- •Мазмұны
- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Коррозияның алғы шарттары
- •Сурет 1.1 - Металдардың коррозияға ұшырауы
- •Кен орындарының геологиялық сипаттамасы
- •1.3 Кен орындары туралы жалпы мағлұмат
- •1.4 Стратиграфия
- •1.1 Кесте - Стратиграфиялық объектілер мен аумағы бойынша мұнай кендерінің қалыңдығының сипаттамасы
- •Перм жүйесі – р.
- •1.5 Тектоника
- •1.2 Сурет - Теңіздің геологиялық моделі
- •Сурет - Теңіз карбонатты платформасының және оның қапталдарының сейсмографиялық сұлбасы
- •1.2 Кесте - Керннің лабораториялық зерттеу мәліметтері бойынша өткізгіштік үлестірімінің статистикалық қатары
- •1.3 Кесте - Теңіз кен орнының мұнай қасиеттері
- •1.7 Сулылығы
- •2 Тәжірибелік бөлім
- •2.1 Әдіс-тәсілдердің негізделуі
- •2.2 Жабдықты таңдау және құрастыру
- •2.1 Сурет - Кен орнын өңдеу кезінде суландыру әдісі арқылы қабаттық
- •2.3 Негізгі көрсеткіштердің технлогиялық және құрылымдық есебі
- •2.3.1 Вертикальді гравитациялық сепараторды есептеу
- •2.3.2 Электродегидраторды есептеу
- •2.2 Сурет - эг200-10 горизонтальді электродегидраторы
- •2.3.3 Ингибитордың тұтыну көлемі
- •2.4 Технологиялық шешімі
- •2.1 Кесте - снпх-6301 «кз» сипаттамасы
- •2.2 Кесте - снпх-6301 «кз» Физикалық және химиялық қасиеттері
- •3 Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және техника қауіпсіздігі
- •3.1 Теңіз кен орнындағы еңбекті қорғау
- •3.2 Қосымша жабдықтармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •3.3 Атмосфераны ластаушы ретінде кәсіпорынның сипаттамасы
- •3.5 Өңдеу объектілерінің қолданыстағы атмосфера қабатының ластануына қосқан үлесін бағалау
- •3.1 Кесте - Зиянды заттардың максимальді концентрациясы
- •3.5.1 Судың қазіргі жай-күйі
- •3.1 Сурет - Теңіз кен орнындағы судың құрамы, мг/л.
- •3.5.2 Топырақ пен жер қыртысының қазіргі жағдайы
- •3.6 Жер ресурстарын қорғау
- •3.7 Санитариялық-қорғаныш аймағының шекараларын анықтау
- •3.9 Коррозия ингибиторымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 «Тенгизшевройл» бк ұйымдастырушылық сипаттамасы
- •4.1 Сурет - Компанияның ұйымдасқан құрылымы.
