. «Анықтамалар» құрылымдық элементіне диссертацияда қолданылған түсіндіруді немесе нұсқама беруді қажет ететін терминдердің анықтамалары кіреді.
Анықтамалар тізімі мынадай сөздермен басталады: "Осы диссертацияда келесі терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылды".
24. «Белгілеулер мен қысқартулар» құрылымдық элементіне диссертацияда қолданылған белгілеулер мен қысқартулар тізімі жатады.
Көрсеткіштер мен қысқартулардың жазбалары қажетті түсініктемелермен және мағынасын ашумен олардың диссертация мәтінінде келтірілу тәртібінде немесе алфавиттік тәртіпте келтіріледі.
Анықтамаларды, белгілеулер мен қысқартуларды «Анықтамалар, көрсеткіштер мен белгілеулер» атты бір құрылымдық элементте көрсетуге рұқсат беріледі.
25. Кіріспеде шешілетін ғылыми немесе ғылыми-техникалық мәселенің (міндеттің) қазіргі заманғы жағдайын бағалау, аталмыш ғылыми-зерттеу (тәжірибелік-зерттеу) жұмысын жүргізу қажеттілігіне негіздеме, әзірлеменің жоспарланып отырған ғылыми-техникалық деңгейі туралы, патенттік зерттеулер және олардың қорытындылары туралы мәліметтер, диссертацияның метрологиялық қамтамасыз етілуі жөніндегі мәліметтер болуы керек. Кіріспеде тақырыптың маңыздылығы мен жаңалығы, аталмыш жұмыстың басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысы көрсетілуі қажет, сонымен қоса зерттеудің мақсаттары, нысаны мен пәні, міндеттері, олардың жалпы ғылыми-зерттеу (тәжірибелік-зерттеу) жұмысын орындаудағы орны, әдіснамалық базасы, қорғауға шығарылатын ережелері келтірілуі тиіс.
26. Диссертацияның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер баяндалады.
27. Негізгі бөлімде төмендегі мәліметтер болуы тиіс:
- зерттеу бағытының негіздемесі, міндеттерді шешу әдістері мен олардың салыстырмалы бағасы, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің таңдалған жалпы әдістемесінің сипаттамасы енетін зерттеу бағытының таңдауы;
- теориялық зерттеудің сипатын және мазмұнын анықтауды, зерттеу әдістерін, есептеу әдістерін, тәжірибелік жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне негіздемені, әзірленген нысандардың әрекет ету қағидаларын, олардың сипаттамаларын қоса алғандағы теориялық және (немесе) тәжірибелік зерттеулер үрдісі;
- жұмыстың әрі қарайғы бағыттары бойынша қойылған міндеттер мен ұсыныстарды толығымен шешуді бағалауды, алынған нәтижелердің дұрыстығын бағалауды және оларды отандық және шетелдік жұмыстардың баламалы нәтижелерімен салыстыруды қоса алғандағы зерттеу нәтижелерін жинақтау және бағалау.
28. Қорытындыда мынадай мәселелер болуы тиіс:
- диссертациялық зерттеудің нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар;
- қойылған міндеттердің толығымен шешілуін бағалау;
- нәтижелерді нақты қолдану бойынша ұсыныстар мен бастапқы мәліметтердің әзірлемелері;
- енгізудің техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау;
- аталмыш саладағы үздік жетістіктермен салыстырғандағы орындалған жұмыстың ғылыми деңгейін бағалау.
29. Тізімде диссертацияны жазу кезінде пайдаланылған әдебиет көздері туралы мәліметтер болуы қажет.
Тізім Б қосымшасына сәйкес ресімделеді.
30. Қосымшаларға қандай да бір себептер бойынша негізгі бөлімге енгізілмеген орындалған диссертацияға байланысты материалдарды енгізу ұсынылады.
Қосымшаға төмендегі материалдар енгізілуі мүмкін:
- ноталық мысалдар;
- кестелер;
- композитор, суретшілер, әртістер және т.б. өмірбаянынан мәліметтер
- қосалқы сипаттағы суреттер (фото);
31. Диссертациялық жұмыс мәтінінің беттері және диссертацияға енгізілген суреттер мен кестелер А4 пішініне сәйкес келуі керек.
