- •Ғылыми жобаның өзектілігі:
- •Қазақ тіліндегі мұнай-газ саласындағы терминжүйенің қалыптасу жайы мен жалпы сипаты
- •Қазақша баламалары болса да орысша қалпында қабылданған терминдер
- •Шұбалаңқы және аударылуы қате терминдер
- •Мұнай-газ саласындағы омоним болатын терминдер
- •Мұнай-газ саласындағы синоним болатын терминдер
- •Мұнай-газ саласындағы антоним терминдер
- •Мұнай-газ саласындағы эпоним терминдер
- •Мұнай-газ саласындағы терминдердің жасалу тәсілдері
- •Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған терминдер
- •Мұнай-газ саласындағы шартты белгілер мен символдар.
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған мұнай-газ саласындағы терминдер.
- •Дара терминдерді жасайтын өнімді жұрнақтар
- •Калькалау тәсілі арқылы жасалған терминдер
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Пайдаланылған сөздіктер:
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған мұнай-газ саласындағы терминдер.
Мұнай-газ саласындағы терминдердің жасалу жолдары әдеттегі сөздер мен терминдердің жасалу жолдарынан ешқандай айырмашылықтары жоқ. Олар әдеттегідей морфологиялық, синтаксистік және лексика-семантикалық болып үшке бөлінеді. Зерттеушілер бұл үшеуінің үстіне соңғы кезде калькалану немесе аударма тәсіл деп аталатын төртінші тәсілді қосып жүр. Бұлардың ішіндегі ең басты, әрі өнімді тәсілдер – морфологиялық тәсіл мен синтаксистік тәсілдер.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған терминдер
Түркі тіл білімінде сөзжасам жүйесі мен оның теориялық мәселелері А.А. Юлдашев, Г.М. Гарипов, Э.В. Севортян, А.Н. ононов, А.Г. Гулямов, Ф.Ганиев т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттелінген.
Қазақ тілінде морфологиялық тәсіл арқылы сөзжасау 20-30 жылдары жедел дамығаны белгілі. Сөзжасамның бұл тәсілі алғаш А. Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Е.И. Шипова, Ғ. Қалиев еңбектерінде зерттелінді. Соңғы жылдары осы мәселеге арналған А. Салқынбайдың тарихи сөзжасам, яғни сөздік құрамның бүкіл негізін құрайтын туынды сөздердің жасалуы мен тарихи қалыптасу, даму заңдылықтарын айқындап беретін зерттеуінің маңызы зор.
Терминологиялық сөзжасам жай сөзжасамға қарағанда күрделі процесс. Егер жай сөзжасамда сөзжасаудың белгілі бір тәсілін пайдаланумен шектелсе, термин үшін терминдік атаудың сөздік мәнін ашу, яғни ұғымға анықтама беру қажет.
Сөзжасамның морфологиялық тәсілі деп түбір сөзге түрлі жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасауды айтамыз. Осы тәсіл информатика терминдерін жасауда елеулі орын алады.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған терминдерге профессор Б.Қалиевтің ізімен тек түбірге жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды түбірлерді ғана емес, сонымен бірге екі түбірдің бірігуінен, кірігуінен және қосарлануынан жасалған терминдерді жатқызады.
Белгілі ғалым А. Байтұрсыновтың қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар, ол тәсілдерді термин жасауда пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткендігін оның қаламынан туындаған терминдері дәлелдейді. Мәселен, буыншы, бастауыш, жалғаулық, есімдік тәрізді көптеген терминдері морфологиялық тәсілмен жасалған.
Морфологиялық тәсілмен жасалған терминжасамның ең өнімді түрі – түбірге жұрнақтардың қосылуы арқылы жасалған зор. Сондықтан да кейбір лингвистикалық еңбектерде бұл тәсілді «аффикстік тәсіл» деп аталады. Бұл тәсіл арқылы туындайтын сөздер екі бірліктің қатысуымен жасалады. Олар лексикалық мағыналы сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Басқаша былай өрнектеп көрсетуге болады:
|
Дара терминдерді жасайтын өнімді жұрнақтар
-лық, -лік ,-дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: апаттық, ауырлық, ашықтық, беттік, қыртыстық, теңздік. Бұл жұрнақтар арқылы 113 термин жасалған.
