Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теримнология жоба сонгы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118 Кб
Скачать
☆

Мұнай-газ саласындағы шартты белгілер мен символдар.

№

Атауы

Белгіленуі

1

аудан

м²,m²

2

ұзындық

м, m

3

көлем, сыйымдылық

м³, m³

4

масса

кг, kg

5

тығыздық

кг/ м³, kg/ m³

6

газды сұйықты фактор

м³/ м³

7

күш, салмақ

Н, N

8

қысым

Па, Ра

9

қуат

Вт, W

10

жұмыс, энергия

Дж, J

11

динамикалық тұтқырлық

Па/с

12

кинематикалық тұтқырлық

м²/с

13

температура

К

14

тера

Т

15

гига

Г

16

мега

М

17

кило

к

18

гекто

г

19

дека

да

20

деци

д

21

санти

с

22

милли

м

23

микро

мк

24

нано

н

25

пико

п

Мұнай-газ саласындағы терминдердің жасалу тәсілдері

Терминдердің сөзжасам жүйесі бар. Бірақ терминдердің сөзжасам жүйесі арнайы зерттелмеген. Оның әр мәселесі жөнінде түрлі пікірлер, белгісіз, анықталмаған ғылыми ұғымдар өте көп. Терминжасам – жүйелі құбылыс, оның яғни жүйенің бір мүшесіне терминжасамдық тәсілдер жатады. Терминжасам тілдің сөзжасам жүйесінің бір мүшесі, бір тармағы болғандықтан, ол сөзжасамның жалпы заңдылықтарын сақтайды, оған бағынады, ол терминжасамда қолданылады. Олай болса, терминжасамда сөзжасамның тәсілдері түгел қолданылады. Сонымен бірге, терминжасамның өз ерекшелігіне байланысты тәсілдер де терминжасам тәсілдерінен орын алады. Терминжасам мәселесіне арнайы назар аударған ғалым- Ш.Құрманбайұлы. Ғалым монорафиясында терминжасам тәсілдерінің мына түрлерін көрсеткен: 1) синтетикалық (морфологиялық) тәсіл, 2) аналитикалық (синтаксистік) тәсіл, 3) терминдену (лексика-семантикалық) тәсілі, 4) калькалау тәсілі.

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған терминдер

Сөзжасамның лексика-семантикалық  тәсілі деп – ешқандай жұрнақсыз-ақ,  ешқандай сөз  тіркестірусіз-ақ жаңа сөз жасауды айтамыз. Мұндай жағдайда сөзжасамның қайнар көзі – тілімізде бұрыннан  қолданылып келе жатқан жалпыхалықтық сөздердің  мағынасында болатын әр түрлі  өзгерістер  жаңа сөз жасаудың  лексика-семантикалық  тәсілінің негізін қалайды.

Лексика-семантикалық тәсіл – терминжасау  тәсілдерінің  бірі.  Оны басқа тәсілдерге қарағанда термин жасаудың  басты негізгі тәсілі деп бағалауға да болады. Өйткені   ұлт тілі негізінде  жасалған ғылыми  терминдердің  көпшілігі осы тәсіл  арқылы жасалған терминдер.

Мұнай-газ саласындағы лексика-семантикалық әдіс арқылы жасалған терминдер: апат, арба, белгі, бөрік, дәреже, жарық, жүк, жылу, зиян, ине, көбік, күл, кілт, қуат, қызмет, лай, май, мүйіз, өзек, сәуле, табақ, топ, шам, шатыр.