Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
педиатрия 4 курс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167 Кб
Скачать
☆

2 Жасар атопиялық дерматиті барбалаға«Жеңіл дәрежелі тта»диагнозы қойылды. Осы науқасқа қандай препарат таңдау препараты болып табылады?//

Сорбифердурулес //

Актиферрин сироп түрінде//

+Гемофер тамшы түрінде//

Феррум лек сироп түрінде//

Феррум лек бұлшықетке

***

7 Айлық сиыр сүтімен тамақтанатын балада зерттеу кезінде орташа дәрежелі тта анықталды. Сіздің емдік тактикаңыз?//

Тек тамақтануды коррекциялау//

Поливитаминдер//

+Пероральді темір препараттары //

Парентеральді енгізілетін темір препараттары//

Энтеральді және парентеральді препараттардың комбинациясы

***

Емханаға ата–анасы 5 жасар баласымен келді, Баласында сарғаю, бозару, әлсіздік бар екеніне шағымданды. Аталған белгілерЖРВИ–мен ауырған соң басталған. Қарау кезінде бала бозарған, тері жамылғылары лимонтүсті, склераның сарғаюы байқалады. Аускультацияда жүректондары ритмді, тахикардия пульс -116 рет/мин, жүрек ұшында систолалық шу. Іші жұмсақ, бауыр + 2 см, көкбауыр + 5 см,тығыз. Несеп сары түсті. Ата – анасының айтуыбойынша, бұрын склераның сарғаюы байқалған. Мүмкін болатын диагноз?//

+Гемолитикалық анемия, криз кезеңі//

Гемолитикалық анемия, кризден тыс кезең//

В12-дефицитті анемия//

Апластикалық анемия//

Темір тапшылықты анемия

***

5 жасар баланы зерттеу барысында тері жамылғыларының бозаруы, лимон түсті болуы, склераның сарғаюы анықталды. Ауыскультация кезінде жүректондары ритмді, тахикардия, пульс - 116 рет/мин, жүрек ұшында систолалық шу. Іші жұмсақ, бауыр + 2 см, көкбауыр + 5 см, тығыз. Несепсары түсті. Ата–анасының айтуыбойынша, бұрын склераның сарғаюы байқалған.ЖҚА - Нв 72 г/л, эр.2,2*1012/л, ТК 0,98, ретикулоцит 104%0, микросфероцит 68%. Ата – анасының айтуы бойынша, бұрынсклераның сарғаюы байқалған. Мүмкін болатын диагноз?//

Талассемия//

Орақ тәрізді анемия //

Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілігі//

Стоматоцитарлы гемолитикалық анемия//

+Тұқым қуалайтын сфероцитоз

***

Мадина 12 жасар. Айқын әлсіздікке, бозаруға, периодты түрде болатын мұрыннан қан кетуге, денеде көгерулер болатынына шағымданды. ЖҚА–нв 65 г/л, эр. 1,9*1012/л, ТК 1,02, лейкоцит 1,3*109/л, с/12, м/5, л/83, тромб. 25*109/л, ЭТЖ 79 мм/сағ. Мүмкін болатын диагноз?//

Гемолитикалық анемия//

+Апластикалық анемия//

Талассемия//

В12-дефицитті анемия//

Теміртапшылықты анемия

***

Балаға 10 ай. Дене қызуы 38,0 С. Жөтелі ұстама тәрізді қиын бөлінетін қақырықпен. Ентікпесі экспираторлы. Өкпесінде тынысы қатаң, құрғақ ысқырықты және ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар барлық өкпеаясынан естіледі. Перкуторлы өкпе үстінен–қораптық өкпе тынысы естіледі. Болжам диагнозы//

жедел пневмония//

жедел ларингит//

+обструктивті бронхит//

жеделбронхиолит//

бронх демікпесі

***

Балаға 8 жас. ЖРВИ барысында ысқырықты тыныс, жиі жөтел мазалаған. Өкпе аускультациясын да тынысы әлсіз, өкпенің барлық аясында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Перкуторлы өкпе үстінен–қораптық өкпе тынысы естіледі. Аталған белгілер мысықпен қатынаста, дене шынықтыруда тез жүгіргенде байқалады. Баланың анасында–күз мезгілін де жиі түшкіру мен жасағу белгілері бар. Болжам диагнозы

