Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-n_1201_s_1179_a__1178_az_tarikhy_docx-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3.Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші жүздер) орналасу аумақтарын картаға белгілеңіз.

Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдрияның орта ағысы.

Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы –Орталық, Шығыс Солтүстік Қазақстан, Сырдың орта ағысы аймағы.

Кіші жүз қазақтарының жері -бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр.

Жүздердің шығуы туралы деректер:Жүздердің шыққан уақыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.

Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, «Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай одақтар құрған»

Н.А.Аристовтың ойынша «жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан»

В.В.Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды» -деп септейді.

11 –билет

  1. Қарлұқ қағанаты.(Территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы туралы деректер).

  2. Ұлы Отан Соғысынан кейінгі жылдардағы мәдениет, ғылым және ондағы келеңсіз жағдайлар. Е.Бекмаханов, М.Әуезов, Қ.Сәтпаевтің тағдырларын талдаңыз.

  3. Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығы неде?

Жауабы :

  1. Қарлұқ қағанаты.(Территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы туралы деректер).

Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендейтіні хабарланады. VІІ ғасырдың басында Қытайдың «Таншу» әулетінің хроникасында қарлұқтардың түрік тілдес тайпалардың бір тармағы екендігі, олардың құрамында бұлақ, жікіл, ташлық деген тайпалардың бар екендігі көрсетілген.

Араб тарихшысы әл - Марвазидің хабарына қарағанда, қарлұқтардың құрамында 9 тайпа: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін және тухси кірген. Сондай - ақ лазана мен фаракия рулары да аталған.

«Күлтегін» жазуындағы «Қарлұқтарды қырып, басып алдық» деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түрік қағанатының құрамында да болғандығын білдіреді. Шамасы осы жеңістен кейін қарлұқтардың бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды. Қарлұқтардың Жетісуға жылжудағы және бір себебі Ұйғыр қағанатынан жеңілуі еді.

Қарлұқ тайпаларының негізгі жерлері: Алтай тауынан – Балқаш көліне дейінгі аралық.

Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан ірі тайпалар одағы – қарлұқтар.

756 жылы Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайын пайдаланып, билікті өз қолдарына алып, өздерінің мемлекетін құрды.

Астанасы: Қағанаттың орталығы - Суяб қаласы.

Екінші астанасы – Баласағұн

Қағанаттың саяси жағдайы.

766 - 775 жылдары Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтеді. Әл - Марвази өзінің еңбегінде: «Қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз – оғыздарға құл болды», - деп жазады.

Қарлұқтардың ұйғыр қағанатымен күресі: ІХ ғасырдың басында өздерінің шығыстағы жауы Ұйғыр қанатынан жеңіліс табады. Оларға қарсы күрес 20 жылға созылған. Қарлұқтар қырғыздармен біріге отырып, 840 жылы Ұйғыр қағанатын тас - талқан етіп жеңеді.

Қарлұқтардың саманилермен күресі: Самани әулеті мұсылман дінінің шекарасын кеңейту сылтауымен «ғазауат соғыс» жариялап, Испиджабты басып алады. Қала билеушісі Саманилер сарайына алым - салық төлеп тұруды мойнына алады. Саманилер Тараз қаласын басып алып, қалада мешіт салдырады. Тараз қаласы жартылай вассалдық тәуелділікте болады. Ал қаланың билеушісі болып отырған Оғұлшақ қаған уақытша Қашғар қаласына кетуге мәжбүр болған. Қарлұқ қағанатының көпшілік ақсүйек – шонжарлары екінші астана – Баласағұн қаласында тұрды.

Қарлұқтардың арабтармен күресі: Қарлұқтардың арабтарға қарсы соғысы екі ғасырға жуық мерзімге созылған. Бұл мезгілді екі үлкен кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1) Қарлұқтардың 712 - 713 ж. ж Соғды, Шаш, ферғаналықтармен бірігіп жүргізген күрес кезеңі. Бұл кезең қарлұқтардың 756 ж билікті өз қолдарына алған кезге дейін созылады.

2) Қарлұқтар күресі ҮІІІ ғ екінші жартысынан ІХ ғ аяғына дейін қарлұқтар жеңіліске ұшырады. Себебі бұл кезде арабтар ислам дінін идеялық қару ретінде қолданды.

Қағандықтың әлсіреуі.

Қағанатты ішкі талас - тартыстар мен билік үшін күрес әлсіретеді.

Қарлұқтардың қиын жағдайын пайдаланып, Қашқардың түрік билеушілері 940 жылы Баласағұн қаласын басып алып қарлұқ қағанатын талқандайды.

Шаруашылығы. Қағанаттың шаруашылығының дамуы негізінен екі бағытта жүргендігін байқауға болады.