Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-n_1201_s_1179_a__1178_az_tarikhy_docx-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Жауабы:

1. Түргеш қағанаты (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы).

Түргеш қағанаты - дулу тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этникалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш қағанаты екіге бөлініп кетеді. Біреуінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сұлу. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш", ал Сұлуға бағынған халықты - "қара түргеш" деп атаған.)

Түргештер Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Шежіре деректерінде "сары үйсін" деп аталады.Түргештер Іле мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке мал шаруашылығына қолайлы, құнарлы өріс-қоныс болды. Сонымен қатар отырықшы егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары бар бай өлке еді. Шығыс пен батыс арасындағы сауда-керуен жолының осы өңірді басып өтетін басты бөлігі түркештердің бақылауында болды. Бұл жағдай түркештердің әскери-саяси және шарушылық қуатын арттыра түсті.

Түргеш қағанатында Үшліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сұлу қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер үш майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті, солтүстікте Шығыс Түркі Қағанаты күш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сұлу шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сұлу қағанды

арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды.

2. Қазақстандағы экологиялық проблемалардың негізгі себептері.

Табиғи пайдалы қазбалардың аса мол қорлары бар, бірақ табиғат қорғаудың құқықтық базасы жоқ, қндірістің төменгі мәдениетінің жағдайында Қазақстан аумағы ғылым мн техника жетістіктері тегеурінінің алдында қорғансыз болып шықты. Экономиканың дамуы, жаңа кен орындарын игеру, жаңа елді мекендер салу табиғи ресурстарды көп мөлшерде қажет етті. Ұзақ уақыт бойы республикадағы табиғи байлық сарқылмайтындай көрініп, ол экстенсивті жолменигерілді. Тек 80-жылдардың екінші жартысында ғана Қазақстанның экологиялық жағдайын сауықтыру мен оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалануға бетбұрыс жасалды. Алайда Қазақстандағы табиғатты қорғаудың іс-тәжірбиесі өте қанағаттанғысыз жағдайда еді. Жауапсыз шаруашылық қызметтің нәтижесінде топырақ эрозиясы республикадағы 5 млн гектардан аста жыртылатын жерді қамтыды.

Республикада химикаттар мен тыңайтқыштарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде су қоймаларының ластану оқиғалары да кең орын алды. Су мен ауаның ластануы адам денсаулығы үшін қте қауіпті, экологиялық тепе-теңдікті бұзатын, ең көп тараған проблемаға айналды. Республикада Семей полигонымен қатар аумағы жағынан кем түспейтін басқа да сынақ алаңдары салынды. Капустин Яр, Азғыр, Сарышаған полигондарында бірнеше мәрте жер асты ядролық жарылыстары жасалынды. Бұл сынақтар аймақтың экологиялық жағдайын одан әрі асқындырды.

Арал теңізінің тартылуына байланысты Арал апаты қалыптасты. Аралмен бір мезгілде табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде Балқаш проблемасы да қалыптасты. Балқаш алабын тиімсіз пайдаланудан 1970-1985 жылдары көлге құятын өзендер суыны көлемі азайып кетті. Металлургия кәсіпорындары өндіріс қалдықтарының әсерінен көлде ауыр металдар мен күкірт оксидтерінің мөлшері артты.