- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі а.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
- •4 Курс студенті
- •5В020500- Филология
- •1.Әдебиет сабағының қолдану ерекшеліктері
- •1.1Шәкіртті әдебиет әлеміне әкелу
- •1.2 Әдебиет сабағының тәрбиелік мәні
- •1.3 Ақын-жазушылардың табғатқа арнап жазған туындылары
- •2. Қазақ әдебиетін оқытудың педагогикалық технологиясы
- •2.1 Оқыту технологиясы
- •2.2Жаңа инновациялық технология
- •2.3Көркем шығарманы оқыту
1.3 Ақын-жазушылардың табғатқа арнап жазған туындылары
Туған жерге, оның табиғатына арнап көркем шығарма жазбаған ақын-жазушы кемде-кем. Табиғатты асқан сүйіспеншілікпен, ыстық сезім, шынайы шеберлікпен суреттеген, жас буынның жүрегінде туған жер, байтақ Отаны мен оның әсем табиғатына деген сүйіспеншілік ұялататын мұндай туындыларды М. Пришвин, С. Есенин, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Ә. Тәжібаев және басқа ақын жазушылардың творчествосынан мол кездес- тіреміз. Ақынның табиғат көрінісін сипаттап, оған өзінің қатысын, сезімін білдіретін шағын лирикалық өлеңдер мен қатар, бұл проблеманы кең арнада алып, арнайы қарастырған ауқымды роман, повесть, көркем очерктер аз емес. Л. Леоновтың «Орыс орманы» романы, Қ. Паустовскийдің «Орман тур алы повесі», М. Пришвиннің «Орман қожасы» повестері, С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік» және «Аққудың айрылысуы» поэмалары, Ә. Нұрпейісов, Ш. Айтматов, Т. Әлімқұлов шығармалары осының дәлелі.
Мұндай үздік көркем туындыларды оку арқылы оқырман бойына жақсы қасиеттер дарытып, табиғаттың саналы қорғаушысына айналады.
Коммунистік идеямен қаруланған, жаңа қоғамға, халыққа қалтқысыз қызмет етуді мұрат еткен совет әдебиетінің бүкіл тарихы осының айқын дәлелі.
Мектепте көркем әдебиеттің тәрбиелік күшін кеңінен пайдалануға айырықша мән берілетін коммунистік тәрбиенің құрамдас бір бөлігі — оқушыларды туған табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу. Осы заманғы орасан зор ғылыми-техникалық прогресс жағдайында бұл мәселе бұрынғыдан да гөрі актуальды, бұрынғыдан гөрі маңызды бола түсуде.
Совет әдебиетінде, оның ішінде қазақ совет әдебиетінде заманымыздың осы көкейтесті проблемаларының біріне — табиғат қорғауға азды-көпті қатысы жоқ көркем туынды кездестіру қиын. Ал осы тақырыпта арнайы жазылған немесе оған тікелей қатысты әдеби шығармалар аз емес. Олардың көпшілігі оқу программаларына ендіріліп, мектептерде оқып үйреніледі.
Әрине, көркем әдебиет бұл міндетті эстетикалық тұрғыдан, өзіне тән көркемдік тәсілдер арқылы шешеді. Ондай көркемдік құрал тәсілдер алуан түрлі.
Көркем шығарманың ең негізгі компонеиттерінің біpi — адам образы. Суреткер шығарма кейіпкерлерінің табиғатқа деген көзқарасы мен қарым-қатынасын нанымды да әсерлі суреттей отырып, окырманның жан дүниесін баурап алады, жүрегін табиғатқа деген балалық ыстық сезімге бөлейді.
