Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом Салтанат — копия.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189 Кб
Скачать
☆

2. Қазақ әдебиетін оқытудың педагогикалық технологиясы

2.1 Оқыту технологиясы

Оқушыларды ғылыми іздніске баулу, жетелеу мұғалімге де жаңаша ізденісті талап етеді. Инновациялық технология талаптарын терең меңгерген, зерттеуші, ізденуші, жаңашыл мұғалім ғана алдындағы шәкіртіне терең білім беріп, қабілетін, дарынын дамыта алмақ. Мұғалімдерге, әсіресе, жас мұғалімдерге көмек ретінде жоғарыдагы технология талаптары туралы сөз қозғасақ, енді оның түрлеріне түсінік беріп отырмыз. Әдебиетті құзыреттілік тұрғысында оқытуда олардың тиімділігі ерекше болып табылады. Оқыту технологиясы өз ішінді дамыта оқыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы жобалап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы болып бөлінеді.

Дамыта оқытудың пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісіндегі орны, маңызы ерекше. Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға мүлдем қарама- қарсы альтернативті оқыту түрі. Дәстүрлі оқытудың басты мақсаты білім беру, оқушылардың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру болса, дамыта оқыту білімді де, тәрбиені де жеке тұлғаға бағытгай отырып, оны жан-жақты дамытуды мақсат етеді. Дамыта оқыту оқушыны субъект ретінде қарастырады.

Дамыта оқытудың негізін салушылардың басында тұрған В.В.Давыдов, Д.Б.Элькониндер оның ерекше тиімділігін баланың білімді өз бетімен алуы, оның ізгілік (гумандық) бағыты, іс-әрекеттегі шығармашылық, өнерпаздықпен түсіндіреді. Дамыта оқыту жеке тұлғаның ойлауын, танымын, есте сақтау қабілетін, эмоциясын, сезімін, жан- дүниесін, тілін, ерік-қайратын, мінезін, дарынын дамытуға бағытгалады. Ойлаудың езін ғалымдар өнімді- өнімсіз, шығармашылық-шығармашылық емес деп бөледі. Ал дамыта оқыту тұлғаның шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етеді. Ал шығармашылық ойлау адам дамуының ең жоғарғы биігі болып табылады. «Школа, работающая в системе развивающего обучения, призвана передать подрастающим поколениями опыт творческого мышления, творческой пойсковой деятельности по решению новых проблем»,- деген пікірі дамыта оқытудың өзіндік ерекшелігін айқындайды.

Оқытудың бұл түрі оқушылардың теориялық ойлау қабілеттерін дамытуды негізгі мақсаты етеді. Ал енді теориялық ойлау - оқушының бір нәрсе, құбылыс туралы, олардың жаратылысы, мән- мағынасы, қасиеттері туралы зерттеулерінің сөз арқылы көрініс табатын іс-әрекеті. Теориялық ойлау диалогиялық әнгіме, пікір- талас арқылы қалыптасады, сол арқылы жарыкка шығады. Құбылыс, зат туралы таным үлкен ақыл-ой еңбегін қажет етеді. Сондықтан да дамыта оқыту ең алдымен оқушылардын санасын, ойлау - іс- әрекеттерін дамытуды көздейді. Пәнаралық байланысқа негізделген

шығармашылық жұмыстардағы дамыта оқытудың ерекшелігін, дәстүрлі оқыту түрлерімен салыстыра отырып, төмендегідей саралауға болады:

білім ғана емес, оқушылардың абстрактілі ойлау іс-әрекеттері, ғылыми танымы, тұлғалық қасиеттерін дамытудың алдыңғы кезекте түруы.

оқу үрдісінің тікелей тұлғаға бағытталуы.

оқушы- субьектінің, білімді өз ізденісі, жетістіктері арқылы алуы.

сабақтың барлық кезендерінде ол - белсенді тұлға (зерттеуші), өнім беруші, өз іс-әрекетін талдаушы.

мұғалім - әр баланың танымдық түйсігін оята отырып, оларды даму аймағына кіргізуші.

дамыта оқьггуға негізделген сабақ - ұжымдық ойлау іс-әрекеті, диалог, пікір талас, іскерлік қарым-қатынастармен ерекшелавді.

мұғалім оқушыларға дайын біліммен емес, проблемалық сұрақпен келеді, берілетін білім проблемалық баяндау негізінде болады. Оны шешу, мақсатқа жету оқушының өз іс-әрекеті арқылы жүреді. Оған жетудің әдіс-тәсілдері, жолдарын өзі табады. Модель, жоба жасау, оны қорғау - дамыта оқытудағы басты әдіс-тәсіл. Дамыта оқыту оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытады. Ал шығармашылық ойлау - шығармашылық табыстарға жетудің кепілі. Шығармашылық ойлаудың басты белгілері төмендегідей:

бұрын ешкім ашпаған, қол жетпегш беймәлім нәрсені ашу, оған қол жеткізу;

нәтижеге жетудің әр түрлі жолдарын іздеу;

нәтижеге әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жету;

ешкімнің жетелеуінсіз өз беттерімен іс-әрекет жасау.

Дамыта оқытуды негізге алған пәнаралық байланыстағы

шығармашылық жүмыстарда оқушы-мұғалім іс-әрекеті төмендегідей болып келеді. Ол дәстүрлі оқытудағы мұғалім-оқушы қарым-қатынастарынан мүлдем бөлек.

3-кесте. Оқушы - мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Мұгалім іс-әрекеті

Мәселені шешуші. Өнім жасаушы.

Әдіс-тәсілдер, әр түрлі жолдар іздеуші, табушы.

Өз өнімін ортаға салушы, ұжыммаз қарым-қатынасқа түсуші (жоба, модель, ереже, сұрақтар, дайындаушы). Керегінде мұғалімді де пікір таласына шақырушы.

Өз еңбегін өзі саралаушы, қорытындылаушы.

Оқушыларды дербес таным іс-әрекетіне кіргізуші, оған түрткі жасаушы. Тапсырмалар, сұрақтар әзірлеуші.

Ақьшшы, көмек беруші;

Бірлесіп іздеуші, керегінде олармен пікір таласына, диалогиялық әңгімеге кіруші. Психологиялық жағымды ахуал, жағдай туғызушы.

Оқушьшардың ізденісін қолдаушы, мақұлдаушы.

Қол жеткен нөтижені саралаушы, коррекция жасаупіы.

Дамыта оқытуда мұғалім қызметі төмендеп тұрған жоқ. Оқытудың қай түрі болмасын мұғалім - ол мұғалім. Бірақ оқытудың бұл түрінде мұғалім дәстүрлі оқытудағыдай барлық іс-әрекетті өз мойнына алмайды. Мақсатқа тек өзінің белсенділігімен жетпейді. Белсенділік оқушыға жүктеледі. Дамыта оқытуда да мұғалім мен оқушы іс-әрекеті бірлікте, бір бағыт, бір мақсатқа бағытталады.

Атақты ғалым-педагог Ш.А.Амонашвилидің мына пікірі соны дәлелдейді: «Развиваться ребенку педагог помогает лишь в том случае, если он объясняет, показывает, напоминает, подводит, объективириует, советует, совещается, предотвращает, сопереживает, поощряет, стимулирует, вселяет уверенность, заинтересовывает - это взаимосвязанные и целенаправлзшые действия».

