- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі а.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
- •4 Курс студенті
- •5В020500- Филология
- •1.Әдебиет сабағының қолдану ерекшеліктері
- •1.1Шәкіртті әдебиет әлеміне әкелу
- •1.2 Әдебиет сабағының тәрбиелік мәні
- •1.3 Ақын-жазушылардың табғатқа арнап жазған туындылары
- •2. Қазақ әдебиетін оқытудың педагогикалық технологиясы
- •2.1 Оқыту технологиясы
- •2.2Жаңа инновациялық технология
- •2.3Көркем шығарманы оқыту
2.2Жаңа инновациялық технология
Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген президент Жолдауынан Ұлттық бәсекелестікке қабілетті ұрпақтың білім деңгейімен анықталатынын, әлем кеңістігіне көтерілу үшін мектеп табалдырығынан сапалы да, саналы білім беру болып табылады. «Инновация» ұғымын қарастырсақ,ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген.Инновация латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе «инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсатқа қандай әдіс – тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып,педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымының қалыптастыру, сол арқылы оқушының рухани жан дүниесінің бойына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру.
XXI ғасырдың іскер азаматы – бәсекеге қабілетті, ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын басқаның пікірімен санасатын, кез-келген мәселені істеп шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда өз орны бар, іскер, жеке тұлға деп білуіміз керек.
Қазіргі заман талабына орай ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын азаматтық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлері мен әдістерін жақсартуымыз керек.Қазіргі заман талабына сай,әр мұғалім өз білімін жетілдіріп,ескі бірсарынды сабақтардан гөрі,жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса,сабақ тартымды да мәнді,қонымды,тиімді болары сөзсіз.Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы.Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу – танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету.Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан – жақты дамуына қолайлыжағдай жасау.Тәуелсіздік туы желбіреген қазақ елінің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтар.Сол жеткіншектердің білім нәрімен сусындауы, тәлімді тәрбие алуына нұр сәулесін шамшырақтай шашып, бала бойына сіңіретін қасиетті де құдіретті мекен мектебі мен жанындай сүйетін мейірімді мұғалімдері екеніне ешкім дау айта алмайды.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз.Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні – қараң,келешегі – тұман» дегендей, еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз,құрғақ,таса,көлеңке жерге дән ексең өнбейтін сияқты,сапасыз білім берсең ол оқушы ешқашан алға ұмтыла алмайды.Сондықтан мұғалім жаңашыл, жан – жақты болу керек.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері әсер ететін жайттар баршылық.Дарынды ұстаз К.Д.Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте – бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды,ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін,күш – жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен.Олай болса мұғалім өз сабағының жоғары мәнінде оқушының қызығушылығын оятатын,әсерлі болуын қадағалап отыруды қажет етеді.Бүгінгі күні білім сапасын арттыру үшін сабақта не қолдану керек? – деген сұрақ туады.Оған жауап:
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі.Оны өз дәрежесінде пайдаланудың оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін біз,мұғалімдер қауымы әр сабақта жаңа технологияларды қолдануымыз қажет.Себебі,жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан – жақты ықпал етуі. Яғни,тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін,танымдық процестерін (есту,көру),өзін – өзі өзектендіру,бекіту,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру,белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу – танымдық ынтасын жетілдіру,әрі жеке тұлғаны жан – жақты дамытуға жетелейді.
Үйреншікті әдіс-тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау – міндетіміз, соған байланысты мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттерін бақылауда орын алады. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Мен өз тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесін қолданып жүрмін. Бұл технологияны пайдаланудағы мақсатым – әр оқушыны оның қабілеиі мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, оқытудың оқушының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ынғайлау.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы негізінде құрылған сабақта талаптылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады, оқушылардың оқуға деген ынтасы артады, білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдетеді.
Сонымен қатар бұл технология сынып ішінде дарынды балаларды анықтауға көмектеседі.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тәрбиелік мәні ерекше. Деңгейлік тапсырмаларды орындау процесі кезінде оқушылардың ақыл-ой, еңбек, адамгершілік, ұйымшылдық, эстетикалық тәрбиесі қалыптасып отырады.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Мен өзім көбіне І-ІІ-ІІІ деңгейдегі тапсырмаларды алып отырамын.
Білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартудың мақсаты — әр оқушының шығармашалық қабілетін барынша дамыту, ұлттық өнердің түрлі жанрларын білуге, жалпы ұлттық мәденитке баулу болып табылады. Біз, ұстаздар қауымы, болашақ ұрпақтарымызды бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелегіміз келсе, бар күшімізді мектепте білім сапасын арттыру үшін жұмсауымыз керек. Ол үшін жаңа технологиялар мен әдістер әбден қажет.
Жастарды ой-өрісі кең, жаны бай, адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, адамгершілігі мен жауапкершілігі жоғары, қоғамнан өз орнын тапқан, іскер де қабілетті, шығармашыл тұлға деп білуіміз керек. Осы мақсаттарға жетуде бүгінде оқыту үрдісіне еніп жатқан өзгерістер баршылық. Солардың бірі – сатылай кешенді талдау технологиясы.
