Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жалпы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
312 Кб
Скачать
☆

2. Қазақстандағы мелиорациялық жер топырақ қорларын талдау

ҚР-ның жер көлемі 271,6 млн га. Ауыл шаруашылығында 222,6 млн га пайдаланылады. Оның ішінде 26,2 млн га (11,8 %) егістік, 5,0 млн га (2,2 %) шабындық және шамамен 185 млн га (83 %) жайылымдық жерлер. Шамамен 6 млн га аумақ жарамсыз жерлер болып 100 мың га-дан көп жерде көп жылдық ағаштар отырғызылған.

Қазақстанның кең жазықты алқабының (республиканың 93 %) солтүстігінен оңтүстігіне қарай Еуразияның қоңыржай белдеуінің оңтүстігіне қарай Орта Азиялық шөлдердің сортаң топырақтарымен барлық топырақты зоналары сәйкес келеді. Олар келесі зоналар: орманның сұр топырағы, қарапайым және оңтүстіктің қара топырағы, қара қоңыр, қоңыр және ашық қоңыр топырақтар, қоңыр, сұр-қоңыр және шөлдің тақыр тәрізді топырағы, сондай-ақ шөлдің құмды топырақтарының үлкен көлемді болуы және тау бөктері жазықтарының сұр топырақтары.

Ө.Оспанов атындағы топырақтану Институтының мәліметтері бойынша қарапайым және оңтүстіктің қара топырақты, қара- қоңыр және қоңыр топырақты зоналар жазықты аумақтардың 77 млн га-дан (жалпы аумақтың 28 %) аса бөлігін алып жатыр, ал жартылай шөлдерде ашық қоңыр топырақ, шөлдерде сұр топырақ және тақыртәрізді топырақтар, шөлді-далалы тау бөктерінде сұр топырақтың – 174,8 млн га 60 %-дан көп.

Республикада қауіпті эрозияық жерлердің жалпы көлемі 50 млн га-дан асып жығылады, оның 17,7 млн га егістік жерлер. Топырақ эрозиясы тау бөктерінде және оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс Қазақстан аумақтарының тау аудандарында ирригациялы (жер суландыру) және жазықты шайылу, сайлар, мүжіліп құлаған және жайылымдық дигрессия (шегіну) күйінде айқын байқалады.

Қазақстандағы қауіпті дефляциялы жерлер 77 млн га-ды құрайды. Сонымен қатар, дефляция далалық зонаның егістік топырағының 12 млн га аумағына қауіп төндіріп отыр. 50 ж. ірі көлемде егістікке тартылған құрғақ далалы зона топырақтары (Павлодардың Ертіс маңы, Каспий маңы ойпаты, Орал маңы шоқысы, Солтүстік-Торғай жазығы)үгілуге көбірек ұшыраған. Мелиорация жұмыстарының кең көлемде жүргізілуі әсерінен мелиорацияға мұқтаж территорияларды нақты есептеу қажеттілігі туындады. Осы себеппен «мелиорациялық қор» түсінігі пайда болды. Оны бірінші рет 1951 ж А. Н. Костяков жүргізді. Оның пікірінше мелирациялық қор тек табиғи шарттармен ғана анықталмай, өндіріс күшінің даму деңгейімен де байланысты және осы өндірістің өсуіне қарай ол да көтеріліп отырады.

В. М. Боровскийдің (1978) биоклиматтық, гидрогеологиялық және топырақты-галогеохимиялық өлшем бағалары және табиғи иерархиясы бойынша қабылданған кешенде мелиорациялық ауданның таксономиялық бірлік жүйесі жасалынған. Оның ең маңыздылары келесілер:

1. Ылғал, жылу және қажетілігінше суландыратын су сияқты табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесі бойынша жіктелетін мелиоративті зоналар.

2. Топырақ құрамы мен тұздық сыйымдылығын, тұздылыққа қарсы және басқа да агромелиорациялық іс-шаралардағы мелиорация жүргізу кезеңінің игерілуін анықтайтын қасиеті кешені бөлінетін мелиративті жер топырақтары.

Қазақстан территориясында әрқайсысының суару режимі және ирригация әдісі бар үш мелиорациялық зона жіктелген.

А. Қара топырақты шабындық және орманның сұр топырағы, қарапайым қара топырақты және оңтүстіктің қара топырақты зоналары. Ауылшаруашылығы мәдениетін дамыту барысында яғни қиын-қыстау кезеңдерде топырақтың және атмосфераның ылғалының жетістпеуішілігін толтыру үшін топыраққа қосымша суландыру жүргізу керек. Суландыру кестесі мобильді болып, климаттық ауа райы жағдайларының вегетациялық кезең мерзіміне тәуелді болуы қажет. Бұл – суландыру жүйесінің тәсілдерін және су шығынын шығармауды қамтамасыз ететін су жіберудің жетілдірілген әдістерін алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Суландыруды жаңбырлатып жүргізуге кеңес беріледі.

Б. Сұр және орташа қоңыр топырақтар зонасы. Зонаны суландыру жұмысында қатаң түрдегі кестенің болуы міндетті. Бұл негізінен атмосфералық жауын-шашынның жылдық кезеңіне және вегетациялық мерзімге тәуелді болып келеді. Ауылшаруашылығы мәдениетін дамыту барысында суландыру жүейсін қиын-қыстау кезеңдермен ұштастыру қажет. Алдыңғы зонадағы сияқты ылғал шығынын шығармауды қамтамасыз ететін ирригацияның жетілдірілген әдістерін жақсартып, қолданған жөн.