Ғалымдар еңбегін саралай келе, мұғалім-оқушы іс-әрекетін төмендегі 1 сурет арқьшы көрсетуге болады.

Дамыта оқыту жаттанды іс-әрекеттерге сүйенбейді, оқушының жеке басын дамыту, білімді өз ізденістері арқьшы алуды қамтамасыз етеді. Шығармашылық еңбекке кең жол ашады. Ол оқушының шығармашылық ойлауына, ізденісіне, іс-әрекетіне түрткі жасайды, оны дәстүрлі оқытудағы өнімсіз еңбектея босатады. Оны зерттеуші, ізденуші биігіне көтереді. Оқытудың бұл түрінде сұрақтар, тапсырмалар жүйесі де басқа сипатта болады, яғни өз беттерімен орындалатын шығармашылық тапсырмаларға ерекше назар аударылады.

Ол жөнінде осы оқытудың негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов былай дейді: «Процесс усвоения знаний может проходить в результате самостоятельного поиска путем решения познавательней задачи. А решать несложные познавательные задачи способен даже ученик первого класса... Решение задачи служит одним из средств овладения системой знаний по тому или иному учебному предмету и в то же время способств>ет развитию самостоятельного творческого мышления» .

Қорыта келгенде, дамыта оқытудың пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстарды жүргізудегі ең басты тиімділігін төмшдегідей көрсетуге болады:

оқушылардың дербес ізденісіне, білімді өз бетімен алуына пәрменді ықпалы;

оқушылардың шығармашылық ойлауын жетілдіруі;.

олардың қабілеті, дарынын, шығармашылық бейімін дамытуға түрткі жасауы;

шығармашылық тұлға қалыптастыруға әсері, жеке бас ерекшеліктерін жан-жақты дамытуы;

оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзіндік «Мен» ділін (менталитетін) жетілдіруге жағдай жасауы;

ғылыми ізденіске, ғылыми еңбекке баулуы.[21]

Ұжымдық оқыту білімді жеке түлғаға қарай бағыттай беру технологиясына жатады. Оны кейде «ұйымдастырылған диалог», «ұжымдық оқыту» деп те атайды.

Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты белгілері: әр баланың қабілетін, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыста бір-біріне көмегі, ынтымақтастыгы болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінде мүғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Мұғалімнің іс-әрекетін, қызметін ұжым атқарады, ягни жаңа білімді меңгертуде, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмыстарын саралауда, бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші қызметін атқарады.

Ұжымдық оқытудың негізі 30-жылдары еңбек еткен практик- мұғалім А.Г.Ривиннің ізденісінш туған. А.Г.Ривин негізін салған үжымдық оқытуды зерттей отырып, оны ары қарай жаңартушылар, ізденушілердің бірі болған ғалым В.К.Дьяченко оны «работа учащихся в парах сменного состава» дейді.

Сондай-ак талым: «Коллективная форма учебных занятий имеет

особенности как парной, так и групповой формы, и в то же время это качественно принципиально новая форма. Коллективные учебные занятия - это работа учащихся в парах сменного состава. При коллективных занятиях работа происходит в парах, но эти пары не замкнутые, а открытые: каждый по очереди работает то в роли обучающего, то в роли обучаемого. При систематической коллективной работе все ученики по очереди работают со всеми: все обучают и воспитывают каждого, а каждый всех», - деп анықтама береді.

Бұл оқытудың ұзақ жылдар бойы тәжірибеден қалмай, өзінің тиімділігін әр кезеңде де дәлелдеп келе жатқан себебі мынадай басты-басты ерекшелігінде жатыр:

жүйелі түрде қайталанып отырылатын жаттығулар, жұмыс түрлері арқылы оқушылардың логикалық ойлауы жетіледі, тілі д амиды;

сөйлеу үдерісінде есте сақтау қабілеті, зейіні дамиды, бүрынғы білім мен тәжірибесі, икем-дағдысы кеңейе түседі, үнемі жаңғырып отырады;

әркім өзін еркін ұстайды, дербес жұмыс істеуге, өз бетімен қорытынды жасауға дагдыланады;

тек жеке басы үшін емес, ұжым алдындағы жауапкершілігі, іскерлігі артады;

өзін-өзі бағалау, өз-өзіне үңілу, өз мүмкіндігі мен қабілетін саралау, жетістігі мен кемшілігіне көз жеткізу іс-әрекеті дамиды;

өзін-өзі оқыту, бір-бірін оқыту үдерісі жүреді;

ауысып келіп отыратын қатары, жұбы арқылы бір мәселе айналасында бүкіл үжыммен жұмыс істеуге, оны талқылауға мүмкіндігі туады. Білім мен дағды беки түседі, тиянақты білім қамтамасыз етіледі.

Ұжымдық оқыту технологиясының маңызын ұлы педагог Я.А.Коменскийдің мына пікірі дәлелдейді: «Если нужно - откажи себе в чем-нибудь и плати тому, кто будеть тебя слушать, многое спрашивать, усваивать, учить других тайны великой учшости».

Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстарды жүргізуде ұжымдық оқытудың төмендегідей жұптық тәсілі ерекше маңызды болып келеді

Ұжымдық оқудың жұптық тәсілі

. Тұрақты жұп

Екі оқушы өз тілегі бойынша жұпталады. Мұғалім- оқушы; оқушы-мұғалім қызметінде іс-әрекет жасайды. Жұпқа екі жақсы оқитын, немесе бірі жақсы, бірі орташа оқитын бала жупталады

. Өзгеріп, ауысып отыратын жұп.

Бір тапсырмаға 4 бала жүмылады, тапсырманы 4 бөлімге бөліп алып орындайды. Эр бала өз жүмысын қалған 3 баланың әрқайсысына түсіндіреді. Сонда өз жұмысын үш рет қайталап айтады. Әр баланың дербес қабылдауы, өзіндік білімін ескере отырып айтқанда, түсіндіру үш түрлі деңгейде болуы мүмкін.

Вариациялык жүп (ерекше жұп)

Топтағы баланың өрқайсысында жеке-жеке жүмыс болады. Тапсырма орындалған соң, жеке-жеке мұғаліммш жұмыс істейді де, бір бала қалған үшеуіш түсіндіреді, қалғандары кезектесе отырып осы бағытта әрекет жасайды.

Ұстаздардың ұжымдық оқыту тәсілдерін тәжірибеге пайдалану жолдары әр түрлі болып келеді. Оқытудың бұл түрі бүгінгі технологияландыру кезінде де өз маңызын сақтап отыр. Төменде ұжымдық оқьггуды басшылыққа алғаң, пәнаралық байланыс арқылы шығармашылық тапсырмаларды жүргізу әдістемесі беріліп отыр. Тұрақты жүптық жүмыс жүргізу жолдары:

Дайындық кезеңі. Оқушылар сыньш санына қарай топқа бөлінеді. Мұғалім тапсырмалармея таныстырады, көмек-нүсқау жазылған үлестірме қағаз таратады. Шешілетін проблемаға назарларын аударады. Ton спикері түсінік береді.