-у жұрнағы арқылы жасалған терминдер: ағу, ағытылу, ауытқу, ашу, қорғау, ластау, қопару, қызу, пайдалану, өсу. Бұл жұрнақтар арқылы 101 термин жасалған
-ған,-ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: сөндірілген, бекітілген, бөлшектелген, бұрандамаланған, кедейленген, оқшауланған. Бұл жұрнақтар арқылы 83 термин жасалған.
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш жұрнақтары арқылы бірнеше мұнай-газ саласындағы терминдер жасалған. Бұл жұрнақтар арқылы 75 термин жасалды. Мысалы, ажыратқыш, айналдырғыш, дірілдеткіш, еріткіш, жалғағыш, жарғыш, кептіргіш, кергіш, сақтандырғыш, соққыш, тазартқыш;
-лы, -лі, -ды,-ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: айналмалы, көмірлі, мұнайлы, бағдарлы, құбырлы ,көміртекті, көпіршікті, көпірлі, икемді, инелі. Бұл жұрнақтар арқылы 60 термин жасалған.
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: балқытпа, басқарма, бастырма, жапсырма, бекітпе, бұқтырма, ескертпе, жалғама, көмкерме. Бұл жұрнақтар арқылы 54 термин жасалған
-сыз, -сіз жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: газсыз, қайтымсыз, қажалусыз, жылжусыз, өнімсіз, құйынсыз, апатсыз, әлсіз. Бұл жұрнақтар арқылы 41 термин жасалған.
-шы, -ші жұрнақтары арқылы бірнеше мұнай-газ саласындағы терминдер жасалған. Бұл жұрнақтар арқылы 34 термин жасалды. Мысалы, ауытқытушы, мұнайшы, бұрғылаушы, дәнекерлеуші, жинаушы, жөндеуші, жұмысшы, зертханашы, көмекші, көшіруші;
-ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: бұрғы, ажыратқы, сорғы, бастапқы, ақаутапқы, ауытқы, көтергі. Бұл жұрнақтар арқылы 17 термин жасалған.
-шылық, -шілік: айырмашылық, араласпаушылық, ауытқушылық, кемшілік, кеңеюшілік, қажушылық. Бұл жұрнақтар арқылы 14 термин жасалған.
-ым, -ім, -м жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: айналым, айырым, қысым, өнім, тазартым, болжам, бөлім, желім, ауысым, атқарым. Бұл жұрнақтар арқылы 10 термин жасалған.
-ыш, -іш жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: айдауыш, былғауыш, бұрауыш, құрауыш, өлшеуіш, реттеуіш, желпуіш. Бұл жұрнақттар арқылы 7 термин жасалған.
Дара терминдер жасайтын өнімсіз жұрнақтар:
-ша, -ше: белдемше, білікше, жарғақша, күймеше;
-ыс, -іс: бұрылыс,жарылыс,құйылыс;
-тек: заттек, көміртек;
- шыл: агрессияшыл;
-қай: алаңқай;
-нама: құбылнама;
-тама: құжаттама;
-тану: мұхиттану.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған мұнай-газ саласындағы терминдер
Қазіргі қазақ тілінде терминжасаудың үлгілері мол. Солардың бірі – сөздерді тіркестіру арқылы термин жасау.
Терминтанушылар әр түрлі еуропа тілдерінің терминологиясының 60%-дан 95%-ға дейін құрап, дара терминдерден әлдеқайда басым екенін атап көрсетіп жүр.
