- •«Әлеуметтік – педагогикалық жұмыс технологиялары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік-педагогикалық технология ұғымына анықтама беріңіз.
- •Адам іс-әрекеті жүйесіндегі технология, әдістеме, әдіс, тәсіл ұғымдарының анықтамасын беріңіз.
- •Әмбебап әлеуметтік технологиялар: әлеуметтік алдын-алудың мәнін ашыңыз.
- •Әлеуметтік педагог және оның құзыреттіліктеріне сипаттама беріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік – педагогикалық іс-әрекеттің нормативті-құқықтық негіздеріне талдау жасаңыз.
- •Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •«Тәуекелділік топтағы» балалармен әлеуметтік жұмыс жасау технологиясының кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Қараусыз қалған балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Шетелдегі әлеуметтік педагогтардың жұмыс теориясы мен тәжірибелеріне сипаттама беріңіз.
- •Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасау технологияларын ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Агрессия
- •Батыс Еуропада тәртібінде ауытқушылықтары бар балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Шығармашылық мекемелердегі балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Психотропты заттарды қолданатын балалармен әлеуметтік жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты алдын-алуда әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Балалардың жазғы демалыс орындарындағы әлеуметтік педагогтың жұмыс ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •Әлеуметтік педагог жұмысындағы сенім телефонының мәнін ашыңыз.
- •Жасөспірімдер арасындағы сектантық іс-әрекеттің алдын–алуда әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың жетім балармен жұмыс жасау бағыттарының мәнін ашыңыз.
- •Қиын балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясының кезеңдерін түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыс технологиясының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың оқушы тұлғасын зерттеуде қолданатын әдістерін сипаттаңыз.
- •Қиын балалармен жұмыс істеуде әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Девиантты мінез-құлыққа анықтама беріңіз.
- •Мүгедек балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологияларының мәнін ашыңыз.
- •Жағдайы төмен отбасының негізгі белгілері және олармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •Жасөпірімдер арасында психотропты заттарды қолданудың алдын-алу шараларын көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың қоныс аударушы азаматтардың балаларымен балалармен жұмыс технологиясын ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Жетім балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясына талдау жасаңыз.
- •Ғаламторға тәуелді балалармен жұмыс технологиясының үлгісін құрастырыңыз.
- •Жағдайы төмен отбасыға қолдау көрсетуде әлеуметтік–педагогикалық технологиялар тұрғысынан мысал келтіріңіз.
- •Қиын өмір жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудағы негізі талаптарды көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың мектептегі қызметінің жоспарын құрастырыңыз. (жыл, ай, тоқсанға).
- •Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың деңгейлерін атап, талдау жасаңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың мектеп ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын-алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың лауазымды міндеттерін сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Нашар отбасындағы оқушының мектепте сабақ үлгерімі жағынан көмектесуге әлеуметтік педагогтың тоқсандық жұмысында қандай көрсеткіштер сипат алу керектігін көрсетіңіз.
- •Шағын аудандағы жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетуде қайырымдылық іс-шарасын өткізудің жобасын жасаңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Қатігездікке ұшыраған балалармен жұмыс жасау бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Асырап алушысы бар баланың тұрғын-тұрмыстық жағдайын қарастыруда актінің үлгісін құрастырыңыз.
- •Баланың әлеуметтік бейімделуі ерекшеліктерін талдап, сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен «Болашаққа деген құқық» бағдарламасын жетілдіру кестесін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетінің жүйесін сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың жағдайы төмен отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагог ретінде тәрбиеленушінің өзіндік бағалауына әсер ететін факторларды сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік-педагогикалық жұмыста әлеуметтік педагогтың клиентпен қарым-қатынас типтері: серіктестік, келісім жасау, конфликтілік қарым-қатынастарға талдау жасаңыз.
- •Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес берудің ережесін құрастырыңыз.
- •Білім беру мекемесінің әлеуметтік паспортын құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат-міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз.
- •«Менің отбасым» атты орта мектеп жасындағы оқушыларға сауалнаманың үлгісін құрастырыңыз.
- •Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты бір тәрбие іс-шарасына жоспар құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагог антын құрыңыз.
- •«Мен әлеуметтік педагогпын» мини-шығарма жазыңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз (бір тоқсанға).
- •Мүгедек балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік педагогогикалық жұмыс жасау бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Тәртібі қиын баланың ата-анасымен танысуда әңгімелесу жоспарын құрастырып, талдау жасаңыз.
- •«Әлеуметтік педагог – ххі ғасыр кәсібі» атты мини-шығарма жазыңыз.
