Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
851 Кб
Скачать
☆

4.6 Берілген бағдарламаны орындау үшін қажетт жабдықтар санының есебі

Қажетті жабдық бірлігін есептеу мына формула бойынша орындалады:

О=(Пг·Тед)/(Фд·60), (4.1)

мұндағы, Пг– өнімді шығару немесе қызмет көрсету бойынша жылдық өндірістік бағдарлама (мұнай немесе газды жылдық өндіру, мұнай немесе газды қайта өңдеу өнімдерінің жылдық шығарылымы, ұңғымаларды бұрғылаудың жылдық көлемі және т.б.)[18];

Тед – өнім бірлігін шығаруға немесе қызмет бірлігін көрсету үшін қажетті уақыт (1 м3 мұнай немесе газ алуға кеткен уақыт, 1 м3 мұнай немесе газды қайта өңдеу өнімдерін алуға кеткен уақыт, 1 м жерді бұрғылауға кеткен уақыт және т.б.);

Фд – жабдықтың жұмыс уақытының 1 сағаттағы нақты фонды.

Жұмыс уақытының нақты фонды мына формула бойынша есептеледі:

Фд= (Дк-Двых-Дпр) ·Тсм·Ксм· (100-Кр)/100 (4.2)

мұндағы, Дк – бір жылдағы күнтізбелік күндер саны; Двых – бір жылдағы демалыс күндер саны; Дпр – бір жылдағы мерекелік күндер саны; Тсм – ауысым ұзақтығы, сағ; Ксм – бір күндегі жұмыс ауысымының саны; Кр – жабдықтарды жоспарлы-алдын ала жөндеу жүргізуге кеткен уақыт коэффициенті.

Кр , әдетте, 2%-тен 12%-ке дейінгі аралықта болады. бұл жабдықтың сапасы мен ұңғымалардағы геологиялық жұмыс жағдайына байланысты.

Q1 = 2,5т/тәу

Q2 = 3,4т/тәу

Фд=(365-105-15) ·12·2· (100-12)/100 = 245·12·2·88/100 = 5174,4

Жылдық өндірістік шығындардың есебі

Жаңа жабдықты қолданысқа енгізу өнімнің өзіндік құнының өзгеруіне алып келеді. Экономикалық әсері өнім бірлігінің минималды бағасы арқылы және ең аз үлестік капиталдық салым арқылы сипатталады.

Барлық шығындарға есеп жүргіземіз.

Амортизацияны есептеу

Базалық техниканы ауыстыру арқылы келген негізгі қаражаттағы амортизациялық төлемдер жаңа сатып алуға және « Жабдықтарды пайдалану және қамту шығындары» тармағындағы амортизациялау кезіндегі капиталды қосымша салымдар бойынша есептеледі және мына формула бойынша сипатталады:

( 4.3)

мұндағы, - жабдықтың бастапқы құны; - жылдық амортизациялық төлемдер нормасы, %.

Осылайша, мына іс-шараларды енгізгенге дейінгі амортизациялық төлемдер есебі:

А. Автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары (АГЗУ)

Б . Шығу желілері

В . Жинау желілері

Г. Орталық мұнай дайындау пункті (ЦППН)

4.2 кесте - Амортизациялық төлемдерді есептеу мәліметтері

Жабдық атауы

Бастапқы құны

Саны,

шт.

Капиталдық салым.

Аморт.нормасы,%

Аморт.төлемнің жылдық есебі.

Өнеркәсіпті жабдықтау:

Шығу желілері

14

50

700

2,8

19,6

(АГЗУ)

3077

9

21539

14,3

3960

Жинау желілері

27

48

1296

2,8

36,3

Эл.тасымалдау желілері

6

18

108

4,3

4,6

ЦППН

12308

3

36924

12,5

4616

Мұнай дайындау объектілері:

2 буын зауыттары

163900

Зауытты кеңейту үшін басқа да шығындар

10900

Барлығы:

235367

6973849