70-жылдары жазылған М.И.Макованың ғылыми мақаласында ағылшын тіліндегі сөздердің тіркесуі арқылы жасалған терминдер терминологияның 70 пайызын құрайтынын көрсетсе, З.М.Осипенко кандидаттық диссертациясында орыс терминологиясындағы тіркесті терминдердің терминқордың 62-77 пайызын құрайды деп көрсетеді. В.Н.Прохорованың да орыс тіліндегі синтаксистік жолмен жасалған терминдер туралы пікірі сол алдыңғы ғалымның тұжырымын растай түседі. Ол «Терминжасамда синтаксистік тәсіл өте белсенді түрде жұмсалады. Орыс тіліндегі термин жасаудың бұл дәстүрлі тәсілі қазір де ең өнімді тәсілдердің бірі болып табылады» – деп көрсетеді
Бұл тәсіл қазақ тілінде де өнімділігімен ерекшеленеді. Олай болуының себептері арнайы зерттеуді қажет етеді. Алайда кейбір себептері туралы қазірдің өзінде айтуға болады деп ойлаймыз. Бір себебі – біздің терминологиялық лексикамыздың құрамындағы көп компонентті терминдердің басым бөлігі орыс тілінен тікелей аударылып алынған. Оған кез келген арнаулы саланың терминологиясынан мысал келтіруге болады. Терминологияда бір арнаулы ұғымның екіншісімен түрлі байланысын көрсететін, тегі бір ұғымдардың түрлерін білдіретін атаулар жиі ұщырасады. Әдетте ондай атауларды бір сөзбен беру оңай бола бермейді. Сондықтан екінші бір себебі – түр атаулары болып келетін терминдер логикалық жүйеге сәйкес ұғым мазмұнын дәл беру мақсатымен көп сыңарлы болады.
Тек терминологияда емес, қазақтың жалпыхалықтық тілінде де сөзтіркесімнің өнімді тәсіл болғандығын сөзжасам саласын зерттеген тіл мамандары атап көрсетеді. «Сөзтіркесім – жаңа сөз жасаудың ең өнімді жолы. Қазақ тілінде зат немесе құбылыстың атын тіркестіріп атау жиі ұшырайды. Бұл сөздер аталым дәрежесіне жеткен сөздер. Егер сөз тіркесі лексикалық тұтастыққа айналып, аталым дәрежесіне ие болса сөз тіркесі қызметін тоқтатады. Мұндағы басты қасиет – ұғымның атауы дәрежесіне жетуі».
Мұнай-газ саласы терминдерінің басым көпшілігі осы тәсіл арқылы жасалады.
1. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер: алақұйынсыз, алауот, арақатынас, әктас,балауыз, жанармай, жүкқұжат, жүкшығыр, иінтірек, кәсіпорын, көкжиек, көмірқышқылы, көмірсу,қарақағаз, қарамай,қашаутас, қиыршықтас, құлтемір, құмтас, малтатас, өнеркәсіп, пілтұмсық сусүзбе, сұйыққойма,тақтатас,төлқұжат, түрпітас,шамшырақ, шикізат, шоқпарбас,іргетас. Барлығы: 42 біріккен сөз
Мұнай-газ саласындағы термин |
2015 жылғы темринологиялық сөздік |
2011 жылғы терминологиялық сөздік |
Р.Сыздық. Емле және тыныс белгі. 1996 ж. |
2005 жылғы орфографиялық сөздік |
Балқия Қасым. Күрделі зат аталымдары сөздігі. 2016 ж. |
алақұйын |
алақұйын |
- |
ала құйын |
алақұйын |
алақұйын |
арақатынас |
арақатынас |
ара қатынас |
арақатынас |
арақатынас |
арақатынас |
қарақағаз |
қарақағаз |
- |
қарақағаз |
қара қағаз |
қарақағаз |
қара май |
қарамай |
қара май |
қарамай |
қарамай |
қарамай |
сым арқан |
- |
сымарқан |
сым арқан |
сым арқан |
- |
су қойма |
су қойма |
- |
- |
суқойма |
су қойма |
маңдайшеп |
маңдай шеп |
- |
- |
маңдайшеп |
- |
келісімшарт |
келісім-шарт |
келісім-шарт |
- |
келісімшарт |
келісімшарт |