«Сатылай кешенді талдау – ұлттық құндылығымызды бағалай білуге, оның білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп күнделікті өмірде қолданылу аясын жақсартуға бағыттайтын оқыту,»- деп түсінік береді технология авторы Нұрша Оразахынова. Бүгінгі таңда бұл технологияны білікті ұстаздарымыз тек қазақ тілінде ғана емес, ағылшын тілі, математика, химия, әдебиет, тарих т.б. пәндерді оқытуда қолданып келеді. Әсіресе мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындау мақсатында өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ үстінде, факультативтік, таңдау сабақтарында оқушы білімін жүйелі, нақты меңгерту үшін сатылай кешенді талдау жұмыстарына машықтандырып келемін. Бұл әдіс арқылы білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, баланың жалпы тұлғалық дамуына ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесім табуына да септігі мол деп есептеймін. Әдебиет пәнінен әдеби шығарманы, поэзияны, халық ауыз әдебиеті үлгілерін, шығарманың компазициялық құрылысын, өлеңнің құрылысына сатылай кешенді талдауға үйрету өзекті мәселе болып отыр. Төменде осындай талдаудың бірнеше түрін ұсынып отырмын.
Шығарманың компазициялық құрылысына сатылай кешенді талдау.
Ғ.Мүсірепов. «Ананың анасы» әңгімесі.
(7-сынып)
І нұсқа
1.Әңгіменің басталуы Әйтілес қарттың
үйінде молдадан
сабақ алып отырған
балалар.
2.Әңгіменің дамуы. Саудагер Рамазан мен
Әйтілес әңгімесі. Қазақ
елінің ерлік шежіресінің
бір оқиғасының суреттелуі
3.Әңгіменің байланысуы Бала бидің батыры
Жалпақ балуан
бастаған қарулы
жасақ. Ергенекті деген
елден кек алып, есе
қайтаруы үшін жолға
шығады.
4.Әңгіменің шиеленісуі Барымташылар
қалың жылқымен
бірге жылқышының
қызын алып кетеді
5.Шарықтау шегі. Зорлықшылардан қызын
құтқармақ болып жау
соңынан ананың аттануы;
6.Әңгіменің шешімі: Өктем үнмен жасқанбай
сөйлеген ананың қайраты
Жалпақ балуанды райынан
қайтарады.
7.Қорытынды. Жалпақ балуанның
адамгершілігін, мейірімін
сақтаған адам
ІІ-нұсқа.
Ғ.Мүсірепов. «Ананың анасы» әңгімесі.
Кейіпкерлері:
Әйтілес – қарт, ақсақал
Рамазан –саудагер
Жанай – балуан
Жалпақ – Бала бидің батыры, балуан
Он бес жасар қыз – жылқышының қызы
Қыздың анасы – Сонар дегеннің қызы
Қыздың әкесі.
Портрет.
а) Әйтілес – аппақ, ақ қар бас, соқыр қарт, етекей сақалды,
балуан бармақты.
ә) Ана – боз көйлегі жырым-жырым, қолдары қарғаның
тұяғындай қап-қара, ерні қырық тілінген, жарық-жарық,
түйілген қабағынан, от жанған көзінен шошисың.
б) Жалпақ балуан – жауырыны қалпақтай, жұдырығы
тоқпақтай, сыртынан қарағанда құйған пештей.
в) Қыз – қызғалдақтай үлбіреген сұлу.
Теңеу
Етектей сақалын тарап отырды. Күмістей ақ сақалы
кеудесін жабады. Іркіт сабасындай іркілдеген молда.
Қатып қалған саңлақтар ұршықтай ойнап, бөкендей
бүктеліп, ауыздықтарын қарш-қарш шайнады.
Тұйғындай түйіліп, жұлдыздай ағып артымыздан бір
қара келеді.
Афоризмдер.
Соның суық ызғары табанымнан, қара таңбасы маңдайымнан әлі кеткен жоқ. Сай сағалап, өзен жағалап жүретін төрт үйлі бір ауыл болыпты. Білектің күшін, найзаның ұшын не күшті теңдеске, не иығы теңдеске жұмсаған жоқсыңдар. Жағаласқан жау емес, жалбарынған сор емес пе?
Құлынға қосақтап қызығымды әкетіп барасыңдар. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмаймын! Сен көзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың, т.б.
Тұрақты тіркестер:
Көзді ашып-жұмғанша, көпті көрген көне, тар құрсағын кеңейткен, тас емшегін жібіткен, көзге түрткенде, күн найза бойы көтерілген.
Антоним
Берсеңдер тірі алып қайтам, бермесеңдер өлі алып қайтам. Не сұрау, не жауап бере алмай қалдық. Оң жағына ұрса, сол жағын тосатын кеще адамдар әзірлеп жатырмыз[22]
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау,яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.
Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады
I.-қызығушылығын ояту ( «көпір жасау», ой қозғау)
II.- мағынаны таныту ( мағынаны ажырату)
III.- ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. 2- сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:
Рафт Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.
Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.
Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.[23.]
