- •1.Мелорация туралы жалпы түсінік
- •2. Қазақстандағы мелиорациялық жер топырақ қорларын талдау
- •3.Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың негізгі әдістері
- •4. Ауыл шаруашылығындағы мелиорацияның жіктелуін талдау
- •Ауыл шаруашылығы үшін мелиорацияның классивикациялануы: (а.М.Шульгин, 1980)
- •5. Мелиорация түрлерінің жіктелуі және оның құрылымын талдау
- •6. Мелиорация түрлерін в.Г. Гриневский мен п.Т. Шищенконың жіктеулерін атап көрсету
- •7. Мелиорацияның таксономиялықбірліктерінталдау.
- •8.А. М. Шульгиннің ұсынған ауыл шаруашылығындағы мелиорацияның жіктелуін көрсету
- •9. М.И. Заславский ұсынған мелиорация шараларын талдау
- •10. Қазақстанның сортаңданған жерлерін зерттеу жұмыстарының бағыттарын атап көрсету
- •11.Сортаң жерлерді игерудің әдісі мен технологиясына сипаттама
- •13.Суармалы жерлердің негізгі артықшылықтарын талдау.
- •14. «Суару режимі», «суару мөлшері» туралы түсініктер
- •15.Құмдақты алқапты-кеңістіктердің мелиорацияға сипаттама.
- •16. Су мелиорациясының негіздемелері, іс-шараларының әдістері мен техникасы
- •17. Су мелиорациясының маңызын айқындау
- •18. Судың жер бетінде кездесетін процестерге әсері және халық шаруашылығында атқаратын рөлін таңдау
- •19. Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелеріне сипаттама
- •20. Дефляция ұғымын талдау
- •21. Қазақстан аумағындағы каналдар жүйесіне сипаттама
- •22.Рекультивация түрлеріне сипаттама
- •23.Көксарай су реттегіші және оның қолданбалы маңызы
- •24.Топырақ мериорациясына сипаттама
- •25. Бүлінген жерді қалпына келтіру
- •26. Жерді мелиорациялаудың экологиялық және техникалық негіздері
- •27.Топырақты қорғау, құнарлылығын сақтау шаралары.
- •28. Минералды, органикалық т.Б. Тыңайтқыштар және сидерация ұғымына сипаттама
- •30. Фитомелиорация олардың түрлері, негіздемелері, іс-шаралараның әдістерін атап көрсету
- •31. Радиоактивтік элементтердің топырақта таралуы.
- •32.А.И.Воейков бойынша климатқа әсер етуші табиғат факторларын айқындау.
- •33. Топырақ сапалылығы және жерді бағалау
- •Жерді бағалау
- •34. Қар мелиорациясы және оның маңызы
- •35. Қар мелиорациясының табиғи жағдайларын талдау
- •36. Қар мелиорациясының топырақтың климатына әсері
- •37. Эрозияға ұшыраған топырақтардың мелиорациясы, олардың пайда болу себептері және олармен күрес әдістері.
- •38.Рекультивация түрлеріне сипаттама.
- •41.Тмд елдері және Қазақстандағы мелиоративтік географияның қалыптасуы және даму тарихына сипаттама.
- •42. Егіншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан сақтау.
- •43. Қазақстандағы агрохимиялық зерттеу жұмыстарының негіздемелерін атап көрсету.
- •44. Егіншіліктің терістік облыстардағы парлы-астықты жүйесін талдау.
- •45. Ауыл шаруашылығында химиялық тыңайтқыштарды қолдану.
- •46. Климаттық мелиорацияға сипаттама.
- •47. Жерді мелиорациялаудың экологиялық және техникалық негіздері
- •48. Климат мелиорациясының әдіс-тәсілдері
- •49.Климаттық мелиорацияның маңызы және алғы шарттары.
- •50. Химиялық мелиорацияға сипаттама.
- •51.Мелиорацияның қоршаған табиғи ортаға әсері.
- •52.Бөгендер су мелиорациясының құралы
- •53. Академик в.М. Боровский ұсынған ирригациялық шаруашылық жұмыстарының негізгі мелиоративтк бірінші алқабына сипаттама
- •55. Академик в.М. Боровский ұсынған ирригациялық шаруашылық жұмыстарының негізгі мелиоративтк үшінші алқабына сипаттама
- •56. Фитомелиорация жүргізудің маңызы және қажеттілігі.
- •57. Эрозияға қарсы іс-шаралар
- •58.Мәдени техникалық мелиорацияға сипаттама
- •59. Табиғи-мелиоративтік мониторингті талдау
- •60.Жылжымалы құмдарда фитомелиорация жұмыстарын жүзеге асыру, мысал келтіру
59. Табиғи-мелиоративтік мониторингті талдау
Антропогендік өзгерістерді көрсету үшін адамзат әсерінен биосферадағы өзгерістерді арнайы бақылауды ұйымдастыру қажеттілігі туындады.Кеңістіктегі қоршаған орта элементтерін бақылау және белгілі мақсаттарына сәйкес бұрынырақ дайындалған бағдарламаларды жинақтап «Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі (ТР және ҚОМБМЖ)» деген атау берілді.