Л. Леоновтың «Орыс орманы» романындағы Калина: «Сөз ғып отырғаным да содан, көк тоны болмаса, жер де жаурайды, күйі кетіп, күлдіреп қалады. Сиыр да шөп-шалам іздеп, жеті шақырым жерге баратын болады, бұрын ғой қарыс жер жүрсе аузы-мұрнынан шығып, тойып қалатын еді. Ал оған бұлтсыз бір жаз, қарсыз бір қыс қосылса, күніңнің қаран болғаны»',— деп ормансыз жердің қандай халге түсетінін күйіне көз алдына елестетеді.
Т. Жароковтың «Жапанды орман жаңғыртты» поэмасындағы Сарман қарттың ойын ақын:
Деуші еді шал: Бұл алқап Ойлады жерді тоғайлы,
Иегіндей көсеніп. Ойлады суды, қырларды,
Көгертпейді күн қақтап Күн туар деп арайлы,
Не егінін, не шөбін,— Жайқалтар гулді орманды.[18]
деп жеткізеді.
Бұл келтірілген екі мысалдың алғашқысында таби- ғат әлемі, қоршаған ортаға деген көзқарас қаһарман- ның сөзі арқылы берілсе, екіншісінде кейіпкердің ой-се- зімі баяндау түрінде берілген. Ал енді бір авторлар қайсыбір реттерде табиғи ортаға сүйініш, оған немкұ- райды қараушылыққа күйініш сезімін ана табиғатқа аялап, иелік көзбен қарауға тікелей шақыру түрінде білдіреді. Ақын Ә. Тәжібаевтың «Коммунист сөзі» өлеңі осыған жатады:
Таза ұста дариялар сағасын,
Шөптерің шөліркеп қалмасын,
Өзендер ортайып қалмасын,
Құстарын қалжырап қонбасын[19]
Ақын-жазушы Отан табиғатына көзқарасын белгілі бір нақты аймақ, аудан, өңірдегі табиғат мәселелеріне қатысты езін толғантқан жайларды суреткер ретінде ғaна емес, ойшыл, жалынды публицист ретінде проблемалық мақалалар жазу арқылы да баяндап отырады. Мысалы, белгілі совет жазушысы К. Паустовский «Туған жердіц сұлулығы үшін» атты мақаласында: «Бізде жер жалпы халықтық, ол — бүкіл халықтық игілік. Біз бәріміз осы жердің иесіміз. Сондықтан да жерді бүлдірушілерге дейді. Мұндай мысалдарды ондап, жүздеп келтіре беруге болады.
Міне, бұл да оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеуде көркем шығармаларға ұштастыра пайдаланылуға тиісті материалдардыд елеулі саласы болып табылады.
Күллі совет әдебиетіндегі сияқты, қазақ совет әдебиетінде де табиғат қорғау мәселесіне арналған әдеби шығармалар мол, әрі тақырыбы да сан алуан. Сонымен катар олардың Қазақстанның тарихына, табиғи жағдайла- рына байланысты өзіндік ерекшеліктері де бар. Сондық- тан бұл көркем туындыларды тақырыбына қарай шарттьг. түрде мына төмендегі тогітарға бөлуге болады:
Ұлы Октябрь социалистік революциясының нәтижесінде қазақ даласының бет-бейнесі жаңарып, өзгерді. Бұрынғы құла дүз, шөлейт далалар суландырылын, елдғ мекен, егісті өлке, орманды алкапқа айналды. Сондық- тан 40—50-жылдардағы қазақ совет әдебиетінде Казак- стан жеріндегі осындай накты өзгерістерге үн коскан, соның көркем тарихын жасаған көптеген кесек туындылар өмірге келді. С. Мұқановтын «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ» романдары, Т. Жароковтың «Жапанды орман жаңғыртты», «Құмға шабуыл», Ә. Тәжібаевтың «Туған жер туралы», «Сарыарка», X. Ерғалиевтің «Біздің ауылдың кызы» поэмалары және т. б. осындай шығармалар.