- •4.2 Кәсіпорынның негізгі қорларының және айналым құралдарының сипаттамасы
- •4.3 Кәсіпорынның капиталдық және ағымдағы шығындары, мұнай дайындаудағы капиталдық шығындар
- •Кесте - Өндіріс шығындарын төмендетудің сипаттау әдістемесі
- •4.4 Енгізілген жабдықтардың немесе іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы
- •4.5 Өндірістің тиімділігін және техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу
- •4.6 Берілген бағдарламаны орындау үшін қажетт жабдықтар санының есебі
- •Энергетикалық шығындар есебі
- •Жалақыны есептеу
- •4.3 Кесте - Еңбекақы төлеу есебінің жиынтық кестесі
- •Коррозиядан қорғау үшін кететін шығындар «Теңізде» қолданылатын коррозиядан қорғау ингибиторы үшін 1 литрге 980тг жұмсалады:
- •4.3 Кесте - Енгізгенге дейінгі негізгі техникаэкономикалық көрсеткіштер
- •4.7 Ұсынылатын іс-шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
- •Коррозиядан қорғауға кеткен шығындар
- •4.5 Кесте - Енгізгеннен кейінгі негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.7 Сулылығы
1-2 метр тереңдікте орналасқан лас сулар 116-196 г/л минерализацияға ие. Магний хлоридті су типі, 10 мг/ л дейінгі мөлшерде йод пен бромнан тұрады. Альбсеноман горизонт суы 107-125 г/л минералдан тұрады, олардың деңгейі жер бетіндегі белгіден төмен орналасқан. Кальций хлоридті су типі осы горизонтта орналасқан су алмасудың қиындығының жабық жағдайын көрсетеді. Йод мөлшері 4-5 мг/л, бром мөлшері 230-304 мг/л. Жыныстардың тұзүсті кешенінің тереңірек горизонтының 2700-ден 3500 м дейінгі тереңдікте орналасқан сулары (бор, юра және пермотриастық) көрші аудандардың аналогы бойынша (Кеңқияқ, Боранқұл) кальций-хлоридті және магний хлоридті типті жоғары минералдануын (230-260 г/л) күтуге болады.
Йод құрамы 4-5 мг/л, бромның құрамы 230-304 мг/л. Жыныстардың тұзүсті кешенінің тереңірек горизонтының 2700-ден 3500 м дейінгі тереңдікте орналасқан сулары (бор, юра және пермотриастық) көрші аудандардың аналогы бойынша (Кеңқияқ, Боранқұл) кальций-хлоридті және магний хлоридті типті жоғары минералдануын күтуге болады. Т-9 және Т-14 ұңғымаларындағы ашылған және сыналған ерте линзалар жоғары, тауға жақын, қабаттық қысымға ие: Т-9 ұңғымасында 3559 м тереңдікте қысым 7,5 МПа құраған. Тұзды судың тығыздығы 232 кг/м3 , тұз мөлшері 320-327 г/л. Олардың құрамы көбіне кальци хлориті және натрий хлоридті [4].
Йод құрамы 38-44 мг/л, хром құрамы 52-800 мг/л. Сынамаларда күкірттісутектің болғаны байқалды, бірақ арнайы сынама алынбады, сондықтан сан мөлшерін беру мүмкін емес. Тұзасты палеозойлық шөгінділерде Қаратон аумағы аналогы бойынша белгілі бір мөлшердегі күкіртті сутек және көмір қышқылы бар көмірсутегі газымен қанықтырылған минералдылығы 230 г/л дейін болатын кальций-хлоридті және магний хлоридті типті жоғары минералды сулар кездесуі мүмкін. Бірақ Астрахань кен онындағы тас көмірлі шөгінділерінде орнатылған минералдылығы 60-тан 100 г/л және йод пен бромның төменгі концентрациясы әр түрлі типтегі тұщыландырылған суы бар кендермен түйісу мүмкіндігі де бар.
700 м тереңдіктен басталатын тұзүсті кешенінің жерасты суларындағы йод пен бромның концентрациясы және кунгур тұзды шөгінділерінің әртүрлі линзаларында өнеркәсіпке сай келеді, бірақ оларды бөліп алу тиімділігін бағалау мүмкін емес, себебі сулы горизонт өнімділігі туралы ешқандай мәлімет жоқ.
