- •Жаратылыстану-математика факультеті
- •5В060700 «Биология» мамандығы бойынша
- •Мазмұны
- •Зоология Омыртқасыздар зоологиясы
- •Клеткалық биология
- •Генетика Тұқым қуудың материалдық негіздері.
- •Адам және жануарлар физиологиясы
- •Өсімдіктер физиологиясы
- •Емтиханға ұсынылатын сұрақтар тізімі
- •Молекулалық биология
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Адам және жануарлар физиологиясы
Физиологиялық жүйе мен атқаратын қызметі туралы түсінік. Жүйке жүйесінің физиологиясы: басқарудың жалпы принциптері, филогенез бен онтогенездегі дамуы, соматикалық және вегетативті жүйке жүйесі.Қозғыш құрылымдар физиологиясы. Биоэлектрлік құбылыстарды зерттеу туралы тарихи мәліметтер. Биоэлектрлік құбылыстар механизмі. Қозғыш құрылымдар клеткалары мембранасының морфофункциональдық құрылысы.
Қозғыштықты анықтайтын әдістер. Қозу табалдырығы.
Тыныштық потенциал (мембраналық потенциал) және әрекет потенциалы. Тітіркендіру мен қозудың арасындағы қарым-қатынас.
Жүйке мен ет клеткаларының ішіндегі және сыртындағы K, Na, Cl мөлшерлері, олардың арақатынасы. Клетка мембранасы жөніндегі түсінік.
Парабиоз туралы Введенскийдің ілімі.
Жүйке талшығынан ет талшығына импульстің берілуы. Ет-жүйкелік (мионевральдық) синапстың құрылысы жөніндегі қазіргі мәліметтер. Импульстер берілуге қатысты химиялық факторлар-медиаторлар.
Жоғары нерв әрекеті.
Анализаторлар (сенсорлық жүйелер). Сенсорлық жүйелердің физиологиясы. Анализаторлар туралы И.П.Павловтың ілімі.
Терінің құрылысы. Иіс сезу, дәм сезу, көру, есту анализаторлары.
Бұлшық ет физиологиясы..Қан, клеткааралық сұйықтық, лимфа. Қан айналу физиологиясы. Асқорыту, тыныс алу, бүйрек және басқа сыртқа шығару ағзаларының физиологиясы. Организмдегі заттар мен энергияның алмасуы. Өзін-өзі реттеу. Рефлекс. Гуморальді және жуйкелік реттелу және олардың өзара байланысы.
Адам мен жануарлардың орталық жүйке жүйелері. ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) құрылысы. Жүйке жүйесінің филогенезі мен онтогенезі.
Өсімдіктер физиологиясы
Өсімдіктер физиологиясы. Өсімдіктер физиологиясы экспериментальды ғылым ретінде. Басқа ғылымдар арасындағы орны, міндеттері. Өсімдік физиологиясының даму кезеңдері. Өсімдік физиологиясының жаңа бағыттары. Өсімдік жасушасының физиологиясы. Жасуша өсімдік организмнің құрылымдық бірлігі ретінде. Жасушаның химиялық құрамы. Зат алмасу. Өсімдік жасушасының құрылымдық компоненттері. Жасуша қабығы. Цитоплазма коллоидты жүйе.
Өсімдіктегі су алмасу.
Өсімдіктердің су алмасу физиологиясы. Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы, молекулалық құрылысы және қасиеттері. Өсімдік жасушасына судың енуі. Диффузия, химиялық потенциал ұғымдары. Өсімдік клеткасындағы судың алмасуы. Клеткадағы судың түрі. Өсімдік клеткасына судың ену заңдылықтары. Транспирация, оның маңызы. Лептесік.
Фотосинтез. Фотосинтез маңызы туралы жалпы ұғым. Фотосинтез ілімнің қысқаша даму тарихы. Фотосинтез. Хлоропласт, фотосинтездегі маңызы. Күннің энергиясы химиялық байланыстардың энергиясына айналдыру процесі. Фотосинтездің қараңғы сатысы.
Өсімдіктердің тыныс алуы. Тыныс алу туралы жалпы ұғым. Өсімдік тіршілігінде тыныс алу процесінің маңызы. Тыныс алу мен ашу процестерінің байланыстылығы. Митохондриялар ультрақұрылымы, қызметі және пайда болуы. Тыныс алудың реттелуі.
Минералды қоректену физиологиясы. Минералды қорктену туралы ілімнің даму тарихы. Минералды элементтердің өсімдіктердегі мөлшері. Жеке элементтердің өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Азот. Молекулалық азоттың игерілуі.
Өсімдіктердің өсуі мен даму физиологиясы. Өсу туралы жалпы ұғым, өсу кезеңдері. Өсімдік гормондары. Физиологиялық ырықты заттардың жасанды түрлері.
Өсімдіктердің даму және көбею физиологиясы. Онтогенез. Жоғары сатыдағы өсімдіктер өмірінің кезеңдері. Өсімдіктердің көбею физиологиясы.
Өсімдіктердің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділік физиологиясы. Төзімділік туралы ұғым. Өсімдіктердің әртүрлі қолайсыз жағдайларға төзімділігі.
