- •Эндокриндік жүйе[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Эндокриндік жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Гормондар[өңдеу]
- •Ішкі секреция бездері[өңдеу]
- •Гипоталамус-гипофиздік жүйе[өңдеу]
- •Қалқанша без[өңдеу]
- •Қалқанша маңы бездері[өңдеу]
- •Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:.
- •Дифференциалды диагноз
- •Емдеу тактикасы
- •Диабет: түрлері, белгілері, асқынулар
- •2 Типті диабет дамыту үшін тәуекел факторы
- •Қант диабетінің белгілері
- •2 Типті диабет белгілері
- •Гестациялық диабет
- •Гипертиреоз
- •4.2. Бүйрек үсті безі ауруларымен сырқаттанған науқастарды зерттеу әдістері
- •4.2.1. Физикалық зерттеу әдістері
- •4.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері
- •4.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері
- •4.3. Бүйрек үсті безі ауруларының жіктемесі
4.2. Бүйрек үсті безі ауруларымен сырқаттанған науқастарды зерттеу әдістері
4.2.1. Физикалық зерттеу әдістері
Анамнез және физикалық зерттеу мәліметтерінің бүйрек үсті безінің патологияларында үлкен диагностикалық маңызы бар. Сырқаттардың басым көпшілігінде клиникалық көріністері айқын болады (Аддисон ауруы, Кушинг ауруы), сондықтан науқасты әрі қарай зерттеу тек диагнозды растайды. Бүйрек үсті безі патологиясының спецификалық зерттеу әдістері болмайды.
4.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері
Кортикостероидтар деңгейінің біршама тұрақсыздығы, қан сарысуында жартылай өмір сүру кезеңінің қысқалығы, кортикостероидтар секрециясының көп деңгейлі реттеу жүйесінің күрделілігі, бүйрек үсті безі қыртысын зертханалық диагностикалауда бірқатар функционалдық сынақтарды қолдануға себеп болады (4.1 кесте). Бірақ, бірқатар жағдайларда динамикалық сынақтардан басқа қан сарысуындағы кортизол деңгейін бір рет қана анықтаудың ақпараттылығы өте төмен.
4.1 кесте.Бүйрек үсті безі гормондары өндірілуі бұзылысының диагностикасы
Гормон |
Артық болуы |
Жетіспеуі |
Кортизол |
Үлкен және кіші дексаметазон сынақтары |
АКТГ-мен сынақ, инсулинді гипогликемиямен сынақ |
Альдостерон |
Альдостерон мен рениннің базальды деңгейі, ортостатикалық (марштық) сынақ |
Альдостерон мен рениннің базальды деңгейі |
Бүйрек үсті безі андрогендері |
ДЭА (ДАЭ-С), 17-гидроксипрогестеоның базальды деңгейі, АКТГ-мен сынақ |
Клиникалық маңыздылығы жоқ |
Катехоламиндер |
Қан мен несепте метанефриндер, несеппен ванилилминдаль қышқылының экскрециясы |
Клиникалық маңыздылығы жоқ |
Егер кортикостероидтар мен катехоламиндер in vitro тұрақты қосылыстар болса, ал АКТГ және ренин қанның формалық элементтерін гемолиздеуші ферменттері әсерінен жылдам ыдырауға ұшырайды. Жоғарыда аталған гормондар деңгейі жөнінде нақты мәлімет алу үшін науқастан қан алғанда, оны антикоагулянты бар түтікке жинап, кейін жылдам плазмадан бөлу қажет.
Гормональды зерттеу әдістерінен басқа электролиттер деңгейін зерттеу диагностика үшін өте маңызды. Себебі, гиперкортизолизм мен гиперальдостеронизмге гипокалиемия және гипернатриемия, ал гипокортицизмге — гиперкалиемия мен гипонатриемия тән. Гемолиздің қанда калий деңгейін жоғарылатуға септігін тигізетінін естен шығармаған жөн.
4.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері
Бүйрек үсті безін визуализациялау үшін КТ және МРТ қолданылады. Бүйрек үсті безі ауруларын диагностикалауда аталған екі аспаптық зерттеу әдісінің ақпараттылығы бірдей. КТ-нің артықшылығы- бағасының арзандылығында. Бүйрек үсті безінің жоғары полюсі томографиялық кесіндіде XI-XII кеуде омыртқасына сәйкес келеді, жиі төменгі қуыс көктамырының артында үлкен емес жолақ ретінде көрінеді. Оның сол жағында диафрагманыңы оң жақ аяқшасы мен қолқаның құрсақтық бөлімінің диафрагмаішілік бөлігі жатыр. Оң жағында бауырдың оң жақ бөлігі орналасқан. Сол жақ бүйрек үсті безі «Y» әріпі немесе үшбұрыш пішіні түрінде көрініп, сол жақ бүйректің жоғарғы полюсінен медиальды, алға қарай орналасады. Сол жақ бүйрек үсті безінің алдында, ұйқыбезі құйрығының артында көкбауыр артериясы жатыр. КТ мен МРТ кезінде бүйрек үсті безінің қыртысты және милы заты ажыратылмайды. Екі әдіс те бүйрек үсті безінің көлемін, онда дамыған патологиялық түзілістерді анықтауға, олардың көлемі мен пішінін бағалауға мүмкіндік береді (4.6 және 4.7сурет).
Ең бірінші бүйрек үсті безінің визуализациясы гиперкортицизммен сипатталатын ауруларға қажет. Бүйрек үсті безінің қатерлі ісіктерінің дамуына күмән туғанда, бүйрек үсті безінің көрші тіндермен қарым-қатынасын бағалауға мүмкіндік беретін МРТ зерттеу әдісін жүргізген орынды. УДЗ барысында диаметрі 3 см болатын ірі ісіктерден басқа жағдайда, бүйрек үсті безі нашар визуализацияланады.
4.6 сурет.Қалыпты жағдайдағы бүйрек үсті безінің компьютерлі томограммасы
Феохромоцитоманың топикалық диагностикасында аса маңызды ақпаратты 123I-метайодбензилгуанидинмен (13II-МЙБГ) сцинтиграфия береді. Біріншілік гиперальдостеронизмнің диагностикасында бірқатар жағдайларда зақымдануды латерализациялау мақсатында бүйрек үсті безі көктамырынан селективті қан алумен ангиографиялық зерттеу жүргізу қажет.
4.7 сурет Правая почка- Оң жақ бүрек Левая ножка диафрагмы- Диафрагманың сол аяқшасы Аорта- Қолқа |
4.7 сурет.Бүйрек үсті безінің компьютерлік немесе магнитті-резонансті томограммасының сызбалық кескіні