2 Тәжірибелік бөлім
2.1 Әдіс-тәсілдердің негізделуі
Металдардың коррозиясы – сыртқы ортаның физика-химиялық әсерінен металдың бұзылуы, сондай-ақ, металл тотығу (иондалған) күйге көшуі және өзіне тән қасиеттерінен айырылуы. Коррозия процессін механизмі бойынша екі негізгі коррозия типіне бөлуге болады: химиялық және электрохимиялық. Химиялық коррозия деп фазалық шекарасында электрохимиялық (электродты) процестердің туындауынан болмайтын металдың жоғарғы қабатының қоршаған ортамен байланысын айтуға болады. Химиялық коррозия механизмі ауаның атом немесе иондарының қарсы диффузиясынан коррозия өнімдері қабатының біртіндеп қалыңдауынан металдың атомдары мен иондарының реактивті диффузиясымен қарастырылады. Бұл процесс ионды кристалдардағы электр өткізгіштік процессіне аналогты ионды-электронды механизмге ие. Химиялық коррозияға мысал ретінде металдың жоғарғы қабатындағы ылғал конденсацияланбағанда металдың сұйық электролиттермен емес немесе құрғақ газдармен өзара әрекеті, сондай-ақ, металдың сұйық металл балқымаларымен әрекеті болып табылады. Химиялық коррозиядың маңызды түрлерінің бірі металдың жоғары температурада кислородпен және т.б. газ тектес белсенді ортадағы (H2S, SO, галогендер, су буы, CO2 және т.б.) әрекеттесуі болып табылады.
Электрохимиялық коррозия жалпы реакциялық әрекеттер белгілі бір мөлшерде өздігінен болатын электродты процесстерде электрохимиялық кинетика заңы бойынша жүріп, келесідей бөлінеді: а) Анодты процесс – металдағы электрондардың эквивалентті санын сақтай отырып, металдың иондар күйінде ерітіндіге көшуі (сулы ерітінділер, әдетте, гидратталған); б) Катодты процесс – деполяризатор арқылы металдағы пайда болған артық электрондардың ассимиляциясы [13].
Мұнай шығаратын кәсіпорындарда жер бетіндегі жабдықтар мен өткізгіш құбырлардың ішкі коррозиялық мәселесі қатаң тұр, жер астындағы мен жер бетіндегі жабдықтар мұнай кәсіпшілігінің сұйықтықтарымен бірдей байланысса да ұңғымалардың жер астындағы жабдықтарының коррозия мәселесі өзекті емес. Алғашқы көзқарастағы мұндай парадокстың себебі: жер бетіндегі жабдықтардың қолданыстағы уақыты жер астындағыға қарағанда он есе көбірек, және ол негізінен коррозияға байланысты істен шығады. Ал жер асты жабдықтары әдетте эксплутациядағы алғашқы жылда-ақ әдетте коррозияның болмашы себептерінің кесірінен «істен шығады». Бірақ біршама жағдайларының топтасуынан коррозия себептерінен істен шығуы басқа да себептер бойынша істен шығуынан асып түседі.
Коррозия сипатына және оның өту жағдайына байланысты қорғаудың әр түрлі әдістері қолданылады. Кез-келген әдісін таңдау осы нақты жағдайдың, сондай-ақ, экономикалық пайдалылығының тиімділігімен анықталады.
Қоспалау
Металдардың коррозиясын төмендететін қатаң қорғауға жатқызылуы мүмкін емес әдіс бар. Бұл әдіс қоспалау деп аталатын қоспа алу әдісі.
Қазіргі уақытта темірге никель, хром, кобальт және т.б. қоспаларды қосу арқылы тот баспайтын болаттың үлкен саны жасалған. Мұндай болаттарды шынында тот баспайды, бірақ баяу жылдамдықпен жүретін олардың жоғарғы беттік тотығуы болады. Қоспаланатын қоспаларды қолдану барысында коррозиялық тұрақтылығы секірмелі түрде өзгеріп отыратыны байқалды. Темірдің коррозияға тұрақтылығының күрт артуы қоспаға атомның 1/8 бөлігін қосқанда байқалатын Тамман ережесі деп аталатын ереже қолданылады, яғни қоспаның бір атомы темірдің сегіз атомына теңеседі. Атомдардың мұндай қатынасында коррозияға кедергі болатын қатты ерітіндінің кристалды торындағы олардың реттелген орналасуы жүзеге асырылады.
