Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
851 Кб
Скачать
☆

3.3 Атмосфераны ластаушы ретінде кәсіпорынның сипаттамасы

«ТШО» БК атмосфераға зиянды заттарды бөлуші көздері мыналар:

  • қондырғылар 200 – мұнайды, газды, суды бөлу және мұнайды тұрақтандыру;

  • қондырғылар 300 – газдарды диэтаномил арқылы күкіртпен тазарту;

  • қондырғылар 400 – Клаусы орнату – күкірт алу;

  • қондырғылар 500 – «қалдық» газдардың утилизациясы – Сульфрен немесе Скотт;

  • қондырғылар 600 – сұйық және қатты күкіртті тиеу;

  • қондырғылар 700 - көмірсутекті газдарды бөлу;

  • қондырғылар 1000 –факел және дренаж жүйесі;

  • қондырғылар 0,31 және 0,32 – мұнайды демеркаптанизациялау;

  • қондырғылар 800 – қабатты суды дайындау;

  • № 1, 2 тауар паркі;

  • сорғы;

  • реагенттер қоймасы;

  • тазарту құрылымдары;

  • № 1, 2 газ турбиналы станциялар;

  • резервуарлі парк;

  • ЦЗЛ;

  • РМЦ;

  • газ отынындағы қазандық.

Теңіз кешеніндегі ластау көздері мыналар болып табылады: эксплуатация кезіндегі пайда болатын және ұйымдаспаған шығарындыға әкелетін технологиялық қондырғылардың, пештердің, қазандықтардың, технологиялық қондырғы факельдерінің түтін шығаратын мұржасы, сондай-ақ, жабдықтардағы, фланецті қосылыстардағы және т.б. саңылаулар.

Атмосфераға шығарылатын заттар келесідей ингредиенттерден тұрады: күкіртті сутек, көмірсутектер, күкіртті ангидрид, азот тотығы, азот қостотығы, көміртегі тотығы, көміртегі, меркаптандар, күкірт шаңы(пыль серы), диэтаноламин (ДЭА), метилді спирт, көміртек күкіртті тотығы (сероокись), дәнекерлеу аэрозолы; марганец қосылыстары, кремний қосылыстары, фторидтер, фторлы сутек, күкірт қышқылының аэрозолы.

Атмосферада бірге болатын шығарынды кешенінің құрамына кіретін заттар бес жиынтықтан тұратын топты құрайды:

  1. азоттың қос тотығы + күкіртті ангидрид;

  2. күкіртті ангидрид + күкіртті сутек;

  3. күкіртті ангидрид + күкірт қышқылының аэрозолы;

  4. күкіртті ангидрид + фторлы сутек;

  5. фторлы сутек + фторидтер.

3.4 Бар жабдықтардан атмосфераға зиянды заттарды шығару параметрлері

Атмосфераға зиянды заттарды шығару параметрлері және оның көздерінің сипаттамасы «Кәсіпорын үшін атмосфераға шығарылатын шекті-рұқсат етілген шығарылымдарының нормативтік құқықтық актілердің жобаларын рәсімдеу және мазмұны бойынша Ұсыныстарға» сәйкес құрылған кестеде берілген.

Атмосфераның ластану деңгейін есептеу нәтижелері Теңіз ГПЗ орналасқан аумақтағы және Теңіз кен орны үшін ұңғымалардың шеткі қатарынан 10 км радиуста орналасқан санитариялық-қорғаныш аймағының шекарасындағы жер бетінің максимальді концентрациясының мәнін сипаттайды.

Санитариялық-қорғаныш аймағы шекарасындағы метилмеркаптанмен ластану максимальді ластану0,000008 мг/м3 құрайды.

Теңіз кен орнының объектілері эксплуатацияның қалыпты режимінде атмосфераның жерге жақын қабатында жұмыс аумағы (жұмыс аумағы шегінде) үшін де, сондай-ақ елді мекендер (жақын елді мекендер) үшін де шекті-рұқсат етілген концентрациядан асатын ластануды құрамайды [10].

3.5 Өңдеу объектілерінің қолданыстағы атмосфера қабатының ластануына қосқан үлесін бағалау

Осы этапта жобаланатын қоданыстағы шығарындылар қоры Теңіз кен орны тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану сатысында. Ұңғымалар шығу желілерінің бітеуленген жүйесінің өлшеу қондырғыларының манифольдімен біріктірілген. Өңдеу шаралары, жабдықтар, жабдықтардың жобаланған жұмыс режимі өзгермейді. Сондықтан да, жаңадан енгізілген жабдықтардан шығатын шығарындылар сәйкес келетін шығарындылардан ерекшеленбейді. Зиянды заттардың максимальді концентрациясы 3.1 кестеде берілген.

Жаңадан енгізілген жабдықтардағы шығарындылардың жиынтығы 149,246 т/жыл, сонымен қатар меркаптан бойынша 0,001699 т/жыл құрайды, 18120,6412 т/жыл болатын шығарындылар жиынтығының 8%-н құрайды (Теңіз кен орнында рұқсат етілген).