Жұптағы, топтағы жүмыстардың жүруі. Оқушылар тапсырманы жеке-жеке орындайды. Кезектесе отырып, бір-бірінің

жұмысын тыңдайды; ортаға салады, бір-біріне сұрақ қояды, қорытындылайды. Бағалайды, коррекциялық жұмыстар жүргізеді, бір-бірін оқытады, бір-бірінш үйренгді, бір-біріне түсіндіреді.

Жұмыстарың қорытындыларын, жасаған жобаларын спикер хабарламасы арқылы мұғалім тыңдап, танысады. Жауаптардың дұрыс-бүрысын сараптайды, саралайды.

Мұғалім ұжымды жұмыстың орындалу сапасымен таныстырады. Ұжым тыңдайды, талқылайды, пікірлеседі (дауласады, пікір таласы, келісу-келіспеушілік болды).

Бақылау жұмысы. Жұмыс оқушылардың алған білімін, үғымын тексеру мақсатында жүреді. Бақылаудың түрі көп, тиімді дегенін мұғалім таңдап алады. Осы жұмыстардан соң мұғалім бақылау жұмысының қорытындысын хабарлайды. Коррекциялық жұмыстар жүргізеді. Кемшіліктерді түзету үшін жаңа мақсаттар белгілейді.

Топтың спикері болады, ол «координатор» деп те аталады. Мүғалім оны да дайындайды, координаторлар да ауысып отырады. Координаторлар ең алдымен мұғалімнің де, достарының да көмекшісі қызметін атқарады. Олардың өз қызметін толық түсінуі әрі үжымды жемісті еңбекке жұмылдыруы үшін төмендегідей көмек- нұсқау берудің тиімділігі бар.

Көмек-нұсқау

  • тапсырманың мақсатқа жету, жетпеуі, сөттілігі өзіңнің де ұйымдастырушылық қабілетіңе байланысты.

  • топтың өр мүшесімен достык қарым-қатынаста бол. Ескертулеріңді байыппен, орнықты етіп жаса.

  • әділетті бол, іс-әрекетің қысқа, тұжырымды, түсінікті, дәлелді болсын.

  • өзімшіл болма. «Менікі ғана дұрыс» дегш қорытынды жасама.

көмекші, ақылшы бола біл Достарыңның жауабын көңіл қойып тында, керекті жерінде ғана пікір қос.

Жұп мүшелеріне де осындай нұсқау ұсынып, қалай жұмыс істеу керектігі туралы бағыт-бағдар беріледі.

Ұжымдық оқытудың бір түрі - топтық жумыс. Дәстүрлі оқытудағы топтық жұмыстар түрақты болып келеді, өздеріне берілген тапсырмаларды топ болып орындайды. Үжымдық оқытуда тұракты топ болмайды, олар үнемі ауысып отырады. Топтағы оқушылардың әрқайсысы басқа топқа барып, жұмыстарын ортаға сала алады, үнемі қозғалыс, ауысып отыру бұл оқытудағы топ жұмыстарының өзіндік ерекшелігін даралайды. Топқа оқушылар өз еркімен де, мұғалім нұсқауымен де кіре алады. Мұғалім оқушылардың қабілетіне, іскерлігіне, білім дәрежесіне қарай топтастырады. Топтық жұмыстың басты тиімділігі:

берілген шектеулі уақытта пікір алмаса алады, ойларын ортаға салып үлгереді;

пікір алмасуға, ортаға салуға, ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс істеугс, қорытынды жасауға қатыса алады;

зерттеу, іздену іс-әрекетіне икемделеді.

Топтық жұмыста мұғалім тарапынан нақты нұсқау беріледі. Ton спикері белгіленеді. Ton жұмысы жемісті болу үшін мұғалім оқушылар арасындағы бірлікке ерекше көңіл бөледі. Сынып неше топқа бөлінсе де, олар бір ғана проблема шешу айналасында іздосді. Мысалы, «Қараш-қараш» оқиғасындағы етістіктердің орны» деген мәселе - барлық топтың шешетін тапсырмасы. Әр топқа әңгімені тарау-тарауға бөліп беру - мақсатқа жетудің тиімді тәсілі. Әр топ өздеріне ұсынған оқиғалардан сын есімді іздейді, мақсатқа жету айналасында еңбектенеді. Топтық жұмыстан соң спикерлер өз тобымш микро-сабақтар (шағын сабақтар) өтеді. Оған барлық топ қатысып, мәселені талқылауға, сұрақ қоюға араласады. Бір-бірінің жұмысын саралау, бағалауда ауысып отыру топ арасында жүріп отырады. Ал топ ішіндегі оқушылар өз-өзіне, бір-біріне баға қоя алады, оған еркіндік беріледі. Олардың жұмысына, жауабына, тапсырманы орындауына спикер сараптама жүргізеді, талдау береді. Ton мүшелерін ауыстырып отыру, керегінде оны өзгертпеу тапсырмалар ауқымына, қаншалықты күрделілігі мен жеңілдігіне байланысты болады. Кейде тапсырма топтағы оқушылар санына карай жеке-жеке бөлініп беріледі.

Әрқайсысы өз жұмыстарын аяқтаған соң, ортаға салады. Жұмысын аяқтаған бала қай топқа барып өз нәтижесін ортаға салады, оған еркіндік беріледі. Уақытты үнемдеу, қайталаулар арқылы еске үстау, тыңғылықты білім алу үрдісі жүреді. Ең бастысы, оқушылар өз беттерімен бір нәтижеге қол жеткізеді, барлығы оқу еңбегіне бірдей қатысады (Топтық жұмыстың моделін 2-суретші көруге болады).

Жұптық жұмыстардың тағы бір түрі - еркін жұптар арасындағы, яғни өзгеріп, ауысып келіп отыратын жұптар жұмысы, оның технологиясы төмендегідей: тапсырма бәріне ортақ беріледі. Әрқайсысы оны жеке-жеке орындайды да, өзі қалаған баламен жұптасып, тапсырмасын ортаға салады. Ары қарай басқа баламен жұптасып, жұмысын жалғастырады. Жұптағы екінші бала да осы тәсілмен бірнсше баламен жұмыс істейді. Эр бала өз жұмыстарын ғана ортаға салмайды, екінші баланың да жұмысын тыңдайды, танысады.

Осы жұптасқан балалар енді басқа балалармен де жұптасып жұмыс істейді. Бұл жұмыстың ұтымдылығы: бір баланың жұмысына бірнеше бала пікір айтадьі, бағалайды, жетістігі, кемшілігі туралы талдау жасайды. Қайталап сөйлесу, пікірлесу, ойларын еркін жеткізуге, тілдерін жаттықтыруға, білімін жаіғжақты толықтыруға ықпал етеді.

Ұжымдңқ оқытуға негізделген жұптық жұмыстың бір түрі - вариациялық (ерекше) жуптар жұмысы. Оның технологиясы — топтағы балалардың әрқайсысы берілген тапсырманы жеке-жеке орындайды. Орындап болған соң, оқушылар жеке-жеке өз жұмыстарьш кезектесе отырып ортаға салады. Біреуі айтып жатқанда, қалғандары тындайды, жазба жұмыс болса, жазғандарын оқиды. Бір-біріне сұрақ қояды, ол сұраққа жауап бере алмаса, топтағы басі^а балалар жауап береді. Бұл жұмыс әсіресе оқушының ауызекі сөшку тілі мш жазба тілін бірлікте қарастыра отырып, тіл дамытуда тқімді болып кслоді.