Қорғаныс қабықшасы
Металды коррозиядан қорғаудың ең көп таралған әдістерінің бірі олардың бетінде қорғаныс қабықшасын қондыру: лакты, бояуды, эмальды және басқа да металдарды. Лак-бояу қаптамасы адамдар арасында кең қолжетімді. Лак және бояу төменгі газ және су буы өткізгіштігінің, су жұқпайтын қасиеттеріне ие, сондықтан да олар атмосферада қамтылған металл, оттегі және коррозиялық компоненттердің су бетіне кіруді болдырмайды. Металдың жоғарғы қабатын лак-бояу қабатымен сырлау коррозияны мүлдем болдырмайды дегені емес, тек ол үшін бөгет болады, яғни коррозия процессін тежейді. Атап айтқанда, бетін жабу сапасы – қабаттың қалыңдығына, кеуектілігіне, бір қалыптылығына, өткізгіштігіне, суда ісінуіне, ілінісу беріктігіне (адгезия) тәуелді. Қаптама сапасы жоғарғы қабатының мұқият дайындығына және қорғаныс қабатының жағылу әдісіні тәуелді. Тотқақ пен тотықтық боялатын металдың жорағы қабатынан алынып тасталуы қажет. Әйтпесе, олар металдың жоғарғы бетіне жақсы адгезия жасауда бөгет болуы мүмкін. Қаптаманың төменгі сапасы жоғары кеуектілікпен жиі байланысты болады. Ол жиі еріткіштің булануы нәтижесінде және қалыпты құрылымның бұзылуы (қабат ескіргенде), қатып қалған өнімдерін алып тастау кезінде қорғаныс қабатын қалыптастыруда туындайды. Сондықтан да әдетте бір ғана қалың қабат емес, бірнеше жұқа қабат жағу ұсынылады. Көптеген жағдайда жабынның қалыңдығын арттыру металлдың қорғаныс қабатының адгезиясының әлсіреуіне алып келеді. Үлкен зиянды ауа қуысы, көпіршіктер келтіреді [14].
Кейде лак-бояулы жабынның сумен дымқылдануын төмендету үшін өз кезегінде балауыз құрамдас немесе кремний органикалық қосылыстармен қорғайды. Лактар және бояулар атмосфералық коррозиядан қорғау үшін өте әсерлі. Көп жағдайларда олар жерасты жабдықтар мен конструкцияларды қорғауда жарамсыз, себебі, топырақпен байланысқанда қорғаныс қабатының механикалық зақымдануының алдын алу қиын. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағдайларда лак-бояулы қаптамалардың қызмет уақыты көп емес. Таскөмірлі шайырдан жасалған (битум) қалың қабатты қаптамаларды қолдану әлдеқайда тиімді.
Кейбір жағдайларда бояу пигменттері коррозия баяулатқышының (ингибитор) да рөлін атқарады (баяулатқыш туралы кейінірек айтылады). Мұндай пигменттер қатарына стронций, қорғасын және мырыш хроматы (SrCrO4, PbCrO4, ZnCrO4) жатады.
Бетін тегістеу және фосфаттау
Лак-бояу қабатының астынан жиі бетін тегістейді (грунтовка). Оның құрамына кіретін пигменттер баяулатқыштық қасиетіне де ие болу керек. Тегістеу қабатынан өткен соң су пигменттің біраз мөлшерін ерітіп жібереді және баяу коррозионды белсенді болып келеді. Тегістеу үшін ұсынылатын пигменттер арасында қорғасында қызыл бояу (Pb3О4) ең тиімді болып танылған.
Кейде тегістеу орнына металл бетін фосфаттау жүргізіледі. Бұл үшін таза жоғарғы бетіне қылқалам немесе бүріккішпен ортофосфор қышқылынан тұратын H3PO темірдің (ІІІ), марганецтің (ІІ) немесе мырыштың ортофосфат ерітіндісін жағады. Заводтарда фосфаттау үшін 30-90 минутта 99-97°С жағдайында жасайды. Фосфатты қаптама жасауда фосфатты қоспаларда еритін және оның бетіндегі оксидтері қалатын қаптама жасайды.