32. Диссертация баспа әдісімен компьютер мен басып шығарушы құрылғыны қолдану арқылы бір интервалмен А4 пішініндегі ақ қағаздың бір жағында орындалуы қажет. Қаріп - Times New Roman, 14 кегль.
Диссертация мәтінін қағаздың жан жағының келесі өлшемдерін сақтай отырып, теру қажет: оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, сол жағы – 30 мм, төменгі жағы – 20 мм.
Қаріптің әр түрлі түрлерін қолдана отырып, белгілі бір терминдерді, формулаларды, теоремаларды ерекшелейтін компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат беріледі.
33. Диссертацияның орындалу әдісіне қарамастан терілген мәтіннің және суреттер, кестелерді ресімдеу, басылған мәтіннің сапасы олардың нақты шығарылу талабына сәйкес келуі керек.
34. Диссертацияны орындау кезінде барлық диссертация бойынша суреттердің тығыздығы, айқындылығы мен нақтылығы сақталуы қажет. Диссертацияда сызықтар, әріптер және белгілер нақты, түзу болуы қажет.
35. Диссертацияны дайындау кезінде анықталған қателіктер, баспа қателері және графикалық ауытқуларды өшіру немесе ақ бояумен бояп және сол жерге машинамен жазу немесе қара сиямен немесе қара тушьпен қолмен жазу тәсілі арқылы түзетуге рұқсат беріледі.
Мәтін парақтарын бүлдіру, бұрынғы мәтіннің толығымен жойылмаған жерлері мен іздері болуына рұқсат етілмейді.
36. Адамдардың тегі, ұйымдардың атаулары, бұйымдардың аттары және басқа да жалқы есімдер диссертацияда түпнұсқа тілінде көрсетіледі.
Жалқы есімдерді аударуға және ұйым атауларын түпнұсқа атауларын қосып (бірінші рет қолданғанда) диссертация тіліне аударылған күйінде қолдануға болады.
37. «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» сияқты диссертацияның құрылымдық элементтерінің атаулары диссертацияның құрылымдық элементтерінің тақырыптары болып табылады.
38. Диссертацияның негізгі бөлімін бөлімдерге, бөлімшелерге және тармақтарға бөлу керек. Қажет болған жағдайда тармақтар тармақшаларға бөліне алады. Диссертация мәтінін тармақтар мен тармақшаларға бөлу барысында әрбір тармақтың аяқталған ақпаратты білдіргені жөн.
39. Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптары болуы керек. Тармақтарға атау берілмейді. Атаулар бөлімдердің, бөлімшелердің нақты және қысқаша мазмұнын бейнелеуі тиіс.
40. Бөлімдердің, бөлімшелердің және тармақтардың атаулары азат жолдан бастап астын сызбай, аяғында нүктесіз бас әріппен басталып жазылады.
Егер атау екі сөйлемнен тұрса, олар нүктемен ажыратады.
41. Диссертацияның беттерін диссертацияның барлық мәтіні бойынша алмаспайтын нөмірлеуді сақтап, араб цифрларымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмірін парақтың төменгі жағында нүктесіз және ортасында орналастырады.
42. Титул парағын беттердің жалпы нөмірленуіне қосады. Титул парағында беттің нөмірі қойылмайды.
43. Жеке парақтарда орналастырылған суреттер мен кестелерді диссертация беттерінің жалпы нөмірленуіне қосады.
А3 пішініндегі суреттер мен кестелерді бір бет ретінде санайды.
44. Диссертация бөлімдерінің жұмыс барысы бойынша нүктесіз және абзацтық шегіністе жазылған араб цифрларымен белгіленген реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер әрбір бөлім шегінде нөмірленеді. Бөлімшенің нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім және бөлімше нөмірінен тұрады. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.
45. Егер диссертацияда бөлімшелер болмаса, онда тармақтар әрбір бөлімде нөмірленуі қажет, және тармақ нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім және тармақ нөмірінен құралады. Тармақ нөмірінің соңында нүкте қойылмайды.