Жұптық жұмыстың бұл түрінде дербестік сақталады. Ең жақсы деген жұмысты топ спикері басқа топқа ұсына алады. Ол бала енді өз жұмысын басқа топтың ортасына салады. Қорытынды кезенде мұғалім көмегімен 2-3-жүмысты бүкіл ұжым тындайды, пікірлеседі, ойларын ортаға салады.

Вариациялық жүптар жұмысы көбіне оқушылардың өз сезімі, қабылдауы, әсерін тәжірибеде пайдалана білу мақсатына бағытгалады. Балалардың жеке бас ерекшелігі, ынтасы, оқуға деген қарым-қатынасына байланысты ұжымдық оқыту технологиясын дамытып, өзгертіп жүргізуге болады. Ұжымдық оқыту технологиясы туралы ғалымдар зерттеулері баршылық. Бірақ бірде-бірі оны пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үдерісіне пайдалану жолдарын сөз етпейді, төориясын ғана ортаға салады. Оның теориясын меңгере отырып, тәжірибеге пайдаланудың өзіне шығармашылық іскерлік керек.

Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуда шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үдерісіндегі ұжымдық оқытудың тиімділігін былай саралауға болады:

топтық, жұптық жұмыстарда балалар үнемі сөйле/, пікір алмасу, пікірталас қатынасында болады;

бірінші кезенде әр бала тапсырманы жеке орындайды;

екінші кезеңде бір-біріне түсіндіреді;

үшінші кезеңде бірлесе келіп, бір-бірінің жүмысына пікір айтады, түзетеді, ортақ қорытындыға келеді;

төртінші кезеңде бүкіл ұжым болып талқылайды, қорытынды жасайды. Қай кезеңде болмасын баланың тілі, ойын еркін жеткізу дағдылары дамиды. Ұжымдық оқытуда балаға толық еркіндік беріледі, олар өз-өзін және бір-бірін оқытады.

Жүмыстың барлық кезеңінде мақсатқа жетуде оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі белсенділікте болады. Бұның өзі ұжымдық оқытудағы тілдің орнын ешбір түсініксіз-ақ дәлелдейді.

Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде оқушылардың ауызекі сөйлө/ дағдысын жетілдірудің орны ерекше. Инновациялық технология оның жаңа, өнімді технологиясынан ізденуді алдыға алып келді.

Жұптық жұмыстар - оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытудың өнімді жолы. Осы мақсатгағы жұптық жұмыстың бір моделі төмендегідей болып келеді:

Сұрақ-тыңдау-сөйлесу-талдау-келісу, қорытындылау.

Жүру әдістемесі:

Мұғалім тапсырма, сұрақ береді, бала оның жауабын жанындағы балаға айтады. Жұп бір-бірімен сөйлеседі, талдайды, бір келісімге келеді, жүмыстарын қорытындылайды. Осы іс-әрекеттен кейін әр жұп өз жұмыстарын ортаға салып, бүкіл ұжым болып талқылайды. Тіл дамытудың бұл түріндегі сұрақ пан тапсырма іздендіру, зерттеу, проблеманы шешу дәрежесіңде болады. Мұғалім оқушының білімін өз беттерімен анализ, синтез, баға деңгейіне көтеру іс-әрекетімен жүмыс істеуге жетелейді.

Сүрақ: Мұғалім сұрақ қояды.

Тыңдау. Оқушылар сұрақты тындайды, еске үстайды, ойланады.

Сөйлеу: Ары қарай жауаптарын бір-біріне айтып сөйлеседі.

Тсиідау: Жауаптарын талдайды, пікірлеседі.

Келісу: Дау туғызатын мәсежжр айналасында біріге отырып келіседі, қорытынды бір пікірге жүгінеді. Оқушылардың сөйле тілдерін дамытуда осы модельдің маңызы зор.

Біріншіден, белгілі тәртіп, нақты мақсат, оқушыларды жүйелі жұмысқа жұмылдырады.

Екіншіден, әдебиет пен қазақ тілінде беріліп жатқан білімді бірлікте қарастыра отырып оқушылардың білімін тереңдетуде, тіл дамытуда өнімді тәсілі болады. Ұжымдық оқытудың, әсіресе оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытудағы орны ерекше.

Тіл дамыту үрдісінде оқушылардың байланыстыра сөйлеуі және ауызекі сөйлеу тілдерінің жетілуіне ерекше көңіл бөлінеді. Күнделікті өмірде, қарым-қатынаста адамдар ең алдымен ауызша тілдеседі, сол арқылы бір-бірімш түсініседі. 45 минут сабақта да мүғалім-оқушының оқу іс-әрекеттері ауызекі сөйлеу тілімен жүзеге асады. Ауызекі сөйлеу тілді дамыту ең ал дымен оқушылардың сөздік қорын байытудан басталады.

Ауызекі сөйлеу тілі тіл байлығымен ғана емес, сөйлеу мәдениетімен де тығыз байланыста болып келеді. Ойды шебер, жатық, жүйелі тілмен жеткізуде дауыс ырғағы әрі сөзді айқын, мәнерлі айта білудің маңызы зор. Тіл дамыту үрдісінде осы мәсежжрге айрықша көңіл бөлген жөн.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстардың алатын орны ерекше. Өткен ғасырда өмір сүрген орыстың ұлы лингвист ғалымы Ф.И.Буслаев: «... цель обучения должна состоять в усвоении ребенком языковой культуры народа через систему специальных речевых упражнений... все грамматическое учение должно быть основано на чтении писателя» дейді. Ғалым еңбегінен мына мәсежжрді саралап алуға болады:

Біріншіден, тіл мәдениетіне баулу, арнайы жаттығулар арқылы жүзеге асады.

Екіншіден, тілді меңгерту, үйрету әдебиет пәнімен тікелей байланыста жүреді.

Ұжымдық оқыту тәсілінде оқушылар үнемі бір-бірімш ауызша тілдеседі, ауызекі сойлеу тілінде қарым-қатынас жасайды. Мұның өзі ешбір дәлелдеусіз оның тіл дамытудағы орнын айқындайды.

Проблемалық оқыту туралы ғылыми еңбектер, ізденістер, жинақталған тәжірибелер баршылық. М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, Г.Ю.Ксензова, поляк ғалымы В.Оконь т.б. еңбектерімен қоса, қазақстандық ғалымдар Т.Ақшолақов, Қ.Тасболатов, Ә.Дайыровалар ізденістерін атауға болады. Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады. Оның басты себебі проблемалық оқыту технологиясының өзіндік ерекшелігінде жатыр. Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмылады. Проблемалық жағдаятгы шешу арқылы оқушылардың шығармашылық сйлауы дамиды, интеллектуалдық таным үдерісі жетіледі.

Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың тіл дамытудағы тиімділігі - оқушылар бұл оқыту түрінде ғылыми ізденіспен, зерттеушілікпен айналысады. Ойлау үрдісі тоқтаусыз жұмыс істейді. Ойлаумен бірге тілдері де дамиды. Ғалымдардың төмендегі пікірлері осы тұжырымды дәлелдейді: «Осознав поставленную проблему, ученики сами намечают план поиска, строят предположения (гипотезу), проводят наблюдения, опыты, фиксируют факты, сравнивают, доказывают, делают выводы». Ал Г.Ю.Ксензова: «Основной ситуацией, порождающей процесс творческого мышления, является проблемная ситуация» дейді.

Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың ғана өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне бағытталады, білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалық сұрақтарды жағдаятты шешу - шығармашылык үрдіс. Ал шығармашылық, өнерпаздық сөзінің мәні - жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне гана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық - ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың, жаңа өнімі. Ғалымдар проблемалық оқытудың өзіндік ерекшелігі мен маңызын төмендегідей саралайды: «Под проблемным обучением, мы понимаем совокупность таких действий, как организация проблемных ситуаций, формулирование проблемы (постепшно к этому привлекаются сами учашки), оказание учеником жобходимой помощи в решении проблем, проверка этих решений, руководство процессом систематизации и закрепления приобретенных знании» дейді поляк галымы В.Оконь.

Ал проблемалық оқыту айналасында ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізген М.И.Махмутов: «В основе проблемного обучения лежит учебная проблема, сущностью которой является диалектическое противоречие между известными ученику знаниями, умениями и навыками и новыми фактами, явлениями, для понимания и объяснения которых прежних знаний недостаточно» деген тұжырым айтады.

Екі ғалымның пікірін қарастырғанда проблемалық оқыту туралы ортақ бір тұжырым шығады. Ол - оның негізінде бір бейтаныс мәселенің жататыны, ол мәселені шешу қажеттігі, ол үшін бұрынғы білімге сүйену, бірақ оның мақсатқа толық апармайтынын түсінуге болады. Проблемалық оқытудың басты-басты белгілерін педагог- ғалым М.Н.Скаткин өзінің Совершенствований учебного процесса в школе» деген еңбегінде былай көрсетеді.

Мәселе шешу, проблемалық тапсырмалар, сүрақтар әр түрлі іс- әрекеттер арқылы жүзеге асады. Бұл үрдісте әсіресе пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Өзекті жұмыстар, сұрақ-тапсырмалар туралы педагог- ғалым Г.Ю.Ксензованың тұжырымдамасына жүгінген дұрыс: «Проблемная учебная задача - это задача позволяющая освоить общий принцип решения практических задач».

Дегенмен, ғалым бұл жерде шығармашылық тапсырмалар туралы, оның мәселені шешудегі орны жайында сөз қозғамайды.

Ал проблемалық оқытуға негізделген шығармашылық тапсырма- лардың ең басты белгілері, оқушылардың белсенді дербес ізденісі, өзіндік, шығармашылық ойлауы арқылы проблемалық жағдаятгарды шешулерінде. Бұл жөнінде: «Решая проблемную ситуацию человек либо находит новое, прекомбинируя хорошему известное в известном, то есть свести неизвестное к уже усвоенному ранее и тем самым разрешить проблему» деп түсіндіреді ғалым-педагог Г.Ю.Ксензова.

Алайда талым ең басты және манызды мына мэселелерге ерекше көңіл боле алматан:

Проблемалық оқытудың басты белгілері

1 .Білімді өзекті мәселе негізінде баяндау

Мұғалім сабақты жай хабарлап, не баяндап түсіндірмейді. Мөселе қоя отырып, түсіндіреді. Оқушылардьщ таным белсшділігін артгыру, біріге отырьш оны шешу жолдары мақсат етіледі. Оқушыларды іздшдіруге, табуға жұмылдырады.

2.0қушыларды іздену, зерттеу іс-өрекетіне кіргізу

Мұғалім оқушылар алдына проблема қояды, ол проблемаға балалардың назарын аударады, сабақ түсіндіру барысында сұрақ-жауап, басқа да өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды.

З.Оқытудың зерггеу әдісі

Оқушылар мөселені шешу үшін болжам жасайды, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды шығару тәсілдеріқ амалдарын іздестіреді. Өз беттерімш, өз ізденістерімш мақсатқа жету үшін еңбектенеді.

  1. Оқушы үшін «жаңа», «беймәлім» мәселе дегендер тылымға белгісіз, мүлде тың, ашылмаған мәселелер емес.

  2. «Жаңа» дегенде оқушының өз ізденісі, өз зерттеуі арқьшы қол жеткізген өнімі айтылатыны.

Проблемалық оқытудың тиімділігі де сол - ол оқушының өз дербес іс-әрекеті арқылы мәселені шешуі, сол жолдағы ізденісі, шығармашьшық өнімге қол жеткізуі. Бұл жерде мәселе қайдан және қалай пайда болады деген сұрақ туындайды. Проблемалық оқыту технологиясымен ұзақ жылдар айналысқан М.И. Махмутов оның өзегі оқытылатын тақырыпта, көркем туындының өзінде, автордьщ ндеялық нысанасының негізінде жататынын айтады Һ64]. Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор. Оқушылар мәселені шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады. Технология оқушы - субьектінің дербес еңбегін талап еткенмен, мұғалімнің басшылығын, ақыл-кеңесін, яғни «режиссердің таягын» мүлде жоққа шығармайды. Проблемалық оқытуда сол «таяқтың» маңызы зор болып келеді.

Проблемалық оқьггудағы оқушының шығармашылық іс-әрекетін былай тұжырымдауға болады:

Оқу деректерінің мазмұнын талдау, саралау.

Мәселені ашу, өнім жасау, шығармашылық еңбекке қол жеткізу.

Қорытынды жасау, өзіж-өзі баға беру, саралау.

Проблемалық оқытуға негізделген шығармашылық тапсырма-

лардың дәстүрлі оқытудағы тапсырмалардан ең басты айырмашы- лығы ғалымдар еңбегіш сүйене отырып, төмендегідей жіктелінді.

Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы - оқушылардың шығармашылық кабілетін, дарынын дамытуға бағытталады. Бұл жөнінде «Методика развития речи на уроках русского языка» деген еңбекте былай делінеді: «Для развития творческой деятельности учащихся предлагается использовать наряду с упражнениями поисковые, проблемные, творческие задачи».

Оқушы мен мұғалем іс әрекеті

Дәстүрлі оқытуда

Проблемалык оқытуда

1. Мәселе койылмайды.

1. Алдыға мәселе ксйылады.

2. Мұғалім тарапынан берілетін жауабы дайын, қарапайым тапсырмалар. Нақты жауап оқулықта, қосымша материалдарда бар.

2. Дайын жауабы жоқ, мәселе шешуді талап ететін, зерттеушілікті, шығармашылықты қажет ететін тапсырмалар

3. Оқушы - обьект.

Ол - орындаушы.

Мұғалім жетекшілігі, басшылығы үстем болады.

3. Оқушы - субъект. Ол - дербес ізденуші. Еш нәрсші қайталамайды, дайын дүниені көшірмейді, өзінің ізденісі, зертгф арқылы мәселені шешуге талаптанады. Мүғалім- ақылшы, кеңесші, ұйымдастырупш, бағыт берүші.

4. Шығармашылық іздшіс, жаңа өнім жасау міндетті емес.

4. Оқушыларды жан-жақты дамытуға, жеке тұлғаға, оның дарыны, қабілетін арттыруға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.

5. Сыныптағы барлық оқушыларға арналған тапсырмалар.

Проблемалық оқыту технологиясынан дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді, нәтижелі қорытынды береді.