Болат бұйымдардың жоғарғы қабатын фосфаттау үшін бірнеше әртүрлі препараттар жасап шығарылған. Олардың көпшілігі марганец және темір фосфатты қоспаларынан тұрады. Кең таралған препараттардың бірі – марганецтің Mn(H2РО4)2, темірдің железа Fe(H2РО4)2 дигидрофосфат қоспасы «мажеф» және еркін фосфор қышқылы болып табылады. Препарат атауы қоспа компоненттерінің алғашқы әріптерінен тұрады. Мажеф сыртқы бейнесі бойынша – бұл марганец пен темірдің арасындағы қатынастан 10:1-дан 15:1 дейін тұратын ақ түсті ұсақ кристаллды ұнтақ. Ол 46-52% P2О5 – ден; 14% Mn кем емес; 0,3-3% Fe –ден тұрады. Мажефпен фосфаттауда болат бұйымдар шамамен жүз градусқа дейін қыздырылған оның ерітіндісінде болады. Ерітіндіде сутек бөлініп шығып, темірдің беткі қабатымен еру жүзеге асырылады, ал бетінде тығыз, берік және суда аз еритін марганецтің және сұр-қара түсті темірдің қорғаныс қабаты пайда болады. Белгілі бір шамадағы қабат қалыңдығы қалыптасқанда темірдің ары қарай еруі тоқтайды. Фосфат қабықшасы бұйымның жоғарғы қабатын атмосфералық жауын-шашыннан қорғайды, бірақ тұз ерітінділерінен және тіпті әлсіз қышқыл ертітінділерінен әсері өте аз. Осылайша, фосфатты қабықша органикалық қорғайтын және сәнік қабаттарды – лакты, бояуды, шайырды жүйелі түрде жаққан соң тек грунт ретінде ғана қызмет ете алады. Фосфаттау процессі 40-60 минутқа созылады. Оны жылдамдату үшін ерітіндіге 50-70 г/л мырыш нитратын қосады. Бұл жағдайда уақыт 10-12 рет қысқарады [15].
Электрохимиялық қорғау
Өндісу барысында, сондай-ақ, электрохимиялық әдісті – ток тығыздығы 4 А/дм және кернеу 20 В болғанда және температура 60-70°С жағдайында мырыш фосфат ерітіндісінде айнымалы токпен бұйымды өңдеуді қолданады. Фосфатты қабат өзінде металл фосфатының жоғарғы қабатына тығыз тізбектелген торды көрсетеді. Фосфатты қабат өз алдына сенімді коррозиядан қорғауды қамтамасыз ете алмайды. Көбіне оларды металлға бояудың жақсы жұғуын қамтамасыз ету үшін бояудың астынан негіз ретінде қолданады. Одан бөлек, фосфатты қабат сызат немесе басқа да дефекттер болғанда коррозиялық бұзылуды азайтады.
Силикатты жабын
Металды коррозиядан қорғау үшін шыны тәрізді және фарфорлы эмальдарды қолданады, жылу кеңейтілімінің коэффициенті жабындалатын металға жақын болуы керек. Эмальдауды бұйымның бетіне сулы суспензия немесе құрғақ бүрку арқылы жасайды. Алдымен тазартылған бетке грунтталған қабатты жағады және оны пеште күйдіреді. Ары қарай жабу эмалін жағады және қайта күйдіреді. Шыны тәрізді эмальдің ең көп таралғаны – мөлдір немесе сөндірілген. Олардың компоненттері SiO2 (негізгі масса), B2О3, Na2О, PbO болып табылады. Одан бөлек, косымша материалдарды қосады: эмальданған, бәсеңдеткіш, бояғыштар арқылы жасалған бетпен эмальді жұқтыратын органикалық қоспалардың тотықтырғышы. Эмальданатын материалды бастапқы компоненттердің балқуы, ұнтақталуы және 6-10% саз қосу арқылы алады. Эмальды жабынды негізінен болатқа, сондай-ақ, шойынға, мысқа, жезге және алюминийға жағады.
