Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom-Disser.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

10. Диплом жұмысын қорғау және бағалау тәртібі

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдар бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

Диплом жұмысын қорғау университетте, Мемлекеттік аттестациялық комиссияның (МАК) ашық отырысында белгіленген уақытта өткізіледі.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттердің, мамандар дайындап шығарушы кафедра оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар шақырылады.

Диплом жұмысын қорғауға студент тыңғылықты дайындалуға тиіс: баяндамасының тезистерін жазып, көрнекі материалдарды (кестелер, сызбалар, диаграммалар) дайындап, жеке парақта белгілі теориялық және тәжірибелік маңыздылығы бар, диплом жұмысында қозғалған негізгі қағидалардың мазмұнын жазады.

Диплом қорғап тұрған студенттің МАК төрағасына және оның мүшелеріне өзінің көрнекі материалдарын (сызбалар, аналитикалық кестелер, диаграммалар, қорытындылар мен ұсыныстардың қысқаша тізімін) көрсетуі құпталады.

Мемлекеттік аттестациялық комиссияның алдында диплом жұмысын қорғау келесі тәртіпте өткізіледі: студент диплом жұмысының мақсаты мен міндеттерін қысқа және айқын сипаттап, оның маңызды қағидаларын баяндап, өз қорытындылары мен ұсыныстарын келтіріп, негіздейді. Баяндама үшін студентке 15 минуттан кем емес уақыт беріледі.

Диплом қорғап тұрған студентке МАК төрағасы және оның мүшелері немесе отырғандардың кез келгені сұрақ қоюы мүмкін. Қойылған сұрақтарға студент қысқа, бірақ нақты жауап қайыруға тиісті. Диплом қорғауға қатысып отырғандардың жұмыс нәтижелерін талқылауға қатысу құқығы бар. Талқылау соңында ғылыми жетекшінің пікірі және пікір берушінің рецензиясы оқылады. МАК отырысында диплом жазған студент және оның диплом жұмысына сипаттама беру үшін ғылыми жетекшісіне сөз берілуі мүмкін. Студентке пікірде, рецензияда баяндалған не болмаса сөз сөйлеудегі ескертулер бойынша жауап қайтаруға мүмкіндік беріледі.

Диплом жұмысын бағалау МАК-тің жабық отырысында балдық – рейтингтік әріптік жүйе бойынша анықталып, қорғау біткеннен кейін сол күні комиссия төрағасы жариялайды.

Үлгілер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ

______________________________________________________________

Студенттің аты-жөні

______________________________________________________________

Дипломдық жұмыс тақырыбы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

______________________________________________________________

Мамандық аты

Алматы 20___

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

_______________ кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

___________________

кафедрасының

меңгерушісі ____________лауазымы, аты-жөні

«__»____________20___ жыл.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: _____________________________________________

__________ – «_________________» мамандығы бойынша

Норма бақылаушы,

___________ лауазымы, аты-жөні

«___» ____________20___ ж.

Диплом жұмысының жетекшісі,

___________ лауазымы, аты-жөні

«___» ____________20___ ж.

Диплом жұмысының кеңесшісі,

___________ лауазымы, аты-жөні

«___» ____________20___ ж

Орындаған

________________ аты-жөні

Алматы 20___

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]