2.Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған терминдер: әкті-сазды, әкті-сілтілі, әкті-мүйізді, бірте-бірте өту, егжей-тегжейін ашу, ескі-құсқы, инженер-кәсіпші, инженер-құрлысшы, инженер-мұнайшы, инженер-өндірісші, келісім-шарт, қат-қабат, қат-қат, қауіп-қатер дабылы, құмтасты-сазды, құрал-сайман,мұнайшы-жұмысшы, оқу-жаттығу,өзін-өзі бақылау, пісіп-жетілмеген,сүзгі-шұңғыма, тепе-теңдік, уақ-түйек, үй-жай, іс-әрекет, іс-тәжірибе, ісіп-кебушілік. Барлығы: 28 қос сөз
Мұнай мен газ терминологиялық сөздігінде кездескен қате қос сөздер: әріптес-құрылтайшы, әуе-құрғақ, жылдам-әдіс, жылдам-талдау, келте құбыр-ұзартқыш, келісім-шарт, кеме-қойма, көшкін-құм, қима үлгі-қырғыш, қоспа-жылдамдатқыш, қоспа-қоюлатқыш, материал-тасығыш, мінбе-дінгек, өндіруші-зауыт, салмақ-талдағыш, сыйымдылық-тұндырғыш, табан-серік, таңбалаушы-қоңырау, тоғын-салпыншақ, тоқта-сақина, ұзын қолды-құлтемір, үш айыр-тығыздама, химик-сарапшы, шот-қағаз, шұңқыр-тұндырғыш, шырышты-шайыр. Барлығы: 26 қос сөз
3.Сөздердің қысқаруы арқылы жасалған терминдер: АЖБ (автожанармай бекеті), ГСБ (газсу байланыстырғыш), ҚША (қыртыстың шекарасын анықтау), ЛҚП (лақтырындыға қарсы превентор), МГД (магнитті гидро динамикалық), МҰӘ (мұнайдың пайдалы әсерін ұлғайту әдістері), МЭЕҰ (мұнайды экспорттаушы - елдердің ұйымы), ОСБЖ(операцияның сенімділігін басқару жүйесі), ӨКБҚ (өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысы), САҚ (сорғы-ауа сығымдағыш құбырлары), СМБ (сулы мұнайлы байланыстырғыш), СМГ (сұйытылған мұнай газы), СНЕ (сулы емес негіздегі ерітінді), ТББ (техникалық бақылау бөлімі), ТЖБҚ (теңіздегі жылжымалы бұрғылау қондырғысы), УЗ (уландырғыш заттектер), ҰГЗ (ұңғымадағы геофизикалық зерттеулер), ҮБЗ (үстіңгі беттік-белсенді заттек), ШАБҚ (шиыршықты ауырлатылған бұрғылау құбыры ), Қазмұнайгаз . Барлығы: 19 қысқарған сөз
4.Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған:
1) Екі сөздің тіркесуінен жасалған терминдер: аспа бесік, әлсіз сәуле, баж салығы, байланыс желілері, болат арқан, бұрғы топырақ, бір ағысты, бір арналы, бір сатылы, ғылыми зерттеу, ғылыми еңбек, даңғыл жол, доңғалақ тысы, дірілдек бұрғы, жартылай білікті, жоғары өнімді, жылжыма бөлшек, иілген жер, келте құбыр, күйік иіс, кішкентай тарақ,, қалқан жәшік, қалқып шығу, қарсы көбіктендіргіш, қима үлгі, қисық сызық, қосалқы мердігер, қуыс бұрғы, құбыр аралық, қылшық талшықты, май сауыт, маңдай шеп, мөлшер сан, міндеттеме арыз. Барлығы: 79 тіркескен сөз
2) Үш не одан да көп сөздердің тіркесуі арқылы жасалған терминдер: ағынды үлестіруге арналған электринтегратор (4), арнаулы жұмыс киімі(3), аялдау орнындағы қалқыма белгі(4), бензин таситын танкер (3), биіктеу тірек үстіне салынған тақтай төсем (6),бұрғыны тазалау аспабы (3), дәнекерлеп жапсыруға арналған қорытпа (4), дұрыс дәнекерленбеген жер (3), дірілдіек уыс бұрғы (3), дірілдек ұршықша бұрғы (3), жағадағы кеме аялдайтын орын (4), жеке бөлікке ажыратқыш (3), жел бағытын көрсеткіш (3), жүк көтеру машинасының жебесі (4), кен жұмысының үлгісін сақтау қоймасы (5), қашаутас қашауы табанының шүйдесі (4), қиғаштап қойылған тірек (3), құлақты бұранда болты (3), құбыр желісін жүргізуші (3), сақтау орнындағы қалқыма белгі (4), сүңгуіршілер жұмысының басшысы (3), кінші танкер мұз жарғыш (3), темір арқанның тұтамы (3), темір арқанды ұңғымадан шығарып алуға арналған штопор (7). Барлығы: 39 термин .