Эмальдар тіпті ұзақ байланыстан кейін де суды және ауаны (газдарды) өткізбейтін жоғары қорғау қасиеттеріне ие. Олардың маңызды қасиеті жоғары температурадағы жоғары тұрақтылығы болып табылады. Эмальді жабындардың негізгі кемшіліктеріне механикалық және термиялық әсерлілігі жатады. Эмальді жабынның жоғарғы бетін ұзақ қолдану барысында тотығу бастау алатын металдың ылғал және ауаға қолжетімділігін қамтамасыз ететін жарықты тор пайда болады.
Цементті жабын
Шойынды және болатты су құбырларын тотығудан қорғау үшін цементті жабынды қолданады. Портландцементтің және болаттың жылу кеңейтілім коэффициенті қанша жақын болса, онда ол осы мақсатта сонша кеңінен қолданылады. Портландцементтік жабынның кемшілігі эмаль сияқты – механикалық соққыға жоғары сезімталдық.
Металл жабыны
Металды коррозиядан қорғаудың кең таралған әдістерінің бірі оларды басқа металл қабатымен жабындау болып табылады. Металл жабыны өздігінен төмен жылдамдықта жеміріледі, себебі, оксидті қабатпен тығыз жабылады. Жабын қабатын әр түрлі әдіспен жағады:
ыстықтай жабу – балқытылған металлды ваннаға қысқамерзімге батыру;
гальваникалық жабын – су ерітінділерінен электролиттердің электр шөгуі;
металлдану – тозаңдану;
диффузиялық жабын арнайы барабанда жоғары температурада ұнтақпен өңдеу;
Газфазалық реакция көмегімен, мысалы:
3CrCl2 + 2Fe =10000С 2FeCl3 + 3Cr (темірмен балқытылуы).
Металл жабынын жағудың басқа да әдістері бар.
Мысалы, диффузиялық әдістің әртүрлілігі бұйымды жағылатын металл ерітілген кальций хлорид балқымасына батыру.
Өндірісте бұйымға металдық жабынды химиялық жағу кеңінен қолданылады. Химиялық металдау процессі катализді немесе автокатализді болып табылады, ал катализатор бұйымның жоғарғы беті болады. Қолданылатын ерітінді жағылатын металл және қалпына келтіргішті біріктіруден тұрады. Катализатор бұйымның жоғарғы беті болғандықтан металдың бөлінуі ерітіндіде емес, бұйымда болады. Қазіргі уақытта металл бұйымдардың никельмен, кобальтпен, темірмен, палладиймен, платинамен, мыспен, алтынмен, күміспен, родиймен, рутениймен және осы металдар құрамындағы кейбір қоспалармен химиялық жабын әдістері өңделген. Қалпына келтіргіш ретінде гипофосфит және натрий боргидриді, формальдегид, гидразин қолданады. Химиялық никельдеуді кез-келген металлға қорғаныс қабаты ретінде жаға алмаймыз.
Ингибиторлар
Ингибиторларды қолдану – әр түрлі агрессивті ортадағы металдың коррозиясымен күресудің ең тиімді әдістерінің бірі. Ингибиторлар – бұл аз мөлшерде химилық процесстерді баяулататын немесе оларды тоқтататын зат. Ингибитор атауы латынның «inhibere» сөзінен келіп, тоқтату, тежеу деген мағына береді. 1980 жылғы мәліметтер бойынша ғылымдағы атақты ингибиторлар саны бес мыңнан асқан. Ингибиторлар халық шаруашылығында едәуір үнемділік береді.