Еңбектің бастапқы бөлімдерінде оқушыларды ғылыми жұмысқа баулитын, жетелейтін әдіс-тәсілдерді, тиімді жолдарды сөз еткен болатынбыз. Енді шығармашылық жұмыстардың, тапсырмалардың оқушылардың дербес іздшісіш, зерттеуіне тигізетін игі ықпалына тоқталмақпыз. Ол үшін шығармашылық жұмыстар технологиясын білген дұрыс.

Шығармашылық сөзінің түп-төркініне орыс ғалымы М.Поташник былай анықтама береді:

жаңа өнім жасау, немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;

іс-әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.

Шығармашылық сөзіш берілген ғалым пікірі - өте дәл, нақты тұжырым. Бірақ та оның ауқымы бұл түсініктен әлдеқайда кең, терең.

Шығармашылық - қабілет, дарын, өнерпаздық деген ұғыммен үндес. Сол себептен де ол тұлғадағы дарын, қабілет, онердің көзін ашу, сол қасиеттерді дамыту мәселесіндегі ерекше іс-әрекет болып табылады. Сондай-ақ, А.И.Кочетов: «Творческая деятельность-это процесс создания новой информации или продукции с высокими показателями их качества и качества с наименьшей затратой времени и сил» деп, шығармашылық іс-әрекетке түсінік береді.

Ғалымдардың пікіріне жүгіне отырып, шығармашылық іс- әрекеттің басты белгілерін төмшдегідей саралауға болады:

Уақыт үиемдсй отырып, артық күш түсірмей, жоғары нәтижеге кол жеткізу.

Ойлап табу.

Дайындау, жаңа өнім жасау.

Ал, педагог ғалым Г.Ю.Ксензова: «Творчество - это атрибутивное свойство любой личности нэотьемлимый компонент ее структуры. Если человека лишают творческого начала, он перерастает чувствовать себя личностью» дейді.

Ғалым жеке тұлғаның басты белгілері ретінде оның шығармашьшық қабілетінз тоқталады. Шығармашылық қабілеті жоқ жеке бастың тұлғаға жете алмайтынын сөз етеді. Ғалымдар ізденісі теориялық тұжырымдармен шектеледі, ал оны істе, тәжірибеде қалай жүзеге асыруға болады, олар оның нақты жолдарына тоқталмайды. Баланың шығармашылық қасиетін қалай дамытуға, қалыптастыруға болады, ол сөз етілмейді.

Шығармашылық қасиеттердің жеке тұлғадағы бір көрінісі -оның

тілі. Шешен де көркем, бейнелі сөйлей білу - ойды шебер тілмен жеткізу тұлғаның шығармашылық қасиеттерінің бірі. Дәстүрлі оқытуда да шығармашылық жұмыстарға көңіл бөлінеді. Дәстүрлі оқытуда шығармашылық жүмыстарды жеке тұлғаға бағыттау, оқушыларға еркіндік беру, оқушы мен мұғалім еңбегін өнімді іс- әрекетке егіздеу, оқушыға субьект ретінде қарау негізге алынбаған.

Қазіргі білім беру үдерісінде тапсырмалар түрі баршылық. Оларды жинақтай, саралай келе, төмендегі бағытта топтауға болады:

Тапсырмалар түрі

Типтік тапсырмалар

Түсініктеме:

Бүрын игерген білімді, әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы жаңа мақсатқа жетудің жолдарын табады.

Аналитикалық, ягни сараптау

Түсініктеме:

Алгоритмдерді саралай, талдай отырып, оны жаңа мақсатқа пайдалана білу.

Шыгармашылық багыттагы тапсырмалар

Түсініктеме:

Жаңа шешімді іздеу, табу, нәтижеге жету. Оқушылар бұл жұмыста өзіне белгісіз жаңалық ашады, оның жолдарын жүйелейді (сызбаға, модельге айналдыруы мүмкін).

Өзін-өзі оқытуга негізделген тапсырмалар

Түсініктеме:

Әсіресе, жаңа білімді бекіту бақылау кезеңінде тиімді. Оқушылар қол жеткен шешімдерін берілген үлгі, көмек-нүсқау арқылы талдайды. Мұнда да мұғалім бірінші кезекте тұрмайды, керісінше оқушылар іс-әрекеттері арқылы өзін-өзі оқытады.

Осы тапсырмалардың қай түрінде болмасын, технология талаптары басшылыққа алынған. Оқушы-субъектінің дербес іс- әрекеті, білімді өз іздшістерімен алуы ескерілгеа Ал пәнаралық байланыстағы шьгғармашылық тапсырмалар жүйесін жасауда мына мәселелерді ескерген жөн:

Оқушылардың танымдық қызығушылығын ескеріп, туғызуға түрткі жасау.

Мониторинг жүйесіне жүгіну.

Диагностика мен болжамға сүйену.

Белгілі бір уақытта мақсатқа жету.

Даралап, саралап, деңгейлеп оқытуды басшылыққа алу.

Оқушы мүмкіндігін ескеру.

Оқушы білімін шығармашылық деңгейге дейін көтеруді болжау.

Дамыта оқьггуға жгізделген тапсырмалар арқьшы жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.

Жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамытуда аналитикалық, альтернативтік ойлауын жетілдіруді мақсат ету.

Оқушыларға өз бетгерімен жоба, модель жасауға, оны орындауға көмек беру.

Бұл саралаудан оқытуды технологияландыру кезеңіндегі шығармашылық жұмыстардың дәстүрлі оқытудағы шығармашылық жұмыстардан ерекшелігі, айырмашылығы келіп шығады.

Оны мына кестеден көруге болады:

Дәстүрлі оқытуда

Мұгалім іс-әрекеті

Окушы іс-әрекеті

  • Жалпыға бағытталған тапсырмалар.

  • Тапсырманы ұсьгаушы, орындалуын талап етуші.

Тексеруші, бақылаушы, бағалаушы, корытындылаушы.

Тапсырмаларды кабылдаушы.

Мүғалім басшылығына сүйенген обьект.

Тындаушы, келісуші, қайталаушы.

Техникалық оқытуда

Оқушы іс-әрекеті

Муғалім іс-әрекеті

  • Оқушы-оқыту субьектісі.

  • Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.

  • Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы

  • Өіерпаз, жасампаз еңбектің иесі.

Өз ізденісімен табыска жетуші шығармашылық тұлға.

Жеке тұлғаға карай бағытталған тапсырмалар ұсынушы, нақгы мақсат қоюшы.

Бағыт-бағдар беруші, кеңесші. Оқушьшың жетістігін құптаушы. Ынталандырушы, мақсат қоюшы. Мақсатгарға жетелеуші.

Ал шығармашылық жұмыстарды жүргізу кезінде төмендегі мәселелерді анықтап алғаны жөн:

Оқушы тапсырмалардағы сөздердің мәнін, мағынасын түсіне ала ма?

Мақсатын, міндетін ше?

Толық түсіну үшін тағы қандай ақпараттар, құжаттар, қүралдар қажет?

Оқушының білім деңгейіне, мүмкіндігіне сәйкес пе, оларды тапсырмалар қызықтыра ма?

Оқушылардың қабілеті, білім деңгейі ескеріле ме?