Қоршаған орта жағдайын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды тиімділігін арттыруына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің №885 27 маусым 2001ж «Табиғи ресурстардың және қоршаған орта моторингінің мемлекеттік бірыңғай жүйесін жүргізу және ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қаулысы қабылданған.Оның мақсаты ұйымдастырушылық және шаруашылықтық шешімдерді қабылдау үшін ақпаратпен қамтамсыз ету және табиғи ресурстарды пайдалануды бақылау, халықты қоршаған орта жағдайы туралы және қоршаған ортаның адамзат денсаулығына тигізетін кері әсерлері туралы ақпараттандыру.
1974 жылы қоршаған орта мониторингінің глобальды жүйесінің негізгі жағдайлары және мақсаттары ашып көрсетілді.Ол табиғи ортаның жағдайында өзгерістерді ескерту, ластанумен байланысты, адам денсаулығына келетін қауіптерді ескерту, стихиялық апаттар туралы қауіптерді ескертуге бағытталған.Кеңес дәуірі кезінде мониторингтің екі концепциясы шығарылды.
I-ші концепция Ю.А.Израэльдің [1984жылы] көмегімен дайындап шығарылды.Ол мониторингті «табиғи ортаны бақылау, бағалау және болжау» ретінде қарастырды.Қоршаған табиғи ортаның сапасын дұрыс басқару мониторинг жүйесін басқарудың негізгі шарты деп санады.Концепцияның мынадай жағдайларын атап өтті:
- қоршаған табиғи ортаның жағдайын бақылаудағы, бағалаудағы, болжаудағы мониторинг мәселелерін шектеу;
- мониторингті іс жүзіндегі бақылау қызметінің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру мониторинг арқылы шешілетін мәселелердің жинағын шектеу.
Мониторингтің II-ші концепциясы академик И.П.Герасимовтың көмегімен шығарылды.Бұл концепция қоршаған ортадағы табиғи өзгерістерді бақылау қызметін дамыту, қоршаған ортаның мониторинг жүйесін жан-жақты бақылау, болжамдық функцияларды орындау үшін ғылыми негізделген нормативтермен экожүйелік моделдерді өңдеп шығаруды қарастырады.Атап көрсетілген концепцияларды талдап табиғи ресурстар дың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне толық анықтама берілді. Концепция мониторинг жүйесін алты блокқа бөледі:
геосфералық мониторинг;
биосфералық мониторинг;
геоэкологиялық мониторинг;
биоэкологиялық мониторинг;
санитарлы-гигиеналық мониторинг;
табиғи шаруашылықтық мониторинг.
Геосфералық мониторинг-жер компоненттерін құрайтын динамика процесстерін зерттейді.
Биосфералық мониторинг- озон қабатындағы азот құрамын атмосферадағы оттегі мен көміртегінің мөлшерін сипаттайтын глобальды процесстермен құбылыстарды бақылайды.
Геоэкологиялық мониторинг-физико-географиялық және ландшафттық орта жағдайларының аймақтық ерекшеліктерін көрсетеді.Оның табиғи техникалық геожүйелерден пайда болу сипаты жер бедерінің жағдайын, гидрографиясын климаттық жағдайларын бақылауға байланысты болады.Бұл мониторингтің мақсаты:адамның өмір сүруіне қауіпсіз, әлеуметтік экологиялық жағдайда ландшафттық ортаны қорғау, қадағалау, пайдалану әдістерін өңдеу және ландшафттық ортаның өнімділігін арттыру болып табылады.
Биоэкологиялық мониторинг- тірі организмдермен қоршаған биоорта жағдайының өзгерістерін бақылау, орта факторларының нормативтер жүйесінің көмегімен орта жағдайын бағалау жүргізеді.
Санитарлы-гигиеналық мониторинг-адамның өмір сүруіне қауіпсіз санитарлы-гигиеналық жағдайын, оның тамақтануын, азық түлігін және адамзаттың генетикалық өзгерістерін бақылайды.Оның негізгі мақсаты-адам денсаулығын сақтау болып табылады.
Табиғи шаруашылықтық мониторинг-табиғи ресурстардың жағдайын(жанармай, энергетикалық, минералдық, өндірістік заттар, орман, жер, су және т.б.) мемлекеттік әкімшіліктік ведомостволар бойынша бақылайды.Мониторингтің мақсаты-қоғамның әлеуметтік экономикалық дамыту, өндірісте техникамен қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және оны есепке алуды жүргізу.
Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі- табиғи ортаны бақылаудың, бағалаудың, болжаудың ғылыми негізделген бағдарламасы бойынша қоршаған орта жағдайын және экологиялық қауіпсіздікті басқаруды қамтамасыз ету үшін орындалатын ұсыныстармен нұсқаулар кешені.Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің объектісіне мыналар жатады:
қоршаған ортаның абиотикалық объектілері;
антропогендік әсерлердің көздері;
табиғи ресурстар;
өмір сүру ортасына әсер ететін факторлар;
биота;
экосистемы және геосистемы;
Табиғи ресурстардың және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің мазмұнын келесідей мониторинг жүйелері құрайды:
гидрометеорологиялық мониторинг;
санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг;
атмосфералық ауаның жағдайы;
су объектілерінің жағдайы;
топырақтың және пайдаланудағы жерлердің жағдайы;
радиациялық мониторинг;
өсімдік және жануарлар әлемінің мониторингі;
тау экожүйелерінің мониторингі;
ластану көздерінің мониторингі;
тұрмыстық қалдықтардың мониторингі;
эндогенді және экзогенді геологиялық процесстердің мониторингі;
кен пайдалану мониторингі.