обструктивті бронхит//

жедел пневмония//

+бронх демікпесі //

созылмалы бронхит //

созылмалы пневмония

***

Дәрiгер қарауында 5 жасар бала. Шағымдары: лоқсу, құсу және нәжiсiнiң күнiне 7 рет болуы. Бала мазасыз. Бет-әлпетi бозғылт. Дене температурасы 37,8С. Суды көп iшедi, терiсi құрғақ, тiлi құрғақ және ақ тұтпен басылған. Iш кебуi байқалады, эпигастрий аймағында және iшек бойында ауырсыну сезiмi сезіледі. Бауыры +0,5см. Зәр шығаруы сирек. Жедел iшек инфекциясының арнайы схемасы бойынша дәрiгер сусыздану деңгейiн анықтады. Балада сусызданудың ортаңғы дәрежесi анықталды. Сусыздану деңгей қандай критерий бойынша анықталды?//

терiнің құрғауы//

тiлдiң құрғауы//

зәр шығарудың сиреуi//

+шөлдеу//

қызба

***

НауқасЖ. 14 жаста. Аллерголог қаринорея мұрнының қышуына, жас ағуына 3 айға созылғанына шағымданады. Аурудың мезгілдігі шілденің соңынан қыркүйекке дейін байқалады. Болжам диагнозы//

созылмалы тонзилиттің өршуі//

+поллиноз//

вазомоторлық ринит//

тағамдық аллергия//

созылмалы ларингит

***

Дәрiгер қарауында 5 жасар бала. Шағымдары: лоқсу, құсу және нәжiсiнiң күнiне 7 рет болуы. Бала мазасыз. Бет-әлпетi бозғылт. Дене температурасы 37,8С. Суды көп iшедi, терiсi құрғақ, тiлi құрғақ және ақ тұтпен басылған. Iш кебуi байқалады, эпигастрий аймағында және iшек бойында ауырсыну сезiмi сезіледі. Бауыры +0,5см. Зәр шығаруы сирек. Жедел iшек инфекциясының арнайы схемасы бойынша дәрiгер сусыздану деңгейiн анықтады. Балада сусызданудың ортаңғы дәрежесi анықталды. Осы балаға регидратация түрiн таңдаңыз:// 

+ауыз арқылы//

зонд арқылы//

көктамыр iшiлiк//

ауыз арқылы+ көктамырiшiлiк//

зонд арқылы+ көктамырiшiлiк

***

Науқас К. 11 жаста. Аллергологқа жөтел, кеудесінің қысуы, физикалық күш түскенде ентігентідігіне, ысқырықты тынысқа шағымданды. Қарап тексергенде тері жабындыларының бозғылттығы, мұрын үшбұрышының цианозы, акрацианоз. Аускультативті: Қатаңт ыныспен құрғақ ысқырықты сырылдар өкпенің барлық аясынан естіледі. Анамнезінен: Ерте жасынан атопиялық дерматит, тағамдық, дәрілік аллергия байқалады, аллерго анамнезі асқынған. Қай ауру туралы айтылуда//

+бронх демікпесі//

обструктивті бронхит//

өкпе эмфиземасы//

пневмония//

жедел бронхит

***

Балаға 2 жас. Шағымдары: 15 минутта басылатын үстірт жөтелуге, ентікпеге. Қарап тексерген: денеқызуы қалыпты, бала белсенді. Аускультацияда өкпенің сол жақ төмеңгі бөлігінде ысқырықты сырылдар тыныс шығарудағы. Диагноз қойып, жүргізу іс әрекетіңіз//

+бронхтың бөгде денесі, жедел госпитализация//

созылмалы бронхит, пульмонолог консультациясы//

бронх демікпесі, тәулік бойы бақылау//

пневмония, кеуде клеткасының рентгенографиясы//

көкжөтел, жалпы қан анализін жасау

***

Бала 6 айлық. 3000 г массамен туылған. Қарау кезінде 8000 г. Табиғи тамақтанады, 550 мл сүт емеді, 2 қосымша тағам (прикорм) алады: көкөніс ботқасы, ұнтақ ботқасы сарымаймен, алма езбесі, сарыуыз. Тәулігіне 1 кгсалмағына алады: 4,0 г ақуыз, 6,5 гмайлар, 15 г көмірсу. Барлығы 130 ккал/кг. Дұрыс қорытынды беріңіз://

Тамақтану балансы қалыпты – барлық тағам ингредиенттері бойынша //

Ақуыз мөлшері жеткіліксіз//

Көмірсу мөлшері жеткіліксіз//

Майлар мөлшері жеткіліксіз //

+бала тым көп тағам қабылдайды

***

1 айлық баланың анасы емханаға баланың мазасызданғанынан соң келді. Емізу аралығы– 3 сағат, күніне 8 рет. Әр емізуден соң анасы 20-30 г сүт тіс үзіптастайды. Баланың туғандағы денесалмағы 3400г, қарау кезінде– 4000г. Бақылау емізуінде бала 100г сүтемді. Анасының сүт дефициті гипогалактияның қандай дәрежесіне жатады?//

