Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын тренинг улкен шрифт.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

2. Топтың тұрақты құрамы қағидасының мазмұнын ашыңыз

Егер тренингтік топ жабық болып тұрақты құрам болып, жаңа адамдар қосылып отырмаса, онда топта топ мүшелерінің ашылуына әсер ететін ерекше процестер пайда

болады, тренингтік топ өнімдітүрде жұмыс істейді.

Топтың қалыптасу принципі туралы сұрақтар аса маңызды болып табылады.

Жұмысқа қатысу үшін ең қолайлы жас 16 мен 40 жас деп есептеген. Оның құрамына жасөспірімдерді де қосуға болады. Бірақ бұл үшін жүргізушітренингтен кейінгі психологиялық көмек пен жүріс-тұрысына коррекция жасау мақсатында қатысушылармен контакт жасауға мүмкіндігі болуы керек. Мектепте практик-психолог ретінде жұмыс істеп жүрген педагог мұндай

мүміншілікке ие. Гетерогендік принципін ескерсек, яғни жынысына, жыныстық деңгейіне байланысты топтастыру, ал тренинг мектептен тыс жүргізілсе, онда жасы мен мамандығына байланыстыру топтастыру. Өзіндік тренингпен алғаш рет айналысушыға кішкентай топпен /10-12адам/ жұмыс істеген қолайлы.

Белгілі бір тәжірибе жинақтаған соң қатысушылар санын 30-40 адамға дейін көбейтуге болады.

3. Хат жазу терапиясының мазмұнын ашыңыз

«Хат жазу» жаттығуы.

Тренинг кезеңдері/ жоспарланған уақыт: Негізгі кезең, 10 минут

Ресурстар: Ақ парақ, қаламсап.

Мақсаты: Ішкі мәселелерді зерттеу және түзету.

Жүргізілуі: Қатысушылар шеңбер болып отырады. Тренердің нұсқау береді: сезіміңізді толық білдіре алмаған адамды еске түсіріңіз. Қандай сезіміңіз бар? Енді сол адамға хат жазып, сезіміңізді, айта алмай жүрген сөзіңізді, ойларыңызды жазыңыз. Ол үшін көзіңізді жұмып, сезімді (қуаныш, реніш, уайым, ыза, ашу) еске түсіріңіз.

Енді «Қымбатты» немесе есімін жазып хатты жалғастырыңыз. Ішіңізде сақтаған бар сырыңызды төгіп, салып жазыңыз, іште ештеңе қалмасын, барлығын жазыңыз. Өзіңізге шектеу қоймаңыз, есесіне жеңілдеп, жадырап қаласыз. Қатысушы ұстаздардың эмоциясы талқыланады.

Билет № ___3

1. Тренингті ұйымдастыру кезеңдеріне тоқталыңыз

Психологиялық тренингтің ең маңызды мәселесі - өзінің жек даралық қасиеттері арқылы тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне білуге үйренуі қажет. Тренингтердің жағымды нәтижелі болуына жаттықтырушыға бірнеше талаптар қойылады:

- қоршаған жағдай туралы мағлұмат;

- қатысушылар саны қаншалықты үлкен;

- бөлме көлемі қандай;

- бөлме жаңғырығы, акустикасы қатысушыларға түгелдей естіледі ме;

- жаттығудың негізгі құрылымы қандай;

- қандай оқу құралдары қолданылмайды;

- жаттықтырушы бөлменің қай бұрышында тұрады;

- плакат, тезис, резюмелер қолданылады ма;

- орындықтар қалай орналасқан;

- бөлмеде сағат бөлу қажет пе;

Психологтың қолайлы нәтиже алу мен ықпал ету қабілетін орнату үшін жүргізілетін тренингтің жалпы мақсаты төмендегі міндеттерді шешеді:

- білімдерді толық меңгеру;

- жаңаны үйрену мен тапсырманы орындау барысында және топтық қарым-қатынас өрісінде ептілік пен дағдыны қалыптастыру;

- табысты бірлескен іс-әрекет орнатуды дамыту;

- өзін-өзі және басқа адамдарды танудың толық және тепе-теңдік мүмкіндіктерін дамыту.

Әрбір бөлімнің құрылымында біз материалды зерттейтін ортақ игеру логикасын және тұлғалардың өзіндік бақылауы мен бағалауын қалыптастыруда төменгі аспектілері жүзеге асырылды:

- Мен қандаймын?

- Мен не істей аламын және осыны қалай қолдану керек?

- Менде жоқ қасиеттерді мен қалай дамытуым және икемдеуін керек?

Әрбір сабақтың құрылымында біз жұмыстың негізгі кезеңдерін ерекшелейміз. Яғни, білім алушы колледж білімгерлерімен түзетіп-дамытатын формалардың дәстүрлі түрлері:

- Сәлем беру рәсімі;

- Жаттығу тапсырмалары;

- Үй жұмысы, өткен сабақтың рефлекциясы;

- Тапсырманың негізгі құрылымы

- Өткен сабақтың рефлекциясы

- Қоштасу рәсімі

2. Музыка терапияға сипаттама беріңіз

Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады.Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.

3. Интелектілі және эмоциялы сфералар үйлесімділігі қағидасына түсінік беріңіз

Интеллектіні және эмоциялық салаларды гармонизациялау қағидасы – бір жағынан тренингте жоғары эмоциялық қатысушылар болған жағдайда ол шынайы өтеді, бұл ашықтыққа бағалап, топ мүшелерін ізгілікті қарым –қатынасқа жетелейді.\ Екінші жағынан болған жағдайды талқылаған кезде интеллектілі аналитикалық процесттер ынталандырылады. Мұндай әрекеттің формасы барлық тренингте қолд.дискуссия.