Мысалы:
1 Ислам шариғатындағы жалға беру және жалға алу келісімшарты туралы түсінік және оның теориялық негіздері
1.1 Жалдау келісімшартының анықтамасы мен үкімі
1. 2 Жалдау келісімшартының рүкіндері мен шарттары
2 Жалға алушы мен жалға берушіге қатысты кейбір үкімдер
2.1 Жалдамалы жұмысшының өз ісіне жауапкершілігі
2.2 Жалға алушы мен жалға берушінің арасындағы келіспеушіліктер
Егер диссертацияда бөлімшелер болса, онда тармақтарды нөмірлеу бөлімше шегінде жүргізіледі және тармақ нөмірі нүктелермен ажыратылған бөлім, бөлімше және тармақ нөмірінен тұрады.
46. Егер бөлім бір бөлімшеден тұрса, онда бөлімше нөмірленбейді. Егер бөлімше бір тармақтан тұрса, онда тармақ нөмірленбейді.
47. Егер мәтін тек тармақтарға бөлінсе, онда олар барлық диссертациялық жұмыс шегінде реттік нөмірлермен нөмірленеді.
48. Қажет болған жағдайда тармақтар тармақшаларға бөлінеді, олар әрбір тармақ шегінде ретпен нөмірленуі тиіс, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2 және т.б.
49. Тармақтардың немесе тармақшалардың ішінде тізбектеп атау көрсетілуі мүмкін.
Әрбір тізбектеп атаудың алдында сызықша немесе қажет болған жағдайда құжат мәтініндегі тізбектеп атаудың бірін әріппен белгілеуге болады (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ әріптерінен басқалары), әрбір әріптен соң жақша қойылады.
Тізбектеп атауды әрі қарай нақтылау үшін араб цифрларын пайдалану қажет, олардан соң жақша қойылады, ал жазба мысалда көрсетілгендей абзацтық шегіністен басталады.
Мысалы
а) __________
ә) __________
1)_____
2) _____
б) __________
50. Диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен) бастау қажет.
51. Диссертацияның және диссертация құрамына кіретін қосымша беттерінің нөмірленуі алмаспайтын болуы қажет.
52. Суреттер (сызбалар, кестелер, карталар, жобалар, компьютерлік баспалар, диаграммалар, фотосуреттер) диссертацияда олар бірінші рет көрсетілген мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастырылуы керек.
Суреттер компьютерде орындалған, соның ішінде түрлі-түсті болуы да мүмкін.
Барлық суреттерге диссертацияда сілтеме жасалуы керек.
53. Диссертацияда орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, жобалар, суреттер Конструкторлық құжаттаманың ортақ жүйесі (КҚОЖ) мемлекеттік стандарттарының талаптарына сай болуы қажет.
Сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды, жобаларды компьютерлік баспаны қолдану арқылы орындауға рұқсат беріледі.
54. А4 пішінінен кіші фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына желімделуі керек.
55. Қосымшалардағы суреттерден басқа суреттерді алмаспайтын нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірлеу керек.
Егер сурет біреу болса, онда ол «1 сурет» деп белгіленеді. «Сурет» сөзі және оның атауы сызықша арқылы жолдың ортасында орналасады.
56. Суреттерді бөлім шегінде нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда сурет нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім нөмірінен және суреттің реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: 1.1 сурет.
57. Қажет болған жағдайда суреттерге атау беріліп, оларға түсіндірме мәлімет жазылады (сурет асты мәтін). «Сурет» сөзі мен оның атауын түсіндірме мәліметтен кейін мынадай үлгімен орналастырады: 1 сурет – Құралдың тетіктері.
58. Әрбір қосымшаның суреттері цифр алдында қосымшаны белгілеу арқылы араб цифрларымен жеке нөмірленеді.
Мысалы: А. 3 сурет
Суреттер В қосымшасына сәйкес ресімделеді.
59. Суреттерге сілтеме жасаған кезде алмаспайтын нөмірлеу болса «... 2 суретке сәйкес» деп және бөлім шегінде нөмірлеу қолданылған болса «... 1.2 суретке сәйкес» деп жазылады.
60. Кестені жақсы көрнекілік және көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлылығы үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнынан көрініс беріп, нақты әрі қысқа болуы қажет және абзацтық шегініссіз сызықша арқылы оның нөмірімен бірге бір жолда кестенің сол жақ үстінде орналастырылады. Кестенің бір бөлігін келесі бетке көшірген уақытта бірінші беттегі төменгі көлденең сызық жабылмайды, басқа бөліктерінің үстінде сол жағында «Жалғасы» деген сөз жазылып, кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы «1 кестенің жалғасы».
