Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekh_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209 Кб
Скачать
☆
  1. Әлеуметтік педагогтың девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыс технологиясының ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Дмқ балалар санының артуы қоғам алдына әлеуметтеік педагогтар даярлау мен әлеуметтік қызмет сапасын арттыру мәселесін қойды. Сондықтан, бүгінгі қоғамда дмқ ты жеткіншектермен жұмыс істеудің пофилактикалық және реабилитациялық техногологияларын кеңінен насихаттау және жетілдіру-басты міндет.

Әлеуметтік педагогикада дмқ тың алдын алу жұмыстарына ең алдымен дер кезінде ұйымдастырылған аралар мынадай бағытты ұстануы тиіс:

  • Әлеуметтік қауіпті топта деп табылған кәмелет жасына тролмаған баланың дене, психикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайының алдын алу;

  • Баланың денсаулығы мен қалыпты өмір сүру деңгейін қолдау, қорғау және сақтау;

  • Баланың әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне және ішкі потенциалын ашуға көмектесу;

Әлеуметтік ауытқуы әртүрлі себептер мен жағдайларға байланысты болғандықтан, профилактикалық шараларды бірнеше топқа бөлуге болады:

  • Бейтараптандырушылық;

  • Теңестірушілік;

  • Әлеуметтік ауытқушылыққа алып келетін жағдайлардың туындауын ескертушілік;

  • Келеңсіз жағдайларды жоюшылық;

  • Профилактикалық жұмыстар мен оның нәтижелерін бақылаушылық;

  1. Әлеуметтік педагогтың оқушы тұлғасын зерттеуде қолданатын әдістерін сипаттаңыз.

Оқушының әлеуметтік портреті

1.Оқушы туралы жалпы мәлімет

-аты-жөні

-жасы,сыныбы

-отбасы туралы мәлімет

-денсаулығы туралы мәлімет

-үйірмелерге,секцияларға қатысуы

-тапсырманы орындауы

2.Жеке психологиялық ерекшеліктері

-темпераментінің басымдылығы

-өзін-өзі бағалауы

-тұлғаның бағытты таңдауы

3.Тұлғаның әлеуметтенуіне,дамуына,әлеуметтік факторлардың ықпалы-отбасы,мектеп,достары,тұрғылықты мекені(қала,ауыл

4.Тұлғаның бағытталу картасы(қарым-қатынаста,мәдени бос уақытында неге басымдық береді

5.Әлеуметтік-педагогикалық жағдайды қалыптастыру және іске асыру бойынша педагогтың жұмысы(оқушының жеке қызығушылығы мен мүмкіндігін ескере отырып жаттығу,тапсырма түрінде беріледі

Бұл құжат қарапайым болып көрінгенмен,оның мазмұны оқушының тұлғалық,негізгі әлеуметтік-психологиялық мінездемесін зерттеуге,оқушының әлеуметтік тәрбиесінің деңгейін көтеруге бағытталған

  1. Қиын балалармен жұмыс істеуде әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау әдістеріне сипаттама беріңіз.

Әлеуметтік педагогтары «қиын» бала тәрбиесі төңірегінде мектептің тәрбие ісінде басшылыққа алуына болатындай бірсыпыра оң ұсыныстар беруде.

Атап айтсақ, олар:

  • оқушы баладағы құндылық бағдарының мазмұнын анықтау;

  • отбасы тұрмысындағы қарым –қатынастарды , сәтсіздіктерді, бала тәртібін қадағалаудағы ата-ананың іс-әрекеттерін зерделеу;

  • баланың сабақтан тысқары уақытын қадағалау;

  • баланың шартсыз топтарға қатысуын, ондағы көшбасшылық деңгейін зерттеу;

  • баланың девиантты тәртібінің себептерін анықтау;

  • «қиын» баланың пайда болу себебін әлеуметтік педагогикалық тұрғыдан анықтап алу;

  • «қиын» балаға көмек көрсету үшін мақсатты және жүйелі түрде тәрбие жұмысын жүргізу және т.б

Ал орыс халқының ұлы педагогі әрі өз кезеңінің шебер тәрбиеші-ұстазы А. С. Макаренконың әрбір жасөспірімнің өзіндік жас ерекшеліктеріне сай жеке қайта тәрбиелеу әдісі бұл күндері мектептегі тәрбие ісінде ерекше орын алады. Ол әр сынып жетекшісіне, тәлімгерге төмендегідей ақыл –кеңес береді;

