- •1. Тренингтің психологиялық негізгі пәні мен міндеттерінің мазмұнын ашыңыз
- •1. Тренингке психологиялық анықтама беріңіз
- •2. Топтың тұрақты құрамы қағидасының мазмұнын ашыңыз
- •3. Хат жазу терапиясының мазмұнын ашыңыз
- •1. Тренингті ұйымдастыру кезеңдеріне тоқталыңыз
- •2.Өзін-өзі диагностикалау қағидасына тоқталыңыз. 35 балл
- •1.Есті дамытуға бағытталған тренингтердің мазмұнын ашыңыз .35 балл
- •2.Психолог маман қызметінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.35 балл
- •3.Тұтас тренингке және жеке жаттығуларға өз еркімен қатысу қағидасына сипаттама беріңіз.30 балл
- •2.Танысу тренингінің ерекшеліктерінің мәнін ашыңыз 35 балл
- •1.Тұлғаның эмоционалды –еріктік саласын дамыту жолдарын көрсетіңіз 35
- •1 Сынып оқушыларына «Бәрін білгім келеді» тақырыбында өткізілген тренингте оқушының бір бірімен қатынасын жақсарту, сөйлеу, есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетін дамыту.
- •3.Сензитивтілік тренингке анықтама беріңіз 30 балл
- •1.Психолог қызметіндегі түзету жұмыстарының ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.35 балл
- •1.Әпт құрудың негізгі ұстанымдарына тоқталыңыз 35 балл
- •3.Ұжымдағы өзара қатынасты дамыту жаттығуларына сипаттама беріңіз. 30б
- •1.Тұлғаның өзіндік санасын дамыту тренингтеріне тоқталыңыз 35 балл
- •2.Психотерапия-мектеп психологы қызметіндегі белсенді құрал екеніне негіздеме беріңіз
- •1.Тренингтегі рөлдік ойындарға сипаттама беріңіз
- •2.Тренингті өткізу кезеңдері
- •3.Тренинг кезеңдеріне сәйкес психотехникалық тәсілдерге тоқталыңыз 30 балл
- •1 Тренингті ұйымдастыру кезеңдеріне тоқталыңыз. 35 балл
- •2 Музыка терапияға сипаттама беріңіз 35 балл
- •1 Психолог қызметіндегі түзету жұмыстарының ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. 35 балл
- •3.Танысу тренингіне сипаттама беріңіз. 30 балл
- •1.Тұлғаның эмоционалды –еріктік саласын дамыту жолдарын көрсетіңіз.35
- •1 Сынып оқушыларына «Бәрін білгім келеді» тақырыбында өткізілген тренингте оқушының бір бірімен қатынасын жақсарту, сөйлеу, есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетін дамыту.
2.Танысу тренингінің ерекшеліктерінің мәнін ашыңыз 35 балл
Барлық тренингтер сол бір сценариймен жүргізіледі. Ең басында – танысу, содан соң топ жұмыс істейтін ережелер қабылданады. Жаттықтырушы өзін таныстырып, өзі туралы әңгімелеп береді. Жаттықтырушының өзін таныстыруы неғұрлым қысқа болса, соғұрлым жақсы. Қысқаша ғана өзін таныстырып, тренинг туралы, бағдарлама мен мақсаттар туралы бірнеше сөз айтудың өзі жеткілікті, осының бәріне 3-5 минут кетеді.
Содан соң танысу өткізіледі. Танысу нұсқалары өте көп, оларды түрлендіруге немесе өзіңнің бір нұсқаңды ойлап табуға болады. Танысу процедурасының негізгі мақсаты топ үшін – бір-бірімен танысу, жаттықтырушы үшін – қатысушылардың барлығының аттарын есте сақтап қалу. Бұдан басқа, жаттықтырушы танысу процедурасын барлық қатысушылар үшін ерекше, қызықты болатындай және қатысушыларға бір-бірінің алдында аздап ашылуға мүмкіндік беретіндей етіп өткізуі тиіс. Топты ұйымдастыру үдерісі алғашқы минуттардан басталуы қажет.
3.Өзара әсер диалогизациясы қағидасына сипаттама беріңіз 30 балл
Өзара әсер диалогизациясы принципі, яғни қарым-қатынастағы тұларалық теңдік, қатысушылардың өзара сыйласу мен бір-біріне деген тлық сеніміне негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым болса, онда қарым-қатынас диалогқа тән қасиеттерді жоғалтады да, монологқа ауысады. Бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы.