Педагог-ғалым Кушнирдің: «Ох, как мы заблуждаемся порой по поводу детских возможностей, умиляем их человечность, приписывая себе и своим урокам судьбоносные решения» дегш сөзі шығармашылық жұмыстарда мұғалімге диагностикаға сүйенуді, нәтижені болжауды, әр баланың мүмкіндігі мен қабілетіне қарауды талап етеді.

Тіл дамыту жұмыстарында бүгінгі тандағы білімді жеке тұлғаға қарай бағытгай беру мақсаты басшылыққа алынады. Білімді оқушылық деңгейден алгоритмдік, одан эвристикалық, одан барып шығармашылыққа дейін сатылап көтеру мәселесі - тіл дамыту жұмыстарына да ортақ. Бұл үдерісте шығармашьшық жұмыстардың орны ерекше.

Шығармашылық жұмыстарда оқушылардың қабілеті, іскерлігі, икем-дағдылары есепке алынады. Оны міндеттемей, оқушылардьщ қызығушылығына, ынтасына қарай таңдап алуларына жағдай туғызу, бір тақырыптың өзіне бірнеше тапсырмалар жүйесін жасап ұсыну, нақты нәтижеге жеткізеді.

Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың өз беттерімен зерт- теу, іздену, қорытынды жасау іс-әрекеттерінг түрткі жасай отырып, олардың дарын, қабілеттерінің жетілуіне ықпал етеді, таным белсен- діліктерін арттырады. Орыс ғалымы В.В.Давыдовтың: «Процесс усвсшия знаний может проходить в результате самостоятельного поиска путем решения познавательной задачи. А решать несложные познавательные задачи способен даже ученик первого класса.

Решение задач служит одним из средств овладения системой знаний по тому или иному учебному предмету и в то же время способств>ет развитию самостоятельного творческого мышления» hi 7 деген пікірі шыгармашылық тапсырмалардың маңызын аша түседі.

Шығармашылық жұмыстардың қай түрінде болмасын мақсатқа жету үшін, мұғалім өз тарапынан көмек беріп, жетелеп отырады. Сонымен, шығармашылық жұмыстардың тиімділігін төмендегідей саралауға болады:

Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушы білімін азгоритмдік, одан эвристикалық, оданы шығармашылық деңгейге дейін көтеруге жол ашады.

Пәнаралық байланыс арқылы берілетін білім терендетіледі, дағды, іскерлік жетіледі.

Оқушылардың көркем тілдері дамиды.

Білімді оқушылар өз іс-әрекеттері арқылы алуды жүзеге асырады. Білім деңгейлері анализ, синтезге дейін көтеріледі, өнімді білім беру үдерісі жүреді.

Жұмысты оқушылардың тандап алуына ерік беріледі.

Оқушыларды ізденімпаздыққа, жағдаятты өз беттерімен шешуге дағдыландырады.

Жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады.

Дарынын, қабілетін, ғылыми зерттеу ізденістерін қалыптас- тырады.

Ерік-қайраты, жігері, еске ұстау, ойлау дағдылары, эмоциясы дамиды.

Берілетін білімнің ең негізгі түйінді дәнін таңдап ала білуге жаттығады.

Салыстыру, қорытынды жасау, өз беттерімен бір нТтижеге жету, фактілер мен ұғымдарды жүйелі түрде саралап білуге үйрееді.

Модель, жоба жасау, болжамдар ұсыну, оны қорғау, дәлелдеуге дағдыланады.

Алдында тұрған қиындықты жеңуге үйренеді.

Сайыстар мен айтыстарға қатысып, тіл шеберліктерін дамытады Шығармашылық жұмыстар оқушылардың көркем, әдеби тілінің дамуына да түрткі болады, білімдерін жетілдіреді.

Оқушының білімі тереңдеп, пәнаралық байланысқа түседі.

Еркіндікке, өз ойын қорғай білуге дағдыланады.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, білімдерін жан-жақты толықтыруға түрткі болады.

Бұл технологияның тиімділігі, біріншіден, практикалық маңызында жатыр. Екіншіден, ол оқушыларды шығармашылық жүмыс- тарға баулиды, шығармашылық қабілетгерін жетілдіреді, әр оқушы- ның дербес ізденісін дамытады. Сол ізденіс негізінде олар бір өнімге қол жеткізеді.

Жобалап оқыту түрлері де әр түрлі болып келеді:

зерттеу, іздену, ғьлыми жұмыстарға баулитын;

шығармашылық бағыттағы (макет, киносценарий т.с);

ақпараттық, яғни, оны жинау, жинақтау, сол бсйынша презентация жасау т.с;

модельдеу, (конструкция жасау) сахналау; белгілі бір оқиғаны, кейіпкер іс-әрекетін бейнеге, бір сұлбаға түсіру.

Жобалап оқыту технологиясында пәнаралық, пәнішілік бай- ланыс маңызды орын алады. Жоба жасау үшін оқушыға бірнеше пәннен алған білімдерінің көмекке келуі, дүниетанымы, іскерлігі аса қажет.

Жобалап оқыту проблемалық оқыту әдіс-тәсілдерін басшылыққа алады. Оның басты себебі жоба жасауда оқушылар алдына бір проблеманың шешімін табу мақсаты түрады. Мысалы, «Қазақ тілі XXI ғасырда», «Болашақ ұлт мектебі», т.с.с. Сондай-ақ білімді жеке тұлғаға бағыттай оқыту технологиясының да амал-тәсілдері жобалап оқытуда тиімді болып келеді. Өйткені жоба жасағанда оқушыларға еркіндік, тандау беріледі, өз еріктерімш топқа, немесе жұпқа бөлінеді, жобаларын қорғауға, пікірлерін дәлелдеуге толық құқықты.

Қазір тәжірибеде кең пайдаланып жүрген жобалап оқыту технологиясында сабақ қүрылымы төмендегідей болып келеді.

Жоба жұмысының кезеңдері

Мазмұны

Оқушы

іс-әрекеті

Мұғалім

іс-әрекеті

Қорытынды,

жүйелеу,

талдау

  • дайындық кезеңі

  • жоспарлау кезеңі

  • зертгеу кезеңі

  • есеп беру кезеңі

корытынды, бағалау кезеңі

Әдебиеттш білім беруде интерактивті оқыту технология- сының әдістері де өте тиімді болып келеді. Ол, әсіресе, тіл дамыту үрдісінде белсенді іс-әрекет атқарады. Оған: диспут, дискуссия, дебат, конферащия, рөльдік ойындар жатады. Көбіне ауызекі сөйле/ түрі арқылы жүзеге асатын жұмыстарға пайдалы болып келеді. Соның ішінде дискуссия (пікір таласы) дәстүрлі оқыту үрдісінде де тиімділігі үшін тәжірибеде кеңінш қолданылды.

Дискуссия бір проблема айналасын талқылайды, оған катысушылар өз пікірін дәлелді түрде, аргумдатке сүйенг білдіреді.

Өз пікірін айтып қана қоймай, оны қорғайды.

Дәлелді түрде басқаның пікіріне сын айтады, өзгенің пікірін жоққа шығара алады. Бүл жерде әдеп, бірінің идеясын екіншісінің сыйлауы, түсінуі талап етіледі. Сондай-ақ, «менің білімім сенен жоғары», «менің пікірім - ең құнды пікір» деген менмендікке де жол берілмейді. Субьекті мен субьект тең дәрежеде қатысады

Пікірді нақты, жатық тілмен мәдениетті түрде жеткізу, терең біліммен жеткізу талап етіледі. Бір-бірін тыңдай білу, өзгенің пікірінің құнды жақтарын мойындай сөйл^ де аса қажет.