В. Жартылай шөл, солтүстік және орта шөлді және тау етегінің шөлді-далалы белдеуінің ашық- қоңыр, қоңыр, сұр-қоңыр және сұр топырақты зоналары жиі суландыратын территория түріне жатады. Мұндағы суландыру кестесі суландыру өлшемі үшін жалпы қабылданған топырақтың ылғалдылық динамикасы есебі арқылы анықталуы керек.

Мелиоративті аудандар мен мелиоративті топ жерлерін территориялық талдау түйінін толық анықтау барысында олар сегіз мелиоративті санат жерлеріне, ал бір бөлігі мелиоративтік мерзімінің жалғасуы бойынша топтарға бөлінген (2-кесте).

1-санат. Мелиоративті іс-шараларды қажет етпейтін жерлер. Оларға сортаң емес және тұздалмаған әрі топырақ профилі жақсы дамыған және тау алды, тау баурайы белдеуінің топырақтарын интенсивті дренаждау (құрғату) жағдайында қалыптасатын топырақтар жатады. Суландыру кезінде сортаңдану, батпақтану болмайды. Сол себепті бұл ландшафттар мелиоративті іс-шараларды қажет етпейді.

2-санат. Жеңіл игерілетін және жеңіл мелиорацияланатын жерлер. Зоналық автоморфты және жартылай гидромофрты тұздалмаған және сортаң емес топырақтар. Олардың профилі жақсы дамыған, кейбір жерлерде сортаңдығы 10 %-ға жетеді.

3-санат. Орташа мелиорацияланатын игеру мерзімі әртүрлі жерлер. Игеру мерзіміне қарай олар үш мелиоративтік топтарға жіктеледі:

а) – сортаң емес және тұздалмаған профилі жартылай дамыған, кейбір жерлерде сортаңдығы 10 %-ға жетеді. Игеру дренаж жүйесінде өтуі керек

б) – жеңіл игерілетін (игерілу мерзімі 1 жыл), автоморфты және жартылай гидроморфты карбонатты, сортаңды топырақтар. Ащылығы 30% немесе сортаңдылығы 10 %-ға жетеді. Игеру дренаж жүйесінде өткізіліп, шағын мөлшерде гипс қосылып, жеңіл шайылуы керек.

в) – жеңіл орташа игеріледі (игерілу мерзімі 3 жыл). Бұл топ зональді автоморфты топырақты сортаңдылығы 50%-дық, тұздылығы сормен 30%-дық, сорлармен 30%-дық кешенін қамтиды. Мелиоративті игеру гипсті орта мөлшерде қосып, дренаж күйінде шайылуы керек.

4-санат. Қиын және өте қиын мелиорацияланатын жерлер. 6 топты қамтиды:

а) – жердің бұл тобына шартты түрде енгізіліп, биік жазықтардың ауыр грунттармен араласқан қара және қоңыр карбонатты топырақты болып келеді.

б) – игерілу мерзімі 2 ж. дейін. Зональді автоморфты және жартылай гидроморфты карбонатты және сортаңды топырақтар. Кешеннің кейбір жерлерінде сортаңдылығы 30% немесе сор 10%-ды құрайды.

в) – игерілу мерзімі 3 жыл және одан да көп. Зональді сортаң топырақты болып, сортаңдылығы 30% немесе сорлар 10%-ды құрайды. ИГеру барысында аз мөлшерде гипс қосу керек.

5-санат. Суаруды дамыту үшін таңдалған қолайлы жерлер. Зональді топырағы толық дамымаған және кейбір жерлерде қатты жыныстар шығып жатыр.

6-санат. Жайылымдық жерлер. Топырақты мелиорациялау зерттеу жұмыстары кіші масштабты болғандықтан, мелиоративті топтарға сараланбаған.

7-санат. Заманауи деңгейде және техниканы игеруде суландыруға ұсынылмайтын жерлер. Сортаңдарды, сорларды және уыттарды қамтитын біртектес алқапты немесе топырақ жамылғысының негізгі қорын құрап жатыр.

8-санат. Суландыруға жарамсыз жерлер. Фрагментті нашар дамыған тау топырағы. Шығу тегін ірі тік мұздықтар, құлама жарлар, шөгінді жыныстар, эолдық адырлы-бұдырлы жүйектер қамтиды.

Осылайша мелиорация іс-шараларын қажет етпейтін және аз мөлшерде ғана қажет ететін жер көлемі 9,5 млн га-ды, ал іс-шаралар өткізуді талап ететін орта қиындықтағы жерлердің көлемі – 16,1 млн га алып жатыр. Ирригациялық игеруді бірінші ретте қажет ететін жер аумағы 25,6 млн га-ды қамтиды. Барлығын алғанда қиын игерілетін және перспективалы мелиоративті қорды қосқандағы сан 84,7 млн га-ға тең. Дегенмен, «Гидрожоспар» бойынша республиканың барлық ішкі су ресурстарын Қазақстандағы басқа қажеттіліктерді де қамтып есептегенде бар болғаны 5,4 млн га аумақты суаруға болады.