Аталған әдеби шығармаларды талдап оқу кезінде оқушыларға табиғатты жаңарту — табиғат корғау ісінін; басты бір саласы екені, ол шаруашылык, жоспармен жүргізілетін, әлеуметтік теңсіздік, таптык канау, жойылған, гуманизм принциптері салтанат құрған жаңа, социалиста коғамда ғана мүмкін болатыны ұғындырылын отырылады. Совет адамының жасампаздық еңбегін жоғары бағалай келіп, М. Горькийдің: «Адам — дүниені ұйымдастырушы, «екінші жаратылысты», мәдениетті жасаушы күш-қуаттьщ иесі, адам —жаратылыстың органы, жаратылыс оны өзін тану үшін, өзін көркейту үшін туғызған,— міне балаларға осыны мықтап ұғындыру керек» -деген еді. Сондықтан да табиғат корғау тақы- рыбындағы көркем шығарманы оқып үйренгендегі басты мақсаттың бірі шәкірттерге адам еңбегінің табиғатты өзгертудегі ролін таныту, окушылардың еңбекке деген коммунистік көзқарасын қалыптастыра отырып, табиғат қорғауға баулу болуға тиіс.
Қай халық үшін болса да ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан, серігі де, қуаныш пен қайғысын бөлісер сырласы да, ән-күйге бөлеп әлдилеген алтын бесігі де, ұлттық өнерінің кіндік кесіп, кірін жуған, тірші- лігінің қайнар бұлағы, от басы, ошақ қасы — туған жерінен, құтты қонысынан қымбат, одан ыстық еш нәрсе жоқ. Қазақ халқы үшін — қазақ даласы сондай алтын •бесік, асыл мекен. Осы дала — анасын халқымыз өмір бойы өлеңіне өзек, ән-жырына арқау етіп келеді. Қазак •совет әдебиетіндегі далаға деген сүйіспеншілікті бейне- лейтін шығармалар, міне, осы тарихи дәстүрдің заңды жалғасы. Ондай шығармаларға С. Сейфуллиннің таби- ғат лирикалары, I. Жансүгіровтың Жетісу табиғатына арналған тамаша өлеңдері мен «Дала» поэмасы, Т. Жароковтың «Нарын», «Менің далам», Ә. Тәжібаевтың «Қазақстан алтын сандық» поэмалары және басқа шы- ғармалар жатады. Мұндай шығармаларды оқып үйренгенде қазақ даласының революциядан бұрынғы және қазіргі күйін салыстыра отырып, бұрын азап пен мұң- зарға толы болған даланың қазір шабытты еңбек, шалқар қуаныш мекеніне, жыл сайын миллиард пұттан астам алтын дән беріп отырған Отанымыздың астықты өлкесіне айналғаны ұғындырылады. Туған жерді байыта, көрік- тендіре беру, табиғи қорын ақылға қонымды пайдалану, келер ұрпақтың жайын ойлау қоғамның әрбір мүшесінің азаматтық парызы екені түсіндіріліп, оқушыларды табиғат қорғауға баулу олардың патриоттық сезімін қалып- тастырумен ұштастырылады.
Қазақстанның су байлығы жер көлеміне Караганда аз және ол барлық жеріне біркелкі тарамаған. Рес- публикамыздың бірқыдыру өңірі суға тапшы. Сол себепті көптеген көркем шығармаларда жерді суландыру, канал қазу, су қоймасын жасау сияқты мәселелер қозғалады. Соңғы жылдары жарық көрген Қ. Исабаевтың Орталық Қазақстанды суландыру, Ә. Нұрпейісовтың Арал теңізі суын сақтау жайлы проблемалық мақалалары, очерктері, романдары жэне басқа ақын-жазушылардың шығармалары осындай туындылар. Бұл сияқты шығармаларды оқыту арқылы оқушылар суды қымбат- тың қымбаты, тіршілік көзі деп қарауға тәрбиеленіп, олардың бойында су қорын таза ұстау, бұлақ көзін арықты тазалау, ағаш егу арқылы су көзін молайту дағдылары қалыптастырылады.