Қызбалық, бос сөйлеу, жалаң шешендікке жол берілмейді. Байсалды, ойлы диалогтық қарым-қатынас дискуссияның басты станымы.

Барлығы шындыққа жүгінуі керек және қорытындыда оны мойындау да дискуссия этикасының бір талабына жатады.

Дискуссияның басты мақсаты - жүйелі түрде, мақсатты түрде шындық іздеу, оны табуға әрекеттену болып табылады.

Мұғалім де оқушыларымен диологиялық қарым-қатынасқа түсе алады.

Дискуссияға ыждаһатты түрде дайындалу керек. Талқыланатын тақырып алдын-ала (ең кемі бір апта) беріліп қойылады. Мұғалімге қосымша құжаттар (энциклопедия, мақалалар, ғылыми еңбектер) ұсынуға болады. «Сарапшылар» тобын сайлау, оны дайындау да аса маңызды мәселелердің бірі.

Дискуссияның ең негізгі түрі - «дөңгелек стол басындағы отырыс», симпозиум элементі бар отырыстар, дебатта да дискуссия болады.

Американдық ғалым Озборн кіргізген бұл әдістің әдебиетті оқыту үрдісіндегі де маңызы бар. Ол оқушылардың шығармашылық ойлауына, жаңа идея табуы мш оның шешімін іздеуіне түрткі жасайды. Миға шабуыл топтық жұмыстар кезінде, яғни зерттеу, іздеу бағытындағы шығармашылық жұмыстар кезеңінде туындайды. ¥жым шығармашылық бірлікте, бір мезетте орысша айтқанда «как единый мозг» (яғни, «барлық ми» бір мезетте бірлесіп келіп) проблеманы шешуге жұмылады.

Мига шабуыл әдісінің негізгі кезендерін төмендегідей саралауға болады:

Дайындық кезеңі. ¥жым топқа бөлінеді, тапсырма алады, шешілуге тиіс проблемамен танысады.

Жаңа идеяны іздейді, оның жауабын табу үшін еңбектенеді (шабуыл кезеңі).

Тапқан идеяларын саралайды, тандайды, жинақтайды.

Тапқан идеяны эксперттік топқа ұсынады.

Мысал келтірейік:

Тақырып: Қазіргі кезең әдебиетіндегі ұлтжандылық, азаматтық үні.

Проблемалық жағдаят: Мүғалім тақтаға жазады, немесе алдына жазып мына ұғымдарды ұсынады: фашистерге қарсы күрес үні; қызыл империяға қарсы күрес уні; атом полигонына қарсы үн; тә>елсіздік жолындағы күрес үні.

Оқушылар берілгш аргумент бойынша қай күрес ұлтжандылық азаттық үні екснін саралайды. Жағдаятты жеке-жеке шешіп, соңынан бірлесе отырып ортақ шешімге келеді. Оқушылардың алдына М. Шаханов, ¥. Есдәулетов, Ф. Оңғарсынова, Иран-Ғайып, Т. Молдағалиев, Ж. Молдағалиев, Ж. Нәжімденовтердің осы тақырыптағы өлеңдері таратылады, кітаптары қойылады. Жағдаятты шешу кезінде оқушылар олардың өлеңдерінш нақты мысалдар келтіріп, проблеманың шешімін қорытындылайды. Миға шабуылды басқа да жолдармен өтуге болады.

Тақырып: Қазақстан - 2030 жылдарда.

1. Оқушылар өз еркімен топтарға болінеді:

а) Министрлер тобы.

б) Парламент (сенат, мәжіліс).

Бір оқушы президент болады.

Ең алдымен, президент сөз алады. Қазақстанның болашағы, даму стратегиясы туралы сөйлейді. Сонан соң әр министрлер өз жүмыстарының саласы бойынша бағдарламаларын, іс-жоспарын ортаға салады, жобаларымен таныстырады.

Үшінші кезеңде парламент мәжілісі өтеді, жобаларды дауысқа сала отырып талқылайды, мақүлдайды, не кері қайтарылады. Қорытындыда Президент сөйлейді, анализ береді, ұсыныс жасайды, корытынды пікір айтады.

Жобалау технологиясы қазір әлемдік білім беру жүйесінде де кеңінен пайдаланылуда. Мысалы, Голливуд мектептерінде жоба апталығы өтіп тұрады екеа Осы тәжірибені біз де пайдалансақ, ^тпасақ, ұтылмас едік. Жобалау технологиясы - оқушыларды дербес ізденіске, ғылыми-зертт ізденісіне жетелейтін ең тиімді жол. Енді жобалау технологиясьшың бір тәсілі модельдеуге назар аударайық

Іс-әрекетті әрбір жеке тұлғаға қарай, оның алдындағы мақсатына жететіндей дәрежеде ұйымдастыру - технологияландырудың ең маңызды шарты болып табылады. Бұл жерде орыстың тамаша педагогі К.Д.Ушинскийдің: «Деятельность должна быть моя, увлекать меня, исходить из души моей» деген сөзінің маңызы тағы да алдыдан шығады

«Личность развивается в процессе собственней деятельности существует различные виды деятельности. В учебном процессе главней является познавательная. Познавательная деятельность - это деятельность человека, направленная овладшие знаниями» Һ21] деген пікірін зерделей келе, ғалым тұжырымдамасындағы танымдық іс-әрекетгің жеке-дара тек бір адамның білім алуына деген ұмтылы- сы ғана емес, бір-бірін оқытуға, өзін-өзі оқыта отырып, басқаны да оқытуға бағытталуы деуге болады. Сонда ғана іс-әрекеттің таным- дық биікке көтерілетінін баса айтуга болады.

Модельдеу оқушылардың болжамынан, көзге елестетуінен, алған білімді бір нәрсеге ұқсатуынан, абстрактілі сйлауынан туындайды. Бұл жөніндегі В.А.Штоффтың мына бір пікірі сйымызды дәлелдей түседі. «Специфика модельных абстракций состоит в том, что чувственные формы их выражения и закрепления, начиная от образов и кончая знаками не безразличны к содержанию абстракции, будучи особым средством его отображения. Модельные абстракции - это абстракции особого рода, вследствие своеобразного единства в них логического и чувствэшога, общего и единичного, ншаглядного и наглядного».

Танымдық іс-әрекеттің өнімді жолдары баршылық. Соның бірі- алған білімді модельдей білу, оны мазмұны мш мәніне қарай көз алдыға келтіру, іемесе бір белгілермш жобалау, сұлбасын, нобайын салу, бейнесін болжау болып табылады. Ол үшін оқушыларға да алдын-ала көмек нүсқаулар таратылып берулі керек. Әсіресе, сөзбен сурет салғаннан гөрі, қыл қаламмен сурет салам деген оқушьшарға .модельдеудің тиімділігі зор.

Модельдеу, зерттеу, іздену - шығармашылық жұмыстардың өнімді, ізденіске толы тәсілдерінің бірі. Сондықтан да оны нәтижелі, жүйелі түрде ұйымдастыра білу мұғалімнің шеберлігін талап етеді.[3.]