- •2.Қайта өрлеу философиясындағы ерекшеліктер қандай?
- •3.Қытай философиясындағы Даосизм, Легизм мектептері
- •Жаңа дәуір философиясының өкілі ф. Бэкон философиясындағы таным мәселесі
- •5.Қазақ философиясының ойшылы ш. Құдайбердіұлының «Үш анық» еңбегі
- •6.Ежелгі Шығыс философиясындағы Конфуций ілімі
- •7.Философиядағы таным болмыс мәселесі
- •8.Орта ғасыр христиан философияның ағымдары номинализм, реализм
- •9.Қытай философиясындағы Даосизм бағыты.
- •11.Араб мұсылман философиясының орта ғасырдағы христиан философиясынан айырмашылығы
- •10.Философия пәні мен қызметі, оның қоғамдағы рөлі
- •12.Абай дүниетанымындағы философиялық көзқарастар
- •13.Философиялық көзқарастың мәні
- •14.Антика философиядағы Гераклит
- •15.Жаңа заман философияның көзқарастарының ерекшелігі р. Декарт, ф. Бэкон
- •16.Буддизм философиясы
- •17. Араб мұсылман философиялық ойларының ерекшеліктері.
- •Араб елдерінің философтары
- •18.Неміс классикалық философияның өкілдері Гегель, Кант, Фейрбах
- •20.Антика философиясындағы милет элеаттар мектебінің ерекшелігі
- •21.«Зар-заман» ақындарының қозғаған мәселері
- •22.Болмыс және оның түрлері
- •23.Бейсаналық мәселесін қарастырғандар. Фрейд, Юнг
- •24. Антика философияның ерекшелігі.
- •25.Сана мен тіл арасындағы байланыс
- •26.Француз және ағылшын ағартушыларының философиялық ойлары
- •27.Орта ғасыр кезеңінің философиясы а. Августин, ф. Аквинский
- •28.Н. Макиавеллидің «фортуна» ұғымы
- •29.Сократ философиясындағы қарастырған мәселесі
- •30.Дж. Локк философиясы
- •31.И. Канттың таным саласындағы априорлық және апостериорлық білімі
- •32.Қожа Ахмет Яссауидің сопылық философиясы
- •33.Экзистенциализм бағытының қарастырған мәселелері
- •34.Л. Фейрбахтың антропологиялық философиясы
- •35.Сциентизм және антисциентизм
- •36.Софистер философиясындағы ақиқат мәселесі
- •37.А. Шопенгауэрдің ерік мәселесі
- •38.Интеллект, сезім, сана-сезім арасындағы байланысты анықтаңыз
- •39.Ф.Акфинский құдай болмысын қалай дәлелдейді
- •40.Антика классикалық философиясының ерекшеліктері. Платон, Сократ, Аристотель
- •41.Жеке адам және қоғам санасы
- •42.И. Канттың сынға және сын кезеңі
- •43.Асан қайғы – Қазақ утописті жерұйық мәселесі
- •44.Қоғамның әлеуметтік құрылымы
- •45.Ежелгі Шығыс философиясындағы моральдық, адамгершілік мәселелері Моизм, Конфуцизм, Даосизм
- •46.Қоғамдағы даму ұғымы
- •47.Философияның негізгі екі сұрағы
- •48.XX ғ. Философиялық ағымдары прагматизм, персонализм
- •49.Ф. Ницше философиясы «Билікке жету»
- •50.И. Канттың антиномиялар философиясы
- •51.Буддизм философиясындағы «Төрт ақиқат» мәселесі
- •52.Р. Декарт философиясындағы таным мәселесі
- •53.Араб мұсылман перепатетиктері әл - Кинди, әл – Фараби
- •54.Антика философиясындағы мектептер
- •56.Марксизм философиясының ерекшеліктері
- •57.Элеаттар мектебінің өкілі
- •58.Т. Гоббстың «Адам эгоизмі мен мемлекеттер» мәселесі
- •59.Философиядағы болмыс мәселесі
- •60.А. Құнанбаевтың «Қара сөздерінің» ерекшелігі
- •61.Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен
- •62.Материя және оның атрибуттары
- •63.Л. Фейрбах философиясы
- •64.XVIII ғ. Ағылшын – француз ойшылы ж. Ж. Руссо философиясы
- •66.Сопылық ілім
- •67.Философиядағы адам мәселесі
- •68.Адамның сана сезімінің философиялық ерекшелігі
- •69.Утопистер философиясы т. Морд, т. Компонелла
- •70.Жайнизм философиясы
- •71.Ұлттық менталитет пен жеке адам санасы арасындағы ерекшелік
- •72.Эпикур философиясы
- •73.Философия ағымдары: монизм, дуализм, плюрализм
- •74.Ерік мәселесін қарастырған философтар
- •75.Философияның негізгі ағымдары онтология, гносеология, логика, аксиология
10.Философия пәні мен қызметі, оның қоғамдағы рөлі
Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.).
Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология - болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология - таным туралы ілім; Аксиология - рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология – адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология - адам туралы ілім; Логика - дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.
Философияның негізгі пәні мен обьектісі - адам және оның әлемдегі орыны.
Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың ара қатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.
бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не - идея, рух па әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.
екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле ала ма әлде танып-біле алмай ма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.
11.Араб мұсылман философиясының орта ғасырдағы христиан философиясынан айырмашылығы
Орта ғасырлық мұсылман философиясының ерекшеліктері:1) ислам дінімен тығыз байланыстылығы. Ғылым мен діннің бірін- бірі үйлесімді толықтыруының жақсы мысалы.2) көп ұлттылық - араб, парсы, түркі жəне т.б. ұлт философтары.3) негізгі философиялық тіл - араб тілі. Араб тілінде философия “фалсафа” деп аталды.4) Басты мəселелер - адам жəне оның тағдыры, адам жəне Құдай, адам жəне қоғам, онтология мəселелері.Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары.
Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб философиясы шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты. IХ ғ-да арабтар антик. дәуірдегі жаратылыстану және философия ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель философиясы кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі, т.б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. Мысалы: түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық Әбу Әлгі ибн Сина - оқулықтарда «Араб философтары» болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда «Араб философиясы» деуден гөрі, «Араб тіліндегі философия», X - XIII ғ-ларда араб тіліндегі философияның мынадай бағыттары болған: 1) Шығыс перипатетизмі; 2) «Таза ағайындар» ілімі; 3) Сопылық ілім; 4) Мұсылман философиясы; Шығыс перипатетизмі - Аристотель еңбектерін насихаттау талқылау жасаған философиялық мектеп. Араб философиясының тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. IX - X ғ-да араб философиясы орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты X - XI ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мере, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадан, Отырар сияқты қалаларда ғылым, білім өріс алды. Араб философиясының үшінші орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай араб философиясы тұтастығынан айырылыс ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы Абд әр-Рахман Әбу Зейд ибн Халдун (1332 - 1406) есімін ғана атаймыз. Араб философиясы тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Йасауи ілімі бүкіл түркі халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті.
