- •2.Қайта өрлеу философиясындағы ерекшеліктер қандай?
- •3.Қытай философиясындағы Даосизм, Легизм мектептері
- •Жаңа дәуір философиясының өкілі ф. Бэкон философиясындағы таным мәселесі
- •5.Қазақ философиясының ойшылы ш. Құдайбердіұлының «Үш анық» еңбегі
- •6.Ежелгі Шығыс философиясындағы Конфуций ілімі
- •7.Философиядағы таным болмыс мәселесі
- •8.Орта ғасыр христиан философияның ағымдары номинализм, реализм
- •9.Қытай философиясындағы Даосизм бағыты.
- •11.Араб мұсылман философиясының орта ғасырдағы христиан философиясынан айырмашылығы
- •10.Философия пәні мен қызметі, оның қоғамдағы рөлі
- •12.Абай дүниетанымындағы философиялық көзқарастар
- •13.Философиялық көзқарастың мәні
- •14.Антика философиядағы Гераклит
- •15.Жаңа заман философияның көзқарастарының ерекшелігі р. Декарт, ф. Бэкон
- •16.Буддизм философиясы
- •17. Араб мұсылман философиялық ойларының ерекшеліктері.
- •Араб елдерінің философтары
- •18.Неміс классикалық философияның өкілдері Гегель, Кант, Фейрбах
- •20.Антика философиясындағы милет элеаттар мектебінің ерекшелігі
- •21.«Зар-заман» ақындарының қозғаған мәселері
- •22.Болмыс және оның түрлері
- •23.Бейсаналық мәселесін қарастырғандар. Фрейд, Юнг
- •24. Антика философияның ерекшелігі.
- •25.Сана мен тіл арасындағы байланыс
- •26.Француз және ағылшын ағартушыларының философиялық ойлары
- •27.Орта ғасыр кезеңінің философиясы а. Августин, ф. Аквинский
- •28.Н. Макиавеллидің «фортуна» ұғымы
- •29.Сократ философиясындағы қарастырған мәселесі
- •30.Дж. Локк философиясы
- •31.И. Канттың таным саласындағы априорлық және апостериорлық білімі
- •32.Қожа Ахмет Яссауидің сопылық философиясы
- •33.Экзистенциализм бағытының қарастырған мәселелері
- •34.Л. Фейрбахтың антропологиялық философиясы
- •35.Сциентизм және антисциентизм
- •36.Софистер философиясындағы ақиқат мәселесі
- •37.А. Шопенгауэрдің ерік мәселесі
- •38.Интеллект, сезім, сана-сезім арасындағы байланысты анықтаңыз
- •39.Ф.Акфинский құдай болмысын қалай дәлелдейді
- •40.Антика классикалық философиясының ерекшеліктері. Платон, Сократ, Аристотель
- •41.Жеке адам және қоғам санасы
- •42.И. Канттың сынға және сын кезеңі
- •43.Асан қайғы – Қазақ утописті жерұйық мәселесі
- •44.Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •45.Ежелгі Шығыс философиясындағы моральдық, адамгершілік мәселелері Моизм, Конфуцизм, Даосизм
- •46.Қоғамдағы даму ұғымы
- •47.Философияның негізгі екі сұрағы
- •48.XX ғ. Философиялық ағымдары прагматизм, персонализм
- •49.Ф. Ницше философиясы «Билікке жету»
- •50.И. Канттың антиномиялар философиясы
- •51.Буддизм философиясындағы «Төрт ақиқат» мәселесі
- •52.Р. Декарт философиясындағы таным мәселесі
- •53.Араб мұсылман перепатетиктері әл - Кинди, әл – Фараби
- •54.Антика философиясындағы мектептер
- •56.Марксизм философиясының ерекшеліктері
- •57.Элеаттар мектебінің өкілі
- •58.Т. Гоббстың «Адам эгоизмі мен мемлекеттер» мәселесі
- •59.Философиядағы болмыс мәселесі
- •60.А. Құнанбаевтың «Қара сөздерінің» ерекшелігі
- •61.Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен
- •62.Материя және оның атрибуттары
- •63.Л. Фейрбах философиясы
- •64.XVIII ғ. Ағылшын – француз ойшылы ж. Ж. Руссо философиясы
- •66.Сопылық ілім
- •67.Философиядағы адам мәселесі
- •68.Адамның сана сезімінің философиялық ерекшелігі
- •69.Утопистер философиясы т. Морд, т. Компонелла
- •70.Жайнизм философиясы
- •71.Ұлттық менталитет пен жеке адам санасы арасындағы ерекшелік
- •72.Эпикур философиясы
- •73.Философия ағымдары: монизм, дуализм, плюрализм
- •74.Ерік мәселесін қарастырған философтар
- •75.Философияның негізгі ағымдары онтология, гносеология, логика, аксиология
14.Антика философиядағы Гераклит
Гераклит – оның ілімі бойынша барлығының түп негізі от; барлығы оттан пайда болады және оған қайта оралады. Оның шығармасы «Табиғат туралы», бірақ бұл еңбектің кейбір бөліктері ғана жеткен. Гераклитті «Қараңғы» деп атаған, бұлай деп аталуы оның идеяларының күрделілігінен болса керек.