  • Қиын баланың пайда болу себеп-салдарын білу және әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктерін, тәрбие жағдайын анықтау;

  • Мінез құлқында аз да болса оң өзгеріс байқалса, соны дамытып, өрбіту, яғни теріс қылықтарына өзін қарсы қойып, өзін қайта тәрбиелеуге дайындау;

  • Отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерді жою, ата-ана мен бала арасындағы қатынасты жүйеге түсіру;

  • «қиын» баланың ынта ықыласын, талап-тілегін, қызығушылығын ескеріп, қоғамдық пайдалы еңбектерге қатыстырып, тапсырмаларды бар зейінімен орындауға бетбұрыс жасату;

  • өзін -өзі қайта тәрбиелеуге қабілеті жететініне сенімін арттыру, жеке басын құрметтеуге үйрету, барша оқушыға біркелкі талаптар қою, педагогикалық ынтымақтастық қатынаста болу.

Аталған әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алып, біз мектептегі «қиын» баланы қайта тәрбиелеу ісі бойынша ұжымның алдында төмендегідей әлеуметтік педагогикалық талаптар қойдық:

  1. Әр «қиын» балаға арналған күнделік жүргізу. Күнделікте «қиын» баланы қайта тәрбиелеуді қажет ететін қылықтары есепке алынады: баланың әр сабақтағы белсенділігі, себепсіз босатқан сабақтары, ата-анасының, сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен, сыныптағы жолдастарымен қарым – қатынасы, пәндер бойынша үлгерімі және сабақтан тыс уақытты пайдалануы, өз қызығушылығы бойынша үйірмеге қатысуы.

  2. Педагогикалық кеңесте және әдістемелік бірлестіктер мәжілістерінде «қиын» бала мәселесін жүйелі түрде қарастыру. Арнайы әлеуметтік педагогикалық шешім шығарылады және хаттама жеке жазылады. Шешімнің орындалуын мектеп директоры қадағалайды.

  3. Оқу жылының аяғында педагогикалық кеңесте жеке қайта тәрбиелеудің нәтижесі талданады, жіберілген кемшіліктерді жою жолдары қарастырылады. Келесі оқу жылына қайта тәрбиелеу жұмысының жоспары жасалады.

Мектеп бойынша «қиын» балалар отбасының әлеуметтік статусын анықтау, балаларының ойлау қабілетіне, психологиясына және физиологиялық дамуына әсер ететін әлеуметтік факторларды анықтау.

Ол үшін жинақтау кестесі құрылады.

«Қиын» баланың аты –жөні

Отбасы құрамы

Отбасының тұрмыс жағдайы

Ата – ананың білім деңгейі

Қиын, балаларды 2-топқа бөлуге болады.

Бiрiншiсi – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар балалар.

Екiншiсi – отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы керi факторлардың, әлеуметтiк жағдайдың әсерi болған және өтпелi кезеңнiң күрделiлiгiнен мiнезi дұрыс қалыптаспай қалған балалар.

«Қиын» балалардың өскен ортасының, отбасының жай-күйін талдағанда, кедей отбасының өзі бала тәрбиесінің, өзі кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Әдетте, ата-аналардың бала тәрбиесіне әртүрлі себептерге сай аулақтануы да теріс әсер етеді.

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан болады.Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға итермелейтін тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік, таршылық. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 20-25 пайызы материалдық жағдайдың төмендігінен жасалады екен. Оның себептері, көбінесе, ата-аналардың ішімдікке салынуынан; отбасының қаражатына ұқыппен қарамуынан, жұмыссыз отыруынан болады.

Қиын жасөспірімдермен жұмыс істегенде, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагог оқу шебері оны жеке тұлға ретінде тани біліп қана қоймай мынадай үш кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білуі қажет.

-бұрынғысы;

-қазіргісі;

-болашағы;

Жазалау және көтермелеу әдістерін қатар қолдану -әлеуметтік мамандардың негізгі құралы болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс-тәсілдер баланы өз қылығына басқаша қаратып, мінезін жақсы жаққа өзгертуі тиіс.Орынды қолданылған әдіс-тәсілдер оқу-тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп, қиын оқушымен әлеуметтік қызметкердің қарым-қатынасы жақсартатыны сөзсіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]