Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3,6 билет.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33 Кб
Скачать
☆

1.Сүтқоректілердің шығу тегі, экологиясы.Сүтқоректілердің биоценоздық және шаруашылықтық маңызы,қорғау.Үй жануарлары және олардың тегі.

Сүтқоректілердің биологиялық прогресінің тікелей дәлелдемесі олардың географиялық және биотоптық тұрғыдан кең таралғандығы.Горизонтальдық бағытта олар жер шарының барлық аудандарында кездеседі.Сондай-ақ тік бағыттада сүтқоректілер өте кең таралған.Қоршаған ортаның көптеген экологиялық жағдайлары сүтқоректілердің тіршілігіне,таралуына жанама әсер етеді.Мысалы,оңтүстік Америкалық нутрианы акклиматизация жасағанда қыста мұз қатпайтын жерлерге әкеледі.Сол сияқты көртышқанда топырағы қыста қататын аудандарға таралмаған.Керісінше ақ қоян температурасы әр түрлі болатын жерлерде де кездеседі және температурасының алпыс бес градусқа дейін ауытқуларына төзе береді.Ортаның ылғалдық жағдайы сүтқоректілердің тіршілігіне тікелей әсер болмағанымен жанама ықпалы тиеді.Көптеген сүтқоректілер жердің топырақ жабындысы мен бедеріне үлкен талап қояды.Мысалы,ескек саусақты қосаяқ құнды топырақты,ал үлкен қосаяқ сазды қатты жерлерді жақсы көреді.Қорытып айтқанда сүтқоректілердің таралуы орта жағдайларына тығыз байланысты және олардың бейімделуі жоғарғы жүйке әрекетіне байланысты.Алғашқы кезеңдерде сүтқоректілер жердің бетін,кейбіреулері ағашты мекендеген.Кейін бейімдік эвалюцияның нәтиежесінде мынадай экологиялық топтар қалыптасты:жер бетілік аңдар,жер астын мекендейтіндер,су аңдары,ұшатын аңдар.Қоректенуі. Сүтқоректілердің көп түрлі болуына және кең таралуына қоректік заттарының алуан түрлі болуы және оларды қабылдау әдістерінің кеңдігі әсер еткен. Азықтық заттарының сипаттарына қарай сүтқоректілерді бірнеше топтарға біріктіреді: плотоядтар өсімдікқоректілер. Плотоядтарды бунақденелілер және басқа да ұсақ омыртқасыздармен қоректенетіндер және жыртқыштар деп бөледі. Бунақденелілермен қоректенетіндерге кірпілер, жертесерлер, тенректер, кроттар, кейбір қалталылар, құмырсқажегіштер, ящерлер, түтіктістілер, ехидналар жатады.Ал жыртқыштарға- жыртқыш аңдар, ескекаяқтылар, кейбір киттер т.б. айтуға болады. Өсімдікқоректі аңдарда көп түрлі. Оларға- көптеген маймылдар, жартылай маймылдар, жалқаулыр, кемірушілер, тұяқтылар, қалталылар, кейбір жарқанаттар, сирендер т.б. Көбеюі және өніп-өсуі. Барлық сүтқоректілерді көбею ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлуге болады.

1.Іштей ұрықтанған жұмыртқа туатындар- ехидна, проехидна.

2.Шала жетілген тірі бала туатындар- барлық қалталылар.

3.Жетілген бала туатындар-сүтқоректілердің 90%.