Металдардағы баяулатқыш әрекеті бәрінен бұрын болатқа коррозия тудыратын органикалық және органикалық емес заттардың қатарын көрсетеді. Ингибиторлар металдың жоғарғы бетінде металды тотығудан қорғайтын өте жұқа қабатты түзу қасиетіне ие.
Келесі ингибиторлар жиі қолданылады: натрий нитриті, мысалы, тоңазытатын тұзды ерітінділерге, фосфаттарға және натрий силикатына, натрий бихроматына, әртүрлі органикалық аминдерге, бензил сульфоокисіне, крахмалға, танинге және т.б. қосылатын ингибиторлар. Уақыт келе ингибиторлар жойылып кететіндіктен олар аргессивті ортаға периодты түрде қосылып отыру керек. Агрессивті ортаға қосылатын ингибитор саны көп емес. Мысалы, натрий нитритін суға 0,01-0,05% мөлшерде қосады.
Ингибиторлар ортаның қышқылдығына немесе сілтілігіне байланысты таңдалады. Мысалы, ингибитор ретінде жиі қолданылатын натрий нитриті негізінен сілтілі ортада қолданылады және тіпті әлсіз қышқыл ортасында да әсерлі болмай қалады.
Ұңғыманың өнімін жинау жүйесі РД 39-0148311-605-86 «Мұнай шығаратын аудандардағы жиын, транспорт және мұнай, газды және суд дайындаудың жүйеленген технологиялық сұлбасы» талаптарына сай келуі және былай жүзеге асырылуы керек:
әр ұңғымадан мұнай мен газдың дебит өлшемі;
бірқұбырлы транспорт;
процесстің толық тұмшалылығы;
қабаттық қысымның максимальді қолданалуы.
Көрсетілген талаптарды орындау объект жиынтығының эксплутациясының қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етеді, және ең бастысы табиғи ортаның сақталуын қамтамасыз етеді.
Мұнай дайындау кезіндегі жүйелілікті тікелей анықтайтын және операцияның технологиялық параметрлерінің фракциялық және компонентті құрамы мұнай алу дайындығының параметрлерін анықтайтын өте маңызды факторлардың бірі физика-химиялық қасиеттері болып табылады. Одан бөлек, өнімділіктің қуаттылығын анықтайтын және осы объектілердің құрылысын ұлғайту нәтижесінде ұңғыма өнімдерін алу динамикасын ескеру керек.
Қышқыл орта ингибиторы (қышқылдық коррозия)
Қышқылдық коррозия ингибиторы деп олардың қышқылдардағы не қышқыл ортасындағы аз концентрациясы кезінде коррозиялық жемірілудің жылдамдығы белгілі мөлшерде азайтатын затты айтамыз. Концентрация 5 г/л жуық болуы керек. Қышқылды ортаның ингибиторы ретінде органикалық (кейде органикалық емес) бірігуді қолданады. Мұндай ингибиторлар өңдеуде жиі қолданады, мысалы, металл бетінен тотқақты алып тастау кезінде. Қышқылды орта ингибиторлары ортағасырларда белгілі болған. Ол кездері қару жасаушы ұсталар өңдеу жұмыстары үшін ерітіндіге ашықты, ұн, кебеу және кейбір басқа да заттарды қосқан. Сол уақытта өңдеуді болаттан тотқақты шешу үшін қолданды. Ұн, ашытқы, кебек ингибитор ретінде қызмет еткен [16].
Егер өңдеу барысында металлдың тотығуын төмендететін ешқандай қосымша қоспа қолданбаса, онда көптеген бұйымдарға жарамайтын оның шығыны 5 % дейін болды.
Қышқылды коррозия ингибиторлары: ХОСП-10, И-2В, ПА-6, ПБ-8, КИ-1, ИК-40, КПИ-3, И-1-А, ИК-45, катапин, С-5, ЧМ, ПКУ, КХ, ТДА, ХОД, пеназолин және т.б.
