Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жалпы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
312 Кб
Скачать
☆

46. Климаттық мелиорацияға сипаттама.

Климаттық мелиораци бұл климат қалыптастырушы метеорологиялық құбылыстарды, климаттық шарттарды өзгерту арқылы ландшафт құрылымын және қоршаған ортаны жақсарту шаралары. Климаттық мелиорация нысандарына топырақ, ауаның жер үсті қабаты, атмосфера, гидросфера, өсімдік және адам мекендеген жерлер.

Отандық климатологияның негізін салушы А.И.Воейков адамзат топырақ пен жер үсті ауаны өзгерте алатындығын дәлелдеді. Сонымен қатар, жел күші және оның бағыты, температура, ауа ылғалдылығы мен топырақ, жауын-шашын мөлшері, күннін түсуі, топырқа аэрациясы (желдетілуі), ауа құрамы да өзгеруі мүмкін.

А.И.Воейков бойынша климатқа әсер етуші адамзаттың табиғи факторларына мыналар жатады:

  1. Топырақ, құм, қар;

  2. Су;

  3. Өсімдік жамылғысы;

  4. Жер үсті.

Оның дәлелдеуі бойынша далалы жерлерде орман жолақтарын енгізу арқылы адам жел күшіне, булануға және басқа да климаттық элементтерге әсер етеді. Оның идеясы В.В.Докучаевтың далалы аудандарда құрғақшылықпен күресу үшін егін қорғайтын ағаш өсіру концециясымен ұқсас болып келеді.

А.И.Воейков ең алғаш топырақ салқындауының кемуі мен ондағы көктемгі қордың көбею процесінде қар жамылғысының маңыздылығын баса көрсетті. Климат қалыптасуында топырақтың физикалық құрамы көп маңызға ие.

Мелиорациялық климаттың теориялық және практикалық маңызы жөнінде зерттеген ғалымдар: М.И.Будыко, О.А.Дроздов, П.И.Колосков, Е.К.Федеров, В.Н.Академинко және тағы басқалары.

Көп елдердегі зерттеушілер бұлтқа әсер ету жұмыстарының барлығын бір деңгейде: зиянды құбылыстармен (тұман, жауын, найзағай, бұршақ) күрес жүргізу бағытында және бұлттардан жасанды жауын жауғызу жұмыстары үшін күш салды. Осымен қатар жасанды жауын жаудыруға байланысы жобалар мен тәжірибелер ұшпа бұлттар мен қабат бұлттарға ғана жүргізіледі.

Әртүрлі физ-географиялық аудандардағы ұшпа бұлттардың пайда болу шарттары қойылған тапсырма мен оның шешу жолдарына байланысты әдіс диапазондары кең болып келеді. Бұл әдістерді үш негізгі топқа бөлуге болады:

  1. Бұлттардың сулы негіз жағдайындағы фазалар тұрақсыздығына негізделген әдістер;

  2. Бұлтты тамшылардың шашылу жүйесіндегі коллоидтық тұрақсыздыққа негізделген әдістер;

  3. Атмосфераның термикалық тұрақтылығына негізделген әдістер;

Сонымен қатар, іс-әрекетке қатысатын заттарды негізгі бірнеше топтарға жіктеуге болады:

  1. Кристаллды реагенттер (AgJ,PbJ2,CO2, CuS, флорогюцин, метальдигид және т.б.)

  2. Гигроскопиялық реагенттер (NaCl, CaCl2 және т.б.)

  3. Жер үсті, белсенді заттар және т.б.

Бұлттарға реагент ретінде енгізілетін негізгі құралдар:

  • Жер үстіне немесе ұшақ бортына орналастырылған аэрозольді генераторлар немесе бүріккіштер;

  • Ұшақтардан бұлттарға жіберілетін пиропатрондар;

  • Артиллериялық снарядтар немесе тікұшақтар;

  • Метеопатрондар.

Қазақстанда климатқа әсер етуші алғашқы тәжірибелер ХХ ғасырдың 60-жылдары жүргізілді. Қазақстандық гидрометеорология институты 1964 Іле Алатауында апатты жауын жауудың бірнеше тәжірибелік серияларын жүргізді. Бұл кезде қуатты бұлттарға ұшақпен атқылау жұмыстары жүргізіліп, жауын тоқтады. Тәжірибе қорытындысы бойынша белсенді жұмыстар жүргізу арқылы қатта нөсерлі жауындарды тоқтатуға болатындығы дәлелденді.

Бұлттарға әсер етуден басқа климаттық мелиорацияның әдістері бар және олар қазіргі таңда ауыл шаруашылық, орман және су шаруашылығы тәжірибесінде қолданылып келеді.

Негізінен климаттық мелиорация жүргізу әдістерін негізгі төрт топқа бөлуге болады:

  1. Агротехникалық

  2. Гидротермикалық

  3. Фитомелиоративті

  4. Инженерлік-техникалық

Бұл әдістер микро және мезоклиматтық жұмыстар жүргізіге мүмкіндік береді. Микро және мезомасштабты климаттық үрдістер іс-әрекеттері В.Н.Адаменконың бастамасы болды. Бұл іс-әрекеттер жер үстінің жылу режиміне бағытталған. Негізгі 10 жол белгіденіп алынды, олар:

  1. Жер үстіне әсер етуші табиғи қысқа толқынды және ұзын толқынды радицияларды үлестіру;

  2. Жылу балансы құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтыратын жер үстіне түсетін жылудың ұлғаюын, кемуін үлестіру.

  3. Жер үсті іс-әрекеттерінің құрылу формасын өзгерту арқылы;

  4. Желді экрандар құру арқылы жел режимін өзгерту;

  5. Жауын жауу, акваториялар құру, фонтандар арқылы ылғалдандыру режимін өзгерту;

  6. Жасанды жылыту немесе грунт және ауаны суландыру;

  7. Жабындау (мульчирование)

  8. Агротехникалық әдістер;

  9. Жылыжайлар мен өсімдік өсіруге арналған парниктер құру;

  10. Суық уақытта қар жамылғысын ұлғайту немесе кеміту;

Климаттық мелиорацияның тиімділігі Қазақстан аумақтары бойынша әртүрлі және әдіс-тәсілдерді қолдану түрлері де аумақтарға байланысты өзгеше болып келеді.Ең көп климаттық тиімді әдіске су мелиорациясын қолдану жатады. Мысалы, Қазақстанның шөл зонасында суландыру әдісі арқылы ауа температурасы 4-6 C градусқа, ал ылғалдың жетіспеушілігі -15-29 ммге, топырақтың жоғарғы қабатындағы температура 2-4-C-тен 6-10

C-қа төмендейді. Климаттық әдістердің барлығының да тиімді жақтары бар.