Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын тренинг улкен шрифт.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127 Кб
Скачать
☆

1.Әпт құрудың негізгі ұстанымдарына тоқталыңыз 35 балл

Бұл психологиялық әсер ету, топтық жұмыстық белсенді әдістеріне негізделе отырып. Тренинг – арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасын, онда психологиялық көмек және қолдау, араласушылық дағдыларының қалыптасуы, жеке тұлғаның дамуының ерекшеліктері жайлы сұрақтар шешіледі. Тренинг – қалыптасқан стереотиптерді және жекелей мәселелрді шешеді.

ӘПТ – адамдық потенциалды ашады және ары қарай дамытады, өзінің эмоциялық және сезімдік қалпын вербальдық және вербальдық емес білдіру. Бұнда «тренинг» термині Ю.Н. Емельянованың ойынша, оқытудың әдістерін белгілеу үшін қолданылмауы керек, ал оқыту мен қабілеттіліктің даму әдістерін белгілейді немесе күрделі іс-әрекет түрін игеру, мысалы, оқыту.

ӘПТ тобының міндеті қатынасушылардың өзін-өзінің жекелей амалы арқылы көрсетуіне көмектесу, бұл үшін бірінші кезекте өзін-өзі түсіну және өзін-өзі қабылдауын үйренуі қажет.

Жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеуі 5 –негізгі бағытта жүзеге асады.

1. Өзін-өзі қабылдауыарқылы өзін басқалармен салыстыру. Басқа адамды бақылау мен талдауға ыңғайлы қылып қарастырады адам. Біз өзімізге сырт жағымсыздан қараймыз, топтың басқа мүшелерімен қатар қоя отырып.

2. Өзін-өзі қабылдауды басқаның оны қабылдауы арқылы адам өзі жайлы қоршағандардың хабарын пайдаланады. «Кері байланыс» ӘПТ – топтарында «кері байланыс» механизмі үнемі іске асады, ол қоршағандардың оның мінез-құлқы туралы пікірлерін білуге жағдай жасайды.

3. Өз іс-әрекетінің нәтижесі арқылы өзін қабылдау, адам өзінің не істегенін бағалайды, өзіндік баға.

4. Өзінің ішкі күйін бақылау арқылы өзін-өзі қабылдау, адам ойланады, өзімен сөйлеседі, қоршағандармен өзінің эмоциясын, түйсінулерін, ойларын, уайымдарын талқылайды. Осындай принципті айырмашылығы, Тренинг - өзіндік «Меніне» кіру.

5. Өзінің сыртқы бейнесі арқылы өзін-өзі қабылдау, адам өз денесін, өзінің «Менін» қабылдайды.

Т-нің негізгі гуманистік идеясы – адамды қыстамау, зорлық-зомбылық көрсетпеу, оған өзімен-өзі болуына, өзін тауып және жақсы көру, қуанышты өмір сүруге кедергі жасайтын стереотиптерді жеңуге көмектесу.

Т-тің мақсаты – жеке тұлғаны анықтау, жалғастырушы мақсаттары:

1. Қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық компенттігін көтеру және қоршағандармен қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасау.

2. Қатынасушылардың белсенді әлеуемттік бағытын қалыптастыру және өмірін өзгерту қабілетін дамыту (өзінің және қоршағандардың).

3. Психологиялық мәдениетінің дәрежесін көтеру.

Міндеттер (Жеке міндеттер)

1. Белгілі бір әлеуметтік-психологиялық білімдерді меңгеру.

2. Өзін және басқа адамдарды толық тану қабілетін дамыту.

3. Жекелей ерекшеліктер мен іскерліктердің диагностикасы, түзету жолдары, кедергі келтіретін жағдайларды жою.

4. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың жекеленген әдістерін оқу және меңгеру.

2.Тренингті өткізу әдістеріне сипаттама беріңіз 35 балл

Тренингтің негізгі әдіс-тәсілдері үш үлкен салаға бөлінеді – топтық пікір-сайыс және ойындар. Бейнені жобалау және психожаттығу қосалқылар болап табылады.

Топтық пікір-сайыс тренинг әдістерінің негізгісі болып табылады. Талқыланатын пікір-сайыстың мәні негізгі үш мақсат арқылы жүзеге асады, олар: топтық процестерде кенттен пайда болатын жағдайлар топтық ойындарды өткізу нәтижесі ретінде және топтың шеңберде әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді жүргізудің нәтижелері ретінде. Сонымен қатар, «...топтың әр қатысушысына топтық үрдістер мен осы топтағы адамдардың оған деген көз-қарасы және топта болған уақыт аралығында өзінде болған белгілі бір нақты психологиялық жағдайды жан-жақты, әрі терең зерттеуге мүмкіндік беріледі» .В.П.Захаров пен Н.Ю.Хрящева топтағы пікір-сайысты сындарлы және бейсындарлы деп екіге бөледі. Сындарлы пікір-сайыстың іс-әрекеттік нәтижесі келесі қорытындылар арқылы жүзеге асады: өз ой-пікірін айту жағынан қатысушылар тең құқылы; әрқайсысы демографиялық атмосфераны сезінеді; әрбір қатысушы белсенділік көрсетеді; қатысушылар альтруистік және аффилиативті реакциялары басымды болады; бірлесе жұмыс жасау мен өзара қарым-қатынасқа қанағаттану. Топта орындалатын міндеттер әлеуметтік және тұлға аралық мәселелер; тұлғалық мәселелер; ақыл-ой міндеттер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық мәселелер пікір-сайыстың пәні болып табылады.