+сүт дефициті жоқ, емізу көлемі баланың қажеттіліктеріне сәйкес//

I дәрежелі гипогалактия//

II дәрежелі гипогалактия//

III дәрежелі гипогалактия//

IV дәрежелі гипогалактия

***

Настя, 25 күн, туылғандағы дене салмағы 3500, қазіргі кездегі салмағы 4000г. Тамақтандыру режимі тәулігіне 8 рет. Бақылау тамақтандыруында 70 мл сүт емеді. Гипогалактия деңгейін көрсетіңіз://

сүт тапшылығы жоқ, тамақтандыру көлемі бала сұранысына сай//

I дәрежелі гипогалактия//

+II дәрежелі гипогалактия//

III дәрежелі гипогалактия//

IVдәрежелі гипогалактия

***

6 айлықбала, денесалмағы 3000 гтуылған.Қазіргі дене салмағы 4500 г. Тері жабыны бозғылт, тері серпімділігі, жұмсақ тіндер тургоры мен бұлшықет тонусы төмендеген, беті әжімделген, тері асты май қабаты іш аймағында, денесі мен аяқ-қолдарында жоқ, еріндері ашық қызыл түсті. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 120/мин. Бауыр +1 см. Нәжіс тұрақсыз. Зәр шығаруы сирек. Болжам диагнозды көрсетіңіз://

минералдар алмасуы бұзылысы//

ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік 1 дәрежесі//

ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік 2 дәрежесі//

+ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік 3 дәрежесі //

перинатальды патология

***

3 айлық ұл бала. Жүктіліктің ІІ жартысындағы гестоз фонында екінші жүктіліктен дене салмағы 3600г., бойы 53см туылған. 3,5 аптадан бастап әр тамақтанудан кейін жиі ықылық тию басталып «фонтанды» құсуға әкеледі. Объективті: тері жабыны бозғылт, құрғақ, мәр мәр тәріздес. Тері асты май қабаты жұқарған, жұмсақ тіндер тургоры төмендеген, бұлшықеттік гипотония. Ішкі ағзалары патологиясыз. Қарау кезінде нәресте салмағы 4300г. Төменде аталғандиагноздардың қайсысы науқасқа тән?//

пилоростеноз //

пилоростеноз, ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік I дәрежесі //

+пилоростеноз, ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік II дәрежесі//

ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік II дәрежесі, постнатальды//

ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік III дәрежесі

***

Педиатр-дәрігерге қаралу үшін 5 жасар бала емханада кезегін күтіп отырған. Сол мезгілде емханада жөндеу, яғни бөлме есіктерін майлау жұмыстары жүріп жатқан болатын. Кенет баланың жағдайы күртнашарлады: экспираторлы ентігу, ауа жетіспеушілігі, алыстан естілетін құрғақ ысқырған сырыл пайда болды. Дем жиілігі минутына 55 рет, жүрек соғу жиілігі минутына 120 ретсоғады. Анамнез жинау барысында мұндай жағдай балада бірінші рет емес екен, бояу, әтір иісіне, терек мамықтарына осындай ұстама бұрында болған екен. Балаға диагноз қойыңыз?//

Бөгде зат //

Көкжөтел//

+Қолқа демікпесі //

Жедел ларинготрахеит //

Обструктивті бронхит

***

Бала 10 жаста. Баспамен ауырғаннан кейін , тізе буындарының ауруы, ісінуі, әлсіздік пайда болды. Бір жылда бірнеше реет аяқ- қолдары ісінген. Дәрігерге қаралған жоқ. Диспансерлік тексеру шарасы кезінде жүректе өзгеріс бары анықталды: қалыпты жүрекшекарасы аумағында 1-ші тонмен байланысты систоланың 2/3 бөлігін алатын, қолтық астымен арқаға таралатын дөрекі систолдық шуыл естіледі. Ентігу белгісі жоқ. Қан зерттеуі қалыпты көрсеткіште. Бұл клиникалық картина қандай ауруғатән?//

Ағымды миокардит //

+Жүре пайда болған митралды қақпақша жетімсіздігі//

Митралды қақпақшаның тарылуы//

Қолқа тарылуы//

Қолқа қақпақшасының жетімсіздігі

***

Бала ревматологта ревматикалық қызба қолқа вальвулиті диагнозымен 5 жыл бойы бақылауда. Соңғы кезде жүрек тұсы қағып ауыратын болды. Осы белгінің пайда болуы себебін атаңыз?//

Шеткі қан айналымының бұзылысы//

Вегетативті тамыр дистониясы//

Миокард гипертрофиясы//

Септикалық эндокардит көрінісі//

+Коронарлы қан айналымының жеткіліксіздігі

***