Сүтқоректілердің жылдық тіршілік желісі бірнеше фазалардан тұрады.Көбеюге дайындық-жыныс бездерінде жыныс өнімдерінің жетілуіне байланысты.Моногамды сүтқоректілер жұп, ал полигамдылар гарем түзеді.Балаларын тірі туу кезеңі-бұл кезде тіпті миграция жасайтын түрлері де тұрақтайды, туу аудандары қорғалады, ал туу орындары арнайы белгіленеді, жас особьтарын туғаннан кейін сүтпен асырайды.Қысқы дайындық-сүтқоректілер арасында түлеу және қарқынды қоректенумен сипатталады.Сүтқоректілердің арасында кең тараған құбылыстың бірі- ұйқы. Ұйқыға жататындарға: біртесіктілер, қалталылар, бунақденеқоректілер, қолқанаттылар, толық емес тістілер, жыртқыштар және кемірушілер отрядтарының өкілдері. Тереңдігіне қарай ұйқының үш типі бар: Қысқы ұйқы немесе факультативтік ұйқы кәдімгі ұйқы. Кәдімгі, үзілмейтін маусымдық ұйқы. Өзіндік жұмыстар кезінде әрқайсысын толық талдау қажет. Жабайы сүтқоректілер кәсіптік мақсатта еті, терісі және дәрілік шикізат алу үшін ауланады. Аңшылық кәсіпшілік әрқашан мемлекет және қоғам тарапынан бақыланып және қадағаланып отырылады. Терісі құнды аңдар ретінде 15-20 түрі ауланады. Оларға тиымдар, ондатралар, песецтер, су тышқаны, қояндар, түлкі, аққалақ т.б. жатады. Біздің ғасырларымызда сүтқоректілердің 120-дан астам түрлерінің жойылғандығын ғалымдар дәлелдеп отыр. Мысалы кемірушілерден 23-24 түр, тақтұяқтылардан-2 түр,жұптұяқтылардан-4 түр, бунақденеқоректілерден-10 түр, қалталылардан-16 түр, сирендерден-1 түр жойылған. Бұл түрлердің жойылуындағы негізгі себептер: табиғи-25% антропогендік, соның ішінде аңшылық жолмен-33%, жыртқыштарды жерсіндіру арқылы-17%, әртүрлі жануарларды жерсіндіру арқылы-6%, биотоптардың бұзылуы нәтижесінде-19%. Жануар түрлерінің одан әрі жойылу қаупінің туындауына байланысты табиғатты қорғаудың Халықаралық ұйымы 1966 жылы Халықаралық қызыл кітап ашып оған жойылған және жойылу қаупі төніп тұрған жануарларды тіркеп отыр. Бұл кітапқа қазірдің өзінде құстар мен сүтқоректілерден 365-тей түрлер тіркелген. Бұндай Қызыл кітаптар қазіргі ТМД мемлекеттерінде, соның ішінде Қазақстанда бар. Оның соңғысы басылымға 1996 жылы дайындалды. Жойылу қаупі төніп тұрған, саны азайған түрлері көп, оларды қызыл кітапқа тіркеп, қорғау шаралары біздің среспубликадада тиісті дәрежесінде жүргізіліп келеді. Сүтқоректілерді қолға үйрету және үйсіндіру өте ерте уақыттан басталып, қазірге дейін жалғасып келеді. Адам көптеген сүтқоректілерді шаруашылықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай қолға үйретті. Ол жануарларды қолдан әр түрлі жағдайларға үйретіп, сұрыптап өзіне пайдалы сорттары мен тұқымдарын шығарып алды. ТМД елдерінің көпшілігінде бұлғын, норка, песеп, түлкі, нутрия және шиншилл сияқты аңдар арнайы фермаларда қолдан өсіріп, селекциялық әдіспен әр түрлі түсті тұқымдары шығарылуда.Мысалы түсті норкалар: көкшіл, ақ, сұр т.б. Өткен ғасырдың екінші жартысынан Алтайдан Сібірге және Қиыр Шығысқа қоныс аударған орыстар маралды және дақты бұғыны қолға үйретуді бастады. Солтүстік бұғыда қолға үйретіле басталғанына бірқатар жылдар болды. Үй түйелерінің қолға үйретілген уақыты біздің эрамызға дейін болған. Мүйізді ірі қараның шығу тарихы ұзақ және күрделі. Олардың көпшілігінің шыққан тегі тур- Bos primigenius. Оның қолға үйретіле басталған уақыты біздің эрамыздан 8мың жыл бұрын. Гаур- үй гаялының тегі болған. Үй буйволы үнділік жабайы буйволдан шыққан, ол Үндістан да таралған. Үй шошқасы жабайы қабаннан таралған. Жылқының тегі пржевальски жылқысы. Бұдан 15мың жыл бұрын ит қолға үйретілген. Оның жабайы тегі кәдімгі қасқыр болғандығы белгілі. Сүтқоректілерді қолға үйрету процесі әлі тоқталған жоқ. Жануарларды қолға үйрету, үйсіндіру және жаңа тұқымдарын шығару қазіргі уақытта актуальдық мәселе, оны дұрыс шешудің теориялық және іс жүзінде үлкен маңызы бар.