Билет № ___4

1.Арттерапияға сипаттама беріңіз. 35 балл

Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Арттерапия – ауру адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық арқылы ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi. Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды

Арттерапия мынадай бағыттарды қамтиды: сурет терапиясы, драмтерапия, библиотерапия, музыкатерапия, кинотерапия, куклотерапия, битерапиясы. Фрейдтің алғашқы ойлар мен күйзелістер, бейнелер және белгілер формасында беріледі деген сөзіне сүйеніп Наумберг өнерді психотерапияның бір формасы екендігін айтқандардың бірі болды. Арттерапиялық әдістемелер жеке дара әдістеме ретінде де терапияның көмекші әдістемесі ретінде де қолданылады. Арттерапия клиенттің өзінің шығармашылығы және өнер шығармалары (картина, мүсін, кітап, киноөнері) арқылы жүзеге асырылады. Арттерапияны бірінші кезекте күрделі эмоциональдық күйзеліске ұшырағандарға, қарым-қатынаста қиналатындарға, көп үндемейтіндерге, ұялшақтарға қолданылады.

Картиналар адамдарға үлкен әсер етеді: көңіл-күйін құлазытуы, көтеруі, сезімдерін оятады. Кескіндеме тек қана жардың сәнін келтіріп қана қоймай, оған қарағанда бойын босаңсытуға, күнделікті ағымдық шаруалардан тынығуға мүмкіндік береді. Бейнелеу өнеріндегі күшті әсер ету құралы бұл кескіндемедегі бояу түстері. Ішкі сезіміңді сөзбен ғана емес, қолыңа, бояу, түрлі түсті қарындаш алып сурет салу арқылы білдіруге болады. Егер адам бір нәрсеге ашуланып, қиналса, көңіл-күйі түсіп кетсе, дереу сурет сала бастаса оның бойындағы жағымсыз эмоция кетіп, көңілі бірленеді. Түсті таңдауға байланысты да көптеген нәрсе айтуға болады: қызыл түс ашу ызаны, қара-қайғыны, сұр-мазасыздықты білдіреді. Мамандар жеке түстер ерекше ішкі сезім күйін, мысалы, сары және қызғылт сары сергектік пен көтеріңкі көңіл күй сыйласа, қоңыр түстер соған сәйкес көңіл-күй береді, жасыл түс адамды тыныштандырып, көңіл көтереді, жүйкесі қозғанда тыныштандырады, ұйқысыздықты болдырмайды.

Музыкалық терапия – ақыл ой-мен эмоциялық әрекетке байланысты ауруларды ғасырлар бойы анықталған емдеудің түрі. Музыканың емдік күші ежелгі түріктерге, египеттіктерге, индустарға, қытайларға, парсы, гректерге мәлім болған. Пифагор көптеген ауруларды өзі шығарған музыкамен емдеген. Пифагорлықтар күннің шығысын, батысын әнмен бастаған. Таңертеңгі ән миды оятып, сергітуге, күні бойғы жұмысқа дайындайды, кешкі ән демалуға, ұйқыға арналады. Мыңдаған жылдар бойы аналар балаларын бесік жырын айтып ұйықтатады. Ұйқысыздық ауруына шалдыққан граф Кастзерлинг (Россядағы посол) өзінің пианисті Иоганн Гольдбергты шақыртып, И.С. Бахтың шығармаларынан ойнатып барып қана тәтті ұйқыға батады екен. И.С. Бахқа риза болғаны соншалық оған граф салмағы өте ауыр алтын бұйым силайды.

Музыкалық терапияның негізін Н.К. Рерих атындағы «за мир через культуру» атты халықаралық ұйымның президенті Поль. Вайнцвайг қалады. П.Вайнцвайг 1943 жылы туған, білімі әлеумет. Психологы. Торонтодағы сойиология университетін бітірген, докторлық дисертациясын (70ж ) қорғағаннан кейін, мәдениет, бизнес және әлеуметтік-саяси ғылымдар саласын белсенді жетілдірді. Бірнеше кандидаттық университетте сабақ беруі президенттің таңдаулы қызметі болды. Поль Вайнцвайг – білім, өзін-өзі тәрбиелеу, семьядағы және жұмыстағы қарым-қатынас, жасы үлкен-кіші арасындағы дағдарысты шешу сияқты сұрақтарға жауап беретін «Вайцвайг ТВ ток-шоу» телевизиялық сериалдардың авторы және комментаторы (түсінік беруші). Біздің іс-әрекетімізде, сезім мен ойымызда әрдайым ішкі ырғақ (внутренный ритм) болады. Организмде вибрацияның (тербеліс) әр түрлі ырғағы болады. Бұл ырғақтар бір-бірімен үйлесімді болса адам бірқалыпты қозғалыста болады. Ал егер, тән мен жан ырғағы синхрондығын жоғалтса, яғни вибрациялардың бірі жай, бірі тез қозғалыста болса координация (үйлестік, келісімділік) бұзылады. Мысалы: мидың белгілі бір ырғақтары жәй болса (адам тез шаршайды, жалқаулығы басым болады.) немесе тез болса (қорқақ, ашулы, ызалы болады) ой күңгірттенеді, творчествоға деген қабілет, жинақылық жоғалады. Белгілі бір музыкалық ырғақтар тыңдаушының өмірсүйгіштігін, шабытын, көңілінің жайбарақаттығын құмарландыра алады.