Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Прог. ГАК 5В0607 каз 2017(1) (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

Зоология Омыртқасыздар зоологиясы

Зоология-жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі , эволюциялық дамуы, жер бетіндегі тіршілік ету жағдайлары, құрылысы, дамуы, шығу тегі , маңызы туралы ғылым.

Бір клеткалы жануарлар -Protozoa

Қарапайымдылардың жалпы сипаттамасы, құрылысының ерекшеліктері. Цитоплазма және ядро. Зат алмасу. Көбею түрлері. Қарапайымдылар клеткасының көп клеткалы жануарлардың клеткаларынан айырмашылығы. Қарапайымдылардың маңызы, таралуы және тіршілік ету орталары. Цистамен қоршалуы.

Саркодиналар класы (Sarcodina) Кластың жалпы сипаттамасы.

Амебаның құрылысы және тіршілік етуі. Ас қорыту және жиырылғыш вакуольдері және олардың маңызы.

Талшықтылар класы, жалпы сипаттама. Талшықтың құрылысы және қызметі. Систематикасы. Негізгі отрядтары

Споралылар типі. Паразиттік тіршілік етуімен байланысты құрылысы мен дамуының ерекшеліктері.Систематикасы.Құрылысы, таралуы және даму циклі.Кокцидиялар отряды.

Кірпікшелілер типі. Жалпы сипаттамасы. Кірпікшелі аппараты және басқа органеллалары. Олардың құрылысы, атқаратын қызметі.

Коньюгация.

Көп клеткалы жануарлар-Metazoa

Көп клеткалы жануарлардың негізгі ерекшеліктері.Дене симметрияларының типтері.Көп клеткалылардың онтогенезі.Ұрық жапырақшаларының пайда болу жолдары және эволюциясы.

Кинобласт және фагоцитобласт, олардың сипаттамасы.

Губкалар типі-Spongia. Губкалардың бекініп тіршілік етуіне байланысты жалпы сипаттамасы.Құрылысындағы қарапайым белгілері: көп сәулелі симметриясы, пассивті қоректенуі.Қаңқаның дамуы және олардың типтері. Регенерация. Таралуы. Маңызы.

Ішекқуыстылар типі-Coelenterata. Типтің жалпы сипаттамасы. Қос қабаттылық. Клеткалардың анатомиялық құрылысы мен дифференциациясы. Атқыш, ас қорыту, жыныс, нерв клеткалары. Көбеюі.

Гидроидтылар класы. Сцифомедузалар класы. Маржан полиптер класы. Ішекқуыстылар типінің филогениясы.

Жалпақ құрттар типі - Plathelminthes. Типке жалпы сипаттама. Дене мөлшері және пішіні, тері-бұлшық ет қапшығы, денеде қуыстың жоқтығы, паренхиманың құрылысы және маңызы, ас қорыту және зәр шығару жүйелерінің құрылысы және жұмысы, нерв жүйесі мен сезім мүшелерінің ерекшеліктері.көбеюі, дамуы. Типтің систематикасы: Кірпікшелі құрттар-Turbellaria, моногетикалық сорғыштар - Monogenea, дигенетикалық сорғыштар-Digenea, таспа құрттар - Cestoda , цестода тәрізділер - Cestodaria.

Жұмыр құрттар типі-Nemathelminthes. Типке жалпы сипаттама. Алғашқы немесе жалған дене қуысы. Метамерияның жоқтығы. Қан және тыныс алу жүйелерінің жоқтығы. Жамылғы тері - бұлшық ет, зәр шығару және нерв жүйелерінің жоқтығы.

Буылтық құрттар типі-Annelida. Типке жалпы сипаттама. Алғашқы немесе жалған дене қуысы. Метамерия, оның биологиялық маңызы. Қан және тыныс алу жүйелерінің жоқтығы. Жамылғы тері - бұлшық ет, зәр шығару және нерв жүйелері Параподия. Қан айналу жүйесі. Вегетативті және жынысты көбею. Буылтық құрттар типіне біріктірілетін кластар: Көп қылтанды құрттар класы-Poiychaeta , Аз қылтанды - Oligochaeta, Сүліктер класы - Hirudinea .

Моллюскалар немесе жұмсақ денелілер типі-Molluska.. Типке жалпы сипаттама. Бақалшақ және мантия. Дене құрылыс ерекшеліктері.

Моллюскаларды буылтық құрттармен жақындастыратын құрылысы мен дамуының негізгі белгілері.Моллюкалардың систематикасы. Тақта желбезектілер немесе қосжақтаулылар класы - Lamellibranchia немесе Bivalvia., бауыр аяқтылар класы-Gastropoda , Бас аяқтылар класы- Cephalopoda.

Буын аяқтылар типі - Arthropoda.Буын аяқтылардың жалпы сипаттамасы, дене мөлшері және пішіні, дененің бөлімдерге бөлінуі. Буын аяқтылардың сыртқы кутикулалық хитинделген қаңқасының болуы және оның қасиеттеріне байланысты өсу және түлеу ерекшеліктері. Тергит, стернит, плейрит. Буын аяқтылардың мускулатурасы, қозғалу аппараты және қозғалуы. Аяқтары және олардың шығу тегі. Қан айналу, зәр шығару, ас қорыту жүйелерінің ерекшеліктері және олардың күрделенуі. Жүйелердің өзара байланысы.

