Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эндокриндік жүйе.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Гипоталамус-гипофиздік жүйе[өңдеу]

Толық мақалалары: Гипоталамус және Гипофиз

Гипоталамус — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессингормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.

Гипофиз және Эпифиз

Гипофиз — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы

Қалқанша без[өңдеу]

Толық мақаласы: Қалқанша без

Қалқанша без — мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездіңтироксин (тетрайодтиронин, Т4) деп аталады. Сонымен қатар кальцитонин және трийодтиронин (Т3). Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.

Қалқанша маңы бездері[өңдеу]

Толық мақаласы: Қалқанша маңы безі

Қалқанша маңы бездері — қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратгормон бөледі. Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейді. Кальция алмасудың реттелуі паратгормонның және D дәруменінің қатысуымен болады. D дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейді.

1-типті ҚД  

β-жасушалы  ұйқы бездерінің деструкциясы, әдетте абсолютті инсулинді жетіспеушілігіне әкеп соғады.

2-типті ҚД

Инсулинді резистенттілік көрінісіндегі инсулин секрециясының бұзылуы

ҚД-нің басқа да спецификалық типтері

- β-жасушасы функциясының генетикалық ақаулары; - инсулин әрекеттерінің генетикалық ақаулары; - ұйқы бездерінің экзокринді бөлігінің аурулары; - дәрілік препараттармен немесе химиялық заттармен индуцирленген (АИТВ/ЖИТС емдегенде немесе ағзаларды транспланттаудан кейін); - эндокринопатия; - инфекциялар; - ҚД-мен бірлескен басқа да генетикалық белгілер.

Гестациялы ҚД

жүктілік кезінде байқалады

Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі диагностикалық тексерулер: •        гликемияны анықтау аш қарынға және астан кейін 2 сағаттан соң (глюкометрмен); •        несептегі кетонды денелерді анықтау.   Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер: •        ИФА–анықтама ICA – аралшық  жасушаларға антиденелер, GAD65 – глутаминді қышқыл декарбоксилазасына антиденелер, IA-2, IA-2 β – тирозин-фосфатазға антиденелер, IAA –инсулинге антиденелер; •        Иммунохемилюминесценция әдісімен қан құрамындағы сарысудың C-пептидін анықтау; •        ИФА – анықтама ТТГ, еркін Т4, ТПО және ТГ антиденелер; •        НМГ (1-қосымшаға сәйкес); •        қан құрамындағы кетондық денелерді анықтау; •        гликозилирленген гемоглобинді анықтау (HbAlc); •        іш қуысындағы ағзалардың, қалқанша безінің УДЗ-сы; •        кеуде қуысының ағзаларының ФГ-сы (R-графия көрсетуі бойынша).   Жоспарлы госпитальдауға жіберу кезінде жүргізуге қажетті тексерудің ең қысқа тізімі: •        гликемияны анықтау аш қарынға және таңғы астан кейін 2 сағаттан соң, түскі ас алдында және одан кейін 2 сағаттан соң, кешкі ас алдында және одан кейін 2 сағаттан соң,  22 –00 сағатта және түңгі сағат 03-те  (глюкометрмен); •        несептегі кетонды денелер анықтау. •        ЖҚТ; •        ЖНТ; •        ЭКГ;   Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:  •        гликемиялық бейін: аш қарынға және таңғы астан кейін 2 сағаттан соң, түскі ас алдында және түскі астан 2 сағаттан кейін, кешкі ас алдында және кешкі астан 2 сағаттан соң, 22.00-де және түнгі 3.00-де •        қанның биохимиялық талдауы: жалпы ақуызды, билирубинді, АСТ, АЛТ, креатининді, жалпы холестеринді және оның фракцияларсын, триглицеридтерді, натрийді, калийін, СКФ есебін анықтау; •        жалпы қан талдау •        жалпы несеп талдауы •        несептің альбумин-креатининді коэффициентін анықтау.