Қышқылды коррозия ингибиторлары анодты, катодты немесе екі электродты процесстің поляризациялануының арту есебінен металлдың бұзылуын тоқтататын процесс.
H2SO4 ортасындағы мырыш, темір, болат, алюминий үшін катион типті ингибитор өте тиімді(катапин К, КПИ-9, КПИ-1, КПИ-7). Анионды тип бұл жағдайда тиімсіз.
Қорғасын, кадмий, қалайы үшін катионды ингибиторлар қолданылмайды.
Қышқылды коррозияның ең тиімді ингибиторлары құрамына оттегі, күкірт, азот кіретін бірігулер болып табылады.
Газ және мұнай өнеркәсібіне арналған коррозия ингибиторлары
Мұнайдағы әр түрлі қоспалардың, ерітілген күкіртті сутектің болуы, оны өте агрессивті коррозиялық орта етеді. Баяулатуды мұнай алуда, сақтауда, қайта өңдеудің барлық кезеңдерінде қолданады. Мұндайда бір ғана заттек қолданылады. Баяулататын қоспалардың көбі металдың жоғарғы қабатында қабықша түзеді, оны гидрофобизациялайды. Сонымен қатар, мұнайға парафин түзетін, антикөпірткіш, антитұтатушы ингибиторлар қосылады. Металды күкіртті сутек коррозиясынан қорғау үшін (газ және мұнай өнеркәсібі) аминді негізді баяулатқыш қоспалар ұсынылады.
Газ және мұнай өнеркәсібіндегі көп таралған баяулатқыш қоспалар: ИФХАНгаз типі, сульфанол П, АМДОР-ИК, Олазол-Т2П, Корексит-6350, ИСА-148, Сепакор 5478, Додиген 4482-1, т.б.
Мұнайды қайта өңдеуде құрылым материалы ретінде көміртекті және төмен қоспаланған болат қолданылады, көп металл қажет болғанда және аппаратура габариттерін қолдану жоғары қоспаланған болат және түсті металдар мен қорытпалар экономикалық ұғыммен шектеледі.
Мұнайды қайта өңдеу кәсіпорнының жабдықтарын бақылауда коррозиялық процесстер бірқатар өіне тән ерекшеліктерге ие. Тотығудың өзіне тән формалары бір мезетте, бір немесе бірнеше әрекет ететін факторларға әсер етуі мүмкін:
тотығу жылдамдығын арттыратын температурадан бөлек кристаларалық бұзылудың туындауына әкеп соғатын жоғары температура;
агрессивті электролиттердің түзілуіне әкеп соғатын (әр түрлі қышқыл мен тұз ерітінділері) катализаторлардың периодты регенерациясы үшін және жабдықтарды кокстан тазалау үшін су буы мен ауаны қолдану;
кавитациялық құбылыстармен және тотығу-эорзиялық бұзылуларға алып келетін сұйықтықтар мен өлшенген қатты бөліктердің (катализаторлардың) ауыстырылуы;
дәнекерленген тігістердің, механикалық жүктемелердің болуы (әдетте циклдік сипаттағы),жоғарғы ішкі кернеуді тудыратын әртекті металлдардың қолданылуы, және нәтижесінде болат тотығу кернеу астында болады;
жалпы (біртегіс), питтингті және ойықты коррозияға алып келетін хлорлы және күкіртті қосылыстардың су буымен бірігуінің болуы;
әр түрлі формадағы жалпы және жергілікті коррозиялық бұзылуды тудартын әр түрлі реагенттердің (сілті, қышқыл,фенол және т.б.) қолданылуы;
жергілікті бұзылуға алып келетін аппараттардың және өткізгіш құбырлардың кокстануы;
питтингті және ойықты коррозиялық бұзылуды туындататын жоғары агрессивті айналма суын қолдану;
жоғары температурада сутекті тотығуға алып келетін жоғары құрамды бос сутекті газды ортаның болуы.