Билет № ___14
1.Тұрақты кері байланыс қағидасына сипаттама беріңіз. 35 балл
Тұрақты кері байланыс принципі, яғни қатысушылардың өзі туралы информацияны барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топ мүшелерінен ұдайы алып отыруы. Кері байланыс арқылы адам келесі қадамдарына коррекция жасауға, сәтсіз қарым-қатына тәсілін жаңаға ауыстыруға, оның қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік алады. Ол үшін қатысушының басқаларға солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы пікірлер тындауға барлық жағдайлар жасалуы керек. Осындай арнайы саналы түрде ұйымдастырылған кері байланыс максималды эффектін береді.
2.Психогимнастикалық жаттығуларға тоқталыңыз 35 балл
Психогимнастика – бұл танымдық және эмоционалды жеке аймақты дамытуға және түзетуге бағытталған арнайы сабақтардың (жатттығулар мен ойындар) курсы. Бұл курста келесілерге басым көңіл бөлінеді:
Айқын қозғалыс техника элементтерін үйрету;
Эмоция мен жоғары сезімдерді тәрбиелеуде айқын қозғалыстарды қолдану;
Өзіy – өзі таныстыру дағдыларын игеру.
Бұл әдістеменіңжалпы міндеті балалардың психикалық денсаулығын сақтау және эмоционалдық бұзылудың алдын алу. Психогимнастика курсынан өткен балалар соңында, құрдастарымен қарым – қатынасқа жеңіл түседі, өзінің сезімдерін жеңіл білдіреді. Басқалардың сезімдерін жақсы түсінеді, мінездің оң қыры қалыптасады, жүйке жүйесінің көріністері ысырылады.
Психогимнастика келесі жағдайларда қолданылады:
Балалардың бойындағы қорқынышты жою;
Мектепке баруға қорқу;
Кіші және үлкен дәретті ұстай алмауымен байланысты бұзылулар;
Эмоционалдық аймақтың бұзылуы;
Тәртіп пен мінездегі қиыншылықтар;
Психогимнастика бойынша сабақ сызбасы:
I фаза: мимикалық және пантомимикалық этюдтар.
Мақсаты: жеке эмоционалдық жағдайлардың айқын көрінуі.
II фаза: Жеке мінез қырлары мен эмоцияларды айқындауға арналған этюдтар мен ойындар.
Мақсаты: әлеуметтік орта, олардың моральдық бағалауларынан туатан сезімдерді айқындау.
III фаза: психотерапевтік бағыттағы белгілі бір балаға немесе топқа арналған этюдтар мен ойындар.
Мақсаты: баланың жеке мінез қырымен көңіл – күйін түзету.
IV фаза: психо қозғалыстық жаттығу.
Мақсаты: психоэмоционалдық қысымнан босаңсу, жақсы көңіл – күй, мінез – құлық және мәнез қырларын игеру.
3. Тренингті жүргізудегі негізгі ережелер.30 балл
Тренинг жаттыгу, жаттыктыру деген магынаны билдиреди. Онын максаты арбир жеке тулганы оз отбасында, озге адамдармен арекеттесуге баулу, белгили бир проблемаларды тузету. Тренингте келеси курылым болуга тиисти: салемдесу расими, сергиту, кириспе, хабарлама жасап отырумен тренингке катысушынын конил куйн айкындау, пикирлесу, алган асерлерин талдау жане коштасу расими. Топ мушелеринин аттарын атап, колпаштап отыру тренингти натижели етеди.
Кезендери:
1. Жалпыга ортак психологиялык кеңістікті қалыптастыру: жалпы және жеке адам, жеке адам- жалпы топ
2. Педагогикалық рефлексия тудыратындай кері байланыс, пікір сайыс және сұxбат
3. Нақты міндетті шешу, білім, дағды ептіліктерді игеру дамыту немесе түзету мақсатына жету
4. Псиxологиялық жеңілдеу, қалпына келу жаттығулары, оны релаксациялау деп аталады
5. Қорытындылау
Тренинг заңын тиімді қолдана білу тренинг әсерін арттырып, қатысушыларға көмекші тәсіл болып табылады.
Тренингтің негізгі заңдары:
1. «00» заңы.
2. Микрофон заңы.
3. Белсенділік заңы.
4. «Мен айтамын» заңы.
5. Барлық топ мүшелеріне ізгі ниет білдіру заңы.
6. Есім заңы.
7. Сыпайылық заңы.
8. «Қазір және осында» заңы.
9. Құпияны сақтау заңы.
10. Өзінің қатысуын ұсыну заңы.
1. «00» заңы. Тренингті жүргізуші мен оған барлық қатысушылар тренинг барысында немесе үзілістен кейінгі кесілген уақыттан кешікпей келуі тиіс.