Гераклит атымен диалектикалық көзқарастардың дамуын байланыстырады. Оның ілімінің орталық принципі панта рей («барлығы ағады»). Тіршілік ететінің бәрі бір күйден екінші күйге ауысады, бұл қарама-қайшылықтардың сәйкес келуінен болады. гераклит қарама-қайшылықтардың күресінің жалпылығы туралы айтты. «Соғыс – барлығының әкесі, патшасы: ол біреулерді құдай, біреулерді адам, біреулерді құл, ал кейбіреулерді ерікті етті». Соғыс, күрес арқасында қарама-қайшылықтар бірігеді, олардың арасында гармония орнығады. Осылайша, пайда болу мен жойылу, өмір мен өлім, болмыс пен бейболмыс - өзара байланыста болып, шартты түрде бір-біріне өтеді.
Гераклит адам жаны туралы былай тұжырымдады: ылғал мен от сияқты қайшылықтардың бірлігінен тұрады. Жанның көп мөлшерін от алып жатса, ондай жан ғажап және ақылды. Ал жанды су баса, онда жанның өлетіндігінің белгісі. «Құрғақ жан парасатты». «Жанның өлуі – ылғалға айналу».
15.Жаңа заман философияның көзқарастарының ерекшелігі р. Декарт, ф. Бэкон
Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады.
Декарттың философиядағы үлесі мынадай:
1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді;
2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды;
3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді;
4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды.
Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:
1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.);
2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.);
3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді;
4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;
5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;
6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.
Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.
Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке тек субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:
1.материалды (заттар),
2. рухани (идеялар).
Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді.Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б.
Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды.
Рационалистік – дедуктивті әдісті қолданумен қатар Декарт мынадай зерттеу тәсілдерін ұсынады:
1.Зерттеу барысында бастапқы қағидалар ретінде тек ақиқат, шын, ақылмен және логикамен дәлелденген, ешбір күдік туғызбайтын білімдерді ғана пайдалану;
2.Күрделі мәселені қарапайым бөлшектерге, бөліп қарастыру;
3.Белгілі және дәлелденген сұрақтардан белгісіз, дәлелденбеген сұрақтарға жүйелі түрде өту;
4.Зерттеудің жүйелілігін, логикалық тізбегін қатаң сақтап, сол тізбектегі бірде-бір зерттеу бөлшегін тысқары қалдырмау.
Декарт туа біткен идеялар теориясын ұсынады: таным және дедукция арқылы алынатын білімдермен қатар, ешбір дәлелді қажет етпейтін ерекше, туа біткен идеялар болады. Ол ақиқаттар (аксиомалар) о бастан айқын және шын, олар Құдай ақылы мен адам ақылында әрдайым болған және болатын, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын білімдер.
Ол білімдер екі түрде:
1.Ұғымдар; «Құдай» (бар); «сан» (бар); «ерік»; «тән»; «жан»; «құрылым», т.б.
2.Пікірлер түрінде беріледі. «бүтін өз бөлшектерінен үлкен»; «жоқтан ештеңе пайда болмайды»; «бір мезгілде болу және болмау мүмкін емес», т.б.
Декарт бойынша таным мақсаттары мынадай болуы тиіс:
1.адамның қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;
2.ол білімдерді адам мүддесі үшін табиғатты барынша пайдалануға қолдану;
3.адамды жетілдіруге және
4.түпкі мақсат - адамның табиғатқа үстемдігіне пайдалану.