Қазақстанның керемет сұлу табиғаты, әсем көріністерімен көз тартып, көңіл марқайтатын көрікті өңірлері көп. Ондай жерлер ақын-жазушылардың шабытын қозғап, тамаша туындыларына арқау болып отырған. Бұл тақырыптағы шығармаларға С. Сейфуллиннің «Қөкшетау», I. Жансүгіровтың «Жетісу суреттері», Ә. Тәжібаевтың «Сыр жырлары», Қ. Аманжоловтың «Алатау», А. Тоқмағанбетовтың «Қазықұрт» сияқты өлеңдері мен орта және кейінгі буынның талаитты өкілдерінің көптеген шығармаларын жатқызуға болады.
Туған жердің сұлулығын жырлайтын мұндай шығар- ыаларды оқып үйренгенде, сол аймақтарға қатысты туған аңыз-әңгімелердің идеясын, халықтық сипатын аша отырып, оқушыларды сұлулықты, нәзіктікті, әсемдікті тани, бағалай білуге үйрету керек, халық құрметіне бөленген сол сұлу табиғатты келер ұрпаққа ажарын тайдырмай мұра етіп қалдыру сезіміне баулу керек. Табиғат корғауға тәрбиелеу бұл жағдайда, негізінен, оқушылардың туған жердің әсемдігінен рухани ләззат алу сезімін қалыптастыру тұрғысынан жүзеге асырылады.
Табиғи ортанын, тіршілік тынысы мен сұлулық сппаты дегеніміз күрделі ұғым. Оны өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесінен бөліп алып түсіну мүмкін емес. Оларсыз дала сұркай да сүреңсіз. Сондықтан халық құс пен аңды бейберекет аулауды, ағашын бүлдіріп, өсімдігін жұтатуды, дала сұлулығына жасалған қиянат деп біледі. Мұның өзі зкономикалық жағынан зиянды, перспсктивалық жағынан болашаққа жасалған қиянат, сонымен қатар жамандық атаулыға бастайтын қатыгездік те болып табылады.
Miнe, осы тақырыпты қозғайтын және мектеп программасы бойынша оқытылатын шығармалар — С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік», «Аққудың айрылысуы», Қ. Бекхожиннің «Жусан» поэмалары.
Бұл шығармаларды талдаған кезде оқушыларға өсімдік пен орман, аң мен құс ел табиғатының аяулы бір бөлшегі екені түсіндіріліп, оларға зиян келтіру қылмыс пен пара-пар екені көркем туындыдан мысал келтіре отырып ұғындырылады.
Казак совет әдебиетінде табиғат байлығынын әрбір жеке түрлеріне арналған шығармалар аз емес. Мұның өзі X класта оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу
Табиғи ортанын, тіршілік тынысы мен сұлулық сппаты дегеніміз күрделі ұғым. Оны өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесінен бөліп алып түсіну мүмкін емес. Оларсыз дала сұркай да сүреңсіз. Сондықтан халық құс пен аңды бейберекет аулауды, ағашын бүлдіріп, өсімдігін жұтатуды, дала сұлулығына жасалған қиянат деп біледі. Мұның өзі зкономикалық жағынан зиянды, перспсктивалық жағынан болашаққа жасалған қиянат, сонымен қатар жамандық атаулыға бастайтын қатыгездік те болып табылады.
Miнe, осы тақырыпты қозғайтын және мектеп программасы бойынша оқытылатын шығармалар — С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік», «Аққудың айрылысуы», Қ. Бекхожиннің «Жусан» поэмалары.
Бұл шығармаларды талдаған кезде оқушыларға өсімдік пен орман, аң мен құс ел табиғатының аяулы бір бөлшегі екені түсіндіріліп, оларға зиян келтіру қылмыс пен пара-пар екені көркем туындыдан мысал келтіре отырып ұғындырылады.