Ойын әдістері. Әлеуметтік-психологиялық дайындық тәжірибесінде ойын әдістері операциондық және рольдік деп екіге бөлінеді. Операциондық ойындар (басқарушылық, іскерлі) өмірдегі тұлғалық аспектілерге қарағанда, құралды оқыту аспектісі әлдеқайда басымырақ, формальды және минималды. Мұндай ойындар экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да кәсіби мәселелерді шешу іскерлігін қолдануға бағытталған.Рольдік ойындар өз қалауына қарай белгілі бір рольді орындауға арналған. К.С.Станиславскийдің актерлік тренинг жүйесінде рольдік ойындарды өткізу тәжрибесі жайлы көптеген пайдалы мағлұмат алуға болады. Бұл текке емес, себебі «...театр рольдік ойындардың бастамасы, символикалық ықпалдың тұжырымдамасы, адам тұлғасының үлгісі және өзін-өзі тануда қолданатын тәсілдер, сонымен қатар, психотерапевтік драматизация және инсценизация, имагопсихотерапия және топтық белсенді әдістердің рольдік варианттары сияқты психологиялық әлеуметтік- тәжірибелік лабораторияның алғашқысы деп есептеуге болады». Психология мен театрдың байланысы Я.Мореноның «психо-драма» әдісінде көрсетілген. Психодрамада қолданатын рольдік ойындар базалық және жағдайлық деп бөлінеді. Базалық рольдық ойындардың әмбебап психологиялық маңызы бар және олардың мазмұнына қарамастан түрлі психологиялық мәселелерде қолдануға болады.

Психожаттығу. Сөздің көмегінсіз қарым-қатынас жасап, топтың мүшелері өздерін көрсететін қосымша әдісті білдіреді.Жаттығулар дайындық, пантомимикалық және қорытынды бөлім деп үшке бөлінеді. Дайындық және қорытынды бөлімдер дерективті сипатта болады, ал пантомимикалық бөлімде қатысушылардың қиялы мен өз эмоцияларын көрсетуге еркіндік беріледі.

Дайындық бөлімде үш қызмет көрсетілген: жаттығулық (дененің барлық мүшесімен жаттығу жасау), релаксациялық (психологиялық дистанцияның және қорқыныштың төмендеуі), байланыс (байланыстық элементтерге дайындық, мысалы, сөзсіз сезімдерді түсіну). Бұл бөлімде қарым-қатыс, іс-әрекет және қиял өзара біріктіріледі. Мысалы, әріптесіңнің іс-әрекеттерін айнадай қайталау, мотивациялық секіру мен іс-әрекеттер (мысал ретінде, шұңқырды аттап секіру, көпшілікке жүгіру, қозғалу) жабық көзбен жүру сияқты дайындық жаттығулар болады.Пантомимикалық бөлім ең негізгі болыпт табылады. Қатысушылар мұнда жетекші ұсынған тақырыпты өз іс-әрекетімен көрсету керек. Тақырып бір адамға, екі адамға, топтағы бірнеше адамдарға және топқа бірдей ұсынуы мүмкін. Юнова тақырыптарды төрт салаға бөлуді ұсынады, олар: дағдыланған өмірлік жағдайлар; ішкі, сыртқы және жалпы адамдық кикілжіңдер; ерекше мәселелер; топтағы интерперсоналдық өзара қарым-қатынастар. Қорытынды бөлім белсенділік пен сергектік сезімін тудыру керек және басқа да топтың қатысушыларымен етенесіп, өзіндік күшті сезіну.

Психологиялық жаттығуларды өткізген кезде мынадай жағдайларды ескеру қажет:

– топтағы әрбір қатысушы қалаған жағдайдың өзгеруін ескеріп, жаттығуларды дұрыс таңдау;

– жаттығуды дәлме-дәл және дұрыс орындау алдында жүргізуші мысал ретінде жаттығулардың қалай орындалуын мүмкіндік болғанша көрсетіп, топпен инструктаж жүргізу;

– қатысушылар жаттығулардан әсер алып, максималды қанағаттанған сезімге жеткен кезде жаттығуларды тоқтату қажет;

– орындалған психологиялық жаттығуларды талқылау.