61. Кесте диссертацияда ол бірінші рет көрсетілетін мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналасуы керек. Барлық кестелерге диссертацияда сілтеме болуы қажет. Сілтеме жасағанда нөмірін көрсетіп «кесте» деп жазу керек. Қосымша кестелерінен басқа кестелер алмаспайтын нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірленеді. Кестелерді бөлім шегінде нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестенің нөмірі нүктемен ажыратылған бөлім нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады. Әрбір қосымшаның кестелері цифрдың алдына қосымша белгісін қою арқылы жеке-жеке араб цифрларымен нөмірленеді.
62. Кестелер сол, оң жағынан және астынан сызықтармен шектеледі. Кестеде мәтіндегі қаріптен кіші қаріп өлшемін (12) пайдалануға рұқсат етіледі. Кестенің жолдарын шектейтін көлденең және тік сызықтар, егер олардың болмағаны кестені қолдануды қиындатпаса жүргізілмегені жөн.
Кестенің төменгі сызығы мен мәтін арасындағы қашықтық 2 «бос» жол болуы керек.
Кестені ресімдеудің толығырақ түсінігі 2.105 МЖБС-та.
63. Ескертулерді абзацтан бастап бас әріппен астын сызбай теру керек. Диссертацияда ескертулерді егер мәтіннің, кестенің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктеме немесе анықтамалық мәліметтер қажет болса ғана жасайды. Ескертулерді осы ескерту қатысты мәтіндік, графикалық материалдан кейін немесе кестеде орналастыру қажет. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескерту нүкте қоюсыз араб цифрларымен нөмірленеді. Кестеге ескерту кестенің соңында кестенің аяқталғанын білдіретін сызықтың үстіне жазылады.
64. Пайдаланылған әдебеиттерге сілтемелерді төртбұрышты жақшада көрсету қажет. Толығымен құжатқа немесе оның бөлімдері мен қосымшаларына сілтеме жасау керек. Бөлімшелерге, тармақтарға, кестелер мен суреттерге сілтеме жасауға болмайды. Стандарттар мен техникалық жағдайларға сілтеме жасау кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, мұндайда стандарт пайдаланылған әдебиеттер тізімінде толығымен жазылса, олардың бекітілген жылдарын жазбауға рұқсат етіледі.
65. Белгілеулер мен қысқартуларды бағандап орналастырады және олар қажетті түсініктемелермен және шешімдерімен мәтінде көрсетілген тәртіпте жазылады.
Анықтамаларды, көрсеткіштер мен қысқартуларды «Анықтамалар, көрсеткіштер мен қысқартулар» атты бір құрылымдық элементте көрсетуге рұқсат беріледі.
66. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде диссертация мәтінінде сілтеме жасау тәртібінде орналастырылған және нүкте қойылмай араб цифрларымен нөмірленген әдебиеттер жөніндегі мәліметтер болады. Абзацтық шегініссіз теру керек.
67. Қосымшалар диссертацияның жалғасы ретінде оның келесі парақтарында ресімделеді немесе жеке құжат ретінде шығарылады.
Құжаттың басқа бөліктерімен бірге қосымша беттері де жалпы нөмірленуі керек.
Диссертация мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме жасалуы керек. Қосымшалар диссертация мәтінінде оларға сілтеме жасау реті бойынша орналастырылады.
Әр қосымшаны жаңа беттен оның көрсеткіші мен дәрежесін көрсету арқылы беттің жоғарғы жағында жолдың ортасында «ҚОСЫМША» сөзімен бастау керек. Қосымшаның жеке жолда бас әріппен мәтінге қатысты симметриялы түрде жазылатын атауы болуы қажет. Қосымшалар орыс алфавитінің бас әріптерімен, А әрпінен бастап, Е, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерінен басқа әріптермен белгіленеді. «ҚОСЫМША» сөзінің алдында оның ретін білдіретін әріп жазылады. Орыс алфавитін толығымен пайдаланған жағдайда I, O әріптерінен басқа латын алфавитінің әріптерін, ал одан әрі араб цифрларын пайдалану қажет.