Казак совет әдебиетінде табиғат байлығынын әрбір жеке түрлеріне арналған шығармалар аз емес. Мұның өзі X класта оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу ісін сабақта да, сабақтан тыс та кең көлемде жүргізуге мүмкіндік береді.
Бірақ бұған қарап әдебиет арқылы оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу тек қазақ әдебиеті пәні ғана қатысты деген тұжырым жасауға болмайды. Бұл істе халық ауыз әдебиетін де тарихи өлен -жырлар мен аты мәлім ақын-жыраулар шығармаларын да, әсіресе ұлы ақындарымыз Абай, Ыбырай, Махамбет творчестваларын кеңінен пайдаланамыз. Тіпті айтар болсақ істі осылардан бастамай ойдағыдай нәтижеге жете алмаймыз. Бұл арадағы негізгі нәрсе оларды пайдаланудың әдіс-тәсілдерінде.
Біз бұл еңбекте қазақ совет әдебиеті пәнән оқыту арқылы табиғат қорғауға тәрбиелеу мәселесін арнайы қарастыратын болғандықтан төменде оның өзіндік ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу ісі мектепте тек әдебиет пәні арқылы ғана жүзеге асырылмайтыны белгілі. Ол ол ма, табиғат қорғауға тәрбиелеу әдебиет емес,жаралыстану пәні негіз болады. Сондықтан мұғалімнің тәрбиенің сөз болып отырған түрін жүзеге асырудағы әр пәннің әдіс тәсілдерінен хабардар болуы және өз қызметінде соларды ескеріп отыруы талап етіледі.
Мектепте оқытылатын география, биология химия, табиғаттану пәндері арқылы оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу сол пәндерге жүйеге келтірілген ғылыми білімдер. нақты фактілер, зандылықтар мен теориялар негізінде жүзеге асырылады. Мысалға С.Сейфулиннің Қара жер өленің алайық
Кенсің дала-
Туған ана
Көйлегің кең көк ала
Жан беретін
Тән беретін
Мейрімді ана сен ғана
Төсінді емген
Саған сенген
Жан-жануар баласы
Төсін сүтті
Баурын құтты
Сен тірщілік анасы
Жібек жасыл
Анық асыл
Кестелі гүл киемін
Көркем ана
Сенде ғана
Тіршіліктің түйіні
[20]
Ақын ұғымын дала- адамның сонымен бірге бүкіл тіршілік атаулының мейрімді анасы. Даланың сүтті анасы төсі құтты бауыры кестелі гүл киімі –өсімдігі тіршіліктің түйіні. Онсыз өмір мүмкін емес. Ақынның бұл өлені туған даласын шексіз сүю қадірлеу сезімінен таныта отырып, оқушының да сол далаға, оның табиғатына деген перзенттік сезімін оятады.
Эстетикалық сезім табиғатты тонауға бүлдіруге жұтатуға қарсы күресуге көмектеседі, сонымен бірге комунистік қоғам мұшесінің мінез-құлқын да анықтайды, оны жігерлендіріп еңбек барысында үнемі әсемдік жасауға құлшындырады.
Бөкеннен сұлу аңдымен қөрмедім,
Өзге аңды жануарға тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді,
Адамның баласынан кем көрмедім- деп[14]
ақын ақбөкен сұлулығы жөнінде айқын көзқарас танына отырып, енді оқырманды адамгершілік сезіміне жетелейді. Ақын адам баласын қалай сүйсе, аң баласы бөкенді солай сүйеді. Ақын адам бойындағы мейірімділіктің жануарларға бір бөлек, адамға бір бөлек болмайтының ашып айтады. Ақсақ киік өлеңінің соңғы бөлімінде эстетикалық әсерінен гөрі оқырманның адамгершілік сезімін ояту қасиеті күшті. Бұл арада шығарманың оқушыға эстетикалық және адамгершілік әсері жайлы шартты түрде ғана айтылып отыр. Шындығында, бұл екеуі біртұтас нәрсе. Көркем шығармадағы оқырманның жан дүниесіне әсер еткен эстетикалық сезім оның адамгершілік сезімін дамытады да, адамгершілік сезімі эстетикалық сезімін байыта түседі. Сөйтсе де көркем шығармадан туындайтын бұл екі әсердің табиғат қорғау тәрбиесін берудегі өзіндік ерекшелігін қарастырудың іске пайдасы бар.