2. Микрофон заңы. Бұл заң кімнің қолында микрофон болса, сол сөйлейді қағидасын көздейді. Микрофон ретінде кез-келген ойыншық, қалам, карандаш, түрлі-түсті маркер т.б. қолдануға болады.
3. Белсенділік заңы. «Сіз қандайда бір жаттығуға қатыспауыңызға болады. Өз ойыңызды алдын ала білдіріңіз. Бірақ та бір қатысушы болсада ойыннан шығып кетсе, ол барлық топтың жұмысына әсер етуі мүмкін екенін есте ұстаңыз».
4. «Мен айтамын» заңы. Бұл заң тренингке қатысушылардың өз ойларын, көзқарасын білдіруді көздейді. Егер қатысушы топтың мүшелерінің барлығының көзқарасын, пікірін білуі мүмкін еместігін ескетіп, тек қана «мен ойлаймын», «мен айтамын», «мен сеземін», т.б. деп өзі үшін жауап беру қажеттігін білдіреді.
5. Барлық топ мүшелеріне ізгі ниет білдіру заңы. Бұл заң келесі формада беріледі: «тренингке қатысушылардың барлығының өзіндік жетістігі мен кемшілігі бар. Сондықтан басқаның ерекшелігіне сабырлықпен,шыдамдылықпен қараңыз».
6. Есім заңы. Бұл заң тренингке қатысушылар бірін- бірі танымаса немесе мүлдем тасыспаса, тренинг жүргізуші де қатысушыларды танымайтын болса қолданылады.
7. Сыпайылық заңы. Тренингке қатысушылардың барлығын әрқайсысын өзі қалаған есіммен атап , бірінің пікіріне бірі сыйластықпен қарауды көздейді.
8. «Қазір және осында» заңы. Тренинг барысында болып жатқан оқиғалар , сол жерде , сол уақытта болып жатқандығын, сол кезге тән екендігі және ол өткенмен де, болашақпенде байланысты еместігін түсіндіріп, оны сыртқа шығармау қажеттігін білдіреді.
9. Құпияны сақтау заңы. Заң бойынша тренингте айтылғандар мен болған жағдайлар тек тренинг ішінде ғана сақталады. Бұл тренингке қатысушылардың өзін қауіпсіз, еркін сезінуін қамтамыз етеді.
10. Өзінің қатысуын ұсыну заңы. Көп жағдайда қатысушылар қандайда болмасын жаттығуға қатысуға жүрексініп , жаттығуға қатысу үшін басқаларды ұсынады. Сондықтан да әрбір қатысушыға тек қана өзін ұсыну қажеттігін білдіреді.
Билет № ___15
1.Көзқарастардың теңдігі қағидасына сипаттама беріңіз 35 балл
Мұнда қарым –қатынастағы даралық, теңдік, қатысушылардың өзара сыйласымдығы және бір – біріне деген сеніміне негізделеді. Егер топта бір немесе бірнеше адам басым болса, онда қарым –қатынас диалогқа тән қасиеттерден жоғалтады, монологқа ауысады. Бұл тренинг ережелеріне қарама-қайшы.
2.Тұлғаның кері байланыс алуына арналған жаттығулардың мазмұнын ашыңыз 35 балл
Тренинг барысында қатысушының өз әрекеті нәтижесі туралы топтың басқа мүшелерінен хабарды үздіксіз алып отырды. «Кері байланыстың» арқасында адам өзінің мінез-құлқын түзете алады, нәтижесіз қарым-қатынас тәсілдерін жаңа мен алмастырады, оны қоршағандарға әсер ету арқылы тексеру. Топта қатынасушылардың кері байланыс жасауына жағдай жасалуы керек (басқаға оның өзі туралы айту) және кері байланысты алуға да жағдай жасалуы керек (басқалардың өзі туралы айтқаннын тыңдау).Осындай кері байланыс дамуды көрсетеді.
3.Жеткіншектер тәрбиесіндегі психотерапияның рөлін көрсетіңіз 30 балл
Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады,ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жеткіншек өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегінділер менің ересек болғанымды таныса,деген қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы, толық ересектікті сезіну әлі болмайды. Ересектік сезімі сана-сезімнің өзіне тән жаңа құрылымы ретінде жеке адамның өзекті ерекшелігі, оның құрылымдық ортасы болады, өйткені ол жеткіншектің өзіне, жұртқа және дүниеге деген жаңа өмірлік көзқарасын білдіреді,оның әлеуметтік белсенділігінің өзіне тән бағыты мен мазмұнын, аффективтік ықпалдардың жүйесін анықтайды.
Билет № ___16