- •1. Аналитикалық диагностикалық:
- •2. Жобалау:
- •3. Ұйымдастырушы – қатынастық:
- •4. Коррекциялы :
Әлеуметтік педагогтың балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз.
Әлеуметтік педагог балаларға жан-жақты көмек көрсете алады. Ол балалармен тығыз қарым-қатынаста болады; балардың отбасы мүшелерімен қарым-қатынаста болады; баланың бойындағы қасиеттерін, мінез-құлқын, ерекшеліктерімен таныс болады; баланың қабілеттерін байқайды; баланың қызығушылықтарын байқайды; баланың басқа адамдармен яғни достарымен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасын анықтайды; әлеуметтік педагог балаларға өзімен қарым-қатынас жасағанда еркін, сенімді, қалыпты ұстауға жағдай жасайды.
Қатігездікке ұшыраған балалармен жұмыс жасау бағдарламасын құрастырыңыз.
«Қатыгездік – адам мінез-құлқындағы жағымсыз іс-әрекет» дейді ғылым. Кеңірек тәпсіріне үңілсек, жеке адамдар немесе адамдар тобына қастандық, қиянат, зорлық-зомбылық жасауды білдіреді. Қатыгездік ұғымы термин ретінде құқықтану мен криминологияда көп жағдайда жан-жануарлар мен балаларға қатысты қолданылады. Ол – әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде белгілі бір мәдениеттерде тыйым салынған жолдармен тірі жан иелеріне қарсы жүргізілетін іс-әрекеттер тізбегі. «Қатыгездік зұлымдыққа тән табиғатына сай, мотивке зәру емес, оған тек сылтау болса болды», – депті белгілі ойшыл Джордж Элиот. Түптеп келгенде, бір-біріне жау болып шыққан әлгіндегі ерлі зайыптылардың қайғылы тағдырлары, әпкесін өлтіруді көздеген інінің ісі осыны ұқтырады.
Әлеуметтік педагогтың әрекет ету кезеңдері
1-кезең-оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу
2-кезең-зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-міндеттерді анықтайды, проблемалық жағдайға тап болған субъектілердің әлеуметтік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алады және жұмысты жоспарлайды
3-кезең-әрбір іспен әлеуметтік-педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау жұмысын жүзеге асырады.
Әлеуметтік педагогтың, психологтың, дәрігердің бірлескен қызметі төмендегідей:
1.Отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
2.Балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету
3.Отбасы мен балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру
4.Балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектесу
5.Мінезінде ауытқушылығы бар балаларға диагностика және коррекция жасау
6.Профилактикалық шаралар ұйымдастыру
Асырап алушысы бар баланың тұрғын-тұрмыстық жағдайын қарастыруда актінің үлгісін құрастырыңыз.
Баланың алудағы уақыттағы тәрбиесін анықтау формасы бала асырап алу болып табылады. Неке және отбасы заңы бойынша баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның, тұлғаның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.
Балаларды асырап алу туралы істерді сот қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды.
Сот бала асырап алу ісін жүргізу барысында міндетті түрде қорғаншы және қамқоршы органдарынан баланың тұрғылықты жерінен:
бала асырап алушының өмір жағдайының тексерілгендігін куәландыратын акт;
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен акттың көшірмесі;
бала асырап алушының ҚР-сы денсаулық сақтау министрлігінің арнайы құрылған комиссиясының медициналық, эксперттік денсаулығы мен ақыл-ойының дұрыстығы жөніндегі медициналық қорытынды;
баланың асырап алуға келісімі, егер ол бала 10 жасқа толған болған жағдайда;
ата-анасының баланың асырап алуға рұқсаты, егер ол заң бойынша талап етілсе.
Орталықтандырылған балалар тіркеуін, яғни ата-аналарының асырауынсыз қалған балалардың тізімін (аймақтық, аудандық, облыстық) қорғаншы және қамқоршы органдарымен бірлесіп ҚР атқарушы және Білім Министрлігінің бірлесуімен жасалынады.
Қорғаншы және қамқоршы органдар баланың тұрғылықты жерінен тіркеу анықтамасын, керекті қолданылатын құжаттарды баланы келесі отбасыға тәрбиелеуге беру үшін дайындау шарт.
Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.
Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Іс-құжаттарды тіркеумен аударуда әлеуметтік педагогтар араласады, себебі тек әлеуметтік педагог қана ереже бойынша бала мен тек сол ғана байланыс жасайды. Егер бала бір айдың көлемінде тапсырылған отбасыға берілмесе, онда қорғаншы мен қамқоршы органдар барлық құжаттарды қайта тіркеуге өткізеді.