Адамгершілік қасиет-адамның қоғамға өмірге, айналасындағы тіршілік атаулыға көзқарасының қарым-қатынасының өлшемі, нормасы. Адамгершілік қасиеттерінің қалыптасу процесі күрделі де ұзақ процесс. Оған көптеген обьективтік және субьективтік факторлар әсер етеді. Соның бірі баланың бойында бар табиғи нышан – жан-жануарға деген қамқорлық, қасиетті дамыту болып табылады
Балалар жас кезінен бастап жануарлар мен құстарға достық көзқараста тәрбиеленуі тиіс. Егер бала тіршілік иесінің жанына батқан азапты сезіне және озбыр күштен арашалап үйренсе, онда ол бала жүрегінен мейрімділіктің орын тепкені. Ал бұл мейірімділік баланы қуанышқа бөлеп, оның өмірге деген ықыласын молайтады.
Мектеп программасында отан деген ұғымды терең сезініп, оған деген ықыласы, сүйіспеншілігі молая түседі. Отан өзінің әсем табиғатымен де бала үшін сырлы да сымбатты Сондықтан табиғат жайлы шығармаларды оқытуда Отан мен оның табиғатын бірлікте алып, талдап түсіндірілгені жөн. Оған Сырбай Мәуленовтың Менің Республикам Өленің тәрбиелік, көркемдік әсері мол Ақын:
Тауды көрсең Күн көзімен таласқан,
Аспан көрсен Ай мен күнге жол ашқан,
Дала көрсең көк жиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түске аспан,
Орман көрсен кең даланы ораған,
Жолдар көрсең шар тарапқа тараған,
Қывзыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген
Ұлан-байтақ республикам бұл менің-деп[17]
жырлайды Оқушыға көркем шығармадағы табиғаттың әрбір бөлшегіне деген осындай сүйіспеншілікті ұқтырып отыру оның патриоттық сезімін күшейтеді. Бірақ әдебиет сабағында оқушыларға шығармалардан Отан табиғатының сұлу көріністерін ғана ұсыну бір жақтылыққа соқтырар еді.
Көз алдымыздағы табиғаттың бүлінбеген жарасымен бағалай түсу үшін табиғатқа немқұрайды, тіпті зиянкестікпен қараудың зардаптары да назардан тыс қалмауға тиіс.
Әдебиет пәні арқылы оқушыларды табиғат қорғауға баулу олардың еңбекке деген көзқарасын қалыптастыру ісімен тығыз байланысты. Көркем шығарманың тәрбиелік әсері оқушының бойына табиғатқа достық, жанашырлық сезімдерін сіңіруімен бірге, оны қоғамға пайдалы практикалық жұмыстарға жігерлендіріп еңбекке белсенді араласуға бағдарлап отыруынан да көрінеді. Табиғатқа деген сүйіспеншілік –оған өз еңбегңмен белгілі бір үлес қосып, оны өзгертуге, қорғауға ат салысқанда ғана терең де мәнді бола түспек. Тәрбиенің басты бір мақсаты осындай дағдыларды қалыптастыру.
Сондықтан да мектепте әдебиет пәні арқылы жүзеге табиғат қорғауға тәрбиелеу коммунистік тәрбиенің эстетикалық адамгершілік, патриотизм, еңбек және т.б. болашақ комунизм құрылысшыларының жан-жақты дамып, қалыптасуына ойдағыдай әсер етеді.[5]