Шаян тәрізділер класы-Grustacea, Хелицералылар тип тармағы-Chelicerata, Кеңірдек тыныстылар тип тармағы - Tracheata, Насекомдар немесе алты аяқтылар класы – Hexapoda.

Омыртқалылар зоологиясы

Хордалылар типі.хордалылардың омыртқасыз жануарлар типтерімен ұқсастығы мен айырмашылығы.Хордалылардың негізгі морфо-физиологиялық, биохимиялық сипаттамасын беру.Ланцетниктің дамуы. Жабындының құрылысы және оның туындылары. Омыртқалылардың бас қаңқасының пайда болуы. Нерв қырқасының бастың дамуындағы маңызы. Омыртқаның пайда болуы. Омыртқа жотасы мен қабырғаның құрылысы және олардың жіктелуі, иық және жамбас белдеулері. Омыртқалылардың бессаусақты аяқтарының пайда болуы.

Қан айналу жүйесінің морфологиялық эволюциясы.Тыныс алу органдары. Ас қорыту жүйесінің эволюциясы. Ас қорыту жүйесінің бөлімдерінің морфо-функцтионалдық сипаттамасы. Зәр шығару жүйесі. Омыртқалылардың көбею жүйесінің морфологиялық эволюциясы.

Омыртқалылардың жүйке жүйесі мен сезім органдарының морфологиялық эволюциясы. Ми бөлімдерінің және жұлынның салыстырмалы морфо-функциональды сипаттамасы. Сезім органдарына шолу. Бас – ми нервтері.

Омыртқалылар тип тармағының системасы. Омыртқалылардың негізгі таксономиялық бөлімдері және олардың гениологиялық жақындығы.Омыртқалыларды анамний және амниоттарға бөлудің морфо-физиологиялық негіздері.

Бөлім: Жақсыздар.

Класс Дөңгелекауыздылар. Жалпы сипаттамасы.Отрядтары. Өкілдері. Олардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Географиялық таралуы.

Бөлім Жақтылар.Балықтар.

КлассШеміршектібалықтар. Жалпы сипаттамасы. Жабындысының, қаңқасының, ішкі органдар жүйесінің құрылысы. Мінез - құлқы, тіршілік құрылымы, көбеюі және дамуы. Шығу тегі мен эволюциясы.

Класс Сүйекті балықтар. Жалпы сипаттамасы. Органдар жүйесінің құрылысындағы морфо-физиологиялық ерекшеліктер.

Жалпы сипаттамасы.Жабындысының, қаңқасының, ішкі органдар жүйесінің құрылысы.Мінез - құлқы, тіршілік құрылымы, көбеюі және дамуы. Шығу тегі мен эволюциясы.

Балықтар экологиясы. Балықтардың биологиялық топтары. Балықтардың миграциясы.

Қосмекенділер

Жалпы сипаттамасы. Тіршілігі суда және құрғақта өтетіндіктен олардың органдар жүйесінің құрылысындағы ерекшеліктер. Амфибидің личинкасы мен ересектеріне салыстырмалы - анатомиялық шолу. Дамуы және метаморфоз.

Бауырымен жорғалаушылар

Жалпы сипаттамасы. Жабындысының, етінің, қаңқасының, ішкі органдар жүйелерінің құрылысындағы, рептилияның құрғаққа шығуына сәйкес. Рептилидің көбеюі мен дамуындағы ерекшеліктер. Рептилийдің шығу тегі мен эволюциясы.

Құстар класы

Жалпы сипаттамасы. Жабындысының, қаңқасының, етінің, тынысалу, қанайналу жүйелерінің құрылысындағы, олардың ұшуға бейімделуіне сәйкес ерекшеліктер. Ұшудың биомеханикасы. Құстардың көбеюі мен ұрығының дамуындағы ерекшеліктер. Әртүрлі топтардың бейімделу ерекшеліктері.Құстардың миграциясы және бағытын бағдарлауы. Құстардың шығу тегі мен эволюциясы.

Қазіргі құстардың географиялық таралуы және системасы.

Нағыз құстар. Жүзетін, жүгіретін (қырсыз төсті), ұшатын (қырлы төсті) құстарға салыстырмалы-анатомиялық шолу. Нағыз құстардың ең басты отрядтары мен тұқымдастарының биологиясы, сипаттамасы және географиялық таралуы.

Сүтқоректілер класы.

Сүтқоректілердің морфологиялық және биологиялық сипаттамасы. Жабындысының, етінің , қаңқасының және ішкі органдар жүйесінің құрылысының ерекшеліктері. Сүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары және олардың құрылысының ерекшеліктері. сүтқоректілердің мінез-құлқы және популяцияішілік құрылымдары. Қорегі және қорегін табу әдістері. Миграция , ұйқы. Көбеюі және ұрпағына қамқорлық.

Сүтқоректілердің шығу тегі және эволюциясы.

Қалталы және плацентті сүтқоректілердің ең басты отрядтары мен тұқымдастарының сипаттамасы, биологиясы және географиялық таралуы.